400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА-СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ»

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы























Педагогикалық оқу



«СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІ: ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН НӘТИЖЕЛЕР»



Тақырыбы: «МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА-СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ»



Дайындаған: Асаубай Ақгүл Болатқызы

Ақмола облысы,Көкшетау қаласы

№ 19 орта мектеп



























































Жоспар



Кіріспе. Әлемдік өзгеріс - оқыту үдерісінде

Негізгі бөлім.

а)Оқушының құзіреттілігін арттыруда – сындары оқыту теориясының

маңыздылығы

ә) Математика сабағында оқушылардың сыни ойлауын дамыту жолдары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі























































































Қазіргі әлемде болып жатқан қарқында өзгерістер әлемдік білім беру жүйесіне көшуге бетбұрыс жасады. Жалпы мектеп мұғалімдері үшін ең басты, маңызды мәселе оқыту үдерісін әлемдік деңгейдегі жаңа оқыту тәсілдерімен жүргізу болып табылады. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды кез-келген жерде қолдана білуіне назар аудару болып табылады. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірлерін еркін жеткізе білетін, ынталы, сенімде, сыни көзқарасы дамыған, сандық техникада құзырлылық таныта алатын тұлға қалыптастыру.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелер арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең таралған. (Hattik; 2009).

Сыни ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педогогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауымызды көздейді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында: « Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім алу қажет», - делінген.

Бүгінгі өскелең ұрпақ өмір сүріп келе жатқан уақыт өткен буын заманына мүлдем ұқсамайды. Себебі, бұл ерекшелік бала болашағының, оның жаңа ұғымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты.

Сындарлы оқыту теориясының ең басты құндылығы оқушының жауабына «дұрыс емес» деп бірден жауап бермей, оның орнына « жауапты тағы да қалай толықтырар едің», «жарайсың» т.б. марапаттау, мадақтаулар арқылы оқушының ойын тежемеу, керісінше оның жүрегіне жол таба білу. Қазіргі таңда Кимбридждік оқыту әдісі – жаңа негізгі теория және жаңа оқыту тәсілдеріне негізделген.

Бұл теорияда бұрынғы дәстүрлі оқыту теориясына қарағанда мұғалім аз сөйлеп, оқушы өз білімін іздену арқылы жетілдіріп, ойын еркін жеткізе алатындай, шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыт беретін оқыту жүйесі.

Әлемдік білім беру жүйесінде «құзіреттілік» ұғымы «түйін» деген түсінікке сәйкес келеді. Құзіреттілік – біріншіден, білім беру үдерісінде білім мен билік дағдыларының түпкі нәтижесі , екіншіден, нәтижеге бағдарлама берілген білімі мен негізгі көрінісі,үшіншіден, құзіреттілік адам бойындағы сапа мен іс-әрекет арасындағы үйлесімділік. Оқушының құзіреттілігін арттыруда сындарлы оқыту теорисының маңызы ерекше. Себебі, оқушының құзіреттілігі дегеніміз – бала бойындағы қабілеті, дарындылығы, белгілі бір нәрсеге бейімділігі, оқуға деген құштарлығының, қызығушылығының нәтижесін айтады.

Сындарлы оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы, аталған бағдарламаға дейін мұғалім көбінесе өзі түсіндіретін болса, ал оқушы тек тыңдаушының, орындаушының қызметін атқаратын еді. Ал, сындарлы оқыту теориясында, керісінше оқушылар өздігінен іздену арқылы білімді еңсеретін болса және мұғалім тек демеуші, бағыт бағдар-беруші ретінде көрініс табады.

Жас ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуының бірден-бір шарты – мұғалімнің шығармашылық ізденісіне әкеліп тіреледі.

Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, рухани адамгершілік мәдениеті жоғары, мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін, мақсат қойып және жемісті еңбек нәтижесіне қол жеткізетін тұлға болуы керек. Сонда ғана мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарынан көрінетіні белгілі.

Құзіретті мұғалім – оқушылар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, сыни ойлай алатын, қабілеті жоғары, өмір ағымына дайын, кез-келген проблемаларды шеше алатын тұлға дайындайды.

Оқушыларға білімді игеруде бағыт-бағдар беретін басты тұлға – мұғалім. Оқушыға саналы тәрбие, сапалы білім беру үшін – құзіреттілік маңызды роль атқарады.

Оқушы құзіреттілігін арттыру мақсатында Кимбридждік «Сындарлы оқыту» теориясын қолданып, қазіргі таңда оқу үдерісінде әр-түрлі тәсілдерді қолданып жатырмыз. Сыныптағы атмосфераны қалыптастыру үшін, топқа бөлудің әдісі «жұп», «тақ» сандарды таңдау арқылы, «өлең мәтінін» құрастыру, «түстер арқылы» т.б. қолдануға болады. Топқа бөлудің әдісі төңірегінде сыни тұрғыда ойлауға арналған тапсырмалар беріліп, мысалы: түстер таңдауда «сіз не үшін бұл түсті таңдадыңыз?», «таңдаған түске байланысты не айтар едіңіз?», өлең жолдарын таңдауда «кімнің өлеңі?», «жатқа айта аласыз ба?» т.б. жабық сұрақтар арқылы ойын ашу, миға шабуыл жасау болып табылады.

Математика сабағында оқушылардың сыни ойлауын дамыту жолдары. Математика пәні логикадан тұратыны белгілі. Әрбір ұғым абстрактілі ойлауға бағытталатын математика сабағының қай кезеңін алсаң да сыни тұрғыда ойлау өн бойында жүріп отырады.

Математика пәні бойынша білім сапасын көтеруде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту қалыптасқан,меңгерілген білімге байланысты.Математикадағы логиканы А.Столяр «Математикалық элементтерді кірпішке,ал логикалық элементтерін соларды бекітіп ұстап тұратын цементке теңеуге болады» дейді.Әрбір сабақты қызықты,әрі сапалы өткізу мен үшін бірінші орында.Әрбір сабақ барысында ,орыстың ғалымы К.Д.Ушинскийдің сөзін басшылыққа алып отырамын.К.Д.Ушинский өз сөзінде: «­Қызығушылық-сапалы оқудың негізгі жол.Ешбір қызығусыз,тек зорлық күшпен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды»деген.

Оқушыларды қалай математикаға қызықтыру қажет?

Оларды математика сабағын асығыспен күту үшін не істеу керек?

Оқушыларды өздерінің еңбектеріне жауапкершілікпен қарауды қалай қалыптастыру керек?деген сұрақтарға осы Кимбридждік «Сындарлы оқыту теориясы»арқылы қол жеткіздім.Сындарлы оқыту теориясында-оқушы өз қабілетін дамытуға талпынады,қажетті материалдарды іздейді,шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді.Деңгейлік курс бағдарламасын оқу нәтижесінде әрбір сабағымды топтық жұмыстармен тиімді ресурстарды қолданып,оқу сапасының нәтижесін алуға мүмкіндік алдым.Топтар постер қорғауда,жеке,жұптық,топтық жұмыс барысында,өзін-өзі бағалауда оқушының құзіреттілігі артатынын байқадым.Оқушылар тек сабаққа қызығып қана қоймай,бірлесіп жұмыс жасауғаүйренеді,өзін-өзі реттеуге дағдыланады.Оқушылар арасында өзара әлеуметтік қарым-қатынас орнайды, нашар оқитын оқушылардың қызығушылығын артады.

Сабақ-мұғалім ізденісінің жемісі. Жалпы сабақ өткізудің, білім берудің көптеген әдістері, жолдары бар. Ең бастысы оқушыға білім алуына қандай жол жақын, қайсысы қолайлы екенін, сонымен бірге әр оқушының талпынысын, не нәрсеге бейім екенін білуіміз қажет деп санаймын. Диалог жүргізілуі үшін сөйлей білу, сөздерді дұрыс құрастырып, айта алу маңызды болып табылады. Сабақ барысында Барнстың айтуы бойынша білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асады. [МАН, 38б]

Бүгінгі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөзді еске түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі Осындай жаңа педагогикалық технологиялардың жиынтығы болып табылатын, өзіміз биылғы жылы тамамдаған білім берудегі жаңа формат тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып практикаға енгізіліп жатырған жеті модульден құралған бағдарламаның менің өмірімде алатын орны ерекше болмақ. Әлемдік тәжірибеге негізделе отырып жасақталған бұл бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелін нанымды жеткізе алатындай, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, танымдық қызығушылығы мен мүмкіндігі жоғары оқушы қалыптастыруды мақсат етеді. Қазақта жетіні қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болды. Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппін. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Осы 7 модульді апарып сабақтарыма салған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасы мен оқу үрдісіне қатысы бойынша орын алған өзгерістерге тоқталғым келеді. Біз қолданып жатырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл 7модульдің барлығыда математика пәні сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді. Әр сабаққа жаңалық енгізу жұмыс тиімділігін арттырады



Сабақ процесінде диалог жүргізу, яғни оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретінін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

  1. Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

  2. Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

  3. Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

  4. Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде кендігін түсінуге көмектеседі. [МАН, 39б]Сыни тұрғыдан оқыту теориясында сұрақ қою маңызды роль атқарады. Себебі сабақта сұрақ дұрыс қойылса ғана сабақ беру тиімді болады. Сұрақ қоюдың түрлері сан алуан. Олар:түрткі болатын сұрақтар, сынақтан өткізу және қайта бағыттау.

Қайта бағыттау: сұраққа оқушы жауап бере алмаса, сұрақты басқа оқушыға бағыттау, мысалы: «кім ой қосады?, кім сұрағына жауап беруге көмектеседі? т.б сөздер арқылы диалогтік тәсілмен жүзеге асыру болып табылады.

Себебі, жаңа сабақты өткенде сауал қою арқылы, мысалы: 5«а»сыныбындағы «Бұрыш,Бұрыштың түрлері» тақырыбындағы өткізген сабағымда, «бұрыш дегеніміз не?, «Транспортир деген сөзді естулерің бар ма?» деп сұрақ тастадым. «Транспортир» деген не? Транспортирмен нені өлшейді? деген сұрақтарды бере отырып, бұрышты салу алгоритімен таныстырып,бірге жұмыс жасау тапсырылды. Жеке жұмыс ретінде оқушыларға белгілі бір өлшемді таңдау арқылы бұрышты салу жұмысы берілді. Мұғалім мен оқушы арасында өзара пікірлер, жауаптар тыңдалды. Балалар бұрыш ұғымына өздерінің пайымдауынша, мынадай жауаптар беріп жатты. Мәселен, партаның 4 бұрышы бар, тұрғын үй салғанда әрбір бөлмені өлшеу үшін бұрыш пайдаланады. Транспортир жарты дөңгелектен тұратындығы, онда сандар жазылғанын атап өтті. Бірақ транспортир не үшін қажет? Не үшін, қалай қолданады?- деген сұрақтарды қою арқылы оқушылардың көп білгісі келетінін, қызығушылығын байқадым және сабағымда кері байланыс болғанын аңғардым. Топқа бүгінгі өтілетін тақырыпқа сәйкес «миға шабуыл» ретінде мәтінмен жұмыс берілді. Ол мәтіндер мынадай сөйлемдермен «Бұрыш анықтамасын бер, сызылуын көрсет!», «Жазыңқы бұрыш. Градус.», «Транспортир» берілді. Әр оқушы мәтінмен танысып, өзара жұпта, топта талқылау ұйымдастырды. Бұл әдіс оқушыларды ұжым болып жұмыс істеуге үйретеді. Сындарлы оқытудың тиімділігі - сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды. Оқылатын мәтінді түсіну, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тіл байлығы дамиды. Топтық жұмыс ретінде мәтінмен жаңа сабаққа сәйкес жұмыс постерде жасалды. Өткізген 1-ші сабағымда байқағаным, топпен жұмыс барысында бір-біріне көмек, ойларын жинақтау: нені жазамыз?, қандай пікірлерді айтамыз? топтан кім қорғайды? т.б сұрақтар ортаға салыну арқылы топ мүшелерінде сыни тұрғыда ойлану қалыптасты. 3-топтағы Т есімді оқушы топқа берілген «бұрыштың градустың өлшемі» туралы постерде белгілі бір градустық өлшемді транспортирмен көрсету арқылы қорғап шықты. Басқа топ мүшелері бағалау жасау арқылы өздерінің құрбыларының жауаптарын тыңдай білуге және құрметтей білуге дағдыланды.

11 «а» сыныбында өткізген»санның логарифмі тақырыбындағы сабақ үдерісіндеАКТ-ні,диалогтық оқыту,дарынды және талантты балалармен жұмыс,сыни ойлау,көшбасшылық т.б модулдерді тиімді пайдалану барысында сабақ өте қызықты өтті.

І. Ұйымдастыру кезеңінде сыныпқа негізі 2,негізі 3 болатын логарифмдерден құралған есептерді таңдату арқылы 2 топқа бөлдім.Топтың әрбір мүшелері өздеріне келген логарифмнің анықтамасына сай жасалған өзіндік тапсырмалармен жеке жұмыс жасады.Бұл өзіндік жұмыс сыныптағы оқушылардың логарифмді қаншалықты меңгергендіктерін тексеру мақсатында алынды.

ІІ. Үй жұмысын №326 есепті интерактивті тақта арқылы топта,жұпта тексерді.Әрбір топқа «өзін-өзі бағалау»парақшасы таратылып, сабақ үдерісінде топ басшылары бағалау жасап отырды.Логарифм туралы,оны зерттеген ғалым туралы зерттеу жұмыстарын қорғады.Өткен сабақты бекіту мақсатында «Ақпаратты ақаулықты табу» арқылы берілген жабық сұрақтарға бірлесіп шешті.ІІІ.Жаңа ұғымдар мен ақпарат «Миға шабуыл» арқылы санның логарифмінің негізгі қасиеттерін сұрауға байланысты формулаларды белсенділікпен,қызығушылықпен тапты.ІҮ. деңгейлік тапсырмалар орындап,әр оқушы өз деңгейлеріне сәйкес №328,№329,№331,№333есептерді шығарды.Әр топтың қөшбасшылары табыс критерииі арқылы бағалау жасады.Мұғалімнің бақылауымен қорытындыланды.Ү.Ашық тест алу арқылы сабақты қаншалықты меңгергендігі туралы қорытындылап,үйге тапсырма бердім.Әр топтың қөшбасшылары формативті бағалау жасап,нәтижесінде сыныптағы 12 оқушының 70 проценті логарифм тақырыбын толық меңгерді.

Мұғалімнің аты-жөні

Асаубай Ақгүл

№99 орта  мектебі, Қармақшы ауданы, Ақай аулы

  21.01.2014 ж

                 1 күн

3 сабақ

 

Сабақ атауы

Санның логарифмі.Логарифмдік тепе-теңдік,Логарифмнің қасиеттері.

Сілтеме

Алгебра оқулығы

11-сынып, авторы Шыныбеков.Ә.Н «Атамұра» 2011 ж

Кітапхана қорынан қосымша әдебиеттер

Жалпы мақсаты


Сыни тұрғыда тапсырмалар беру арқылы санның логарифмін оқыту.Қасиеттерін пайдаланып,есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері






Оқушыларға логарифм туралы,оны зерттеген тұлға туралы және қасиеттерін қолданып есептерді шешу жолдарын үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар логарифм туралы біледі, логаримнің қасиеттерін пайдаланып есепті еркін шеше алады.

Негізгі идеялар

Логарифм туралы оның шешу жолдарымен таныстыру

Тапсырмалар материалдары

Жеке ,жұптық жұмыстардың тапсырмалары



Сабақ бойынша мұғалім жазбалары





Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

2 минут







3минут


2 минут



5минут



5минут





15 минут





10 минут





3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару ,топқа бөлу.

г)Өзіндік тапсырма


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

№326 есепті тексеру


табыс критериі


«Ақпараттағы ақаулық» (өткен сабаққа шолу)


IІІ. Жаңа ұғымдар және әрекет әдістерін қалыптастыру «Бірге ойлаймыз», «Маған көрсет!»

Негізгі қасиеттеріне сәйкес дұрыс формулаларды көрсету.


ІҮ Дәптермен, оқулықпен жұмыс, есеп шығару

№328,№329,№331,№333критериі арқылы өзара бағалау

Ү.Сабақты қорыту «Ашық тест» арқылы қорытындылау

VІ.Үйге №335 .Логарифм туралы оқу.


VІІ Бағалау. Табыс критерииі арқылы топ басшыларынан қорытындысынанформативті бағалау


Оқушыларды топқа бөлу.Логарифм атауларымен топқа бөлу.

(Логарифмнің негізі 2,3 болатындай)



Оқушылар өздерінің сабақты меңгеру дәрежесін арқылы топ басшылары бағалайды

арқылы көрсетеді:




Оқушылар топтық жұмыс барысында формулаларды бірігіп табу,қаншалықты қасиеттерін білетінін көрсетеді.


Оқушылар еңгейлі тапсырмаларды оқулықпен жұмыс барысында көрсетеді.

Ашық тет арқылы сабақты қорытын-дылау.Логарифмді қаншалықты меңгергенін көрсетті.

Оқушылар өздерінің табыс критерииі арқылы бағалауларын қорыту.Сол арқылы суммативті бағалау жасау.

Сабақтың жабдықтары

Мультимедиа,  интерактивтік тақта, флипчарт, маркер, қарындаш



Келесі тапсырмалар/портфолио/


Логарифм туралы зерттеу

Келесі оқу(үйге)

.№326














=




n


Топтарға өзіндік тапсырма

1-топ Ioq33 , Ioq3х=1 , Ioq31, Ioq39, Ioq31/81 , Ioq3243,

2-топ Ioq28 , Ioq232, Ioq21 Ioq2х=36, Ioq264, Ioq21/2

Ақпараттағы ақаулық»


  1. Логарифм сөзі латын тілінен аударғанда (logos — қатынас және arіthmos — сан)дегенді білдіреді.

грек

  1. Логарифм математикадағы 4-ші амал болып табылады.

7

  1. Логарифм түбір табу амалына кері амал болып табылады.

дәрежеге шығару

  1. Логарифм туралы ең алғаш өз идеясын және логарифмдер таблицасын жасаған Р.Декарт болатын .

Джон Непер

  1. Натурал логарифм дегеніміз - негізі 10-ға тең болатын логарифмді айтады.

е=2,7182818289…

  1. Ондық логарифм дегеніміз – негізі 1-ге тең болатын логарифмді айтады.

негізі 10



Ашық тест

1. х-ті табыңдар: А) 81 В)3 С) 2 Д) -3

2. логарифмі нешеге тең? А) ½ В) 2 С) 5 Д) басқа жауап

3. Есепте: А) 6 В) 4 С) 36 Д) басқа жауап

4. 3. Есепте: А) 6 В) 4 С) 36 Д) басқа жауап

5. Өрнекті ықшамда: А) 14 В) 28 С) 42 Д) 7



Сыни тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды [МАН,49-бет].

Оқушылардың сындарлы оқыту теориясында өзгергенін, өз ойларын еркін, нақты, жүйелі түрде жеткізе білетіндігін, сұрақты қалай қою керек екенін меңгергеніне көз жеткіздім. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы өз жолдауында «барлық жасаған жұмыстарға есеп беру керек» деген.Өз сабағың өзіңе ұнады ма?,Өзіңе-өзің есеп бере білуің керек?сонда ғана сіз –өз еңбегіңіздің жемісін өз бақшаңыздан көре аласыз.Сондықтан сындарлы оқыту теориясын оқу арқылы әрбір жасаған жұмысыма рефлексия жазуды үйрендім. Бұл жазылған рефлексия келесі сабақтың құрылымын жасауға өз үлесін тигізіп отырды.

Менің күнделікті сабақтағы жетістігім:

  1. Оқушылар белсенділігінің артуы

  2. Топтық,ұжымдасып жұмыс жасауы

  3. Шынайы түрде формативті бағалауды жасай алуы

  4. Ұяң оқушыларды тарта білуім деп білемін.

Мен осы әдістерді қолдануда не ұттым:

  1. Оқушылар өздігінен ізденуге үйренді.

  2. Жеке тапсырмалар кезінде өз мүмкіндіктерін көрсете білді.

  3. Дарынды ,талантты оқушыны анықтауда

  4. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы арқылы суммативті бағалу жасауда көп көмегі тиді.

Қорыта айтар болсам, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативті дағдылар мен түсіністікпен қарау талап етілу керек. Мұғалімнің ұтымды сұрақтарының нәтижесінде оқушылар сыни тұрғысынан ойлауға және терең білімнің қайнар көзін табады деп сенемін. Осы бағдарламадан меңгерген жеті модульді қолданып, келешекте сабақ үдерісінде тиімді пайдалану арқылы оқушылардың еркін сөйлеуіне, өз ойларын ашық айтуға, ынтымақтастықта топта бірігіп жұмыс жасауға, өзін-өзі реттеуге дағдыландырып, өзінің және өзгенің жұмысын бағалай білуге үйретем деген ойдамын.















































Пайдаланған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық

2. Математика және физика ,2011 ж

3. Успехи и вызовы сегодняшнего дня RWCT. – Алматы, 2006 ж,»Дамыта оқыта отырып,оқушылардың құзіреттілігін арттыру»

4. Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы // 2007

5. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
5 қазан
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі