Математика пәнін оқыту барысында жетістік критерийін қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика пәнін оқыту барысында жетістік критерийін қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика пәнін оқыту барысында жетістік критерийін қолдану

ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Математика пәнінің мұғалімі: Қаржаубекова Г.О.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау .

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

Біз күнделікті сабақта оқушыларды оқыту үшін қалыптастырушы бағалауын жүргіземіз. Қалыптастырушы бағалау – бұл білім алушылардың оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдердің қолданатын мәліметтерді іздеу мен түсіндіру үрдісі. Қалыптастырушы бағалаудың маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты– оқытудың қиындықтарын анықтау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу, болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Қалыптастырушы бағалауда оқу мақсатына жету жолында жетістік критерилері қолданылады.

Математика пәні бойынша оқыту мен оқу процесі аясында мұғалім оқушылардың жетістіктері мен пәнді түсіну деңгейін қалыптастырушы бағалауда үздіксіз бақылап отырады. Оқушыны бағалауда мұғалім жетістік критерилеріне сүйенеді. Жетістік критерийі мұғалімге оқыту мақсатына жеткен және қол жеткізуге талпынып жатқан оқушыларды нақты анықтауға мүмкіндік береді.

Қарапайым мысал келтірейін. 1-тоқсан соңында математикадан жүргізілген жиынтық жұмыс нәтижесі бойынша бір оқушыда толық жазуға берілген есепті шығару барысында есептің бас жағында қарапайым арифметикалық қателік жіберілген. Сол оқушының жұмысы 5 балдық жүйе бойынша тексерілсе жауабы қате деген шешімге келер еді. Бірақ критериалды бағалау бойынша бағаланғандықтан бұл бала жетістікке жетіп отыр. Себебі ол оқушы 5 этаптан тұратын тапсырманың 1-ші этабында қателік жіберіп сол қате мәнді басқа этаптағы тапсырмаларға қою арқылы шешімі басқа санға ауысып кетсе де есептеу жолын дұрыс орындаған. Сол себептен ол өзі дұрыс орындаған тапсырма балын толық алады да бастапқы бір қателігі үшін 1 балынан айрылды. Яғни жетістік критерийі бойынша бағалау баланың жетістігін дәл тауып көрсетеді. Бұл жағдайда бала осы жерден қателеспегенде жақсы баға алатындығына келесі жолы ондай қателікті жібермеуге тырысады.



Математика пәнінде оқу мақсаттары бойынша жасалған жетістік критерийлері мұғалімдер мен оқушыларға келесі дағдылар бойынша даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді:


A

Білу және түсіну

B

Қолдану

C

Сыни ойлау және зерттеу

D

Коммуникация және рефлексия


Жетістік критерийінің бір үлгісіне назар салыңыздар:


ОБ сілетеме

Оқу мақсаты

Бағалау нұсқаулығы

ГП 9.3

Параллелограмның анықтамасын біледі

Оқушыларға берілген 12 фигурадан (ұсынылған фигуралардың арасында ромб, тіктөртбұрыш, квадрат, трапеция, параллелограмм, еркін төртбұрыштар мен көпбұрыштартар болуы керек) параллелограмды (олар 5) таңдап алуды және олар қандай белгілер бойынша таңдау жасағанын түсіндіруді ұсыныңыз. Оқушылар олардың ойынша параллелограмм болып табылатын тағы бірнеше төртбұрыштар салсын және салуларын негіздесін. Оқушылардан параллелограмм туралы анықтама беруін сұраңыз

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер

Білу және түсіну

параллелограмм анықтамасын біледі

Бағалау

Бағалау ұсынылған фигуралардан параллелограмды бөліп алады

жазбалар және ауызша түсіндірмелермен бекітіп, өзінің таңдауын негіздейді

Техника

Коммуникативті дағдылар

параллелограмды көрсетілген параметрлер бойынша салады

параллелограмның барлық элементтерін дұрыс көрсетеді


Оқу мақсаты мен жетістік критерийін біріктіріп сабақ жоспарын жасау қажет. Жетістік критерийі орындалу үшін ең алдымен сабақта жағымды атмосфера қалыптастыру керек. Еркін қарам қатынас орнату керек.

  • Сабақта табысқа жету үшін қандай шарттар орындалу керек?

  • Әрбір оқушыны қалай табысқа жеткізуге болады?


Мен сіздерге жоғарыдағы талаптарға сай жүргізілген 9 «А» сыныбындағы геометрия сабағында «Төртбұрыштардың қасиеттері» тақырыбында жетістік критерилерін қалай пайдаланғандығымды баяндап өтейін.

Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштың қасиеттері.

Модулmдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану. Оқушылардың жас ерекшелігінен сай оқыту және оқу. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Жетістік критериін қолданып бағалауды жүргізу үшін оқушылардың нені білетіндігін, не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кезесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Ол үшін оқушылар жетістік критерийімен алдын ала таныстырдым.

О б сілтеме

Оқыту мақсаттары


ГП 9.3

Параллелограмның дербес түрлерінің (квадрат, ромб, тіктөртбұрыш) анықтамасын біледі, қасиеттері мен белгілерін есептер шығаруда қорытып шығарады;

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер


Білу және түсіну

Төртбұрыштың түрлерін білу

Қолдану


Қасиеттері мен белгілерін есептер шығаруда қолдану

Сыни ойлау және зерттеу


Ауызша тапсырманы визуалды түрде ойда елестету арқылы сызбасын жүргізіп шешімін табу

Коммуникация және рефлексия

Деңгейлік тапсырманы орындау


Сабақта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады.

1. Білу және түсіну дағдысын қалыптастыру. Алған білімді тексеру үшін Блум таксономиясы бойынша жеңілден қиынға қарай сұрақ қою арқылы алған білімін тексердім. Мұндағы сұрақтар:

  1. Қарапайым

  2. Анықтауыш

  3. Талқылау (Интерпретациялау) сұрақтар

  4. Шығармашыл сұрақтар

  5. Практикалық

  6. Баға беретін

Қарапайым сұрақтар:

  1. Қандай фигура көпбұрыш деп аталады?

  2. Қандай көпбұрышты дөңес көпбұрыш деп атайды?

  3. Дөңес төртбұрыштың бұрыштарының қосындысы қаншаға тең?

  4. ...


2. Қолдана алу дағдыларын қалыптастыру. Өзін-өзі тексеру (миға шабуыл) төртбұрыштың қасиеттеріне дайындалған тест тапсырмасы Kahoot.it.com программасы бойынша жүзеге асырылды. Мұнда оқыту мен оқуда АКТ – ны қолдандым . Тест тапсырмалары

  1. ABCD тіктөртбұрышының AC және BD диагональдары О нүктесінде қиылысады.AOB бұрышы 400. DAO-?

  2. Ромбының диагоналі оның қабырғасымен 260 бұрыш жасайды.Ромбының үлкен бұрышын табыңдар

  3. ABCD ромбының периметрі 16 см, биіктігі 2 см.Ромбының бұрыштарын табыңдар. 

  4. ...

Жазбаша тапсырма немесе тест айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет. Интерпретация қызығушылық тудыратын, яғни, ерекше дағдалар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Келесі тапсырмада:

3. Сыни ойлау және зерттеу дағдысын қалыптастыру. Диалогтік тәсілін қолдану арқылы ауызша орындауға тапсырмалар берілді.




Білім беруде диалогтік тәсіл негізгі рөл атқарады. Оқушы тапсырманы орындау барысында ауызша тапсырманы визуалды түрде ойда елестету арқылы сызбасын жүргізіп шешімін табады.

видео

4. Коммуникация және рефлексия дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың үйренгендері жайында сыни түрғыдан ойлауына деңгейлік тапсырма беріледі. Бұл тапсырмаларды орындау арқылы олар өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады.


Есеп №1. Бұрыш А сүйір және AB  BC болатын ABCD параллелограмының B және D төбесінен АС түзуіне ВК және DМ перпендикуляры түсірілген. BMDK төртбұрышының параллелограмм болатынын дәлелдеңіз.

Есеп №2. АВСD параллелограмының АС диогоналына ВО перпендикуляры түсірілген. Егер АО=8, ОС=6 және ВО=4 болса АВСD параллелограмм ауданын табыңыз.

Есеп №3. АВСD ромбысының ВАС бұрышының биссектриссасы ВС қабырғасы мен ВD диагоналін М және N нүктесінде қиып өтеді. АМС бұрышы 1200 болса ANB бұрышын табыңыз.


Сонымен қатар математика сабағында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Geo-Gebra, Мат-Конструктор программалары қолданылады. Бірқатар дағдыларды дамытуда топтық жұмыс бірден бір қолайлы тәсіл. Топтық жұмыста әсіресе «тарсия құрастыруда» оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, мотивация алады, әдіс алмасады, ой бөліседі, алынған нәтижелерді қадағалайды. Топтық жұмысты бағалау үшін әр топқа дағдылар бойынша жетістік критерийлерін анықтап, тапсырмалар құрастырамын. Топтық жұмысты бағалау кезінде барлық оқушыларды бақылап шығуға тырысамын.

«Талпынады» шешімі бойынша жасайтын әрекеттерім.

Барлық топтарды бір рет аралап, бағалап шыққаннан кейін оқу мақсатына жетуге талпынатын оқушылары бар топқа қайта оралып және олардың оқу мақсатына қайтадан қол жеткізуіне мүмкіндік беремін.

Әр сабақта оқу мақсатымен қатар жетістік критерийіне айтуға бөлсек одан көп нәтиже алар едік. Себебі ол арқылы бала қай бағытта өзі жылжу керектігін түсінеді. Қалыптастырушы бағалауды енгізе отырып, сабақты жоспарлау керек, яғни:


Қорыта келе, білім алушының құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор. Қазіргі заманда дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері жасалып, психологиялық қолайлы жағдайлар тудырып отырса, кез келген ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала алады. Ал дарынды ұрпақ – елдің ертеңі екенін, оқушы жастан белсенді азаматтық позициясымен ерекшеленетін бала қоғамымыздың ертеңгі интеллектуалдық потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет.

2.Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , 55-бет.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі