Материалдар / "Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра оқыту"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра оқыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
баяндаманы барлық мектеп мұғалімдеріне, сынып жетекшілер, оқушылар қолданады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
519
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту.
  • Математика пәндерін оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі, мектептерде пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Осы тұрғыда негізгі мектепте оқытуды ұйымдастыру мәселесіне, оқу-тәрбие жұмысының деңгейін көтеруге және оның беделін жоғарылатуға көңіл бөлу қарастырылған. Қазіргі кезде оқытудың тиімді әдістерін зерттеп, оны іс жүзінде қолдануға ұсыну күрделі мәселелердің біріне айналды. Оқушыларды қоршаған орта заттарымен, құбылыстарымен таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көз-қарастарын қалыптастыруда негізгі мектепте оқытылтын математика - физика пәндерінің мәні зор.
Негізгі білім беру мекемелерінің тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлері көп. Соның бір түрі – математика пәніне этнопедагогика элементтерін негізге отырып оқыту.2. Бүгінгі қазақ мектептерінің алдында тұрған басты міндет – оқушының ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту.Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білім мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Халқымызсана берсін! деген тілекті тегін айтпаса керек. Ал ғұлама ғалым әл-Фараби балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу, жағдай жасау негізгі міндет болуы керек.Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану – тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.3. Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына, өздері күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақтың халықтық педагогикасы. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз.Халықтық педагогиканың математика пәнінің есептері мынандай түрлерге бөлінеді:- мақал-мәтелдер;- жұмбақтар;- ойлан тап отауы;- халық есептері;- ертегі есептер;- санамақтар;- жаңылтпаштар;- матемаикалық сиқырлар;- тоғыз құмалақ ойыны;Халықтық педагогика мен ұлттық психология тағылымдарын пайдалана отырып, математика-физика пәндерінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуе, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге, оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді.Мысалы, мынадай логикалық есептерді оқушыларды ойлануға үйрету арқылы ізденулеріне, ұлттық салт-дәстүрлерді еске түсіріп отыру үшін пайдалануға болады.Халықтық дәстүрлі ойындар:Бәйге ойыны. Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады.Ақсүйек ойыны. Оқулықпен жұмыс жасауға.Ақ серек, көк серек ойыны. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру.Қазақша күрес ойыны. Бұл ойында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді.Сақина салу ойыны. Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатар отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады.Ол сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу керек. Алақанына сақина түскен адам мұны қасындағы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң тұру керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді. Ал біз ойын ретінде білім және еңбек туралы мақал-мәтелдер айтамыз.Қыз қуу ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп есеп шығарады. Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі, ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді.“Арқан тарту”. Оқушылар парта бойынша екі топқа бөлініп, тақтада жіпке ілінген тапсырмаларды кезек-кезек шығып орындайды. Әр шығарған есепке сәйкес жіпті өз тобы жағына қарай тартып отырады. Қай топқа жіптің көп бөлігі жетсе сол топ жеңімпаз аталады.Бала ойынмен өседі. Осыны жақсы түсінген бабаларымыз ұлттық ойынның небір түрлерін ойлап тапқан. Асық ату ойыны көне заманнан қазірге дейін жалғасын тауып келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын түрімен әсіресе ауыл балаларының барлығы жақсы таныс.

















Берілгені: Шешуі:m1 = 20 г = m1v0 + m2u0 = m1v + m2uv0 = 0,5 м/с m2u0 = 0m2 = 9 г= m1v0 + 0 = mv10+ m2uv = 0,2 м/с m1v0 - m1v = m2uv0 = 0 u = m1 (v0 -v)/m2 Т/к: u-?Есетелуі: u = 0,002 кг * (0,5 м/с – 0,2 м/с)/0,009 кг = 0,67 м/сОқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта оларға физикалық ертегі немесе әңгіме құрастыру олардың ойлау қабілеттерін шыңдай түсетіні анық. Бұл оқушылардың сөзік қорын молайтуға, өз бетімен дербес жұмыс істеу дағдысын дамытуға көп септігін тигізеді.Осындай ойындар ұйымдастыру үшін мынандай әдістемелік нұсқауларға көңіл аудару керектігін ескерейік.Мысалы: «Квадрат теңдеу» тақырыбында Зерде ойынында мақал-мәтелдер, даналық сөздер жұргізуге болады. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру керек.1. х2-11х+10=0/ х1=1; х2=10Бір тал кессең, (он тал ек).2. х2-8х+7=0/ х1=1; х2=7Жеті рет өлшеп (бр рет кес).3. х2-9х+8=0/ х1=1; х2=8Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы).4. х2-70х+1200=0/ х1=7; х2=7Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)5. х2-14х+49=0/ х1=30; х2=40 Ұлға 30 үйден, (қызға 40 үйден) тыю.6. х2-10х+24=0/ D=4 х1=6; х2=4Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді).7. х2-1001х+1000=0/ D=998001 х1=1; х2=1000Білімді мыңды жығады (білекті бірді жығады).Санға қатысты мақал-мәтелдер:1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына)5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)11. Қырық кісі бір жақ (қыңыр кісі бір жақ)12. Жалқаудың екі досы бар: (бірі - ұйқы, бірі – күлкі)13. Бір түйір дәнде, (бір тамшы тер бар)14. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)15. Алдына бір қарасаң, (артына он қара)16. Досының мың болғанына мақтан, (дұшпаның жалғыз болса да сақтан)17. Алты аға бірігіп әке болмас, (жеті жеңге бірігіп ана болмас)18. Дос сегіз болса, (дұшпан сегіз)19. Бермегенге бесеу де көп, (алғанға он болса да аз)20. Бір құмалақ, (бір қарын майды шірітеді) Жұмбақтар: (математикалық атаулар мен ұғымдарға байланысты)1. Доп емес, дөңгелек емес,Ұқсас бірақ достарым.Фигура ол ең негізгі,Дәл жауапты қостадым. (Шеңбер)2. Бүтін сан, бөлшек сандар,Барлығы да бар онда.Бұл қандай сан айтыңдаршыОң, теріс сан бәрі осында (Рационал сандар)3. Нәрселерді санағанда,Керек ол бізге ауадай.Айтыңдаршы бұл қандай санЖан-жағыңа қарамай. (Натурал сан)4. Оң сандарға қол шатырдай,Қалпақ болған беделі.Квадраттасаң егер оны,Жоғалтпассың сен оны. (Квадрат түбір)5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)6. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,Құралған фигура бар қарапайым.Салу үшін сен оны сызғыш ізде,Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (Түзу)7. Егіз туған қос жүйрік,Жарыса шауып терлейді,Бірін-бірі көрмейді.Дамылсыз қанша шапсада,Бір мәреге келмейді. (Паралель түзулер)8. Бірдей санда бірнеше рет,Көбейтуден тұрады.Егер оны ықшамдасаң,Қандай атау болады. (дәреже)9. Біз санбыз...Сызықпыз бөлінгенМатематиканы ұқпас адамға.Құбжық болып көрінген,Дұрыс, бұрыс, аралас,Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)10. Математикалық таңба ол,Білімің болса ашарсың.Теріс сан болса астында,Мағынасы жоқ де қашасың. (Квадрат теңдеу)11. Нүктеден 2 сәуледен құралғанАйтшы бұл не екенін? (Бұрыш)12. 2 бұрыш ежелден Көрші болған ең тату Бірін-бірі толықтырған Жазыңқыға бар жақын (Сыбайлас бұрыш)13. 2 түзу қатар жүріп 3-іншісін қиядыСонда шыққан бұрыштардыКімдер айтып жияды. (айқыш, тұтас, сәйкес) 14. Басқа кисең бөрік, сәнді сұлу көрік. (Конус) 15. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап. (х) Санға қатысты жұмбақтар:1. Бір, үш, бес, он,Жиырма, елу,Жүз, екі жүз, мың бар.Әрқайсысының құны бар. (Теңгелер)2. 100 мүйізі барҮстінде киізі бар. (Киіз үй)3. Қос құлақты 100 тісті,Жүзінен бірақ іс түсті. (Ара)4. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы барСалдыраған 8 жерден таңбасы бар.Бұлбұлды жолға салып айдағанда,Салатын неше түрлі жорғасы бар. (Домбыра)5. 64 бөлмеде32 тұрғын бар.Ақ, қара қып бөлгендеБірін-бірі қуғындарХаны үшін де, жаны үшін деБермейді олар намысын. (Шахмат)6. 1 ағаштың 12 бұтағы барӘр бұтағында 30-дан жапырағы бар.Жапырақтың бір жағы ақ,Бір жағы қара кәнеки ойлан тап? (жыл, ай, тәулік, күн мен түн)



7. Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (Инелік)8. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,Төрт сылдырмағы бар,Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)9. Аяғы біреу, қолы жоқ,Шиыр-шиыр жолы көп. (Қалам)10. Екі ағайынды екеуі де бір үйде, Бірін-бірі көрмейді. (Көз)11. Таңертең 4 аяқты, Түсте 2 аяқты, Кешке 3 аяқты. (Адамның қартаю кезеңі)12. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап)13. Екі желім – күйдің көрігі, әннің көлігі (домбыра)14. Тоғыз белбеу, қос жібек, Екі мұрын бір шүмек. (домбыра)15. Қарнында бір көлдің балығы бар, Немесе жандының алыбы бар. (Кит)16. Жүз төрт түйме, он бір ине. (Есепшот)17. Торы тай, табанында төрт ай. (Таға)18. Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар,Сегіз тұяғы бар,Иегінде сақалы бар. (Ешкі)19. Ақ шапан үсінен, Алты ай бойы шешпейді,Қара шапан үстінен,Алты ай бойы түспейді. (Қыс пен жаз)20. Математикалық сыныптан тыс жұмыстарды біріншіден оқушылардың сабақ үлгерімін көтерсе, екіншіден олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейтеді.Жаңылтпаштар:1. Айқыш бұрыш, айқыш бұрышТең-тең бұрыш, тұтас бұрышТұтас бұрыш, тұтас бұрышСәйкес бұрыш құрған бұрышЖазыңқы бұрыш құрған бұрыш.2. Бес түп алма, «бестік» алғандікіТөрт түп алма «төрттік» алғандікі«Төрттік» алған бес түп алма алмайды,«Бестік» алған төрт түп алма алмайды.Санамақ:1. Бір-бірімен жарысқаТөрт аю, бір арыстанЕкі қой мен бір түлкіБәрі нешеу кім білді? (8)2. Түйе, бота маң басқан,Төрт аяғын тең басқанШұнақ құлақ бес ешкіҚос лақты қос ешкіТөрт қозылы екі қойБәрін бірге санап қой. (6)3. Дүкеннен мен сабын алдым,Оның және қабын алдым.Екі дәптер, бір қарындаш,Тіс ысқышты тағы алдым.Есептеші сонда бәрі (6)4. Мынау да бір санамақӨздерің көр саралап:Төбеден төрт бөктердегі,Андытып қос бөктергі,Шаңқылдаса көп қарға,Үн қоспапты көп қарға,Сәкем ап бір дауыстан,Безектеп бес сауысқан.Алты белден асыптыТым-тырақай қашыпты.Үш үкі үркіп ұшыпты,Тасқа құлап түсіпті.Жарда жеті жапалақ Отырғанда қаталапТоп – топ тоғыз тоқылдақҚарғып кеткен топырлапСөйтіп қызық іс болдыБәрі қанша құс болды (31)

5. Бақшаға Сегіз саулық,Жақсы аға Тоғыз тауық, Көп-көп Он торпақ.Ойыншық Болма есепке сен шорқақ!Келді алып: Ауызша,Бір балық, Жазбаша
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!