400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика пәні "Бұрыш түрлері. Көп бұрыштар." 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұрыш түрлері. Көп бұрыштар. тақырыбы бойынша 2 сынып қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Математика

Күні: 01.2019

Сынып: 2 «А»

Мектеп: Көздіғара негізгі мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Д.Халиоллаева

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы:

Бұрыш түрлері. Көп бұрыштар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.3.1.1 бұрыш түрлерін (тік, сүйір, доғал) бір бірінен ажырату және атау/тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері бойынша анықтау

2.3.1.2 көпбұрыштарды төбелер саны бойынша жіктеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: бұрыштардың түрлері (тік, сүйір, доғал) мен фигуралардың түрлерін (тіктөртбұрыш, шаршы) танып біледі.

Көптеген оқушылар: фигуралардағы бұрыштардың түрлерін танып біледі жəне құрайды. Бұрыштар (тік, сүйір, доғал), тіктөртбұрыштың, шаршының, тікбұрышты үшбұрыштың маңызды ерекшеліктерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: фигураларды түрлі белгілері бойынша жүйелей алады.

Бағалау критерийлері

Бұрыш түрлерін ажырата алады.

Бұрыш түрлерін практикада көрсете алады.

Тілдік мақсаттар:

Бұрыш, тік бұрыш, көпбұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш.

Құндылықты дарыту

Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, жауапкершілік.

Ресурстар

Оқулық, дәптер, суреттер.

Компьютер, проектор, интерактивтік тақта.

«Ақиқат, жалған» ресурсы. Кері байланыс парағы.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Топтық, жұптық жұмыстар.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек: практикалық жұмыс барысында.

Музыка: сабақ басында.

АКТ қолдану дағдысы

Электрондық оқулық

Бастапқы білім

1-сыныптағы геометриялық фигуралар туралы алған білімі және күнделікті өмірдегі ұқсас заттар туралы түсінігі.

САБАҚ БАРЫСЫ:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру бөлімі

А) Амандасу, сыныпты тексеру, оқу-құралдарын дайындау.

Ә) Психологиялық дайындық:

Ыңғайлы отырамыз, көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға аппақ шарды елестетеміз, шар үлкен, шарға жақындаймыз, шардың ішіне енеміз. Айналамыздың бәрі аппақ әлем. Осы әлемде біздер ақ ниетті, адал дос жандарға айналамыз. Көзімізді ашып ақ жүректен достарымызға қарап жымиямыз.

Б) Ой қозғау.

- Берілген фигураларды ортақ белгілері бойынша топта. Неше топқа бөлдің және қандай топтарға? (Екі топқа, бұрышы бар фигуралар және бұрышы жоқ фигуралар.)

- Қалған фигураларды неше топқа бөлуге болады? (Үш топқа: үшбұрыштар, төртбұрыштар, бесбұрыштар.)

- Бөлінген топтардағы фигуралардың ұқсастықтары неде? (Бұрыштары мен жақтарының санында.)

- Қанекей, бұрыштарын санап, атайықшы. (Үшбұрышта 3 бұрышы, төртбұрышта 4 бұрышы, бесбұрышта 5 бұрышы бар.)

- Бүгінгі сабағымызда тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? (Бұрыштар.)

- Балалар, ата-анамызды, аға-әпкелерімізді тыңдамағанда, бұрышқа тұрғызған сәттер болды ма? (болды; жоқ, болмады.)

- Біз тұрған бөлмеде бұрыш бар ма? (Бар.)

- Қалай ойлайсыңдар? Бұрыш қандай геометриялық фигуралардан тұрады екен? (Нүктеден және екі сәуледен.)

- Жарайсыңдар, балалар, енді тақтаға назар аударайық.





«Хрустальная грусть» композициясы






Интерактивтік тақта, проектор, компьютер, флипчарт












Сабақтың ортасы


























  • Суреттен нелерді көріп тұрмыз? (Жыртқыш аңдарды.)

  • Олар барлығы не істеп тұр? (Ауыздарын ашып тұр.)

  • Олардың ашық тұрған ауыздары неге ұқсайды? (Бұрышқа.)

  • Қане, кім көрсетеді?

  • Қарайықшы, бұрыштар қандай? (Әртүрлі.)

  • Дұрыс айтасыңдар. Бұрыштар әртүрлі. Бұрыштардың түрлерімен электрондық оқулық көмегімен танысайық.

Электрондық оқулық.

  • Сонымен, бұрыштың қандай түрлері болады екен? (Тік, сүйір, доғал.)

  • Тік бұрыш – прямой угол, right angle. Сүйір бұрыш – острый угол, acute angle. Доғал бұрыш – тупой угол, obtuse angle.

  • Жарайсыңдар! От шашу әдісі арқылы өзімізді марапаттайық (Қолдарын соғып, от шашу жасайды).

  • Ал, енді тақтаға қарап, «Аяқта» ойының ойнап қарайық қарайық. Берілген бұрыш арқылы басқа фигура қарастырып көрейік.

  • Қандай фигуралар пайда болды? (үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш.)

  • Дұрыс айтасыңдар! Бұл фигураларда 3, 4, 5 бұрыш бар. Сондықтан біз оларды - көпбұрыштар деп атаймыз. Көпбұрыш орыс тілінде – многоугольник, ағылшын тілінде – polygon.

«Ақиқат, жалған» әдісі

1.Суретте неше бұрыш бейнеленген. (7, ақиқат.)

2. Айна, Лариса, Дина тік, доғал, сүйір бұрышты салды. Айнаның салған бұрышы Ларисаның салған бұрышынан артық, бірақ Динаның салған бұрышынан кіші. Кім қай бұрышты салды? (Айна – тік бұрышты, Лариса – сүйір бұрышты, Дина – доғал бұрышты салған, ақиқат.)

3.Суреттегі сағат тілдері қандай бұрышты құрап тұр? (сағаттық тіл мен минуттық тіл – тік бұрышты, минуттық тіл мен секундтық тіл – доғал бұрышты, сағаттық тіл мен секундтық тіл - сүйір бұрышты құрап тұр, ақиқат)

4. Суретте неше көпбұрыш бейнеленген? (10, ақиқат)


Топтық жұмыс.

1-тапсырма. Суретпен жұмыс.

  • Суреттен қандай сызықтарды көріп тұрсың? Оларды қандай топтарға бөлуге болады?

Жұптық жұмыс.

2-тапсырма. Тік бұрыштарды, бұрыштардың төбесін және көпбұрыштарды ата.

Дескриптор:

  • Тік бұрыштарды таба алады.

  • Бұрыштардың төбесін және көпбұрыштарды атайды.

  • Дәптермен өз бетінше жұмыс жасату.

Сергіту сәті.

3-есеп.

Спорт үйірмесінде Айдос 14 жаттығу, Нұрлан 9 жаттығу жасады. Ал Айдос пен Нұрлан бірге қанша жаттығу жасаса, Еркін сонша жаттығу жасады. Еркін қанша жаттығу жасады?

Мазмұнымен таныстыру:

1.Есепте не туралы айтылған?

-Айдос, Нұрлан, Еркіннің жасаған жаттығулары туралы.

2.Не белгілі?

-Айдос14 жаттығу, Нұрлан 9 жаттығу жасағаны. Айдос пен Нұрлан бірге қанша жаттығу жасаса, Еркін сонша жаттығу жасағаны.

3.Не белгісіз?

-Айдос пен Нұрланның бірге қанша жаттығу жасағаны.

4.Есеп не сұрайды?

-Еркін қанша жаттығу жасағанын.

Есепті талдау:

1.Есептің сұрағына бірден жауап беруге болады ма? Неге?

-Жоқ. Өйткені біз Айдос пен Нұрланның бірге қанша жаттығу жасағанын білмейміз.

2. Оны табуға бола ма? Қандай амал қоданамыз?

- Ия, қосу. 14+9=23 жаттығу.

3. Айдос пен Нұрланның бірге 23 жаттығу жасағанын білсек, есептің сұрағына жауап беруге бола ма?

- Ия. Айдос пен Нұрлан бірге 23 жаттығу жасаса, Еркін сонша жаттығу жасаған.

4.Есептің қысқаша берілгенін жазу үшін негізгі сөздерді анықтайық.

-Айдос, Нұрлан, Еркін.

5. Енді есептің қысқаша берілгенін жазайық.

АShape1 йдос – 14 жаттығу

НShape2 ұрлан – 9 жаттығу ? жаттығу

Еркін - ? жаттығу сонша

Шешуі: 14+9=23 (жаттығу)

Жауабы: Еркін 23 жаттығу жасаған.

4-мысал.

8+17

4+39

30-(6+6)

62+30-2

83-60+7

6+28

63-8

50-(8+8)

40-(7+7)

20+75+5

Дескриптор:

- Мысалды қатесіз, жылдам шығарады.

Интерактивтік тақта, проектор, компьютер, флипчарт






Электрондық оқулық



















Интерактивтік тақта, проектор, компьютер, флипчарт














«Ақиқат, жалған» ресурсы.













Оқулық, жұмыс дәптер












Оқулық, жұмыс дәптер










https://www.youtube. com/watch?v=sPX27NNVWCY









Оқулық, жұмыс дәптер


































Оқулық, жұмыс дәптер


Сабақтың соңы

1.Кері байланыс.

Дескриптор арқылы өзін-өзі бағалайды.

2.

- түсіндім   - сұрағым бар  - түсінбедім

Кері байланыс парағы









Смайлик суреттері


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
948
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі