Материалдар / «Математика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімділігі» .
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Математика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімділігі» .

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімділігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2023
308
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Математика пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімділігі» .

ШЖҚ КМК "ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ"

Айтахунова Г.Б

Бүгінгі таңда білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үрдісін адамды қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, ұйымдастыру қажет екендігі баршамызға мәлім. Қазіргі кездегі қоршаған ортадағы өзгерістер ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласында болып жатқаны белгілі.

Бұл саладағы маңызды өзгерістер білім беру саласына да оң ықпалын тигізіп отырғаны бүгінгі білім ордасындағы ұстаздар қауымына кеңінен таныс. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бүгінгі күні біздің қоғамымызға кеңінен енді.

Компьютерлік технология мен мультимедиялық құралдардың жылдам дамуы мұғалімдердің осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы талап етілуде. Ақпараттық технологиялар әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, білім алушылардың өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, білім алушылар мен педагогтардың шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін  ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар білім алушының танымдық іс-әрекетін белсендіртіп, оларды жоғары білімділік нәтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қатар осы мезетте білім алушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады.Ақпараттық коммуникативтік технология негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту. Білім алушыға жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Білім алушының математикамен, геометриямен компьютерді байланыстыра алуы, компьютермен бірге пәнге қызығушылығының оянуы, белсенділігінің артуы. Өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін арттыру, тақырып бойынша компьютерді пйдаланып түрлі сызбалар, фигуралар салу үлгілерін, есепте алу үлгілерін дамыту.

Сонымен , оқу жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану – келесі нәтижені береді:

Электронды оқулықтармен жұмыс істеуге үйрету.

Интернет желісінен алған ақпаратты тиімді қолдануға үйрету,

Ақпараттық технологиялар арқылы, білім сапасын көтеру,

Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,

Ақпараттық мәдениетті дамыту,

Әрбір мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігін ашу,

Сабақта уақытты үнемдеу,

Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.

Сабақтың параметрі

АКТ-ны қолданатын сабақ

Дәстүрлі сабақ

 

Ақпаратты беру

Білім алушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады

Мұғалімнің түсіндіруі, оқулық бойынша параграфты өз беттерімен оқуы, кестелерді қолдануы

 

Жұмыс қарқыны

Әр білім алушы өз қарқынымен жұмыс істейді, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады

Мұғалім топтағы білім алушының көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады

Білім алушымен кері байланыс

Түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады.

Ағымдық бақылау

АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде білім алушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді.

Қашықтықтан оқыту кезеңінде, сабақтарымда жаңа  әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, білім алушы үшін білім берудің оңай, әрі тиімді жақтарын қарастырдым. Жалпы алғанда сабақ үдерісінде біз білетін оқытудың жаңа технологияларының барлығының да тиімді жақтары жетерлік. Сондықтан да өткізген сабақтарымды түрлендіріп отыруға, қызықты етіп өткізуге  тырыстым. Соның ішінде АКТ-ны қолданудың тиімді жағы баршылық.    Өзімнің  әр  сабағымда   АКТ-ны жүйелі  түрде , ұтымды пайдаланып отырдым. Ұзақ мерзімге  жоспарлаған сабағымда слайдтар  жасауда, бейнероликтер көрсету  барысында  өте  ұтымды  шықты. Тақтадан  көрген  бейнероликтерін  білім алушы  бір-бірімен  талқылау  барысында ойларын   ашық айта білді. АКТ құралдары арқылы математика пәнінен «Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер» тақырыбындағы ашық сабақты өткізген кезде интерактивті тақтаны, компьютерді, бағдарламаларды пайдаландым. АКТ-ны қолданудың бір ерекшелігі білім алушылар тапсырмаларды орындағанда интерактивті тақтадан көреді әрі тыңдайды. Сол арқылы бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Мысалға: жаңа тақырыптың мазмұнын ашуға берілген суреттер арқылы оқушылар өз ойларын толық жеткізеді. Білім алушылар оқи әрі көзбен көре отырып мағлұматтарды естерінде жақсы сақтайды.

Математика сабағында Online Test Pad программасын пайдаланып, сабақ барысында қолданатын барлық тесттерді құру арқылы өткізуге болады.

Бұдан басқа сабақты қорытындылау кезінде математикалық диктант, сәйкестікті табу тапсырмаларын жасауға болады.

Бұл кезде программада құрылған тапсырмалар, интерактивті  тақтадан белгіленген уақыт бойынша автоматты түрде келесіге өтіп, ауысып отырады. Тест сұрақтары аяқталғанда автоматты түрде оқушылар жауабының есебі тақтадан көрсетіледі.Оқушылар өздерінің қателескен тұстарын тауып бағасымен де таныса алады. Сондай-ақ, рефлексия бөлімін Падлет онайн тақтасы арқылы өткізген студенттерге өте қызықты болатынына сенімдімін.



Интерактивті тақтаны  қолданған сабақтарда ондағы тапсырмаларды, жаттығуларды орындауға білім алушылар қызығушылық танытады. Дыбысты есту, бейнені көру, оны іс-әрекет арқылы жүзеге асыру барысында орындалған жұмыстар - білім алушының жадында тез сақталады.  Сондықтан да оқушының келесі тақырыптарды түсініп кетуіне ешқандай қиындық тумайды. АКТ-ны сабақтарда қолдану – білім алушының қабылдауына және де соңғы үлгіде шығып жатырған ақпараттық құрылғыларға деген қызығушылықтары туындап, сонымен жұмыс істей білуге бағытталады әрі ынталы болады.

Электронды оқулықтар тиімділігі:

- оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс істейді

- иллюстрациялық әдіс көп қолданылады;

- логикалық ойлау жүйесі қалыптасады;

- оқушының танымдық белсенділігі артады;

- оқушының шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- оқушы білімі компьютерлік жүйе арқылы бағаланады;

- белгілі бір бөлім бойынша оқушының білімін тексеруге мүмкіндік береді;

- өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

Осы міндеттердің барлығына жауап бере алатын электронды оқулық білім беру жүйесін ақпараттандырудың бір жолы болып табылады. Алайда, ғалымдардың пікірінше, электронды оқулық кітаптың орнын баса алмайды. Электронды оқулық ─ оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететін құрал ретінде саналады.

Ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы сабаққа дайындалу барысында әдістемелік жағынан көмек береді.Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Интернет желісінде жұмыс істеу де студенттерге әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып , оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Қазіргі заманғы дамытудың талаптарына лайық ақпараттық-компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.

Қорыта келгенде,қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Яғни, қазіргі білім беру концепциясының басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүдесіне өзін-өзі белсене етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, шынайы өмірге белсене араласатын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой-өрісі кең, кәсіби  деңгейі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы мол студенттер тәрбиелеу.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының  бағдарламасы.  Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. Үшінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

3.Математика және  физика журналы 2011, №4

4.Математика және  физика журналы 2013, №1

5.Математика және  физика журналы 2012, №5

6.География және табиғат журналы 2011, №5



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!