жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математика пәнін ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланып оқутудың тиімділігі
Қызылорда облысы Шиелі ауданы №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейі
Математика пәнінің мұғалімі: Смайлова Фарида Нысанқызы
Тақырыбы: Математика пәнін ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланып оқутудың тиімділігі
Мақсаты: Оқушылардың оқу пәні бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы шығармашылық,тәжірибе,іс-әрекет білімі мен іскерлігін қалыптастыруға мүмкіндік жасау,олардың танымдық қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілеттерін,ақыл-ойын дамытуға ұмтылдыру.
Міндеттері:
-
Ақпараттық – коммуникациялық құралдарды пайдаланудың технологиясы курсынан -өту;
-
Әр сабақ үстінде ақпаратты құралдарды тиімді қолданып,сабақта уақыт үнемдеу;
-
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ақпараттық құралдармен насихаттап отыру;
-
Оқушыларды өз беттерінше ізденіп жұмыс жасай білуге баулу ;
-
Мемлекетіміздің зерделі әлеуетін қалыптастыруға үлес қосуы;
Әр уақыт кезеңінде адамдардың ақыл –ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны-заңды құбылыс. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ыкпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы -баса назар аударарлық мәселе. ХХ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу - баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізңнде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады . Біздің қоғамымыздың саяси және әлуметтік - экономикалық құрылымдағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесінде қойылатын жаңа талаптарды тудырады. Бүгінгі күндемектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби денгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғәлім, білім беру қызыметкері бұл жүйенің қыр - сырын түгел меңгермей ,бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан да, білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғәлімдерді талап етеді. Сіздің білім беруге қосар құнды үлесіңіз -ұнамды қатынас болмақ . Ендеше қәзіргі заман мұғәлімі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметінің барлық келеңді -келеңсіз жақтарын зерттеп менгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез - келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігінің арқасында шеше алатын,педогогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек. Қазіргі кезде елімізде ғылым мен техника күннен –күнге қарыштап даму үстінде. Ақпараттарға сүйенсек кез-келген елдің экономикалық қуаты,халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады. Толассыз ,үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді дамытуды,түрлі салаларды игеру үшін білімді де, білікті мамандарды даярлауды қажет етеді, талап етеді. Өйткені егеменді еліміздің ертеңі оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді. Осы орайда болашақ білімді мамандарды оқу – біліммен сусындататын ұстаздар қауымының алдынд көптеген міндеттер тұр.Олай болса, ертедегі ойшылдардың сөзімен айтсақ «шәкірт нығарлай беретін ыдыс емес,керісінше, тұтандыруды қажет ететін шырақ», дей келе,мектепте білім беру ісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,білім алу үшін қажетті жағдайлар жасалуы керек. Солардың бірі бүгінгі күні оқыту үрдісіне ақпараттық –коммуникациялық технологиялық әдістер мен жаңа технологиялық қондырғыларды кең көлемде қолдану мүмкіндігінің бар болып отырғандығы. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды дайындап оны білім алушыға беру процесс. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы ретінде компьютерді аламыз. Компьютер- білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келегн жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Ұрпағымыз үшін кітап қандай маңызы бар құрал болып саналса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың бірден -бір таптырмайтын табиғи құрал болып табылады. Ал біз өмір сүріп отырған ХХI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компюьтерлік техниканы ,интернетті, компюьтерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандыру бойынша Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда ,мұғалімдердің жұмыс жасауына жағдай тудыруда да біршама жұмыстар атқарылды. Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық денгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады.Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол. Мектебімізде барлығы 6 интербелсенді тақта бар.Олар: физика,биология, химия, математика, информатика және мултимедия кабинеттерінде орналасқан.Аталған пәндерден сабақ беретін мұғалімдердің барлығы тақтамен сабақ өткізу әдістемесін меңгеріп, сабақ үстінде электронды оқулықтарды пайдалынады. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Әлемдік өркениетке ұмтылыс жасаған білім беру жүйесі жаңа заманның қажеттілігін мен сұраныстарына, талабына қажеттіліктерімен болуы керек екендігі белгілі. Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Мұғалім сабақта ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білімнің тереңіне бойлай алады.Осыны ескере отырып,мен әрбір сабағымды ақпараттық технологияларды қолдана отырып өткіземін. Компьютер және интербелсенді құралдар көмегімен өткізіп жүрген сабақтарымның оқушының жаңашң ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуі не оларды жүйелік байланыстарымен заңдылықтарды табуға итеріп,нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашып жатқанын байқауға болады.Сонымен қатар сабақ үстінде оқушылар интербелсенді құралдар сияқты белсенділікпен қатысады.Сабақ үстінде оқушылардың топпен,жұппен өз бетінше жұмыс жасауларына толықтай мүмкіндік бар. Оқушылардың интербелсенді құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындығы,тек ойлау қабілеті ғана емес қабылдау, есте сақтау қабілеттерінің жоғарғы деңгейде болып,оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарының күннен-күн ге артып отырғандығын байқауға болады. Интербелсенді құралдардың ішінде деп аталатын қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы құрылғы бар. 16 немесе 32 пульттен кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады. Қазіргі таңда мектеп оқушылары әр сабақ үстінде тақырыптық тест алып отырудың пайдасы мол. Қайсы бір пән болмасын тестілеу әдісі оқушының білім денгейін тексеруде маңызды тиімді және негізгі әдіс болып табылады. Соңғы кездерді телстілеу арқылы білім тексеру әдісі және тест тапсырмаларының мазмұны көптен, дегенмен бұл әдіс алдағы уақытта да кеңінен қолданыла беретіндігі даусыз. Тестілеу жүйесі сыныптағы барлық оқушылардың сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Сол себепті де сабақ үстінде тестілеу құрылысын қолдана отырып, оқушылардан аз уақыт ішінде тест алынып , нәтижелері бірден шығарылады. Интербелсенді құралдардың тағы бір түрі интербелсенді тақтада орналасқан - флипчарт . Бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентатсияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Сонымен қатар , кітапхана бар . Онда біз түрлі сала бойынша өзімізге қажетті материалдардың суреттерін алып, сабаққа қолдануымызға болады . Интербелсенді тақта арқылы мұғалім алдынғы сабақта өтілген материалды ашып ,өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғаліммен оқушының орындаған ісі -әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады . Сонымен, интерактивтік тақта сабақа қаттысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Жаратылыстану - математика пәндерін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану оқу. Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан –жақты пайдалану саласыны үлкен талап қояды. Сонымен сабақта компюьтерді пайдалану оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға жағымды жағдай туғызады. Бағдарлама бойынша жұмыс жасап отырған оқушы өзіне қажет материалдар туралы ақпаратты тез алады . Компюьтер педагогикалық шығармашылыққа нақты мүмкіндіктер жасайды . Сабақта мұғалім оқушылардың әрбір қадамын бақылап , білім денгейлеріне байланысты жеке жұмыстар жүргізе алады . Қоғамды ақпараттандыру үрдісінде ғылыми және педогогикалық қауымның әлдеқайда кең бөлігі қамтылады. Осы орайда математика пәні бойынша, сабақ түрі жаңа заман талабына сай өзгеріп, ақпаратты технологиалар көмегімен жүргізіліп отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім - түйсіктеріне әсер ете білген ізденістерден көп пайда болатыны айтпасада түсінікті. Ақыл - парасаттан гөрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы . Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймай, жоғарыда көрсетілгендей тың ізденістер жасау тиіс. Сондықтан математика сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу -оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды ,өз қабілетіне қарай тандау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Нәтижесінде көптеген пәнді тереңдетіп оқытатын курстар денгейлеп дифференциялау ішіне кіреді.
«Елімнің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында » - деп, елбасымыз айтқандай үлгілі, жан – жақты білімді жеке тұлға қалыптастыру заман ағымына қарай үнемі ізденісте жүретін жаңашыл ұстаздарымыздың қолында деп ойлаймын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген