Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Таутүрген негiзгi орта мектебі
«Математика пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдерге арналған тапсырмалар жинағы»
(Әдістемелік құрал)
2025 жыл
Мазмұны
-
Түсінік хат........................................................................................................3
-
Күнтізбелік тақырыптық жоспар...................................................................5
-
Әдістемелік көмек..........................................................................................50
-
Қорытынды......................................................................................................103
-
Пайдаланған әдебиеттер.................................................................................104
Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін (назар аудару, есте сақтау, қабылдау, байқағыштық, елестеу, ойлау т.б) дамыту оқу процесінде маңызды орын алады. Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Математика пәнінің негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып жасалған бұл бағдаарлама оқушылардың білім-білік деңгейлері, танымдық қабілеттерін арттырады.Оқушының қисынды ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы дидактикалық-ойын тапсырмалар беру.
Бастауыш сыныпта өтілетін бірақ шығарылу қиын есептер мен тапқырлықты талап ететін қисынды есептер астарлап келеді. Тапсырмалар зерделілікке, қиялдауға, қисынды ойлауға, тапқырлыққа үйретеді.Логикалық ойды дамытуға арналған жаттығуларды орындауға машықтандырады.
Әдістемелік құралдың мақсаты:
- математикалықбілімдерін игеру;
- танымдық іс-әрекетке, өздігінен ізденуге бейімдеу;
- пәнге қызығушылығын арттыру;
- қисынды ойлауын дамытып, тұлға ретінде қалыптастыру;
- игерілген білімдерін өмірде іс-әрекет барысында қолдана білуге дайындау;
Әдістемелік құралдың міндеті:
- ақыл ой іс әрекетінің мән мағынасын түсіндіре отырып тұлғаның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
- кеңістік пен уақытты бағдарлай білу біліктерін жетілдіру;
- практикалық әрекеттерді орындау машықтарын арттыру;
Күтілетін нәтиже:
- Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді
- Әртүрлі кесте бойынша есеп құрастыруға жаттығады
- Шамаларды салыстыра білуге үйренеді
- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады
- Өз ойын дәлелдей білуге жаттығады
- Проблемалық жағдаятты шеше алады
- Шығармашылықпен жұмыстана бастайды
1-сабақ
Қызығушылықты ояту
Тапсырмалар жинағы
1. Адам тамақ істерде ең бірінші қазанға не салады?
2. Тауық 1 аяқпен тұрғанда 3 кг, екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?
3. 1 жұмыртқа пісу үшін 5 минут қажет. 4 жұмыртқа пісіру үшін неше минут уақыт кетеді?
4.Қасқыр мен түлкі олжаларына түскен 1 себет балықты бөліп жемекші болды. Есепті нашар білетін қасқыр ол балықтарды бөле алмаған соң, түлкіге бөлуді тапсырды. Сонда түлкі былай бөлді:
1-еуі саған, 2-еуі маған,
3-еуі саған, 4-еуі маған,
5-еуі саған, 6-ауы маған,
7-еуі саған, 8-і маған,
9-ы саған, 10-ы маған.
Қасқырда неше балық болды? Түлкіде неше балық болды?
5.«Сенбі» сөзі аптасына қанша рет кездеседі?
6. Отбасында 7 ағайынды ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Отбасында барлығы неше бала бар?
7.Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын екі алма.
Біреуін бер Қанатқа,
Сонда қалмақ неше алма?
8. Бір үйде екі әке, екі бала тұрады. Сонда бір үйде қанша жан тұрады?
9.Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның үзіліп
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі?
10. Қырсық 10 км жол жүруі керек еді. Ол күніне 2 км алға, 1 км артқа жүріп отырды. Сонда ол жолды неше күнде жүріп бітеді?
11. Әлихан сыныпқа қуана кіріп, ертеңгі мереке күніне 1 күн демалатындарын 8 оқушыға сыбырлап айтты. Ал олардың әрқайсысы бір-бір оқушыға, олардың әрқайсысы екі-екі оқушыға жеткізді. Сонда сыныптағы барлық оқушы қуана шуласты. Сыныпта барлығы қанша оқушы болғаны?
12. Атасы немересіне бос бөшкені көрсетіп: «Мына бөшкенің ішінде не бар?»
- деп сұрады. Немересі үңіле қарап:
-Еш нәрсе жоқ, бос қой, - дейді.
-Жоқ, балам, қателесесің, анықтап қарашы, ең керекті зат бар, - деді.
Атасы нені айтып тұр? Ол қандай керекті зат?
13. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1
14. Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?
1 4 7 10 10 7 4 1
15. Сенбіден кейін үш күннен соң аптаның нешінші күні болады?
16. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 алма тұрған. Үстел үстіндегі барлық көкөністер қанша?
17. Сағат 2 минутқа алда, қазір ол таңғы сағат 1000-ды көрсетіп тұр. Шын мәнінде сағат неше?
18. Әлияның 8 ойыншығы бар. Олардың ішінде алтауы қуыршақтар, қалғандары қояндар мен қонжықтар. Әлияда неше қоян бар екенін тап.
19. Қазір таңғы сегіз жарым. Бұл неше сағат, неше минут деген сөз?
20. Себетте 3 алма мен 7 алмұрт жатты. Кешкі аста барлық алма және сонша алмұрт желінді. Демек, қанша алмұрт қалуы керек?
21. Айдос 10 есепті шығарды. Соның ішінде 3 қате болды. Неше есеп дұрыс болуы мүмкін?
22. Мәди бағдаршамды біраз уақыт бақылады. Сонда бағдарщамның қызыл шамы 6 рет жанды. Демек, осы уақытта сары шам неше рет жанады?
23. Ақ мысық сары мысықтан ақырын мияулайды, бірақ ала мысықтан қаттырақ мияулайды. Кім бәрінен қатты мияулайды?
24. Нұрланда бірнеше иті бар. Даладан қыцдырып келген соң Нұрлан иттерінің 12 аяқтарын жуды. Сонда Нұрланда неше ит болғаны?
25. Апта күндерінің қайсысы «ма» буынымен аяқталады? Ондай күндер нешеу? Реттік санмен санағанда олар нешінші күндер?
26. Апта күндерін буындарға бөліп жаз.
27. Сыныптағы 32 оқушының жартысының жартысы футболға, қалған оқушылардың жартысының жартысы және 2 оқушы музыка мектебіне, қалған оқушылардың жартысының жартысы және 3 оқушы шахматқа, қалған оқушылардың 3-еуі суға жүзуге, одан кейінгі қалған оқушылардың жартысы және 3-еуі биге қатысады. Әр үйірмеге неше бала қатысады?
28. Бір жанұядағы екі қыздың әрқайсысының бес-бесеуден ағасы бар. Жанұяда барлығы неше бала?
29. 11 адам кездесіп қол алысты. Олар барлығы неше рет қол алысты?
30. Асханаға тамақтануға келген балаларды екі-екеуден отырғызсақ, бір үстел жетпей қалады. Ал үш-үшеуден отырғызса, екі үстел артылып қалады. Асханадағы балалар саны нешеу және үстел саны нешеу?
31. Екі адам төрт сағат жол жүрді. Олардың әрқайсысы неше сағат жол жүрді?
32. Үш аю қыста үш ай ұйықтады. Әр аю неше уақыт ұйықтаған?
33. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны – он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
34. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны – он болды. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?
35. Самат, Қанат, Маратты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады?
36. Ағаш басында екі балық отыр еді. Оларға тағы екі балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
37. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?
38. Тақта алдында үш бала тұр. Олар: Самат, Марат, Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?
39. Қалаға қарай 3 жеңіл машина бара жатыр, оған қарсы 2 жеңіл, 3 жүк машинасы келе жатыр. Қалаға қарай неше машина бара жатыр?
40. Үш ағайынды жолда кетіп барады. Біреуі алда, екеуі артта. Артындағы екеуі алдыңғыға жете алмайды. Неге?
41. Торғай бір жылда неше қадам аттайды?
42. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
43. 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
44. Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?
45. Болат сенбі күні кешкі 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады?
46. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сол кезде бір асық дорбада қалды. Сонда қалай?
47. Қосарлап жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген?
48. Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?
49. Сызбада неше үшбұрыш сызылып көрсетілген?

50. Бауыржанның, Мәдидің және Ерланның әкелері – дәрігер, мұғалім және ұшқыш. Бауыржанның әкесі ұшқыш емес, ал Мәдидің әкесі дәрігер де, мұғалім де емес. Ерланның әкесі дәрігер емес. Әр қайсысының әкесінің мамандығын тап.
51. Мараттың айтуынша, оның жасы 10-нан көп емес, және 10-нан аз емес. Мараттың жасы нешеде?
52. 4 минуттың ішінде бөренені жартыметрлік дөңбектерге кесті. Әр метрге 1 минут кетсе, бөрененің ұзындығы қанша метр болғаны?
53. Әжесі мен немересінің жастарын қосқанда 65 жыл. Немересіне неше ай болсма, әжесіне сонша жас болады. Әжесі нешеге толды, немересі нешеге толды?
5
4.
Сөзжұмбақтар
Көлденеңінен:
1. Азайтудың компоненті
Тігінен:
1. Арифметикалық амал
2. Бір таңбалы сан
3. Геометриялық фигура
55.Көлденеңінен:
1. Азайтудың компоненті
2. Екі таңбалы сан
Тігінен:
1. Бір таңбалы сан
2. 81 – 81
3. Белгісіз саны әріппен белгіленген теңдік
56.Көлденеңінен:
1. 12 жыл
2. 7 күн
Тігінен:
1. Уақыттың өлшем бірлігі
2. 24 сағат
57.Көлденеңінен:
1. Биік емес
2. Оқу жылының басы
Тігінен:
1.Оқу жылының соңғы айы
2. 12 жыл
3. 92 – 87
58.Көлденеңінен:

1. Тез
Тігінен:
1.Азайтудың нәтижесі
2.Ақырын
59.Көлденеңінен:
1. 10 см
Тігінен:
1. 80 – 75
2. Санды бейнелейтін таңба
3. Артық ұғымына қарама-қарсы ұғым
4. 10 дм
60.Көлденеңінен:
1.Таңба
2.Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы
3.Сынық
Тігінен:
1.Ұзындықтың өлшем бірлігі

КІЛТТЕР
1. Көз салады
2. 3 кг)
3. 5 минут қажет
4. Қасқырда 25 балық, түлкіде 30 балық болды
5. 6 рет
6. 8 бала бар)
7. 9 алма қалады)
8. 3 жан тұрады
9. 4 жапырақ тұр
10. 9 күнде
11. Сыныпта 33 оқушы бар
12 . Ауа
13. Санау және кері қарай санау тәртібімен
14. 3-ті қосу, 3-ті азайту арқылы
15. Сәрсенбі
16. Барлығы 5 көкөніс, өйткені алмұрт жеміске жатады
17. 9сағат 58 минут
18. 1 қоян
19. 8-ден 30 минут кетті
20. 4 алмұрт
21. 7, 8 не 9 есеп дұрыс болуы мүмкін
22. Сары шам 10 рет жанады
23.Сары мысық
24. 3 ит
25.
Жұма. Бесінші күн
26. Дүй-сен-бі, сей-сен-бі, сәр-сен-бі, бей-сен-бі, жұ-ма, сен-бі,
жек-сен-бі.
27. Футболға - 8 бала, музыка мектебіне – 8 бала, шахматқа – 7
бала, суға жүзуге – 3 бала, биге – 6 бала қатысады
28. 7 бала бар
29. 110 рет қол алысты
30. 18 бала, 8 үстел
31. Әрқайсысы 4 сағат жүрді
32. Әр аю 3 ай ұйықтаған
33. бір бұзау, үш тауық немесе екі бұзау, бір тауық
34. Бір жеңіл машина, бір мотоцикл, бір ввелосипед
35. 6 түрлі нұсқамен отырғызуға болады
36. Балық ұшпайды
37. Үйеңкі ағашында алма өспейді
38. Не Саматты, не Қанатты ортаға тұрғызу керек
39. Қалаға қарай 3 жеңіл машина кетіп барады
40. Өйткені арбаға жегілген атпен кетіп барады
41. Бірде-бір қадам аттамайды
42. Әрқайсысы 2сағат ойнады
43. 1 жұмыртқа 4 минутта піседі
44. Екеуі тең
45. 13 сағат ұйықтады
46. Дорбаны ұстап тұрған баланың асығы дорбада қалады
47. Бір ат 12 км жол жүрді
48. Торды ұстап тұрған оқушының қояны
49. 8 үшбұрыш
50. Бауыржанның әкесі –дәрігер , Мәдидікі – ұшқыш, Ерландікі
–мұғалім
51. Мараттың жасы 10-да
52. Бөрененің ұзындығы 2м
53. Немересі 5 жаста (60 ай), әжесі 60
жаста
2-сабақ
Мағынаны тану.
-Сандары бар қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Алпыстағы атаңды
жыққанша,
Алтыдағы атанды жық.
Он
екі айда он үш той.
Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.
Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.
Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.
Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.
Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ұл
Құлағы мен жағын жер.
Жігітке жеті өнер де аз.
Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.
Жетімнің қарны жетеу
Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.
Айла алтау, ақыл жетеу.
Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.
Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас,
Тойған үйге тоғыз бар,
Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды,
Тоғыз қатынның толғағы бір келді,
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
Елуінде – ер дана,
Елуінде – ел жаңа.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.
Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз руға тарайды.
Мыңның жүзін білгенше, Бірдің атын біл.
Екі қарға таласса, бір қарғаға жем
түсер.
Екі баланың
ортасындағы шал бала
болады
3-сабақ
1-есеп
3 шырпыны, балық екінші бағытқа жүзетіндей етіп, қозға.

2-есеп
Суретте 16 шырпыдан құралған 5 шаршы бейнеленген. 3 шырпыны қозғасаңыз, 4 бірдей шаршы шығады.
Шешуі:
3-есеп
Автобус қай жаққа жүріп барады?

Шырпылардан фигура құралған. Барлығы 7 үшбұрыш қалатындай етіп үш шырпыны алып тастаңдар
Ш
ырпылардан
жасалған фигурадан төрт шырпыны алып тастағанда 5 квадрат қалатын
болсын.

Теңдік тура болатындай етіп бір шырпының орнын ауыстырыңдар
4
шырпының орнын
ауыстырғанда 3 квадрат шығатын болсын
4 үшбұрыш пен 1 квадрат болатындай етіп, бір жазықтықта 8
шырпыны орналастырыңдар
4-сабақ
1) Қаз бен тырна қалай есеп
шығарды
2) Шаруа әйелдердің таң
қалуы.
3) Шаруа және
картоп
III . «Ой
жаттығуы»
Зеренің әжесі қаз бен қоян асырады.Олардың
бәрінің 25 басы және 54 аяғы бар.Әжейде неше қаз ,неше қоян
бар?
ІV.Есте
сақта.
1)
37•3=111
37•6=37•3•2
37•12=37•3•4
37•15=37•3•5
2)
7•11•13=1001
77•39=77•13•3
77•26=77•13•2
3)
91•11=1001
91•22
91•33
Үйге тапсырма. Математикалық ертегі
құрастыру.
5-сабақ
Ми гимнастикасы
«Ойлану бас киімі» «Бас киімді ки» немесе құлағыңды жоғары нүктеден төменгі нүктеге дейін жұмсақ ұста. Осылай үш рет қайтала.
Ширату
1.Жисақ –таяқ ,
Жазсақ – сая. (қолшатыр)
2. Қабат –қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (кітап)
3.Құстай ұшар,
Қанатты темір тұлпар. (ұшақ)
4.Қалың киімді ұнатар,
Шешіндірсең жылатар.(пияз)
Тапсырма №1
Сандардың ішінде біреуі жоқ. Сол санды ата. (13)
Тапсырма №2
Әр қатардағы сандар қалай орналасқанын мұқият қара. Әр қатарда кем дегенде 12 сан болатындай етіп жалғастыр:
а) 11, 16, 21, 26, ___________________________________________
ә) 2, 3, 6, 7, 10, 11 , _________________________________________
б) 10, 11, 15, 16, 20, 21, _____________________________________
Тапсырма №3
Кестелерге жетпей тұрған сандарды жаз:
а)
2 6 12 20 24 30 38
ә)
10 8 11 9 12 10 13
Көңілді үзіліс
(Ән ырғағымен би қозғалыстарын жасау)
Біздер тату баламыз,
Гүлдей жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Тапсырма №4
Әр қатардағы заңдылықты анықтап, әрі қарай жалғастыр.
Тапсырма №5
Орналасу заңдылығын салыстыру арқылы анықта. Бос орынға тиісті фигураның суретін сал.
Ширату жаттығулары

6-сабақ
Уа халайық! Халайық!
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика елінде,
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып
Көңілді ойын жасайық.
Мұнда қызық табылар
Басқалары тағы бар,- дей келе «Жүзден жүйрік» ойынын бастайық. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық.
Екі топқа бөлу
«Ондықтар» тобы
«Бірліктер» тобы
1-топ «Бірліктер»
Ұраны: Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
2-топ «Ондықтар»
Ұраны: Оқы да біл
Ойна да күл
Достық пен бірлікті етіп тұлға
Жеңіске жеткен едің талай сында
Қара қылды қақ жарып әділ қазым
Еңбегін тапқырлардың әділ сына
әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем әділдігіне бас иеді күллі әлем
жүйрік озар сайыста неше бір
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл., деп әділ қазы алқаларын сайлап алайық.
Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
-
Таныстыру.
-
Ойлан тап. (жұмбақ жасыру)
-
Көңілді клоун.
-
Сиқырлы шаршы.
-
Тапқырлық ( логикалық есептер)
-
Біліктілік.
-
Суреттер
1.«Ойлан, тап»
«Бірліктер» тобы
Көлден ұшқан 15 қаз
Қайтып қонды 9 қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне ,кім тез табады? (6)
Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма
Біреуін бер Маратқа
Сонда қалмақ неше алма (4)
Оң қолымда бес өрік ,
Сол қолымда бес өрік.
Саған берем барлығын,
Алатының неше өрік? (10)
«Ондықтар» тобы
1.Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю,бір арыстан.
Екі қоян,бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (8)
2.Үшеуі қызыл, үшеуі ақ
Оң қолымда неше алма?
Төртеуі қызыл, төртеуі ақ
Сол қолымда неше алма? (6 және
Машинаның бесеуін
Самарқандқа жібердім,
Машинаның бесеуін,
Сарыарқаға жібердім.
Жұмсадым мен нешеуін,
Айтып берші есебін?
2. «Көңілді клоун» кезеңінде оқушыларға амалдары бар еклоунның суреті беріледі. Оқушылар амалдарды орындап, клоунды белгіленген түске бояулары керек.

3.Келесі кезең «Сиқырлы шаршы» деп аталады.
Әр топқа шаршылар сызылған парақ таратылады. Парақта неше шаршы сызылған соны санау керек.
4. «Тапқырлық»
Логикалық тапсырма:
1.Қанаттың сөмкесі Саматтың сөмкесіне сияды,ал Саматтың сөмкесі Ерланның сөмкесіне сияды.Кімнің сөмкесі үлкен, кімнің сөмкесі кішкентай? (Ерланның сөмкесі үлкен,Қанат)
2.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
3.Үш қойдың неше аяғы бар? (12 аяқ)
4.Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
5.1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
6. 1 кг мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
-
Екі адам төрт сағат шахмат ойнады, олардың әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
-
Біліктілік.
-
Суреттер
Алмұрт – 4 тен кейінгі санды ата.
Балапан – 8 санының көршілерін ата.
Қыз- Сағтпен өрнекте
1тәул. 2 сағ. = сағ.
Қоян- Минутпен өрнекте
1 сағ. 30 мин = мин.
Карлсн- теңдеуді шеш : х +25= 30
Жолбарыс – өрнек жаз, мәнін тап.
40 пен 5 сандарының қосындысына 20 мен 10 сандарының айырмасын қос.
Ит-Жемсауытта 20 көгершін және 30 торғай болды. 10 құс қшып кетті.
Жемсауытта неше құс қалды?
Үкі- дүкенде 26 жолды дәптер және 20 төркөз дәптер болды. Оның 30-ы сатылды. Дүкенде неше дәптер қалды?
Ширату жаттығулары

7-сабақ
Белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болып, белгілі бір заңдылықпен біріккен нәрселер, объектілер жиын құрайды. аспандағы жұлдыздар жиыны,
Мысалы, “планета” сөзіндегі әріптер жиынын P әрпімен белгілесек, P={а,п,н,л,е,т} немесе P={т,п,н,л,е,а} элементтер ретін әр-түрлі жазуға болады.
Жиындар шектеулі жиын, шектеусіз жиын болып бөлінеді. Мысалы, цифрлар жиыны A – шектеулі жиын, оған 10 элемент енеді. A={0,1,2,3,4,5,6,7,8,9} жиынының элементтер санын көрсетіп жазсақ: n(A)=10.
Егер c элементі A жиынына тиісті болмаса, оның жазылуы: c ¢ A. Оқылуы:”c A жиынына тиісті емес”. Мысалы, 0 саны натурал сандар жиынына тиісті емес: 0 ¢ N.
Егер жиында бірде-бір элемент болмаса, оны бос жиын деп атайды. Бос жиынның белгіленуі: Ø . Мысалы, 74 және 79 сандарының арасындағы жай сандар жиыны — бос жиын. Әріптер жазылмаған дәптер бетіндегі әріптер жиыны — бос жиын.
Егер B жиынының әрбір элементі A жиынына тиісті болса, онда B жиыны A жиынының ішкі жиыны деп аталады. Мысалы, A={1,2,3,4,5,6,7} жиынындағы жұп сандар жиыны – B={2,4,6}. B жиынының әрбір элементі Aжиынына тиісті. Белгіленуі: B Є A. Оқылуы: B жиыны – A жиынының ішкі жиыны.
Жиындардың байланыстары мен арақатынастары Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескінделеді.
Тапсырмалар:
-
32, 27, 47, 11, 45, 12, 100, 300, 400, 200, 43,57,65, 78, 523, 615.
Екі таңбалы сандар жиынына жататын сандарды жаз.
40-тан үлкен сандар жиынына жататын сандарды жаз.
Қиылысқан тұсына қандай сандар орналасқан?

-
Суретке мұқият қара. Берілген элементтердің жиынға тиісті немесе тиісті емес екендігін анықтап,
,
таңбалары арқылы
көрсет.

Суретке мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап бер

Ширату жаттығулары:
1.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
2.Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
3. 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
4. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
5. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
6.Бір айда 5 жексенбі бола ма?
7.Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
8.Алдында 1, артында 2, алдында
2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.
Барлығы неше қаз?
Басқатырғыштар:

8-сабақ
1-бастаушы:
-Бүгінгі жарысқа төрт топ қатысып отыр.Топтарды таныстырып өтейік.
"Тапқырлар" тобы.
Ұраны:"Оқу-білім бұлағы, Білім-өмір шырағы".
"Ойшылдар" тобы.
Ұраны:" Оқу-білім азығы, Білім-ырыс қазығы".
"Білгірлер" тобы.
Ұраны:" Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп".
"Алғырлар" тобы.
Ұраны:" Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ".
1-сайыс.
"Жаңылтпаштар сайысы"
Әр топтан бір оқушы шығып, жаңылтпашты қайталап жарысады.
-
Ұшып кетті үш құс
Ұшып келді ұшқыш.
-
Жоғалды бес шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды бес шыбыш.
2-сайыс.
"Амал таңбаларын қою"
Төрт плакатқа үш теңдіктен жазылған. Сол теңдіктер тура болатындай етіп, амал таңбаларын,жақшаларын қою керек.
1. 27□36=63 2. 63□27=36
35□49=84 84□35=49
16□8□8=0 19□15□4=2
3. 64□16=48 4. 80□20=100
81□51=30 89□19=70
12□5□2=5 63□7=70
3-сайыс.
"Жеміс жинау" сайысы
Бұл сайыста әр топтан бір оқушы "Жеміс жинауға" барады. Ол жемістерді алу үшін қызықты әзіл есептерді шешу керек.
-
Маратта бар бес іні,
Мұратта бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (Шешуі, 7).
-
Көлден ұшып жеті қаз.
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі? (Жаубы:5).
-
Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма? (Жауабы: 7 алма).
-
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті.жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? (Жауабы: 0).
І. Қызығушылықты ояту.

5.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
6.Бір айда 5 жексенбі бола
ма?
7.Үш ат жегілген арба 30 км
жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
8.Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
1 - топ:
Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
2.Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20)
3.Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат)
4.Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 - ға тең Ол қандай сан? (1, 2, 3)
5.Түнгі сағат 11 - де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)
2 – топ:
-
Үстел үсті төртбұрышты, оның 1 бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш 2. Ағаш үстінде 100 торғай отыр еді. Аңшы 10 торғайды атып алады, торғайдың қаншасы қалды? (10 торғай)
-
1т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең)
-
4 қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
-
50 теңгелік балмұздақтан 1000 теңгеге неше балмұздақ сатып алуға болады? (20 балмұздақ)
-
2 апта 5 тәулікте неше тәулік бар? (19)
-
3 – топ:
-
1. 2 апта 5 тәулікте неше тәулік бар? (19)
-
Мектепке дейін 3 км, мен 20 минут жүріп жеттім. Сонда неше км жүрдім? (3 км)
-
3. Аулада бірнеше қой бар. Олардың әрқайсысының маңында 7 қой бар. Сонда аулада қанша қой бар? (8 қой)
-
4. Екі тауық екі күнде 2 жұмыртқа туады. 4 тауық 4 күнде неше жұмыртқа туады? (4)
-
5. 8 - наурызда екі шешей мен екі қызына, әжей мен немересіне 3 орамал сыйға тартылды. Бұл қалай? (Әжей, шешей, қыз, ғана болған)
Математикалық спринт.
1.Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
2. 7 санына байланысты не білесің? (7 күн, 7 қазына, 7 жұт, 7 мүше)
3.Екі қатынастың теңдігі? (теңдеу)
4.Қандай сандар нөлден үлкен? (оң сандар)
5.Үшбұрыштың неше тамаша нүктесі бар? (4)
6.Ең кіші натурал сан. (1)
7.Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (180)
8.1 көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма? (бірдей)
9. 12, 10, 14 сандарының арифметикалық ортасын тап (12)
10.Жоқты білдіретін сан (0)
"Жанкүйерлер жарысы".
-Қазақ халқында үш деген сан өте киелі сан. Сол санға байланысты сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға жауап беріп, топтарына ұпай жинап, олардың сайыста жеңіп шығуына көмектесіңдер.
1.–Үш арсыз деп нені айтады? (ұйқы, күлкі, тамақ).
2.–Үш биді атаңдар. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би).
3.–Үш дананы атаңдар. (Абай, Шоқан, Ыбырай).
4.–Үш тәттіні атаңдар. (Ананың сүті,туған жер, баланың күлкісі).
9-сабақ
Сандар ребусы
ІІІ. Математикалық фокустар
а).Қағаз бетшесінде төмендегі жазбаны жазып
1000
30
1000
40
1000
20
1000
10
Барлық сандарды қағаз бен жауып, жоғарыдан төмен қарай кезек кезегіне аша отыра, оқушыдан жылдам қосуды сұрау керек, сонда оқушы жауабын айтады. Оқушы дұрыс есептей алдыма ?
(көбінесе оқушылар 5000 деп айтады, ал шындығында жауабы 4100)
б)Қағаз бетшесінен
карындашты үзбей, біржолдан екі рет жүрмей, төмендегі фигураны салу
керек.
в)Ойлаған санды табу: Оқушыға екі таңбалы санды ойла деңіз. Сол ойлаған екі таңбалы санның ондық разрядта тұрған цифрын екі есе көбейтіп,алынған көбейтіндіге 5 бірлікті қосып, бұл қосындыны 5 есе көбейтіп, оған 10 бірлікті және де ойлаған санның бірлігін қосуды айтыңыз. Содан кейін алынған жауабын сұраңыз.
Сіз алынған саннан 35 ті азайтып, оқушының ойлаған санын айта аласыз. Бұл қалай?
Жауабы: (10а +в) - ойлаған сан.Онда :
(2а+в) х5 +10 +в = 10а+в +35
г)Жасын және туылған күнің табу.
Оқушының жасын және туылған күнін табу үшін төмендегі амалдарды орындау керек: Туылған айдың реттік нөмірін 100 ге көбейтуді, алынған көбейтіндіге туылған айдың числосын қосуды, алынған қосындыны 2 ге көбейтіп,ол санға 8 ді қосып, сосын 5 ге көбейтуді, алынған көбейтіндіге 4 ді косып, оны 10 ға көбейтуді сұраңыз. Сосын қазіргі жасыңды 4 ге көбей- тіп, алынған санды қағазға жазып беруін сұраңыз. Сіз қағаз да жазылған саннан 444 ді шегеріп, алынған санды оңнан солға екі екіден бөлесіз. Оңнан бірінші екі сан жасыңды, келесі екі сан туылған күнін, соңғы екі сан туылған айды көрсетеді.Бұл қалай?
Жауабы: m - туылған айдың реттік нөмірі, t-туылған күнін, n-жасыңды белгілесек ,онда
(((100 m + t)х 2 + 8 )х 5)+ 4 ) х10 + n + 4 = 10000 m +100 t + n + 444
10-сабақ
-
Ребустарды шеш, бірдей әріптерге бірдей цифрлар келеді, ал әр түрлі әріптерге әр түрлі цифрлар сәйкес келеді.

-
Үйректер ұшып барады: біреуі алдында екеуі соңында және екеуі алдында біреуі екеуінің арасында және үшеуі қатар. Барлығы қаншаүйрек?
-
Кез келген үш натурал санның арасынан әр қашанда қосындысы 2-ге бөлінетін 2 сан табуға болатынын дәлелдеңдер.
-
13-ке бөлгенде қалдықпен және бөліндісі 17-ге тең болатын ең үлкен бүтін сандытабыңдар.
-
М нүктесі АВ кесіндісінің ортасы, және ОА=а,ОВ=вболса АВ және ОМ ара қашықтығынтап.
-
Апасына қанша жас болса, немересіне сонша ай болған. Апасы мен немересіне бірге 52 жыл болса, апасына қанша жас, немересі қаншажаста?
-
Болат үш түзу жүргізіп, одан 6 нүкте белгілеген, сонда әр түзуде үш нүкте болған. Соны салыпкөрсет.
-
Үш жұмысшы ботқа пісірді. Бірінші 2 кесе жарма, екінші 1 кесе жарма, ал үшіншісінде ешқандай жарма болмады. Ботқаны барлығы тең бөліп жеді. Үшінші жұмысшы: «Ботқаларыңа рахмет, мен сендерге 50 теңге беремін, сонда менің жеген ботқамды сендер салған жармамен қалай бөліп аласыңдар?» -деді.
-
1*2*3*4*5 өрнегіндегі «*» белгіні амалдармен және жақшамен алмастырып 100-гетеңестір.
-
Ағашты екі бөлікке бөлу
үшін 5 теңге төлеу керек. Ал ағашты 10бөлікке бөлу үшін
қанша төлеукерек? -
Ең үлкен бір орынды санға, ең үлкен екі орынды санды неше рет қосқанда, ең үлкен үш орынды саншығады?
-
7*9+12:3-2-ге жақшаны қойғанда а) 23 ә) 75 шығукерек.
-
Серік мектепке автобуспен барып, қайтқанда жаяу келеді, сонда барлық жолға 1 сағ 30 минут уақыт жібереді. Егер автобуспен жүрсе 30 минут уақыт жібереді. Егер Серік мектепке жаяу барып қайтса, оған қанша уақытжібереді?
-
Балықшылар салмағы 100гр, 200гр, ...., 1900гр 19 балық ұстады. 10 балықшыбалықтытеңбөліпалама?Егербөлсеқалай?Бөлеалмасанеге?
-
3 оқушы 3 ұшақты 3 минутта жасайды. Қанша оқушы 9 ұшақты 9 минуттажасайды?
-
Ең үлкен және ең кіші жеті орынды сандыжазыңдар.
-
Иттер мен үйректерде 44 аяқ және 17 бас бар. Қанша ит, қаншаүйрек бар?
-
Егероқушы11дәптералса,оның5теңгесіқалады,алегер15дәптер алса, онда 7 теңгесі жетпейді. Оқушыда қанша ақша бар?
-
5 л және 7 л-ік ыдыс арқылы 6 л суды қалайқұяды?
-
Ұзындығы 16 см, ені 9см тік төртбұрышты қалай тең екі бөлікке бөлуге және одан квадрат құруғаболады?
-
Теңдеуді шешіңдер:2+180:(х-11)=22
-
Үш дорбада қант, күріш және тары бар. Біріншіде «қант»,екіншіде «күріш», ал үшіншіде «қант немесе тары» деп жазылған. Егер бұл жазулар дұрыс болмаса әр дорбада не бар?
-
Үшбұрыштан төрт төртбұрыш шығатындай кесуге бола ма, болса суретін сал.
-
1-ден 9 ға дейінгі сандарды дөңгелектерге орналастырғанда әр түзудегі сандардың қосындысы 15 болу керек. Центрдегі сандытап.
-
Үш машинаға 7 толық бөшке, 7
жартысына дейін толық бөшке, 7 бос бөшкелер орналастырғанда әр
машинадағы бөшкелердің салмағы бірдей болуы
керек.
11-сабақ
Түстер арқылы топқа бөлу
Математикалық диктант.
"Қосу және азайту”
1.Кәмила кітап оқыды. 10 бетін оқығаннан кейін, оқылмаған 2 бет қалды. Барлығы неше бет оқу керек?
2.Күбіде 10 литр қымыз бар. Осындай екі күбіде неше литр қымыз болады?
3.Қараөрік пен алмұрт екеуі бірге 16 кг тартады. Қараөріктің массасы 6 кг. Алмұрттың массасы неше килограмға тең?
4.Орман алаңқайында 7 көжек, одан 3-еуі кем тиін жүр. Алаңқайда неше тиін жүр?
5.Қарындаш 10теңге, қалам 30 теңге
Екеуіне неше теңге төлейсің?
3.Кім жүйрік
• Өрнектерді оқы және олардың мәнін тап:
(9-5)+3=
(17-7)+3 =
(10+50)-30=
9-(5+3)=
17-(7+3)=
10+(50-30)=
9-5+3=
17-7+3=
10+50-30=
4.Ойлан тап
Сыныпта бар-30 бала
Шығып кетті-10 бала
Кірді-5 бала
Болды-? бала
Қай өрнек есептің шешуі бола алады?
(30-10)-5=15
(30+10)-5=35
(30+10)+5
(30-10)+5=25
5.Сергіту сәті

6.Дұрыс есептей білейік
Тиісті жерге жақша қой:
10+60-40=30
70-20+10=20
100-50-50=0
70-20+10=40
80-30-30=20
100-50-50=100
7.Миға шабуыл. (логикалық жұмбақ)
7 бұзау жүр еді
Әлде шаршап қалдыма
Жатып қапты біреуі
Нешеу енді жайылып
Жүргенін айт айырып (6)
Алма бағы жайнаған
Қызыл алма айналам
Алдым үзіп бесеуін
Тағы да алдым екеуін
Алдым сонда нешеуін. (7)
Қайыңда 10 алма өсіп тұр
3-ін үзіп алдым
Неше алма қалды. (қайыңда алма өспейді)
8. Өрнектің мәнін табу.
20+50
80+20
80-30
30+50
Ширату жаттығулары

12- сабақ
|
Ой қозғау
Топқа бөлу. Смарт-бейджигтер көмегімен топқа бөлінеді. «Бір айналым сөйлесу»
Белсендіру. «Шындық пен өтірік» ойыны. 1-топ: Алыстағы Марсқа, Бақа қашып кетіпті. Тасбақамен жарыста, Қоян зорға жетіпті.
2-топ: Көшеде түтін тұр, Мұржасынан үй шығып. Шатырға шықты қасық, Үстелден құлады мысық.
3-топ: Шыбындармен дос болып, Айға ұштық бәріміз. Айдан жүзім жинап –ап, Күнге қондық қайта біз.
4-топ: Еркелесем күлімдейтін Ұрысқаны білінбейтін, Маңдайымнан иіскеп менің Құлыншағым күнім дейтін Ол менің ақ анашым!
Суреттермен жұмыс Жануарларды қандай топқа бөлуге болатындығын анықтау( Жиын) Себетке жиын құрастыру. 1 топ 60 тан артық сандар 2 топ толық жүздіктер 3 топ 2 таңбалы сандар 4 топ соңғы саны 4 болатын екі таңбалы сандар
№3 Ақиқат пен жалған екенін анықта
Сұрақтар Қазақ тілінде 42 әріп бар А 1 сағат-60 минут А 20 санын 5 ке бөлгенде 4 шығады А 12 саны екі таңбалы жұп сан, А. 9 бен 7 қосқанда 12 Жел. 16 Ж Азайғыш азайтқыштан кіші. Ж 40 пен 55 тің қосындысы100ге тең Ж
Ширату жаттығулары
|
13- сабақ
|
Логикалық сұрақтар:
Логикалық сұрақтар жауаптарымен:
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
Логикалық тапсырмалар жауаптарымен: 1-тапсырма. Құрбақа тереңдігі 50 метр құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 метр жоғары көтеріліп, содан кейін 12 метр төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады? (7 күнде) 2-тапсырма. Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды? 3-тапсырма: Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған? 4-тапсырма. Дөңгелекті үш түзумен ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болатынын табыңыз. (7)
5-тапсырма. Балықшы бекіре, шабақ, сазан және
шортан аулады. Бекіре шабактан екі есе көп, шабақ сазаннан үш есе
көп, ал шортан 15-тен кем екені белгілі.
Барлық аулаған балықтың
саны 41 болса, балықшы әр түрінен жеке алғанда қанша балықтан
ұстады?
6-тапсырма. Қолына 4л ыдыс беріп, Әлібиді
шешесі сүтке жібереді. Ал сатушыда бір бөшке сүт және 5 литрлік
ыдыс кана болып шығады. Осы екі ыдыстың көмегімен сатушы қалай үш
литрді өлшеп бсрс алады?
8-тапсырма. Бір аю әр күні алдыңғы жеген
күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді.
Аю бірінші күні қанша балық жеген? 9-тапсырма. Бір сан табыңдар, квадраты өзінің жартысына тең болсын! - 0,5 10-тапсырма. 3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті? Жауабы: Баладағы 2 теңге 27-нің ішіндегі ақша, 27-ге адамдардағы 3 теңгені қосқанда 30 болады 11-тапсырма. Бір кісінің 2 қыз, 3 ұлы бар. Балалардың бәрінің жастарының қосындысы 26. Ұлдарының жастарының орталамасы (орташа саны) 7. Бір қыз қосылса орташа жас 6-ға түседі. Ендеше ең кіші қызының жасы қаншада? Жауабы: 2 жаста
12-тапсырма. Бір ананың үш қызы
болады. Жауабы: Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады. 13-тапсырма. Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.
34+х=2(11+х) 14-тапсырма. Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі? Жауабы: Мұратқа 12 жаңғақ, Мақсатқа 18 жаңғақ беріледі. 15-тапсырма. Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды? Жауабы: 30 жылқы 16-тапсырма. Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу? Жауабы: 23 асық, 3 немере 17-тапсырма. Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде, қарындасының жасы қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әр бірінің жасы қаншада? Жауабы: Серікпен қарындасы 25 жаста, әкелері 50 жаста. 18-тапсырма. Айдос 5 дүкенге кіріп, қалтасындағы бүкіл ақшасын жұмсайды. Әр дүкенде, сол дүкенге кірер кездегі ақшасының жартысынан 1 теңге артығын жұмсайды. айдостың үйінен шығар кезде қалтасында қанша теңге бар еді? Айдос соңғы дүкеннен шыққанында ақшасы мүлдем қалмағанына қарағанда, сол дүкенге кірерде жартысы 1 теңге болатын ақшасы бар деген сөз. Яғни екі теңгесі қалған еді. Мұнан алдыңғы дүкендерге кеткен ақшаны есептеу үшін бұл ақшаларға 1 теңге қосып, 2 ге көбейтсек, Айдостың әр дүкенге кірер кезде қалтасында қанша ақша болғанын табамыз. 4- дүкенде: 2 (2+1)= 6 теңге 3- дүкенде: 2 (6+1)= 14 теңге 2- дүкенде: 2 (14+1)= 30 теңге 1- дүкенде: 2 (30+1)= 62 теңге 19-тапсырма. Бала қорапқа жалпы саны 8 өрмекші және қоңыз салды. Олардың аяқтарының қосындысы 54 екен қорапта неше өрмекші неше қоңыз бар?
Жауабы: 12 балапан, 23
көжек.
2х+4у=82 2(26-у)+4у=82
2х+4у=40 2(19-у)+4у=40
1/2
х+у=18 1/2(24-у)+у=18 |
14-сабақ
Таразымен өлшеу
1. Бірдей үш сақинаның біреу басқаларынан біршама жеңілдеу. Табақшалы таразымен бір рет қана өлшеу арқылы ол жеңіл сақинаны қалай табуға болады?
2. 27 монетаның біреуі жалған және ол басқалардан ауырлау. Табақшы таразымен гірсіз үш рет өлшеу арқылы жалған монетаны қалай табуға болады?
3. Бірдей 75 сақинаның біреуі салмағы жағынан қалғандарынан сәл өзгешелеу көрінеді. Ол сақинаның басқаларынан жеңіл немесе ауыр екенін табақшалы таразымен екі рет тарту арқылы қалай анықтауға болады?
Жауабы:
1. Таразыға екі сақина саламыз. Егер таразы тепе-теңдікте болса, онда қалған сақина жеңілірек, егер бір сақина ауыр болса онда жауабы түсінікті.
2. 9 монетадан 3 бөлікке бөліп, бірінші қай бөлікке жалған монета барын анықтау керек, сосын есептегідей шешіледі.
3. Берілген сақинаның қалғандарынан ауыр немесе, жеңіл екендігін анықтау керек емес. Екі сақинаны салмағы бойынша салыстырамыз.Егер олардың салмағы тең болса, онда олар – стандарт, стандарт емесі қалған екі сақинаның біреуі. Енді екеуінің біреуін стандарт сақинамен салыстырамыз. Егер бірінші екі сақина тең болмаса, онда стандарт емесі -екеуінің біреуі, ал қалған екеуі – стандарт (тұжырымды аяғына дейін жеткіз). Әрқайсысында 25 сақинадан болатындай етіп 3 топқа бөл.
15-сабақ
Баянауыл тауының ішінде әр жерде омарта қойып, бал арасын ұстаудың ғылымын білгендігі соншалық, 1888 жылы аралары жұтап, 4 омарта қалған еді. Содан 1889 жылда жеті омарта бала шығарып, баршасы 11 омарта болды. әр омартадан екі пұттан бал алды. Балдың қадағы Баянауылда арзан болғанда 20 тиыннан сатылады. Бұл недеген пайда? Жауабы. Шамамен 17600 тиын.
Шешуі.1 пұт=16.38 кг, ал 1 қадақ=409, 512 г екенін ескерсек, 11*2 пұт=22 пұт болады. Ол 22*16, 38 кг=360, 36 кг-га теңболады. Демек, 360, 36 кг/409, 512 г=879, 974 қадақ. Әрқадақ 20 тиыннан тұратындықтан, 879, 974 қадақ бал 17599, 484 тиын тұрады. Мұны жуықтап есептесек, 17 600 тиын болады.
2.«Түлкі мен ешкі» есебі.
Жорытып келе жатқан түлкі байқамай терең
апанға түсіп кетіпті.апаннан шыға алмай тұрғанда, су іздеген ешкі
түлкіні көріп: -Әй, түлкі, неғып тұрсың?-депті.
Түлкі:
— Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап едім. Апанның
іші әрі салқын, әрі түбінде тұнық суы бар. Соны ішіп, жаным рахат
тауып тұр -деді. Жан рахатына түскісі келген ешкі апанға секіріп
түскенде, қу түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан екі қарыс
мүйізіне шығып, мүйізінен сон далаға шығып, жөніне кетті. Апан
тереңдігін анықта. Ешкі нешеде?
Жауабы.
Апан тереңдігі 2 метрдей, себебі 1 қарыс= 21см. Ешкі мүйізі
2 қарыс болғандықтан, ешкі мүйізі қазіргі есеп бойынша 42 см шамалас және сондай жерде дала. Олай болса, 84 см-дей жерде апан ернеуі. Апан тереңдігін табу үшін, бойын қосамыз. Ешкібойышамамен 70 см, ондаапантереңдігі 1 м 54 см болады. Алешкіжасыноныңмүйізіндегібунақтар саны көрсетеді.
3.«Жыл қайыру» есебі.
Нешедесің?- деді ақсақалға жігіт ағасы
-4 жылқы, тоқтымын, — деді Тәттім бет
күйші.
Тәттім бет неше жаста? Дананың сөзі
асылтас.
Жауабы. Тәттімбет 4 жылқы деу арқылы өзіне
төрт мүшел толғандығын айтты және тоқтыдеу арқылы 2 жасқосдеді,
яғни 49+2=51.
4.«Балық»
есебі.
Балықтыңұзындығы 30 қарыс.
Басыныңтұрқыкұйрығыныңұзындығынатең. Егер басы екіесеұзарса, онда
басы мен
құйрығыныңұзындығыныңқосындысықаракесекетініңұзындығынатеңболареді.
Балықбасыныңқұйрығыныңжәнеқараетініңұзындығын табу
керек.
Балықжегентоқболар, әл-дерменіжоқболар.
Балықторсылдағы не
үшінкерек?
Жауабы. 6 қарыс.
Шешуі.
Балықбасыныңұзындығынқұйрығынатеңдеп,
екеуініңқосындысын 2х десек, есептіңбіріншішартыбойынша,
балықтыңқаракесекеті 30-2х болады.
Есептіңкейінгішартыбойынша 2х+х. Демек,
30-2х=2х+х. Бұдан х=6 (қарыс). Қарыс бас бармақ пен
шынашықтыңкеріпұстағанарасы.
5. «Сәтемір хан жәнеақсаққұмырсқа» есебі.
Сәтеміржетіжасаркүніндеатасынанжетімқалыпты. КүндердебіркүнСәтемірдаладаойнапжүріп, таяқтастамбірескітамныңтүбіндешаршағансоңсүйеніп, жан-жағынақарапжатса, біраяғыақсаққұмырсқатамныңтөбесінеқарайөрмелепбарады да, орта шенінебарғандақұлаптүседі, тұрасалыптағы да өрмелейді, манағыданбірқұлашжоғарырақбарғандатағықұлаптүседі. Үшіншіретқұмырсқажәнетырмысады. Ақыры бар күшінсалып, қисая-мисаябарып, тамныңтөбесінешығыпкетеді. МұныкөріпСәтеміройғақалады: Там биіктігіқанша?
Жауабы. 2 таяқтастам 1
құлаш.
Құлаш — иықдеңгейіндекөтерілгенқолдыңекісаусағыныңарасынатеңөлшем.
1 құлаш=8 қарыс=2, 5 шариат кезі= 167, 5
см.
6.
«Ескісізжаңаболмайды»
есебі.
Екісегіз - он алты. Жәнесегізжәнеалты.
Жандапжүргенбіралты. Барлығықанша?
Ескісізжаңаболмайды,
Есепсіз дана
болмайды.
Бүл есептің ауызша айтқанда жауабы түрліше
болады, себебі екпінді түрліше түсіруге
болады.
Жазбашакелтірілгенесепсоныңбіржағдайығана,
яғни
1) 2*8+8+6+6
=36.
Бұданбасқаесептіңбіріншібуынындамынандайжағдайболуымүмкін:
2) 2+8+10+6= 26, демек 26+8+6+6=
46;
3) 2+8+16= 26, демек
26+8+6+6 =46;
4) 2*8+10+6= 32, демек
32+8+6+6= 52;
5) 2*8+16 =32, демек
32+8+6+6= 52;
6) 2+80+6 =88, демек
88+8+6+6= 108.
Бүлқарастырғанымызесептіңбіріншібуыныөзгеріп,
екіншіжәнеүшіншібуыныөзгермегендегіжағдайлар.
Есептіңбіріншіжәнеүшіншібуыныөзгеретінболса не
болады?
Үшіншібуындаекіжағдайболады:
7) біралты, демек 6,
мұныталдадық.
8) Біржәнеалты, демек
7.
Сегізіншіжағдайдыбіріншібуыннаншыққаналтыжағдайменәрекеттестіреміз.
Сөйтіпмынажауаптардыаламыз:
1) 2*8+8+6+7
=37,
2) 26+8+6+7
=47,
3) 32+8+6+7
=53,
4) 88+8+6+7
=109.
Сонымен,
есептіңбіріншіжәнеүшіншібуындарыныңөзгерісінесаймынажауаптардыаламыз:
36, 46, 52, 108, 37, 47, 53,
109.
-
«Үндішәйі» есебі.
Сәскекезболатын. Анамкесегешәйдітолтырыпқоясалды. Кенжеінімқолындағықантынсолкесегетүсіріпалды. Алайдақантқұп-құрғақкүйіндеқалды. Неліктендепойлайсың?
Бұтатүбікеуегі,
Кеуегіндекөжегі.
Бұлайдепайтуыесептішешугеболатындығын, әріолөзінетаныснәрседенбасталадыдегенгетіреледі.
Жауабы: қант құрғақ шай үстіне түсті
16- сабақ
1.12; 15; 21; 24; 30; 33; 39; ... сан тізбегі берілген. Келесі санды анықтаңыз.
А)39 В)46 С)45 Д)42 Е)43
Шешуі:
12+3=15
15+6=21
21+3=24
Алғашқы санға 3 санын қосып, шыққан қосындығыа 6 санын қосамыз, қатарды осы бағытта жалғастырамыз.
Жауабы: 42
2.Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынғын. Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек? Егер «25»=7, «234»=9, «15»=6, «47»=11,
«25»=7, «50»=5 болса, «341»=? А)8
В)10 С)16 Д)9 Е)12
Шешуі:
2+5=7
2+3+4=9
1+5=6
... 3+4+1=8
Тырнақшаның ішіндегі цифрларды қосамыз, нәтижесі тең болады таңбасының оң жағындағы сан.
Жауабы: 8
3.Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісін
қандай санмен ауыстыру керек? 20;22;?;23;18.
А)17
В)19
С)21
Д)20
Е)12
Шешуі:
20+2=22
22-3=19
19+4=23
23-5=18
2- ні қосып, 3-ті азайтамыз, 4-ті қосып, 5-ті азайтамыз.
Жауабы:19
4.Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған.сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек? 13; 17; 25; 32;37;47;?
А)61
В)51
С)58
Д)57
Е)62
Шешуі:
(1+3)+13=17
(1+7)+17=25
...
(4+7)+47=58
Берілген сан құралған цифрларды және -өзіне қосамыз, сонда тізбектегі келесі сан шығады.
Жауабы: 58
-
Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісі қандай санмен ауыстыру керек?12;14;?;15;10;16.
А)10 В)11 С)18 Д)13 Е)9
Шешуі:
12;14;?;15;10;16.
Сұрақ белгісінің орнына 11 санын қоямыз, сонда: 12;14;11;15; 10;16. Арасына бір саннан тастап, 12;11;10 кемімелі, ал, 14;15;16; өспелі.
Жауабы: 11
-
.Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісі қандай санмен ауыстыру керек? Егер «27»=14, «234»=24,«14»=4,
«47»=28, «60»=0 болса, «316»=? А)22
В)10 С)16 Д)18 Е)9
Шешуі:
2.7=14
2.3.4=24
1.4=4
Тырнақшаның ішіндегі цифрларды көбейтеміз, нәтижесі тең болады таңбасының оң жағындағы сан.
Жауабы: 18
7.Сандар белгілі бір заңдылық нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісін қандай санмен ауыстыру керек? 10;12;?;13;8;14
А)17 В)15 С)18 Д)11 Е)9
Шешуі:
10+2=12
12-3=9
9+4=13
13-5=8
8+6=14
2- ні қосып, 3-ті азайтамыз, 4-ті қосып, 5-ті азайтамыз... Жауабы:9
8.Сұрақ белгісінің орнына қандай сан жазылуы керек? 1(27)2 2(64)22(?)3
А)125 В)80 С)101 Д)110 Е)54
Шешуі:
1+2=3, 33=27
2+2=4, 43=64
2+3=5, 53=125 олай болса, 2(125)3
Жақша сыртындағы цифрларды қосып, шыққан қосындыны кубтаймыз. Жауабы: 125
9.Егер келесі сандар белгілі бір заңдылықпен орналасса, y-x айырмасын табыңыз: 4;6;10;18;34;x;130;y
А)180 В)38 С)198 Д)192 Е)39
Шешуі:
4+21=6
6+22=6+4=10
10+23=10+8=18
18+24=18+16=34
34+25=34+32=66
66+26=66+64=130
130+27=130+128=258 x=66, y=258
y-x=258-66=192
Тізбекте берілген сандарға 2- нің дәрежелерін ретімен арттыра отырып,
қосамыз. Жауабы: 192
11. 4;20;36;?;68 сан тізбегіндегі сандар белгілі бір заңдылықпен берілген Сұрақ белгісі орынындағы санды анықта.
А)50 В)52 С)54 Д)56 Е)58
Шешуі:
4+16=20
20+16=36
36+16=52
52+16=68
Тізбектегі сандардың барлығына 16- ны қосамыз. Жауабы : 52
17- сабақ
|
Видео арқылы жаңа тақырыпты ашу және мысал есепті шығару. 1.Егер әкесіне 46 жас, ал ұлына 16 жас болса, қанша жылдан кейінәкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? А)18 В)10 С)14 Д)16 Е)12 Шешуі:46+x=2(16+x) 46+x=32+2x x=14 мұндағы x- әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болатын жыл аралығы. Жауабы: 14
А)1 В)19 С)20 Д)21 Е)17 Шешуі:Лейланың жасы - 10a+b, атасының жасы - 100a +b 6(10a+b)= 100a +b 60a+6b=100a +b 40a -5a=0 b=8a мүмкін жағдайларды қарастырамыз, олай болса: a=1, b=8 Жауабы:18
А)6 В) 5 С) 8 Д)7 Е)4 Шешуі: 4(10+x)=58+x 40+4x=58+x 3x=18 x=6 мұндағы x- ұлының жасы әкесінің жасынан кіші болатын жыл аралығы Жауабы: 6 жылдан кейін
А) 18жаста В) 20 жаста С) 12 жаста Д) 16жаста Е) 15жаста Шешуі: Әкесі -9x Ағасы -3х+3 Әлішер -3х Інісі – 3х-3 Кіші інісі –х 9х+3х+3+3х+3х-3+х=114 19х=114 х=6 Жауабы: Әлішер 18 жаста 5.Бекзат ӛзінің туған күнін анасымен бір күнде атап ӛтеді. Қазір анасының жасы Бекзаттың жасынан 11 есе артық. 6 жыл ӛткен соң анасының жасы ұлынан 5 есе артық, ал тағы 10 жылдан кейін 3 есе артық болады. Ал бүгінгі күннен бастап 36 жыл ӛткенде анасының жасы ұлынан 2 есе артық болады. Бекзат қазір неше жаста? А) 2 жаста В) 3 жаста С) 4 жаста Д) 5 жаста Е) 6 жаста Шешуі: Адамның жасы үшін мүмкін жағдайларды қарастырамыз. Бекзат –х, анасы -11х 11х+6=5(х+6)
6х=24 х=4 Жауабы: 4 жаста 6.Әкем 31 жаста болғанда, мен 8 жаста болдым, ал қазір әкемнің жасы менің жасымнан екі есе үлкен. Қазір мен неше жастамын? А) 15 жаста В) 17 жаста С) 19 жаста Д) 23 жаста Е) 21 жаста Шешуі: (а+31)=2(а+8) а+31=2а+16 а=15 Жауабы: 15 жаста |
18-сабақ
|
Сұрақтар оқылады, сұрақтар логикалық есептерге байланысты алынады: 1. Шанаға қосарланып жегілген үш ат 30км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? Жауабы:Әр ат 30 км жүріп өтті, себебі олар қосарланып жегілген аттар 2.Таксиден 2 жолаушы шыққанда жартысы таксиде қалды. Таксиде неше адам болған еді? Жауабы: 3адам болған, себебі 2-нің жартысы 1, 2+1=3 3. Екі адам шахматты 2 сағат ойнайды. Бір адам неше сағат ойнайды? Жауабы:Бір адам 2 сағат ойнайды, себебі шахматты 2 адам ойнайды, бір уақытта бастайды. 4. Қай санды төңкергенде басқа санға айналады? Жауабы: 6 саны төңкергенде 9 санына, 9 саны 6 санына айналады. 5. Қай сандарды төңкергенде өзгермейді? Жауабы: 0,8 сандары төңкергенде өзгермейді. 6. Бірліктері 8 болатын екі таңбалы сандарды кему ретімен ата. Жауабы: 98,88,78,68,58,48,38,28,18. 7. 9-дан 100-ге дейінгі сандарда қанша «9» саны кездеседі?Жауабы: 10 Жауапберген жұптарға фигуралар беріп отыру. 1-конверт бойынша жұптасып жұмыс жасаймыз. Бұл жұмысты ақ қағазға жапсырып, жазып орындайсыңдар. Тапсырманы орындап болған жұптар жұмыстарын қорғайды. Әр оқушының алдына сандар мен арифметикалық ребустар қиындылары бар 1-конверт тасталады. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Арифметикалық ребустарды құрып, шешеді. 1-конверт тапсырмасы 1-жұпқа: 4*4*4*4=8 Шешуі: 4+4+4-4=8, 4+4-4+4=8 2-жұпқа: 5*4*3*2*1=3 Шешуі: 5+4-3-2-1=3, 5-4+3-2+1=3 3-жұпқа: 6*6*6=30 Шешуі: 6∙6-6 =30 4-жұпқа: 5*5*5=5 Шешуі: 5+5-5=5, 5-5+5=5 5-жұпқа 5*4*3*2*1=5 Шешуі: 5+4-3-2+1=5, 5-4+3+2-1=5 Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру. -Бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ. -Сонымен ребус туралы не білеміз? -Ребус-бұл жасырынған сөздерді, сөйлемдерді суреттің, әріптің, таңбалардың көмегімен табу ойыны. Ребус латын тілінен аударғанда «зат, нәрсе» ұғымын білдіреді. Алғашқы ребустар Францияда 15-ғасырда пайдаболған. -Ребустың қандай түрлерін білесіңдер? -Суретті ребустар, әріпті ребустар, математикалық ребустар, арифметикалық ребустар. -Арифметикалық ребус екенін қайдан білдіңдер ? -Арифметикалық ребустарды шешуде нені басшылыққа аламыз? Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру. Ендеше арифметикалық ребустардың күрделірек түрін шешіп көрейік. Әржұп 2-конвертті ашайық. Әр қатардан 1 жұп тақтада орындайды. Оқушыны ойландыру әдісі. Осы тақырып көлемінде әр жұпқа арифметикалық амалдар арқылы дұрыс теңдік шығарып алуға, арифметикалық ребустар шешуге, тапсырмалар беріледі. Кейбір цифрлардың арасына амал таңбаларын теңдік дұрыс болатындай етіп қойып шық: 3 3 3=30 Шешуі: 33-3=30 3 3 3 3=30 3∙3∙3+3=30 7 7 7 7=1 Шешуі: 77:77=1 7 7 7 7=2 7:7+7:7=2 Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру. -Ендігі кезекті математикалық ребустарға берейік. 3-конверт тапсырмасын орындаймыз. Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді. Осы жазбаларды анықтайық. Тақтаға 2 жұп шығады. 1.АА х А = CC 1. Жауабы: 22х2=44, 33х3=99 2. МННН- ККК = М 2.Жауабы: 1000-999 =1 Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру. -Арифметикалық, математикалық ребустарды салыстырды. Өз ойларын ортаға салды.
|
19-сабақ
|
Миға шабуыл. Сұрақ-жауап (Сынақтан өткізу технологиясы) Сандық ребустар
Мына торкөздегі квадраттың бос орнына 1-ден 16-ға дейінгі сандардың келтірілгенінен басқасын әрбір горизонталь, вертикаль және диагональ бойында тұрған сандардың қосындысы 34-ке тең болатындай етіп орналастырыңдар.
1.Шанаға қосарланып жегілген үш ат 30км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? Ж:Әр ат 30 км жүріп өтті, себебі олар қосарланып жегілген аттар 2.Таксиден 2 жолаушы шыққанда жартысы таксиде қалды. Таксиде неше адам болған еді? Ж:3 адам болған, себебі 2-нің жартысы 1, 2+1=3 3.Екі адам шахматты 2 сағат ойнайды. Бір адам неше сағат ойнайды? Ж:Бір адам 2 сағат ойнайды, себебі шахматты 2 адам ойнайды, бір уақытта бастайды. 4.Сочи-2014 қысқы ойындар олимпиадасына елімізден спорттың 10 түрінен спортшылар қатысты, бұл барлық спортшылардың бестен бір бөлігін құрайды. Сочи олимпиадасына еліміздің атынан неше спортшы қатысты ? 50 спортшы қатысты, яғни 10х5=50 5.Мектеп оқушыларының арасында Халықаралық “Шексіз математика” турнирі өтті. Оған сыныбымыздан 2013 жылы 7 оқушы, 2014 жылы 14 оқушы қатысты. 2013 жылға қарағанда, 2014 жылы неше есе артық оқушы қатысқан? Ж: 2 есе артық оқушы қатысқан, яғни 14:7=2 6.Қай санды төңкергенде басқа санға айналады? Ж: 6 саны төңкергенде 9 санына, 9 саны 6 санына айналады.) 7.Қай сандарды төңкергенде өзгермейді? Ж: 0,8 сандары төңкергенде өзгермейді. 8.Бірліктері 8 болатын екі таңбалы сандарды кему ретімен ата. Ж. 98,88,78,68,58,48,38,28,18. 9. 9-дан 100-ге дейінгі сандарда қанша «9» саны кездеседі?(10) Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.
3.Эвристикалық әдіс сыни ойлап тақырып мазмұнын ашады. -Жарайсыңдар, балалар, енді алдымыздағы 1-конверт бойынша жұптасып жұмыс жасаймыз. Бұл жұмысты ақ қағазға жапсырып, жазып орындайсыңдар. Тапсырманы орындап болған жұптар жұмыстарын қорғайды. Әр оқушының алдына сандар мен арифметикалық ребустар қиындылары бар 1-конверт тасталады. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Арифметикалық ребустарды құрып, шешеді. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын өздері түйіндеп шығарады, қорғайды. 1-конверт тапсырмасы 1-жұпқа: 4*4*4*4=8 Шешуі: 4+4+4-4=8, 4+4-4+4=8
2-жұпқа: 5*4*3*2*1=3 Шешуі: 5+4-3-2-1=3, 5-4+3-2+1=3
3-жұпқа: 6*6*6=30 Шешуі: 6х6-6 =30
4-жұпқа: 5*5*5=5 Шешуі: 5+5-5=5, 5-5+5=5
5-жұпқа: 5*4*3*2*1=5 Шешуі: 5+4-3-2+1=5, 5-4+3+2-1=5
6-жұпқа: 6*6*6*6=12 Шешуі: 6+6+6-6=12 Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру. 4.-Бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ. Сабақ тақырыбы: «Арифметикалық ребустар» (Слайдтан тақырыбы, мақсаты оқылады)
-Сонымен ребус туралы не білеміз? -Ребус-бұл жасырынған сөздерді, сөйлемдерді суреттің, әріптің, таңбалардың көмегімен табу ойыны. Ребус латын тілінен аударғанда «зат, нәрсе» ұғымын білдіреді. Алғашқы ребустар Францияда 15-ғасырда пайда болған. -Ребустың қандай түрлерін білесіңдер? -Суретті ребустар, әріпті ребустар, математикалық ребустар, арифметикалық ребустар. -Арифметикаық ребус екенін қайдан білдіңдер ? -Арифметикалық ребустарды шешуде нені басшылыққа аламыз? Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру. -Ендеше арифметикалық ребустардың күрделірек түрін шешіп көрейік. Әр жұп 2-конвертті ашайық. Әр қатардан 1 жұп тақтада орындайды. 1-қатардан 1-жұп, 2-қатардан 1-жұп Оқушыны ойландыру әдісі. Осы тақырып көлемінде әр жұпқа арифметикалық амалдар арқылы дұрыс теңдік шығарып алуға, арифметикалық ребустар шешуге, тапсырмалар беріледі. Кейбірцифрлардың арасына амал таңбаларын теңдік дұрыс болатындай етіп қойып шық: 1-2-3-жұпқа: 3 3 3=30 Шешуі: 33-3=30 3 3 3 3=30 3*3*3+3=30 4-5-6-жұпқа: 7 7 7 7=1 Шешуі: 77:77=1 7 7 7 7=2 7:7+7:7=2 Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру. -Ендігі кезекті математикалық ребустарға берейік. 3-конверт тапсырмасын орындаймыз. Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді. Осы жазбаларды анықтайық. Тақтаға 2 жұп шығады.1-қатардан 2-жұп, 2-қатардан 2-жұп. Слайдтан ребус шығады. 1.АА х А = CC 1. Жауабы: 22х2=44, 33х3=99 2. МННН- ККК = М 2.Жауабы: 1000-999 =1 Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру. -Арифметикалық, математикалық ребустарды салыстырды. Өз ойларын ортаға салды. Арифметикалық ребус Математикалық ребус «Арифметикалық ребустардың адам өмірінде алатын орны қандай?» сұрағына сыни тұрғыдан ойлана отырып, әр жұп өзіндік пікірін білдіреді. Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру.
7.«Қызықты есептер» Слайдтан —Балалар, енді «Қызықты есептерге де тоқтала кетейік. Барлығымыз экранға қарайық. 1.Асан мен Үсен футбол добын сатып алғысы келді. Оны сатып алу үшін Асанның 20 теңгесі, ал Үсеннің 30 теңгесі жетпеді. Олар ақшаларын қосып доп сатып алды және 60 теңге ақшасы қалды. Футбол добы қанша тұрады? (Осы есептің тұжырымын іс жүзінде көрсету) Жұптарға 20, 30, 60 теңге тарату. Жауабы: Асан өзінің ақшасын Үсенге берген, олар доп сатып алған және оларда 60 теңге қалған. Олай болса, Асан Үсенге допты сатып алуға жетпей тұрған 20 теңгені берген және 60 теңге қалған, яғни Асан Үсенге өзінде бар барлық ақшаны 20+60=80 теңгені берген. Үсенге допты сатып алу үшін 30 теңге жетпеген, олай болса, доптың бағасы 110 теңге тұрады. 2. Есептің тұжырымын дәлелдеу үшін көз жеткізу жұмысы 7 литрлік шелек пен 3 литрлік банка арқылы кострюльге 5 литр суды қалай құюға болады. Жауабы: 3 литрлік банка арқылы 6 литр суды шелекке құямыз. Тағы да 3 литрлік банканы суға толтырып, оны 7 литрлік шелекке құямыз.Бұдан кейін 3 литрлік банкадағы қалған 2 литр суды кастрюльге құямыз. Енді оған 3 литрлік банкамен су құямыз. Сонда кастрюльдегі су 5 литр болып шығады. (7 литрлік шелек пен 3 литрлік банка, кострюльмен су құйып жұмыс жасайды) Қорытындылау. Жауап берген жұптарға фигуралар беріп отыру. Қорытынды: -Экранға назар аударайық, «Білімпаз» айдары. Бейне таспадан сұрақ қойылады. -Бұл ненің жылнамасы мен эмблемасы? -ЭКСПО-2017 -ЭКСПО-2017- мақсаты не екенін тыңдайық. «Білімпаз» бейнетаспадан айтады. EXPO-2017-нің мақсаты – қалпына келетін энергияның алдыңғы қатарлы технологияларын әлемге таныту -Өзімізді бір сәт сәулетші сезінейік. EXPO-2017-нің мақсаты – қалпына келетін энергияның алдыңғы қатарлы технологияларын әлемге таныту болса, сендер күн энергиясы арқылы электр қуатын алатын үйдің макетін жауаптар бойынша жинаған фигуралардан құрастырыңдар. Нетбукпен жұмыс. Жұптағы 1 оқушы фигурамен көрсетсе, 2-оқушы нетбук арқылы көрсетеді. Құрастырған үй макетін қорғайды. Біздің бүгінгі жетістіктерімізден құрастырған үй макеті келешектегі математикалық жобалардың бастауы, кішкене де болса ЭКСПО-2017 көрмесіне қосқан үлесіміз деп білейік. Сергіту сәті: 1)
2)
3)
|
20-сабақ
Ал, балалар, көңіл - күйлеріңіз қалай?
Сабаққа дайындықтарыңыз ше?
Керемет Ынтаңыз ше?
Ендеше сабақ бастайық?!
ІІ. Топтастыру.
Жарайсыздар, олай болса біз банк атауы бойынша қазір топтасамыз. Себебі математика сабағы банк саласымен өте тығыз байланыста.
1 - топ «Альянс»банкі
2 - топ «Халық» банкі
3 - топ «Нұр» банкі
4 - топ «БТА» банкі
Ендеше үйге берілген үй тапсырмасына назар аударайық. Үйге қандай есеп берілді?
Әр топтан тізбектеп оқушылар ауызша айтып өту.
Негізгі бөлім.
І. Көркем жазу минуты.
ІІ. Өзіндік жұмыс.
Оқушыларға 1, 2 нұсқада қосу және азайту амалдары беріледі.
Оқушылар шығарып болған соң мұғалім компьютер арқылы жауабын көрсетеді. Әр оқушы жауабын, тексереді.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
№1 (Ауызша орындалады). Оқушылар берілген қосу және азайту амалдарының компоненттерін атап, мәнін табу.
30+5
89 – 80
50+7
67 – 7
38 – 8
14 – 6
№2 Салыстыру.
Оқушылар жеке - жеке тақтада баған бойынша орындау.
36*63 74*56
14*10+6
15*51
100*99
27*20+8
ІҮ. Топтық жұмыс.
1 - топ.
30+5*30+7
38 - 8*39 – 9
2 - топ. 15 - 6*10+1
18 - 8*18 – 9
3 - топ.
(35 - 5)+6*42 – 2
58 - 8*5+(56 - 6)
4 - топ.
45+5*40 – 7
20 - 14*50 – 5
Ү. Сергіту сәті «Қара жорға»биімен
ҮІ. Кестемен жұмыс.
Кестені пайдалана отырып, өрнек
құрастырып, мәнін тап.
+ 30, 40, 80, 90, 5
4 Мысалы: 30+5; 40+5
+ 6, 5, 8, 7, 8
6 Мысалы: 8+6; 8+5
ҮІІ. Эстафеталық жарыс
«Қай топ шапшаң»
Ойынның реті сандарды өсу ретімен орналастырып, разрядтарын атап өту.
37 7 24 1 10
ҮІІІ. Топтық жарыс
Сандар мен сөздерді пайдалана отырып, сөз шығару.
1 - топ «Альянс» банк 2 - топ «Халық»банк
Т+10 -------------------------- Қ+10+ақ
6+н --------------------------- 3+кір
9+құмалақ ------------------ 1+қазан
3 – топ «Нұр» банк ---4 - топ
«БТА»банк
К+2+л ------------------------- 7+к
100+м ------------------------- 8+көз
6+бақан ---------------------- 60+бек
ІХ. Математикалық диктант
1. 8 саны мен 7 санының қосындысының мәні.
2. 9 саны мен 5 санының айырмасы нешеге тең?
3. 1 - інші қосылғыш 6, 2 - інші қосылғыш 4. Мәні неше?
4. 10 саны мен 8 санының айырмасы нешеге тең?
5. 7 санымен 3санының айырмасын, 2 санына қос.
Х. Қорыту.
Балалар, бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
Бұл сабақтың тақырыбы қалай аталып еді?
Өрнектерді қалай салыстырып шығарамыз??
2+5*9 – 7

21- сабақ
|
Белгілі бір заңдылық бойынша орналасқан сандарды табуға арналған есептерді шығарып үйрету. 1.Сандар тізбегіндегі заңдылықты анықтаңдар және тағы да үш санды жазып шығыңдар: 7, 8,12, 21, 37, ... Шешуі: Сандар тізбегіндегі белгісіз үш сандар x, y, z болсын, яғни 7, 8,12, 21, 37, x, y, z . Берілген тізбектің көрші тұрған сандарының айырымы мынадай тізбек құрады: 1, 4, 9,16, 25, 36, 49. Олай болса, х-37=25, x=25+37=62, y-x=36, y=62+36=98, z-y=49, z=98+49=147. Демек, белгісіз сандар 62, 98, 147-ге тең. Жауабы: 62, 98, 147. 2.Қалып кеткен санды табыңдар: 4, 7, 12, 21, 38, ... Шешуі: келесі санды табу үшін алдында тұрған санды 2-ге көбейтіп, одан алдында тұрған санның реттік нөмірін шегеру қажет: 2·38-5=71 3.Сұрақ белгісінің орнына қандай сандар қойылу керек? 1, 3, 4, 6, 7, 8, 10, 11, ...? Шешуі: Бұл тізбектің мүшелерінің арасында мынадай заңдылық бар: натурал сандар қатарынан біреуін алып, екіншісін алып тастаған, одан екеуін алып, одан кейінгісін алып тастаған және т.с.с. Сондықтан ізделінді сандар 12 және 13-ке тең. Жауабы: 12,13. 4.Кестедегі сұрақ белгісінің орнында тұрған санды табыңдар:
1.Сұрақ белгісі орнына қандай сан қойылу керек? 0, 3, 8, 15, 24, ? Шешуі: Мұнда снадар тізбегі мынадай ереже бойынша құрылған: 12-1=0, 22-1=3, 32-1=8. Олай болса, х=62-1=35. Демек, сұрақ белгісі орнына 35 саны қойылу керек. Жауабы: 35. Сергіту сәті. Тарсылдатпай едендi Орнымыздан тұрып ап Жүгiрейiк бiр уақ. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Аяқты алға созайық Тiк көтерiп, қозғайық. Тымсылбыр да болмайық Алғақарайозбайық. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Шығарып көр. Заңдылықты сақтай отырып көше бойындағы үйлердің номерін айт. Көшенің қарсы бетіндегі үйлердің нөмері қандай болады. 11 13 15 17 19 21 10 12 14 16 18 20

22-сабақ
2.«Ойлан, таны, біл» танымдық тапсырма
1.Геометрия деген сөз нені білдіреді? (Жер өлшемі)
2.Қағазбен жазу құралының түйісетін ізі қалай аталады? (Нүкте)
3.Екі жағынан нүктемен шектелген түзу сызықтың бөлігі (Кесінді)
4.Жазық бейнесі дөңгелек болып табылатын көлемді фигура (Шар)
5.Түзу сызық жүргізуге арналған қарапайым құрал (Сызғыш)
6.Барлық нүктесі ортасынан бірдей қашықтықта болатын тұйық сызық
қалай аталады? (Шеңбер)
3.«Ерте,ерте,ертеде»
Балалар, мен сендерге геометриялық фигуруалар туралы ертегі айтып беремін, мұқият тыңдаңдар.
Ерете, ерте, ертеде геометрия патшалығының фигуралар көшесінде сиқырлы геометриялық фигуралар тұрыпты. Күндердің күнінде олардың арасында дау болыпты. «Кім күшті?» деп бір-бірімен дауласады.
Шаршы айтады:-Мен ең күштімін,менің барлық қабырғаларым тең және мен барлық жерде мықтымын.
Оның сөзін Дөңгелек бұзып:-Бекерден бекер сөйлеме, кімге керек сенің тік бұрыштарың? Міне, мен ешқандай бұрышсызбын, дөңгелекпін, көңілдімін. Менде не басым, не аяғым жоқ.
Сөзге Үшбұрыш араласады:- Дауласпаңдар барлығы біледі, үшбұрыштың күшті екенін. Біз орындарымызды ауытырып әр-түрлі бұрыштармен бірге бола аламыз. Мысалы:сүйір бұрышпен, доғал бұрышпен және шаршаның бұрыштары сияқты бірдей бола аламыз. Дау ұрысқа айналды. Барлығы бір-бірін тыңдамай у-шуға айналды.Тек қана Пирамида оларға қарап үндемей тұрды. Не болып жатқанын түсінбеген пирамида біраз тұрып сөзге кірісті:- Неге ұрысып жанжалдасасыңдар? Сендер барлықтарың жақсы фигураларсыңдар және адамдарға қажетсіңдер. Адамдар біздерді құрылыста пайдаланады. Әрбір үйде шаршы, дөңгелек, тік бұрышты және үшбұрыш тәрізді заттар бар.Біз туралы адамдар зерттейді, балалар да мектепте оқиды. Олар бізсіз еш нәрсе істей алмайды, біз оларға керекпіз. Адамдар бізді жақсы көреді. Фигуралар үндемей тұрып, өздерінің қателескендерін түсінді. Өмірде кімнің күшті немесе мықты екені маңызды емес, ең маңыздысы сен біреуге керексің, біреулер сенің көмегіңе мұқтаж. Осы кезден бастап геометриялық фигуралар өздерінің адамдарға қажет екенін түсінді
4.Геометриялық фигуралармен таныстыру, түсіндіру слайдпен.

5.Сұрақ-жауап сәті
1.Негізгі геометриялық фигура қалай аталады? Нүкте
2.Үшбұрыштың неше бұрышы бар? 3
3.Бұрыштарды атап бер.Доғал,сүйір,тік бұрыш
4.Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз? Р=а+в+с
5.Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? Р=а+в+а+в
6.Сергіту сәті:
Кәне түзу тұрайық,
Кесіндіні құрайық.
Сәуле болып созылып,
Нүкте болып қалайық.
7.«Кім тапқыр?» логикалық тапсырмалар
1.Үстелдің 4 бұрышы бар.Егер бір бұрышын кесіп тастаса,неше бұрыш болады? 5
2.Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр.Үйде неше мысық отыр? 4 мысық
3.Шаршының сол жағында үшбұрыш,оң жағында дөңгелек орналасқан.Шаршы қай жерде? Ортасында
4.Бір жағынан нүктемен тұйықталған түзу сызық қалай аталады? Сәуле
8.«Ойлан тап» танымдық тапсырмалар
Слайдтағы тапсырмаларды дәптерге орындау.
Тренинг «Адам есімінің түстері»
Мақсаты: оқушыларға психологиялық тұрғыдан шабуыл жасау арқылы, ойлау қабілеттерін дамыту, өздеріне деген сенімдерін қалыптастыру, өзін бағалай алуға, өзін тануға ықпал жасау. Үшбұрыштардың түрлерін ажыратуға үйрету.
Шарты: оқушылардың алдына қызыл, жасыл, сары, көк түсті парақшалар таратылады. Содан таңдау жасап, парақшаға өзі қалаған кез-келген үшбұрыштың түрін салып, қияды.
Нәтиже: оқушылар дайын болғаннан кейін олардың түстері бойынша және үшбұрыш түрлері бойынша мінездемелік сипаттамалармен танысады.
Қызыл - өзіне сенімді, алдына мақсат қоя білетін жандар
Жасыл – ақ көңіл, табиғатты сүйетін
жандар
Сары – ниеті таза, пейілі кең жомарт
жандар
Көк – мейірімді, сенімді, биік армандарды көздейтін жандар
Тікбұрышты үшбұрыш – мінезі қатты, алған бетінен қайтпайтын жандар
Әр қабырғалы үшбұрыш – құбылмалы мінезді, тез ойланып тез жауап беретін жандар
Тең бүйірлі үшбұрыш - әрқашан әділдікті қолдайтын жандар
Тең қабырғалы үшбұрыш – сыпайы болуға ұмылатын жандар
23-сабақ
Төртбұрыштар
4-қабырғасы
4-төбесі
4-бұрышы
Тік төртбұрыш
Ромб
шаршы (квадрат)
трапеция
Шаршы – барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш
Шаршының ең жақын тегі – тік төртбұрыш, ромб, трапеция
Алдымызда шашылып жатқан фигураларды ұқсастығына байланысты топтастырыңдар
Төрбұрыштар
Тік төрбұрыш
Шаршылар
Үш бұрыштар
Сиқырлы шаршыны толтырайық
«Сиқырлы шаршылар»
Сиқырлы шаршының түрлері
3 х 3 сиқырлы квадратында сиқырлы 15 саны 8 бағыттағы 3санмен тең болуы керек: 3 жолмен, 3 бағанмен және 2 диагональмен.Ортада тұрған сан 1 жолға, 1 бағанға және 2 диагональға жатқан соң, ол 8 тәсілдің 4-іне, беретін сиқырлы санға жатады.Бұл сан біреу ғана бұл 5. 3 х 3 сиқырлы квадратының ортадағы саны белгілі болды: ол 5-ке тең.
9 санын қарастырайық. Ол үштің екі еселенуіне тең. Біз оны бұрышқа қоя аламаймыз, себебі әр бұрыш торлары жолға, бағанға және диагональға жатады. Квадрат симметриясының кесірінен қай жақты таңдасақта бәрі бір,сондықтан 9 санын орталық тордағы 5санының үстіне жазамыз. 9санының екі жағындағы жоғарғы жолға 2 немесе 4санын ғана жаза аламыз. Осы екі санның қайсысын жоғарғы оң және сол жақтағы бұрышқа қояды екенбіз, тағы ешқандай мағына бермейді, бір сан екінші санға айна сәулесі арқылы ауысқандықтан, қалған торлар тез толтырылады. 3 х3 сиқырлы квадратының тез әрі оңай құрылғаны оның бірлігін дәлелдейді.
Бұндай сиқырлы квадрат ежелгі қытайлықтардың үлкен мағыналы белгісі болған. Ортадағы 5 саны жер, 2 мен 7 саны оның айналасындағы қатаң бірқалыпты от, 1 мен 6 саны су, 3 пен 8 саны тал, 4 пен 9 саны металл болып табылған.
Квадраттың көлемінінің өсуімен қатар осындай көлемдегі смқырлы квадраттар да көбеюде 4 қалыпты 880сиқырлы квадраттары және 5 қалыпты 275 305 224 сиқырлы квадраттары бар. 5 х 5 квадраты орта ғасырда танымал болған. Мысалы, Мұсылмандар бұндай квадраттың ортасы 1санын жазған, себебі Алланың бірлігінің белгісі деп ойлаған.

24-сабақ
1.Алғашқы ұйымдастыру.
- Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Бізге көңілді сиқыршы қонаққа келді. Ол бізге жаңа ұғым үйретуге келді. Бұл сабақта есептеу дағдыларын да қайталаймыз
2.Тірек білімді өзекті ету.
- Артық фигураны кім айтады? (сәуле). Себебі?
- Ал мына қатарда қай фигура? (үшбұрыш)
- Ал мұнда ше? (Тұйықталған сызық)
- Соңғы қатарда? Сопақша
- Жарайсыңдар!
- Осы геометриялы. фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады?
- Сызықтар, көпбұрыштар
1. Ауызша жұмыс.
Математикалық диктант
а) 5 ондықтан тұратын санды жаз.
12 - ні 3 - ке арттыр.
20 – ны 2 - ге кеміт.
17 мен 3 сандарының қосындысы нешеге тең? 14 және 2 сандарының айырмасы нешеге тең?
30 дециметрді метрге айналдыр.
1 минутта неше секунд бар?
8 бен 5 - тің қосындысы нешеге тең?
12 мен 7 - нің айырмасын жаз.
50, 15, 18, 20, 12, 3, 60, 13, 5.
-Ал енді өзіңді өзің бағала!
5 – қатесіз орындалған жұмыс;
4 – 1 немесе 2 қате жіберілсе;
3 – 3 немесе 4 қате жіберілсе;
2 – 5 немесе одан да көп қате жіберілсе
3. Жаңа білімді түсіндіру.
1.Жаңа тақырыпқа дайындық жұмысы. топқа бөлуге болады?
Қандай топқа бөлуге болады?
Сиқыршы: - Бұрыш дегеніміз не?
- Бұл – нүкте. Осы нүктеден екі сәуле шығады. Ол бұрышты құрайды.
- Оны қалай саламыз?
(Бір нүктеден тараған екі сәулені бұрыш дейміз)
Дәптерімізге бұрыш салайық. Ол үшін алдымен нүкте қоямыз. Енді осы нүктеден екі сәуле жүргіземіз. Сәулелер бұрыштың қабырғасы болады.
Сиқыршының сандығы
- Қандай заттардың бұрышы болады екен? Қазір оны сиқыршының сандығын ашқанда көреміз
Бұрыштың түрлері
- Бұрыштар жөнінде қандай қорытынды жасауға болады?
«Бұрыштарға ат қою» ойыны
Бұрыштарды салыстыру
Қай бұрыш
тік?
Оны қалай анықтаймыз?
- Мынау - тік бұрыш. Ол сүйір бұрыштан үлкен бе, кіші ме? Тік бұрышты үшбұрыш сызғыштарыңмен өлшеңдер, шынымен де солай ма? Қалай өлшейміз? (Оқушылар тік бұрышты үшбұрыш сызғыштарымен бұрыштарды өлшейді).
Қорытынды: Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші. Доғал бұрыш тік бұрыштан үлкен.
Сергіту минуты
4. Білімді бастапқы бекіту.-
Практикалық жұмыс –
Тік бұрышты
салу
1. Сызғыш пен
қарындашты аламыз.
2. Мен сияқты сызғыштың сыртын
жүргізіп шығамыз.
Сүйір бұрыш – тік бұрыштан кіші.
сүйір бұрышты салу
Сүйір бұрышты сызамыз
1.Сызғыш пен қарындашты аламыз.
2.Мен сияқты сызғыштың сыртын жүргізіп шығамыз.
3.Сосын мен сияқты тағы бір сызық жүргіземіз.
Сүйір бұрыш – тік бұрыштан кіші.
Доғал бұрыш – тік бұрыштан үлкен.
Доғал бұрышты саламыз

Оқулықпен жұмыс
№1. Тік бұрыштардың сүйір бұрыштардың доғал бұрыштардың нөмірлерін теріп жазу.
Тік бұрыштар: 1, 4
Сүйір бұрыштар: 2, 7
Доғал: 3, 75, 6,
Ауызша есеп Моншақ тізу
6. Өткен тақырыпты бекіту.
№2 есепті шығару.
2 оқушы тақтада есеп шығарады, қалғандары дәптерлеріне орындайды. Қайсысы жеңетінін байқайық.
Таба нан – 65 тг.
Батон -? 5 тг. Арзан
Барлығы -? Тг
Шешуі: 65 - 5 = 60 (тг.)
Жауабы: Батон 60 теңге тұрады.
Шешуі:
65+(65 - 5) = 125 (тг.)
Жауабы: барлығы 125 теңге тұрады.
Сөйлемді аяқта:
№4. Өз бетінше жұмыс (карточкамен жұмыс)
«Тапсырмасы бар карточкалар.
Есте сақта!
Бұрыштың түрлері
Тік сүйір доғал
Сызғыш пен үшбұрыштан басқа бұрыштарды дәл салу үшін транспортир деген құрал қолданылады. Транспортир - градустері бөліктерге бөлінген сызғыш
90° - тік бұрыш
0° ден 90° - сүйір бұрыш
90° артық болса - доғал бұрыш
Жалғастыр Қалған бұрыштарының біреуі тік, екіншісі сүйір, үшіншісі доғал болатындай етіп төртбұрышты салып бітір.
Бұрыш – бір нүктеден тараған екі сәуледен құралған геометриялық фигура.– Қайдан, қандай заттарда бұрыштар болады?
Сіздер күнде көріп жүрген бұрышты заттар
28, 28, 30 слайдтар Төртбұрышты үстелдің бетінің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?
«Математикалық баскетбол» ойыны
-Өткен сабақтан кейін көңіл күйлерің қалай?.

25-сабақ
Сабақтың тақырыбын ашу
-Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін, мына жұмбақты шешу керек. Қозғалмастан бір елі, Түні бойы жүреді.-Балалар, жұмбақтың шешуі не болды?
-Ендеше мына сағаттарға қарап, олардың қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар екенін айтыңдаршы.
/оқушыларға қабырға сағаты мен темір жол бекетіндегі үлкен сағаттың суретін көрсетіп, жауаптарын тыңдау/
-Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?-Қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Қызықты ақпарат:-Балалар, мұндай рим цифрлары бар үлкен сағаттарды қайдан көруге болады?
-Бұл сағаттарды кім көре алады?
-Бұл оларға не үшін керек?/оқушылардың жауаптарын тыңдау/-Жалпы рим цифрларын өмірде көп кездестіруге болады. Әртүрлі оқулықтар мен журналдарда, мұнара сағаттарында, темір жол бекеттерінде де. Сонымен қоса рим цифрлары адам өмірімен де тығыз байланысты.
Кез келген натурал сан осы цифрларды қайталау арқылы жазылады. Егер бұл жағдайда үлкен цифр кіші цифрдың алдында тұрса, онда олар өзара кемиді (азайту принципі), ал егер кіші цифр үлкен цифрдың алдында тұрса, онда кіші цифр үлкен цифрдан қосылады (қосу принципі). Соңғы ереже бір цифрды төрт рет қайталап жазбау үшін қолданылады. Мысалы: VІІ=5+2=7, ІX=10–1=9, XІV=10+(5—1)=14, XXL= =50—10—10=30, XXXІІІ=10 +10+10+1+1+1=33, т.б. Рим цифрлары арқылы жазылған көптаңбалы цифрларға арифметикалық амалдар қолдану өте қолайсыз. Қазір Рим цифрлары көп қолданылмайды.
«Менің өмірімдегі сандар»
Оқушыларға ламинатталған тақталарға өздерімен байланысты рим цифрларын жазуып, топтастарына көрсету ұсынылады. Мысалы:туған күнін, жасын, сыныбын, отбасындағы адам санын, т.б.
«Жүгірме диктант» ойыны-Балалар, ойын арқылы диктант жазауды ұсынамын. Сендерге 1 минут уақыт беріледі. Осы уақыттың ішінде
1/Текшені лақтыру арқылы жүгірушілер таңдалады. 2/Жүгіруші парақта жазылған рим цифрасын оқып, өз тобына жүгіріп айтып отырады. ІҮ, ҮІІ, Х, ІІІ, ІХ, ХІІ, ҮІІІ.
3/Топтастары жүгіруші айтқан санды кестеге жазады.
Топтар тапсырмаларды орындап болған соң, тексеру жүргізіледі. Әр дұрыс санның жанына «+» таңбасы қойылады.
«Ойлан! Тап!» ойыны
Оқушыларға ойланып, ақылдасуға 1 минут беріледі. Тапсырма: Ешқандай заттарды қолданбай, рим цифрларын құрастыру, көрсету. Дене мүшелерін пайдалануға болады. Қарсы топтар көрсетіп тұрған цифрды табу керек. Топтар бір-бірін шапалақтау арқылы бағалайды.
Карточкамен жұмысТапсырма Берілген сандардың арасынан рим цифрларымен жазылған сандарды тауып, қоршап сызыңыз және оқыңыз.
III 4 20 I 2 6 V 18 0 11 X 3 9
12 VI
Берілген сандарды рим цифрларымен
жазыңыз

Сандардың тылсым сыры
Сан-ел өмірі экономикасының көрсеткіші. Сондықтан адам өмірінің қай саласы болмасын санмен өлшенеді, сансыз ойды жеткізу мүмкін емес,сөзбен сапырылысқан заттық ұғымдардың барлығы санмен араласып келеді.
«Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымызға дейінгі ғасырда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Бұл мектеп діни мектепке ұқсас болады.Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді. Әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлады.Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдық, бақыт пен бақытсыздық ала келді.Бізге тек бұл сандардың не әкелеттінін білу керек.
0 саны Бұл сан шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.
1 саны. Пифагор және оның ойшылдары барлық басқа сандардан 1 санын, бірлікті жоғары қойды. Себебі, Бүкіл әлем 1 санынан басталды.
Олар оны барлық санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді. Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді.
2 саны. Бірліктің жоғалуын білдіреді. Екілік өзімен бірге махаббат ала келді,сонымен бірге белгілі тұрақсыздық әкеледі.
Бұл сан тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны бұл жұмсақтық және дәлдік. Ол жылылық пен суықтық, мейірімділік пен қатыгездік, жарық пен қараңғылықтың, байлық пен жұтшылықтың арасында жүреді.
3 саны.Ал үштік қарапайым емес сан болды,себебі жоғары екі санның қосындысынан шықты.Пифагордың шәкірттері де 3 санының негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан деп тұжырым жасаған.
4 саны. Ертеден бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділсіздік символы болып саналды. Ол шаршы түрінде болғандықтан, әлемнің 4 бұрышын, жылдың 4 мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс от, жер, су, ауаны білдірді. Геометриялық бейнелеуі шаршы немесе ромб.
5 саны. Пифагордың аса көп көңіл бөлген, бақыт саны деп есептеген, ертеде оны тәуекелге бару символы деп болжаусыздықты, қуаттылықты және тәуелсіздікті жатқызды. Санның дұрыстығы 5 – жай сан, 5-саусақ-санау жүйесінің бестігі, 5-тармақты жұлдыз, 5-сезім (көру, есту, тітіркену, сезіну, тепе-теңдік).
6 саны. 6 саны дүниенің жаралуын білдіреді. Әрине, Пифагор оны ерекше сан деп есептеген, басқа сандардан ерекшелігі ол өзі бөлінетін сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1,2,3-ке бөлінеді. Оларды көбейтіп немесе қосса, қайтадан 6 саны шығады (1+2+3=1*2*3=6). Мұндай қасиет басқа ешбір санда қайталанбайды.
7 саны.Ал жеті саны киелі де қасиетті де сан болып есептеледі.
Жеті саны көптеген халық ұғымы бойынша қасиетті сан. Әлемнің жеті кереметі , апта күннің саны жетеу, ғарыш әлеміндегі «жеті қарақшы» т.б.
8 саны. Көне заман адамдары 8 санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп есептеген. 8 саны 8 төбесі бар кубты білдіреді. 8 санының құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. Символдық белгісі қос квадрат, егер оны бөлсе онда ол тең екі бөлікке бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді. (2, 2, 2, 2).
9 саны. 9 санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағындағы нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келгенге дейін уақыт өлшемі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген.
10 саны. 10 саны үйлесімділік пен рухани толығудың бейнесі болып саналады. Ол орта ғасырлық Еуропада 1+2+3+4 сандарының қосындысы ретінде философиялық тастың символы болып есептелінген. 10 саны ондық санау жүйесінің негізі болып қалыптасып, барлық әлем халықтарында қолданылады.
26- сабақ
-1. Қай нұсқа тиімді?
Жұмыс беруші қарамағындағы жұмысшыдан оның жалақысын көтеру туралы пікірін сұрап, екі түрлі ұсыныс айтты.
Бірінші нұсқа. Алғашқыда 20000 теңгеге әрбір 12 айдан кейін 1000 теңге қосылады.
Екінші нұсқа. Алғашқыдағы 2000 теңгеге әрбір алты ай сайын 250 теңге қосылады.
2. Фигураны тең 4 бөлікке бөл.
а
![]()
а 2а 450
3. Қанша рет?
1 мен 100 сандарын қосып есептегенде, осы натурал сандардың жазылуында 1 цифры неше рет кездеседі?
4. Қанша уақытта?
Белгіленіп берілген аландағы шөпті бір адам 6 сағатт шауып бітіреді.
Екінші адам – 5 сағатта, үшінші адам – 4 сағатта, төртінші адам –3 сағатта, ал бесінші адам 2 сағатта бітіреді. Осы бес адам бірігіп, осындай еңбек өнімділігін сақтай отырып, неше сағатта бітіреді?
5.а=
кесіндісін салу
керек.
6. Бес жәшіктің әрқайсысындағы алма саны бірдей. Егер әр жәшіктен 60 алмадан алсақ, барлық жәшікте қалған алмалардың саны бастапқыдағы екі жәшітегі алмалардың санымен бірдей болады. Әр жәшікте қанша алма болған еді.
7. Қатар орналасқан кез келген екі тақ санның қосындысы 4-ке бүтіндей бөлінетінің дәлелде.
8. Қалай тең бөлуге болады?
Үш ыдысқа құйылған (толықтай емес). Бір ыдыста – 11 литр, екіншісінде – 7 литр, үшіншісінде – 6 литр. Әр ыдысқа басқа ыдыстан өзінде қанша су болса, сонша су құюға болады. Әр ыдыста бірдей болатындай етіп су құюға бола ма?
9. Досына біреуі тақ, екіншісі жұп (мысалы, бір тиындық және екі тиындық) тиындардың біреуін (кез келгенін) оң қолына, екіншісін сол қолына жасырсын. Сен оның қай қолында қандай тиын жасырылғанын оп-онай айтып бере аласың.
Ол үшін одан оң қолына жасырған тиынды үш есе, сол қолындағы тиынды екі есе арттыруды сұра да нәтижелерін қосып, қосындыны айтып беруді өтін. Егер айтқан қосынды жұп сан болса, оң қолына 2 тиындықты, ал тақ сан болса, онда 1 тиындықты жасырғаны белгілі болады.
10. Шешесі мен қызының жасын қосқанда 28 жас. Шешесі қызынан 22 жас үлкен. Қызының жасы нешеде?
11.Қазыбек алдыңғы күні 17 жаста еді. Келесі жылы ол 20 жасқа толады. Бұл қалай сонда?
12.Ақ тақия, көк тақия
Димаштың басында – ақ тақия, ал Ілиястың басында көк тақия бар. Димаш – оңтұстікке, ал Ілияс солтүстікке қарап отыр. Алайда, олар бір-бірінің басындағы тақияның түсін біліп отырды. Қалайша?
13.Қант пен шай
Ыдыстағы шайға салынған қант еріген жоқ. Неліктен?
14.Бұл қалай?
Бір қап бидайды дирменге тартқанда,екі қап ұн шықты.
Қалайша?
15.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.
Неше стакан қалды?
16. Ауызша есепте:
Атақты орыс суретшісі Богданов – Бельскийдің мынандай ауызша есебі бар.
Сыныпта тақта алдында мұғалім тұр, айналасында бір топ оқушылар. Барлығы тақтаға жазылған есепті ауызша шығаруға тырысуда.
Ол есеп:

Қане, сендер де ауызша есептеп көріндер!
17. Есептеудің қарапайым тәсілін тауып қосынды тап:

18.Қалай өтті? Екі адам өзен жағасына келді.Жағада тек бір ғана адам сиятын қайық тұрды.Алайда екі жолаушы да өзеннен қиналмай өтіп өз сапарларын одан әрі жалғастырды.
19.Кім үлкен? Бірге келе жатқан екі ұлға кездесіп қалған қыз бала: «Сәлеметсіздер ме ,ағасы мен інісі»-деді. Олардың біреуі: «Жоқ , біз ағалы -інілі емеспіз: оның әпкесі маған әпке емес,ағасы маған аға емес»-деді. Бұл қалай?
20.Әріптердің орнына сандарды қой: Бірдей әріптермен бірдей сандар белгіленген. ШАЙ:АЙ=5
21Ойлаған санға бірді қостым, қосындыны еіге көбейттім.
Көбейтінідіні төртке бөлдім. Бөліндіден үшті азайттым. Бір шықты.Мен қандай сан ойладым?
22. Сыныпта 36 оқушы оқиды.Еер сыныптан 10 қыз бала кетсе және 8ер бала келсе сыныптағы ер балалармен қыз балалар саны бірдей болады.Бұл сыныпта қанша ер бала оқиды?
А)27 B)18 C)9 D)8
23. Ең үлкен және ең кіші үш таңбалы сандардың қосындысы қаншаға тең? Егер бұл сандардың цифрлары әртүрлі болса.
А) 1078 В)1089 С) 1096 Д) 1100
24.Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегізорындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар.
25.Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай он орындықты орналастыру керек. Орналастырыңдар.
26.Бес гномға үш қызыл және төрт көк капюшонды көрсетеді.
Қараңғыда үш қызыл және екі көк капюшонды гномдардың
бастарына кигізеді. Қалған капюшондар жасырылады. Жарық
жағылады. Гномдардың қайсылары өз бастарындағы капюшонның
түсін таба алады?
27. Бөшкеде қанша су бар?
Б
ір
ертегіде қожайыны өзі жалдаған жұмысшыға бөшкеге тура бөшкенің
жартысына келетіндей су толтыруға бұйырды. Бірақ судың деңгейін
бөшкеге сырық батырып, не арқанмен, яғни, қандай да бір тәсілмен
өлшеуге тыйым салды. Жұмысшы бұйрықты бұлжытпай орындады. (Суретте)
қалайша?
28. Кім қанша жұмыртқа жеді?
Үш шаруа ауыр жұмыстан шаршап, қаладан ауылдарына қайтып келе жатты. Бір кезде алдарынан кездескен бекеттен тамақ ішіп, демалып алғылары келді.
Аспаз әйелден өздеріне жұмыртқаға тапсырыс берді де, демалып жатып, ұйықтап кетті. Аспаз жұмыртқаны пісірді де, олардың тәтті ұйқыларын қимай, басқа жұмыстарымен айналысып кетті. Біраз уақыттан кеін шаруалардың біреуі оянып, жұмыртқаларды көрді де, санағаннан кейін, өзіне тиесілі жұмыртқаларды жеп, қайтадан ұйқыға бас қойды. Екіншісі оянып жұмыртқаларды санады да, өзіне тиесісін жеп, ұйқысын одан әрі жалғастырды. Ең соңында оянған үшінші шаруа, өзін бірінші ояндым деп санады да, жұмыртқалардың үштен бір бөлігін жеді.
Осы кезде оның серіктері де оянып кетті, бұл кезде үстелде 8 жұмыртқа қалған еді. Істің байыбына өзара әңгімелескен соң көздері жетті. Балалар, аспаз қанша жұмыртқа пісіргенің, әр шаруа қанша жұмыртқа жегенін, теңдей бөліскенде әрқайсысына неше жұмыртқа тиетінін есептеңдер!
29.Қандай сандар?
Әртүрлі натурал сандарға төрт амал қолданылады:
а) Олардың қосындысын табады;
ә) Үлкен саннан кішісін азайтады;
б) Берілген сандардың көбейтіндісін табады;
в) Барлық төрт амалдың тәтижелерін қосқанда 243 болады. Бұлар қандай сандар?
30. Қалай жазуға болады?
Жазылуында барлық 10 цифрды қолданып, бөлшектердің өздері мүмкін болатын мәндердің ең кішісіне тең болатындай етіп, екі бөлшектің теңдігін былайша жазуға болады:
=

Жазылуында барлық цифрды қолданып, бөлшектердің өздері мүмкін болатын мәндердің ең үлкенің қабылдайтындай етіп, екі бөлшектің теңдігін қалай жазуға болады?
31.Теңдей бөлісу.
Үш саудагер 7 толық, 7 жартылай толтырылған, 7 бос, барлығы 21 бөшкені, әрқайсысына бірдей мөлшерде квас тиетіндей етіп қалайша бөліп алады? Алатын бөшкелерінің саны бірдей болу керек.
32. Төрт бөліке бөлу.
45 санын төрт бөлікке бөлу керек: бірінші бөлікке 2-ні қосқанда, екінші бөліктен 2-ні азайтқанда, үшінші бөлікті 2-ге көбейткенде, ал төртінші бөлікті 2-ге бөлгенде алынған барлық нәтижелер өзара тең болады. Орындай аласындар ма?
33. Қай ши бірінші?
Тиынды айналдыра 13 ши орналастырылған. Олардың біреуінің басы тиынға бағытталған, ал басқалары оған керісінше орналасқан. Алдымен бір шиді алу керек, содан кейін оның оң жағындағы әрбір он үшінші шиді суыру керек Осы тәртіппен барлық 13 шиді толық жинап алу үшін қай шиден бастаймыз?
34.Санды өрнектің мәнін есепте:2002∙20012001-2001∙20022002;
37 Егер Асылбектің ақшасына тағы 80% қосса, онда 9000 тенге болады.
Асылбекте қанша ақша бар?
38 Екі саудагер қалада бірдей бағамен тауарлардың бірдей санын сатыпалып, өз ауылдарына сатуға кетті. Біріншісі сатып алғаннан бағадан екі есеқымбатқа сатты. Екінші саудагер алдымен 60%-ке арттырып, тауардың төрттен бір бөлігін сатты, содан соң тағы 40%-ке арттырып, қалған тауар сатты. Қайсы саудагер көбірек пайда тапты?
39 Көктемгі арзандатуда бір дүкенде 3500 теңгелік шарфтар 40%-ке, бір аптадансоңтағы 5%-кеарзандатылды. Басқадүкендебағасыосындай шарфбірден 45%-кеарзандатылыпсатылды. Шарфтықайдүкенненсатыпалғантиімдірек?
40. И.А.Гончаров «Обломов» романында Илья Обломов көктемде -25%-кежүдеді, жазда -20%-кетолды, күзде -10%-кежүдеді, қыста -20%-кетолды.Біржылдағыөзгерісіқандай? Жүдедіме? Толдыма?
41.Мына сандарды салыстырып, қайсысы үлкен екенін анықта. Дәлелдеп көрсет.
19783 * 19785 197842
42. Егер а2+в2+с2=0, болса а(вс-а)+в(ас-в)+с(ав-с)=3 авс екенін дәлелде.
43. Өрнекті ықшамда -4вс5 5в4с2
44. Көбейтіндіні көпмүшелік түрінде көрсет. (х-1) (х+1) (х-2) (х+2)
45. Көбейткіштерге жікте а2-ах+ху-ау
46. а=1+√2 деп алып 5-а2 өрнегінің мәнін тап.
47. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 15 см, ал бір катеті екінші катетінен 3 см-ге кіші болса, катеттерін тап.
48. катер өзен ағысымен 2 сағат және өзен ағысына қарсы 3 сағат жқзіп, барғалы 148 км жол жүрді. Егер өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, катердің тынық судағы жылдамдығы қандай болады?
49. 143 саны бірнеше натурал сандардың қосындысына тең болса, сол сандардың көбейтіндісі 143 тең болатын натурал сандарды тап.
50 Бірінші цифрды сызып тастағанда 57 есе азаятын бүтін санды тап.
28-сабақ
Оқыту үрдісінің маңыздылығы:Ауызша есептеу сандарды оқу, разрядтарын атап шығу.
458000,235803,45872,14563,120456,1257890,4890000,587234 көп таңбалы сандар
Тірек материалдарды қалыптастыру:
ойын САТУШЫ
Бүгінгі сабақта дүкенге барамыз (дүкен суреті), таразы, қант, алма, сәбіз, қызанақ.
«Дүкенде» диалог құрастыру: тақтаға бірнеше оқушы шақырылады: біреуі- сатушы, біреуі сатып алушы болады, дүкенде бірнеше сатушы, бірнеше сатып алушы- тағам түрлері байланысты.
-Дүкенде сатушылар нені қолданды? (таразы)
- Ол не үшін керек?
-Таразымен өлшеп нені табамыз?
-Масса бірліктерін ата: тонна, центнер, килограмм, грамм.
Есіңе сақта!
1т-10ц 1т-10ц-1000кг-1000000г
1т-1000кг 1ц-100кг-100000г
1ц-100кг
1кг-1000
№1 сандарды оқы,
А)145200, 4210366, 203006, 1000789, 44023054, 47478000.
Б)берілген сандарда барлық бірлік, ондық, жүздік, бірл. мың, онд. мың, жүзд. мың. атап шық.
Сергіту сәті
Есептер шығару.
Кім шапшаң? 1 стакан балмұздақтың массасы: 100г. 100кг. 100ц
Пакеттегі ұнның массасы 2г.2кг. 2ц
1 қап картоптың массасы: 50кг. 50ц. 50т
Ақ аюдың массасы (4кг. 4ц. 1т)
Топтық жұмыс №5
(512+408):4=
22*20-210=
(5*23)*2=
Есеп:Бір қоқиқаз-4000г Шешуі: (4000г+9000г)+4000г=17000г
Бірқазан-?9кг артық
Барлық сал-?
Жауабы: екеуінін жалтысалмағы 17000г
Ауызша:3 тапсырма
Топтық жұмыс: №10 амалдарды орындау
№12 кесінді сызу.
АВ-------3см3мм.
СД-----------4см,4мм
№14 салыстыру.
Есептер шығару:
Бұлан массасы-600кг
Шешуі: 600:20=30кг
Елік массасы?
20 есе кем
Жауабы: Еліктің массасы 30кг.
№8
1 тәуг-2 аусым
Шешуі:8+6=14т
1аус-8т қарабидай. 6т бидай
14*2=28т
1 тәуг-?т нан
28*7=196т
1 аптада -?
Жауабы: 1 тәул 28 т. 1 аптада 196тнан пісіреді.
№11 Р=30см S=54см2 Ұ-?.Е-? Ұ----9 Е----6
Ауд-64см2
Шаршының периметрі? Р-8+8+8+8=32см
Уақытқа шығару
50ц-2ц=48ц 80т-54т=26т 100г-34г=66г
99кг+1кг=100кг 70г+23г=93г 60т-12т=48т
28т+36т=64т 70ц-63ц=7ц 99кг-7кг=92кг
Логикалық есеп (ауызша)
-Бір топ бала сап түзеп келеді. Екеуі алдында,екеуі артында, екеуі оң жақта,екеуі сол жақта.Барлығы неше бала?(4)
-Әпкесі 4 жаста, інісі 3 жаста.Әпкесі 7 жасқа толғанда,інісі неше жаста болады? (6)
Жұмбақ есеп
Кеше сабақ оқуға, Бақшаға 1 балық, 2есек, 3үйрек, 4 түлкі, 2 бүркіт, 4 жарқанат әкелді.
Келіп еді 40 есек, Бақшаға ойыншық әкелді қаншама?
6-ауы ұйықтап отырды
Ынталысы неше есек?
№3
Алма-200г Шабдалы-100г
Алмұрт-?100г ауыр Алмұрт-?200г ауыр
шабдалы-?200г жеңіл. Алма-?100г жеңіл
Ш:
200г+100г=300(алмұрт) Ш: 100г+200г=300г(алмұрт)
300г-200г=100г(шабдалы) 300г-100г=200г (алма)
Ж: алмұрт-300г,шабдалы-100г Ж: алмұрт-300г,алма-200г
29-сабақ
А)Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу
Б) жүргізуші сайлап алу
В) Әділқазылар алқасын белгілеу
Г) Екі топтың сәлемдесуі, ұрандары.
«Достар» тобы: Достар тобы алға!!!
Қарсыластан қалма
Биіктерге самға
Достар тобы алға.
«Болашақ» тобы:
Болашақты біз бастаймыз
Қиындықты артқа тастаймыз.
Әрқашан жеңіске ұмтылып
Достарды жеңіп тастаймыз.
2. Жүргізуші жұмысы:
А)І-тур (жүргізушінің сұрағына жауап беру)
Б)ІІ-тур (екі топтың бір-біріне сұрақтары)
В)ІІІ-тур (тақтада көрсетілген сұрақтарға кезекпен жауап беру)
3.Сайыс қорытындысы
А)Әділқазылар алқасының пікірлері (марапаттау)
В)жүргізушінің сайыстың аяқталғанын хабарлау.
«Тәуелсіз ел тірегі-білімді, өнегелі, дарынды ұрпақ»
Ойын шарты бойынша екі топқа бөліп, қатысушыларды орындарына орналастырамыз. 10 сұрақ екі топқа кезекпен қояды.
1. Шектелген түзу? (кесінді)
2. Нәрселерді санағанда, керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы бұл қандай сан?
Жап-жығыңа қарамай (натурал сан)
3. Бір мезгілде 2 ауылдан бір-біріне қарама –қарсы 2 жолаушы шықты. Бірінің жылдамдығы 3км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 4 км/сағ. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Екі ауылдың ара қашықтығы қандай? (21 км)
4. Қосарланып жегілген ат арбамен Самат 8 шақырым жол жүрді, оның әр аты неше шақырым жол жүрді.
(8 км)
5.Қағазға екі таңбалы сан жазылған. Қағазды төңкергенде ол сан 75-ке азайады. Бұл қандай сан? (91)
1.Ұзындығы 5 см, ені 2 см тік төртбұрыштың периметрін және ауданын тап?
(14 см 10см2)
2.Евклид геометриясы туралы және тағы басқа көптеген еңбек жазған, Сырдария
бойында дүниеге келген данышпан, ойшыл ғалым кім? (Әл-Фараби)
3.Дастархан басында 2 әке 2 бала отыр. Олар 3 алманы тең бөліп жеді. Әрқайсысы
неше алма жеді. (1)
4.Позициялық системада аса маңызды рөль атқаратын сан. (0)
Математика патшасы ғылымдардың,
Бастан кешкен талай ғасыр ағымдарын,
Сан құпия сырымен өрнектелген,
Бүгінгі кеш тарту етер сан сырларын, - дей келе сайысымыздың 2 –турына да келіп жеттік.
1.Тең қабарғалы үшбұрыш?
4.Тең бүйірлі үшбұрыш?
(үш қабырғасы тең)
(екі қабырғасы тең)
2.Ешқандай арифметикалық амал
5. Біртаңбалы санға дәл сондай санды
қолданбай 666 саны біржарым есе арттыр? тіркеп жазса неше есе өседі?
(төңкергенде 999 шығады) (11 есе)
1.Бөліндіде 4 шығу үшін 2 санын 6. Қандай жағдайда бөлінгіш пен
қандай санға бөлу керек? бөлінді тең болады?
(1/2-ге)(1-ге бөлгенде)
2. 4тенге =40 000 тиын
7. 4:4=5:5
2 тенге=200 тиын квадраттасақ 4(1:1)=5(1:1)
4 тен=40 000 тиын4*1=5*1
(ақшаны квадраттағанда мәні болмайды)
4=5; 2*2=5
(жақша сыртына шығару дұрыс емес)
Жүргізуші:
Шындықты алғаш таратқан,
Жыл, күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене?
Білмегенді білгізген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене? - деп сайыстың ІІІ – турын бастайық.
Жауап беру ұпайы аз топтан басталады.
1.Үш санына байланысты мыналарды ата
а)Үш жұрт; (өз, шағашы, қайын)
б) Үш арсыз. (ұйқы, тамақ, күлкі)
2.Мақалдарды жалғастыр
а)Үш қайнаса ..... сорпасы қосылмайды.
б)Үш ұйықтаса ..... түсіне кірмейді
в)Ер кезегі ....... үшке дейін
3.Мақал – мәтелдің құрамындағы санды табыңдар.
а)1.. құмалақ, ..1... қарын майды шірітер.
ә)50... жылда ел жаңа
б)100.. сомың болғанша, ..100.... досың болсын.
в)Бір тал кессең, ... тал ек.
г)Білекті ..бірді.... жығар, білімді .мыңды.. жығар.
ғ)Жігітке ..7.. өнер де аз.
Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарып, жариялайды. Өздерінің ой-пікірлерін айтады.
Жүргізуші:
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл –ойнар әлемді өрбеп алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса
Омар Хайам, Әл-Фараби жолын қуса
Елімнің болашағы гүлденеді
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса – деп осымен «Кім тапқыр» атты математикалық сайыс ойынымызды аяқтаймыз. Барлығыңа көп-көп рахмет, сау-саламат болыңыздар.
30-сабақ
«Өз жұбыңды тап» ойыны
Оқушыларға шамалар жазылған әр түрлі қима қағаздар таратылады.
Әр оқушы өз жазуына сәйкес жұпты табуыкерек.
7 дм 70 см1 ц 100 кг1 м 100 см1 м 10 дм80 дм 8 м5 м 50 дм1 т 1000 кг1 кг 1000 г4 м 5 дм 450 см9 дм 1 см 91 см
Жұптар өздерінің таңдауын түсіндіреді.-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не істейміз?-Қандай жетістіктерге қол жеткіземіз?/оқушылардың жауаптарын тыңдау/Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

«Проблемалық
сұрақ»10 л 3 л 2 л 1
л
-Балалар, менде көлемі 10 литр бөтелке бар.
Және сыйымдылығы 1 литр, 2 литр,3 литр бөтелкелер бар. Осы
шыныларды пайдалана отырып, 10 литр бөтелкені қалай толтыруға
болады?-Өз ұсыныстарыңды өрнек түрінде жазып көрсете
қойыңдар./оқушылардың жауаптарын тыңдау, 1 оқушыға
тақтаға жазғызу/-
Балалар, осы жазылған өрнектердің қайсысы тиімді?-Қандай қорытынды жасаймыз?
«Кубизм» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауапбере отырып мына сандарды сөйлету.
365 12 4 7 24 60 Шығармашылық тапсырма. Тиісті сандар мен сөзді қой
«Ойлан, тап,аяқта!»ойыны. Бір жылда ..... күн бар. Бір жылда ….. ай бар. Бір жылда .....мезгіл бар.
1тәулікте ...сағат бар, 1 сағатта ..... минут бар, 1минутта ....секунд бар
31-сабақ
Тест жұмыстары
1. Амалдарды орында
30+5= --------------- 43 - 5=
47 - 5= -------------- 26 - 14=
14+18= ------------- 14+26=2.
3 дм + 7 дм = …дм…м
3 онд.+7 онд.=... онд.=... жузд.
3. Шаршы мен тіктөртбұрыштың периметрін тап.
4. Тіктөртбұрыш пішінді жер қоршалды. Егер ол
жердің ұзындығы 5 м, ені 4 м болса, неше метр қоршау
керек?
5. Бірінші орамда 7 м, екіншісінде 5 м мата бар. 4 м мата сатылды. Неше метр мата қалды?
Кім жылдам?» ойыны арқылы шығарту
12 -(9+1) --------------- 100 -(50+20) -------------- (80 - 30)+6
7+(11 - 5) --------------- 60+(10 - 5) --------------- 94 -(70+20)
(4+9)- 10 --------------- (90+10)- 60 --------------- (76 - 6)+8
(16 - 8)+10 ------------- 90 -(10+60) --------------- (54 - 4)+40
№5 Электрондық оқулықпен жұмыс.
№6 Тақтамен жұмыс
Әр санға жұп таңдай отырып, қатарды жалғастыр.
32-сабақ
«Әр фигураның үйін тап!» ойыны
Тік төртбұрыш Шаршы
- Неге бұл фигураны тік төртбұрыш дейміз?
- Тік төртбұрыштың неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар
- Тік төртбұрыштың қандай қасиеті бар?
- Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы табамыз.
Р =а + в + а + в
- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
Оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.
S = а * в
- Неге бұл фигураны шаршы дейміз?
- Шаршының неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар?
- Шаршының периметрін қалай табамыз?
- Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу арқылы табамыз:
Р =а + а + а + а
- Шаршының ауданын қалай табамыз?
Оның ауданын табу үшін екі қабырғасының ұзындықтарын көбейтеміз. S = а * а
Ауызша талдау.
ә) Тік төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу. Олардың аудандары мен периметрлерін табу.
«Тез есепте» ойыны.
Барлық қабырғасы тең екен,
Өлшеп көрсем төрт екен.
Табуды біз үйрендік,
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең?
Бұрыштары тік болса,
Қабырғасы төртеуден.
Ұзындығы 3 болса,
Ені оның 2 - ге тең.
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең?
№2
Күнтізбенің ұзындығы - 10 см
Ені – 7 см
Күнтізбе беті -? кв см – ге бөлуге болады
Ш: S = 10 см * 7 см = 70 кв см
№3 7 слайд
Шиелі - Телікөл каналы, Қызылорда облысы Шиелі, Сырдария аудандары жерінде. Жалпы ұзындығы 90 км, ені 6 – 10 м, тереңд. 3 – 4 м. Каналдың жалпы орташа су ағымы 12 м³/с. Суымен 50 мың га - дан астам жер суландырады.
Шиелі - Телікөл каналының ұзындығы - 90 км
Шиелі - Шіркейлі каналы -? км, 49 км ұзын
Ш: 90 км + 49 км = 139 км ( Шиелі - Шіркейлі каналы)
90 км + 139 км = 229 км
Ж: екі каналдың ұзындығы 229 км
33-сабақ
Мың бір мақал.
Құрамында сан есімдер мақалдар айтып жарысу.
• Бас екеу болмай мал екеу болмайды
• Піл күшті, піл күшті емес тіл күшті
• Бірлік болмай, тірлік
болмас
• Бір тал кессең, он тал
ек.
«Ұшқыр ой» ойыны.
Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған коипьютерге 1- ден, 9 ға дейінгі сандарды жазындар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі танбалы сан қолдануға болады.
1,2,3,4,5,6,7,8,9=12+3+4+56+7+8+9=99
1,2,3,4,5,6,7,8,9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе 1+2+3+4+5+67+8+9
Қане балалар жазып болсақ, топ басшыларын оқып шықсын.
Ендеше тақтаға қарайық. (Дұрыс нұсқасын көрсетемін немесе дұрыс орындаған топтың тапсырмасын үлгі ретінде көрсетемін)
«Кім жылдам?» ойыны.
Ойын шарты: Шаршыдан 2 ұшбұрыш 2 төртбұрыш шығатындай екі түзу сызық сыз
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелексуды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,-деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік»,-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам
Құстар тапсырмасы
Балалар білесіңдерма?, бізге қонаққа құстар келіпті, жылы жаққа кетіп бара жатқан құстар екен. Сендердің білімдеріңді тесеру барысында бірнеше тапсырмалар ала келіпті өздерімен. Қалай балалар тапсырмаларын орындап, білімдеріңді көрсетуге дайынсындарма?
Ендеше қонаққа келген құстарымызды шаұырайық
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
1-құс «Аққу» тапсырмасы
Математикалық викторина.
үш шаршы шығатындай етіп, төрт таяқшаның орнын ауыстыр.
2 –құс «Кептер» тапсырмасы.
Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады .
Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
-Кел балалар, ойнайық
Қандай есеп болсада.
Шешпей оны қоймайық.
Ал, тыңдаңдар, тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Математикалық өлең есеп
Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз
Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы.
Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі
10 үйрек тығылды 2 қоян, үш түлкі,
10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24)
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма)
3-құс Торғайдың тапсырмасы
Қызықты тапсырмалар.
1.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он. Аулада
неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 бұзау, 1 Тауық)
2.Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (Балықтар ұшпайды)
3.Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина велосипед) дөңгелектерінің саны-он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?
4.Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2-уі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды.
3-құс Қаз тапсырмасы
Енді ең сонғы капитандар жарысы:
«Алғырлар»
1.Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
2.1 сағатта неше минут бар? (60)
3.7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. (70)
4.Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме? (Сөз есеп)
5.Мектептегі 45 минут? (Сабақ)
6.Оқу жылының алғашқы айы қандай? (Қыркүйек)
7.Азайту амалының компаненттерін ата? (азайғыш, азайтқыш, айырманыі мәні)
8. 3 пен 9-дың көбейтіндісі?(27)
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу? (30)
10.Санды сол санның өзіне бөлсе (1 шығады)
1.Қосудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 ғасырда неше жыл бар? (100)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. (98)
4.Периметрді қалай табамыз? (Барлық қабырғаларын қоссамыз)
5.Мектептегі 10 минут? (Үзіліс)
6.Қыс айларының алғашқы айы қандай? (Қаңтар)
7.Бөлу амалының компанеттерін ата?
8. 3 пен 7-нің көбейтіндісі? (21)
9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
10.Кез келген санды бірге көбейткенде. (Сол санның өзі шығады)
34- сабақ
Қорытынды тест тапсырмалары
1.Сексен санының дұрыс жазылуын көрсет
А) 88
Ә) 80
Б) 8
2. 3 ондығы бар санды көрсет
А) 300
Ә) 3
Б) 30
3. 7+3=10 теңдігіндегі 7 қалай аталады?
А) қосылғыш
Ә) қосынды
Б) айырма
4. Х - тың мәні қаншаға тең? Х+20=70
А) 50
Ә) 90
Б) 60
5. Үшбұрыштың қабырғалары қандай фигуралардан тұрады?
А) сәулелер
Ә) кесінділер
Б) сызықтар
6. Көп нүктенің орнына қажет таңбаны орналастыр 8... 1 = 7
А) –
Ә) +
Б) =
7. Жоқ санды жаз 30, 40, 50, 60,... 80
А) 90
Ә) 70
Б) 100
8. Заттың салмағы қалай өлшенеді?
А) см
Ә) кг
Б) м
9. Есептің дұрыс жауабын көрсет:
Ілгіште 5 пальто болып еді, оның 4 - еуін алып кетті, ілгіште қанша пальто қалды?
А) 1
Ә) 5
Б) 13
10.Азайғышты белгіле 7 - 2=5
А) 7
Ә) 2
Б) 5
11. Екінші қосылғышты белгіле 2+4=6
А) 2 Ә) 4 Б) 6
12. Екі үлкен екі таңбалы санды
тап
А) 85
Ә) 72
Б) 99
13. Суреттегі бұрыштардың қайсысы
тік?
А) Ә) Б)
14. Екі таңбалы санды тап
А) 7
Ә) 11
Б) 9
15. Белгісіз санды тап 30 -...... =20
А) 10
Ә) 20
Б) 40
16. Жоғалған санды тап 50см+50см =
А) 10см
Ә) 1см
Б) 100см
17. Әріпті өрнекті көрсет
А) А+8
Ә) 4+6
Б) 10 – 6
18. 98 санында неше ондық бар?
А) 7
Ә) 8
Б) 9
19. Тік төртбұрыштың периметрін тап Ұзындығы - 6см, ені - 3см
А) 18см
Ә) 12см
Б) 9см
20. Өрнектің мәнін тап 70 - 47=
А) 37
Ә) 23
Б) 97
Қорытынды
Математика пәнінің негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып жасалған бұл бағдаарлама оқушылардың білім-білік деңгейлері, танымдық қабілеттерін арттырады.Оқушының қисынды ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы дидактикалық-ойын тапсырмалары берілген.
Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді. Әртүрлі кесте бойынша есеп құрастыруға жаттығады. Шамаларды салыстыра білуге үйренеді. Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады. Өз ойын дәлелдей білуге жаттығады. Проблемалық жағдаятты шеше алады. Шығармашылықпен жұмыстана бастайды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
«Өзіндік жұмыс» 1-4 сыныптар.
-
Математикадан бастауыш сыныптағы оқушылар үшін бақылау жинағы. Бейсеков Ж. Қамбарова Ж. Исаева А. Шымкент. 2010 жыл.
-
Математика оқулығы. «Атамұра» Ә.Б.Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Буровова.
-
«Бастауыш сыныптар үшін әдістемелік көмек». Ұлмекен Жазықбаева.
-
ҚР-сы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты ;
-
Сыныптан тыс жұмыс түрлері;
-
С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»
-
Ә.Наурызбайқызы, Қ.Әубәкірқызы, С.Мұқамбетқызы
-
«Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар»
-
Л.Л.Глазырина «Математика» пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы.
-
Агаркова Н.В. Нескучная математика. 1-4 классы. Занимательная математика. Волгоград: «Учитель», 2007
-
Сухин И.Г. Занимательные материалы. М.: «Вако», 2004
-
Шкляров Т.В. Как научить вашего ребёнка решать задачи. М.: «Грамотей», 2004
-
Сахаров И.П. Аменицын Н.Н. Забавная арифметика. С.- Пб.: «Лань», 2010
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Математика пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдерге арналған тапсырмалар жинағы" әдістемелік құрал

шағым қалдыра аласыз