Математика
пәні мұғалімі
И.А.
Сатубалдинованың
шығармашылық
есебі
«Еліміздің
ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал
жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында».
Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі
жас ұрпаққа жан-жақты білім беру,
тәрбиелеу – әр ұстаздың басты міндеті.
Кез келген дамыған өндіріс қазіргі
таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды
талап ететін адамды қажет етеді.
Сапалы
білім – ел болашағын айқындайтын басты
көрсеткіш. Бүгін мектеп партасында
отырған бүлдіршіндер – ертең ел тағдырын
шешетін азаматтар. Бүгінгі жас өркеннің
ертеңгі қандай азамат болатыны –
мәңгілік тақырып. Математика – оқушылардың
ойлау қабілеттерін қалыптастыратын
және дамытатын пән. Ол оқушылардың
логикалық ойлауынын және шығармашылық
қабілеттерін дамытуға ықпал жасайды.
Математика пәнінде ақпараттық
технологияларды қолдану оқушыға дүниенің
заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының
ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне
қозғау салады.
Әр
сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып, оқушылар бойынан
төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат
етіп қойдым:
логикалық
және ақпараттық ойлау қабілеттерін
дамыту;
өз
бетінше ізденуге уйрету және компьютерлік
сауаттылыққа уйрету;
білім,
білік дағдыларын дамыта отырып,
оқушылардың қызығушылықтарын арттыру;
есеп
пен талдау жасау дағдыларын дамыту;
алған
білімдерін өмірде және өндірісте
қолдана білуге тәрбиелеу.
Осы
мақсатта 2018-2019 оқу жылында алдыма қойған
әдістемелік тақырыбым «Жаңартылған
оқу бағдарламасы аясында оқытудың
тиімді әдістерін қолданып оқушылардың
математикалық сауаттылығын дамыту».
Осы
тақырыпқа байланысты жаңартылған оқу
бағдарламасына сәйкес 5-сыныпта
«
Бөлшектерге
амалдар қолдану» атты қайталау ашық
сабақ өткіздім.
Ұстаз
жұмысының жемісі – оның шәкірттерінің
нәтижелері, сондықтан биылғы жылы
оқушыларымның жетістіктері төмендегідей
болды:
№
|
Сайыстың атауы
|
Деңгейі
|
Нәтижесі
|
Номері
|
Жылы
|
1
|
Республикалық интелектулады
марафон «Ақбота»
|
Республикалық
|
2 оқушы
ІІ орын,
1 оқушы
ІІІ
орын
|
№024982
№024983
№057922
|
2018 жыл, Астана;
|
2
|
Республикалық интелектулады
марафон «Кенгуру -математика для всех»
|
Республикалық
|
2 оқушы ІІ орын,
|
№600471
№ 600472
|
2018 жыл, Астана;
|
3
|
Республикалық интелектулады
марафон «Кенгуру -математика для всех»
|
Республикалық
|
1 оқушы І
орын,
|
|
2019 жыл,
Астана;
|
4
|
Республикалық Дәстүрлі
Интернет Олимпиадасы «TIO»
|
Республикалық
|
1 оқушы ІІ орын
|
№D-66742836
|
2019 жыл, Астана;
|
5
|
Халықаралық конкурс «ПОНИ»
|
Халықаралық
|
1 оқушы «Призер»
|
Диплом
|
Астана, 2019 жыл; Центр «Уркер»
|
6
|
IQANAT-ауыл мектептеріне
арналған білім-беру бағдарламасы
|
Республикалық
|
І кезең жеңімпазы
|
Сертификат
|
|
Мұғалімнің
күнделікті сабақ беру мақсаты –
оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім
беру. Осы мақсаттарға жету үшін мұғалім
сабақтарын түрлендіріп, оқушыларды өз
пәніне қызықтыра білуі керек. Жаңартылған
білім беру жүйесіне сүйенсек мұғалімнің
түрлендіріп сабақ беруіне көп мүмкіндік
туғызып отыр. Сабақта әртүрлі
әдіс-тәсілдерді, рефлексияларды, АКТ-ны
қолдану арқылы оқушылардың білімге
деген қызығушылығын арттыруға әбден
болады деп есептеймін. Осындай жұмыстардың
нәтижесінде оқушыларымның биылғы жылы
көрсеткен білім сапасы жаман емес.
Алгебра,
геометрия 7-сынып
Алгебра,
геометрия 8-сынып Алгебра,
геометрия 9-сынып
Алгебра,
геометрия 11-сынып
Жас
ұстазға және мектеп бітірушілерге
ҰБТ-ға өздігімен дайындалуына көмек
ретінде «Логарифмдер» атты оқу-әдістемелік
құрал дйындаған болатынмын. Бұл
әдістемелік құралдың ЭО да бар. Оқушылардың
жаңа материалды немесе өткен материалдарды
өздігінен түсінуіне және білімін
тексеруге бағытталған құрал. Мұнда
«Логарифм» ұғымына түсінік, оның
қасиеттері және логарифмге қатысты
өрнектер, теңдеулер, теңдеулер жүйесі,
теңсіздіктер, теңсіздіктер жүйесін
шешу тәсілдері көрсетілген. Бұл құралда
берілген тапсырмалар оқушылардың
білімін кеңейтеді және өздігімен
дайындалуға мүмкіндік береді. Тапсырмалар
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартына сай құрастырылған.
Оқулықтың
мақсаты: оқушыларды ҰБТ-да «Логарифм»
тақырыбына жиі кездесетін есептердің
шығарылу жолдарымен таныстыру және
қиындық туғызатын тақырыптарды шешуге
үйретеді.
Міндеттері:-
оқушыларды тақырыпқа байланысты
есептердің түрлері, шешу жолдары мен
таныстыру;
математикалық
ойлау қабілетін басқаруға, өздігімен
еңбектенуге үйрету;
өз
күшіне, біліміне сенімді болуға
тәрбиелеу.
Бұл
құрал жас мамандарға да көмекші болады
деп сенемін. Үнемі сабақ үстінде де
қолдануға болады. Сондықтан сабақтарда
алған білімдерін өмірде қолдана алса
екен деймін. Саналы да сапалы білім
алған оқушы ұлт келешегі, өз мамандығының
иесі болып табылады деп ойлаймын.