Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту
Мақсаты:
Білімдік: Қосындыны санға көбейту тәсілдерін үйрету,
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту.
Дамытушылық: Математикалық тілін дамыту, белсенділігін
арттыру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс
істеуге,қиялын дамытуға әсер етіп,
Отансүйгіштікке, елжандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
презентация, тік төртбұрыш
суреті, төсбелгілер, билеттер.
Сабақтың
түрі: саяхат
сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,
көрнекілік, жаттығу.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
а) Психологиялық
дайындық.
Өткен сабақтарды пысықтау.
— Балалар, бүгінгі сабағымызда қызықты саяхатқа
шығамыз. Төмендегі тапсырмаларды орындау барысында қайда
баратынымызды анықтаймыз.
4*5 А
8*2 л 9*3 м 7*4 а
5*9 т 6*6 ы
63:9 У
49:7 н
30:5 и
40:8 в
72:9 е
27:3 р
18:6 с 25:5 и 80:8 а 36:6 д
32:8 а
Жаңа сабақ.
-Универсиада
дегеніміз не? Неше елден спортшылар келді?
Қанша медаль үшін тартыс болады? Қандай ойын түрлері
болады?
Шаңғышылар,мәнерлеп сырғанаушылар,конькишілер,
биатлоншылар.
-Балалар, ендеше Алматыға бару үшін пойызға
отырамыз.
№1.тапсырманы орындасақ Алматыға
жетеміз.
Балалар, тақтада қандай фигура берілген? /Тік
төртбұрыш/
-
Тік төртбұрыштың қандай қасиетін білеміз? / Қарама-қарсы
қабырғалары тең/
-Неге тік төртбұрыш дейміз? /Себебі оның
бұрыштары тік/
- Бір қатарда неше көк шаршы
бар? /үшеу/
- Бір қатарда неше қызыл шаршы
бар? /төреу/
-Бір қатарда барлығы неше көк
шаршы және қызыл шаршы бар? /үш көк және төрт қызыл шаршы
бар/
-Осындай неше қатар бар? / екі
қатар бар/
-Тік төртбұрышта барлығы неше
шаршы бар екенін жазып көрсет.
3*2 + 6*2 (3+4) *
2
-Тік төртбұрыштың ауданы қалай
табылғанын түсіндірейік.
1 тәсіл: 3*2 + 6*2 Қосындыны
санға көбейту үшін,әр қосылғышты сол санға көбейтіп, шыққан
мәндерді қосу керек.
2 тәсіл: (3+6)*2 Сандарды
қосындыға қосып, шыққан мәнін көбейтеміз.
Ал,
балалар, Алматыға да келдік.
Машинаға отырып Орталық стадионға
барайық.
№2 тапсырманы орындасақ Медеу
мұз айдынына барамыз.
Есепті әртүрлі тәсілмен
шығар.
А) Кітап түптеуші бір сағатта
5 кітап түптеді. Екінші түптеуші 4 кітап түптеді. Олар екеуі
бірігіп 6 сағатта неше кітап түптейді?
Шарты:
К.т 1сағ. – 5
к.т
Е. к.т 2 сағ. – 4
к.т
6 сағ неше к.т -
?
Шешуі:
(5+4) * 6
54
Жауабы: Екеуі бірігіп 6
сағатта 54 кітап түптейді.
Ә) Тік төртбұрыштың ұзындығы 6
см, ал ені одан 2 есе қысқа. Тік төртбұрыштың перимерті мен ауданын
тап.
Шешуі:
а = 6
см
в = 2
см
S = ? P =
?
Ауданның формуласы:S =a *
b
Периметрдің формуласы: Р = (а
+ в) * 2
Шешуі:
S = 6 * 2
=12
P = (6+2) * 2 =
16
Конькишілер жарысына қатысып
төсбелгілер жинайық.
Ол үшін №3 тапсырманы
орындаймыз.
Өрнектердің мәндерін
тап.
А)(14+36)*5=250 (10+70)*4=320
(46+24)*7=490 (48+22)*3=210
(27+73)*8=800 (10+20)*6=180
(17+33)*9=450 (89+11)*2=200
Ә) Қосындыны көбейтінді
түрінде жазып көрсет:
5*2+5*3=25 7*3+7*4=49
2*0+2*5=10
6*4+5*6=54 8*4+4*8=64
3*1+1*3=6
-Балалар, алғашқы
төсбелгілерімізді жинадық.
Сергіту
сәті.
-Енді , мәнерлеп сырғанаушылар
жарысына қатысайық.
Ол үшін №4 тапсырманы ауызша
орындаймыз.
Үштен бір бөлігінің ұзындығы 5
см болатын кесіндіні сызып көрсет. Осы кесіндінің бестен бір бөлігі
неше сантиметр болады?
-Балалар, енді шаңғышылар
жарысына қатысайық.
№5 тапсырманы орындасақ Медеу
мұз айдынына барамыз.
Бос торкөзге тиісті санды
тауып қой: Кім дұрыс орындаса төсбелгіге ие
болады.
1дм 2см = 12см 1дм 3см = 17
см
93дм = 9м 3см 71дм = 7м
1см
17см = 1дм 7см 10см =
1дм
68см = 6дм 8см 3м 60см =
360см
2м 4дм = 24 дм 5дм 40см =
50см
Жарысты ұйымдастырушылар
жарысқа қатысушыларға арнап ұрандар ілген екен, соның кейбір
сөздері желмен түсіп қалыпты.
Соны табайық. «Шынықсаң — …
боласың.»
Ол үшін №6 тапсырманы ауызша
орындаймыз.
А) Бірліктерін 4-ке
көбейткенде 7*4=28 теңдігі қолданылатын екі таңбалы санды жаз.
4*3=12; 4*4=16; 4*5=20; 4*6=24;4*8=32; 4*9=36;
4*10=40.
Ә) Бірліктерін 4-ке бөлгенде
28:4=7 теңдігі қолданылатын екі таңбалы санды жаз. 12:4=3; 16:4=4;
20:4=5; 24:4=6; 32:4=8; 36:4=9; 40:4=10.
-Енді , жарысымыздың
қорытындысын шығару үшін олимпиада ауылына қайтып, қанша төсбелгі
алғанымызды есептейік.
Барлығы:...
Қаламызға оралайық. Ол үшін
ұшаққа отырайық.
Логикалық тапсырманы ауызша
орындасақ сыныбымызға келеміз.
Сабақты бекіту,
қорытындылау.
«Кім жүйрік»
ойыны.
Ойынның шарты: Әр топқа бір
мысал беріледі. Тез есептеген жүйрік топқа Универсиада билеті
беріледі.
Қосындыны санға қалай
көбейтеміз?
(9+8)*4
Бағалау. Төсбелгіні көп жинаған
оқушылар жақсы деп бағаланады.
Үйге тапсырма:№5
38бет