Материалдар / Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып есептеуді үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
403
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Түркістан облысы

Қазығұрт ауданы

«Қаржан» жалпы орта мектебі













Тақырыбы: «Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен

байланыстыра отырып оқыту»











Дайындаған: Жакипова Л.А.













2018-2019 оқу жылы.

Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту.

1. Физика-математика пәндерін оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі, мектептерде пәнді оқытып үйретудің тиімді жолдарының бірі оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Осы тұрғыда негізгі мектепте оқытуды ұйымдастыру мәселесіне, оқу-тәрбие жұмысының деңгейін көтеруге және оның беделін жоғарылатуға көңіл бөлу қарастырылған. Қазіргі кезде оқытудың тиімді әдістерін зерттеп, оны іс жүзінде қолдануға ұсыну күрделі мәселелердің біріне айналды. Оқушыларды қоршаған орта заттарымен, құбылыстарымен таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көз-қарастарын қалыптастыруда негізгі мектепте оқытылтын математика - физика пәндерінің мәні зор.

Негізгі білім беру мекемелерінің тәрбие беру мен оқыту әдістемелерінің түрлері көп. Соның бір түрі – математика пәніне этнопедагогика элементтерін негізге отырып оқыту.

2. Бүгінгі қазақ мектептерінің алдында тұрған басты міндет – оқушының ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту.

Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білім мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Халқымыз “сана берсін!” деген тілекті тегін айтпаса керек. Ал ғұлама ғалым әл-Фараби балаға ең алдымен тәрбие берілуі керек, онсыз берілген білім оның өміріне зиян келтіретіні туралы айтқан. Олай болса тәрбиелей отырып білім алуға мүмкіншілік туғызу, жағдай жасау негізгі міндет болуы керек.

Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану – тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.

3. Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына, өздері күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақтың халықтық педагогикасы. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтелдер, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.

Халқымыздың тілін, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.

Халқымыздың асыл қазынасын тиімді пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз.

Халықтық педагогиканың математика пәнінің есептері мынандай түрлерге бөлінеді:

- мақал-мәтелдер;

- жұмбақтар;

- ойлан тап отауы;

- халық есептері;

- ертегі есептер;

- санамақтар;

- жаңылтпаштар;

- матемаикалық сиқырлар;

- тоғыз құмалақ ойыны;

Халықтық педагогика мен ұлттық психология тағылымдарын пайдалана отырып, математика-физика пәндерінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуе, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге, оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді.

Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша оқушылардың үлкен мақсатты жұмысының нәтижесі. Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі, ізденістері, өз бетінше бақылаулары қорытындыланады. Жекелеген тақырыптарда ұлттық бұйым, ұлттық ұғымдарды пайдалануға болады.

Мысалы, мынадай логикалық есептерді оқушыларды ойлануға үйрету арқылы ізденулеріне, ұлттық салт-дәстүрлерді еске түсіріп отыру үшін пайдалануға болады.

Халықтық дәстүрлі ойындар:

Бәйге” ойыны. Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады.

Ақсүйек ойыны”. Оқулықпен жұмыс жасауға.

Ақ серек, көк серек ойыны. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру.

Қазақша күрес ойыны”. Бұл ойында «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді.

Сақина салу ойыны”. Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатар отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады.

Ол сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу керек. Алақанына сақина түскен адам мұны қасындағы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң тұру керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді. Ал біз ойын ретінде білім және еңбек туралы мақал-мәтелдер айтамыз.

Қыз қуу” ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп есеп шығарады. Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі, ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді.

Арқан тарту”. Оқушылар парта бойынша екі топқа бөлініп, тақтада жіпке ілінген тапсырмаларды кезек-кезек шығып орындайды. Әр шығарған есепке сәйкес жіпті өз тобы жағына қарай тартып отырады. Қай топқа жіптің көп бөлігі жетсе сол топ жеңімпаз аталады.

Бала ойынмен өседі. Осыны жақсы түсінген бабаларымыз ұлттық ойынның небір түрлерін ойлап тапқан. Асық ату ойыны көне заманнан қазірге дейін жалғасын тауып келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын түрімен әсіресе ауыл балаларының барлығы жақсы таныс. Осы ойынды физика пәнінде 9 - сыныпта «Импульстің сақталу заңы» тақырыбында төмендегі есепті қарастыруға болады.

Массасы 20 г асық 0,5 м/с жылдамдықпен қозғала отырып, 9 г тыныш тұрған асыққа соқтығысады. Соқтығысқаннан кейін бірінші асықтың жылдамдығы 0,2 м/с-қа өзгереді. Екінші асық қандай жылдамдықпен қозғала келеді?

Берілгені: Шешуі:

m1 = 20 г = 0,002 кг m1v0 + m2u0 = m1v + m2u

v0 = 0,5 м/с m2u0 = 0

m2 = 9 г= 0,009 кг m1v0 + 0 = mv10+ m2u

v = 0,2 м/с m1v0 - m1v = m2u

v0 = 0 u = m1 (v0 -v)/m2

Т/к: u-?

Есетелуі:

u = 0,002 кг * (0,5 м/с – 0,2 м/с)/0,009 кг = 0,67 м/с

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында сабақта оларға физикалық ертегі немесе әңгіме құрастыру олардың ойлау қабілеттерін шыңдай түсетіні анық. Бұл оқушылардың сөзік қорын молайтуға, өз бетімен дербес жұмыс істеу дағдысын дамытуға көп септігін тигізеді.

Осындай ойындар ұйымдастыру үшін мынандай әдістемелік нұсқауларға көңіл аудару керектігін ескерейік.

Мысалы: «Квадрат теңдеу» тақырыбында “Зерде” ойынында мақал-мәтелдер, даналық сөздер жұргізуге болады. Оның ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу құру керек.

1. х2-11х+10=0/ х1=1; х2=10

Бір тал кессең, (он тал ек).

2. х2-8х+7=0/ х1=1; х2=7

Жеті рет өлшеп (бр рет кес).

3. х2-9х+8=0/ х1=1; х2=8

Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы).

4. х2-70х+1200=0/ х1=7; х2=7

Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)

5. х2-14х+49=0/ х1=30; х2=40

Ұлға 30 үйден, (қызға 40 үйден) тыю.

6. х2-10х+24=0/ D=4 х1=6; х2=4

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді).

7. х2-1001х+1000=0/ D=998001 х1=1; х2=1000

Білімді мыңды жығады (білекті бірді жығады).

Санға қатысты мақал-мәтелдер:

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)

2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)

7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)

11. Қырық кісі бір жақ (қыңыр кісі бір жақ)

12. Жалқаудың екі досы бар: (бірі - ұйқы, бірі – күлкі)

13. Бір түйір дәнде, (бір тамшы тер бар)

14. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)

15. Алдына бір қарасаң, (артына он қара)

16. Досының мың болғанына мақтан, (дұшпаның жалғыз болса да сақтан)

17. Алты аға бірігіп әке болмас, (жеті жеңге бірігіп ана болмас)

18. Дос сегіз болса, (дұшпан сегіз)

19. Бермегенге бесеу де көп, (алғанға он болса да аз)

20. Бір құмалақ, (бір қарын майды шірітеді)

Жұмбақтар: (математикалық атаулар мен ұғымдарға байланысты)

1. Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізгі,

Дәл жауапты қостадым.

(Шеңбер)

2. Бүтін сан, бөлшек сандар,

Барлығы да бар онда.

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі осында

(Рационал сандар)

3. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай.

(Натурал сан)

4. Оң сандарға қол шатырдай,

Қалпақ болған беделі.

Квадраттасаң егер оны,

Жоғалтпассың сен оны.

(Квадрат түбір)

5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(Сызғыш)

6. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым.

(Түзу)

7. Егіз туған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді,

Бірін-бірі көрмейді.

Дамылсыз қанша шапсада,

Бір мәреге келмейді.

(Паралель түзулер)

8. Бірдей санда бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады.

(дәреже)

9. Біз санбыз...

Сызықпыз бөлінген

Математиканы ұқпас адамға.

Құбжық болып көрінген,

Дұрыс, бұрыс, аралас,

Ондық болып бөлінген.

(бөлшек сан)

10. Математикалық таңба ол,

Білімің болса ашарсың.

Теріс сан болса астында,

Мағынасы жоқ де қашасың.

(Квадрат теңдеу)

11. Нүктеден 2 сәуледен құралған

Айтшы бұл не екенін?

(Бұрыш)

12. 2 бұрыш ежелден

Көрші болған ең тату

Бірін-бірі толықтырған

Жазыңқыға бар жақын

(Сыбайлас бұрыш)

13. 2 түзу қатар жүріп

3-іншісін қияды

Сонда шыққан бұрыштарды

Кімдер айтып жияды.

(айқыш, тұтас, сәйкес)

14. Басқа кисең бөрік, сәнді сұлу көрік.

(Конус)

15. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап.

(х)

Санға қатысты жұмбақтар:

1. Бір, үш, бес, он,

Жиырма, елу,

Жүз, екі жүз, мың бар.

Әрқайсысының құны бар.

(Теңгелер)

2. 100 мүйізі бар

Үстінде киізі бар.

(Киіз үй)

3. Қос құлақты 100 тісті,

Жүзінен бірақ іс түсті.

(Ара)

4. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар.

(Домбыра)

5. 64 бөлмеде

32 тұрғын бар.

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді олар намысын.

(Шахмат)

6. 1 ағаштың 12 бұтағы бар

Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара кәнеки ойлан тап?

(жыл, ай, тәулік, күн мен түн)





7. Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,

Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.

(Инелік)

8. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,

Төрт сылдырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

(Сиыр)

9. Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

(Қалам)

10. Екі ағайынды екеуі де бір үйде,

Бірін-бірі көрмейді.

(Көз)

11. Таңертең 4 аяқты,

Түсте 2 аяқты,

Кешке 3 аяқты.

(Адамның қартаю кезеңі)

12. Бес ін, бес іннің аузы бір ін.

(қолғап)

13. Екі желім – күйдің көрігі, әннің көлігі

(домбыра)

14. Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын бір шүмек.

(домбыра)

15. Қарнында бір көлдің балығы бар,

Немесе жандының алыбы бар.

(Кит)

16. Жүз төрт түйме, он бір ине.

(Есепшот)

17. Торы тай, табанында төрт ай.

(Таға)

18. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар.

(Ешкі)

19. Ақ шапан үсінен,

Алты ай бойы шешпейді,

Қара шапан үстінен,

Алты ай бойы түспейді.

(Қыс пен жаз)

20.

Математикалық сыныптан тыс жұмыстарды біріншіден оқушылардың сабақ үлгерімін көтерсе, екіншіден олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейтеді.

Жаңылтпаштар:

1. Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш

Тең-тең бұрыш, тұтас бұрыш

Тұтас бұрыш, тұтас бұрыш

Сәйкес бұрыш құрған бұрыш

Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.

2. Бес түп алма, «бестік» алғандікі

Төрт түп алма «төрттік» алғандікі

«Төрттік» алған бес түп алма алмайды,

«Бестік» алған төрт түп алма алмайды.

Санамақ:

1. Бір-бірімен жарысқа

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді?

(8)

2. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой.

(6)

3. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бәрі

(6)

4. Мынау да бір санамақ

Өздерің көр саралап:

Төбеден төрт бөктердегі,

Андытып қос бөктергі,

Шаңқылдаса көп қарға,

Үн қоспапты көп қарға,

Сәкем ап бір дауыстан,

Безектеп бес сауысқан.

Алты белден асыпты

Тым-тырақай қашыпты.

Үш үкі үркіп ұшыпты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап

Топ – топ тоғыз тоқылдақ

Қарғып кеткен топырлап

Сөйтіп қызық іс болды

Бәрі қанша құс болды

(31)



5. Бақшаға Сегіз саулық,

Жақсы аға Тоғыз тауық,

Көп-көп Он торпақ.

Ойыншық Болма есепке сен шорқақ!

Келді алып: Ауызша,

Бір балық, Жазбаша

Екі есек, Қосып шық.

Үш үйрек, Бақшаға

Төрт түлкі, Жақсы аға

Бес бүркіт, Қаншама

Алты арғымақ, Әкелді

Жеті жарқанат, Ойыншық?

(Жауабы: 55 ойыншық)



Қайталау-пысықтау сабақтарында мақал-мәтелдерді пайдаланудың да орны ерекше. Мақал-мәтел адам баласының тұрмыс-тіршілігіне терең еніп, халықтың өмірін, еңбек әрекетін, оның табиғат құбылыстарымен қарым-қатынасын дөп басып шынайы көрсетіп отырған. Сондықтан да олардың тәрбиелік мәні бар.

8-сыныпта, «Кебу және конденсация» тақырыбын өткенде мынадай мақал-мәтелдерді мысал келтіріп, талдатуға болады.

1. «Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: Жіберген қатенді екінші рет болдырмау керектігін, ал қатеңнен тиесілі қорытынды жасай білуге меңзейтінін, физикалық тұрғыдан – ыстық нәрсені үрлесек содан кебу үрдісі тездетіліп, нәтижесінде оның температурасының төмендейтінін ұсынуға болады. Бұл физикада оқып үйренілген кебу құбылысына әбден үйлесіп жатады.

2. «Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді» мақалының тәрбиелік мәнін аштық: өмірдегі барлық құбылыстар өзара себеп-салдарлы байланыста болатындығынан болса, физикалық тұрғыдан – астында да, жер бетіндегі судың температурасының артуынан ол буланып (кебу) ал температура төмендегенде су тамшыларының суынып – конденсациялануынан ішкі энергия кемуінен шық пайда болатындығын түсіндіреміз.

3. «Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суарған суды жер жұтады» мақалының тәрбиелік мәнін ашамыз: егістіктің таңертең күн шықпай, не күн бата суару керектігі айтылады. Ал физикалық тұрғыдан күн шығып тұрғанда егістікті суарса температураның жоғарылағанынан кебу үрдісі жақсы жүреді. Жер тез кеуіп қалады, ал кеш бата суарғанда температура төмендегендіктен кебу үрдісі баяу жүреді де су толығымен жерге сіңіп үлгереді.

Мақал-мәтелдерді физика сабағында пайдаланудың түрі көп. Оны тандауды, оқытылатын сыныптың ерекшелігіне қарай отырып, пән мұғалімінің өзі шешкені дұрыс болады.

1. «Отты үрлеген жағады, Шындықты іздеген табады». Отты үрлеген кезде, отқа жаңа таза ауа келеді, от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек. Әр уақытта шыншыл, әділ болу керек, әр уақытта шындық жеңеді, шындықты қажымай іздеу керек.

2. «Теректің жануында мін жоқ, Бірақ жылуында мән жоқ». Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де, жылуды аз береді.

3. «Азықсыз адам алысқа бармайды». Адам әр уақытта энергияны астан алады, егер тамақтанбаса, адамның әл-ауқаты да болмайды, сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану қажет.

4. «Тонның жылуы терісінен емес - жүнінен». Тонды әдетте қойдың, түйенің терісінен илейді, ал жүннің арасында ауа болады. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамнң жылуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.

5. «Нан піскенше күлше күйеді». Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек. Таба нан салғанда нан жұқа болса, әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек.

6. «Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды». Ертеде біздің ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүргенде, киіз үйлерде тұрған, киіз үйдің төбесінде уығы болған, оны киізбен жапқан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын, таза ауа кіргізгенде, оны түндік деп атаған.

8-сыныпта «Жылу құбылыстары» тақырыбында төмендегі мақал-мәтелдерді пайдалануға болады:

1. Тонның жылуы терісінен емес жүнінен.

2. Көсеу ұзын болса, қол күймейді. (Жылу өткізгіштік)

3. Қол жұмылмай, жылынбайды. (Жылу берілу)

4. Нан піскенше күлше күйеді. (Меншікті жылу сыйымдылығы)

Физика пәнінің 7-сыныпта «Табиғат құбылыстары» тақырыбында жұмбақтар қолдануға болады.

  1. Таңертең бар кешке жоқ

Мен әдемі моншақпын

Ірі емеспін, ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас

Мендей мөлдір таба алмас.

(шық)

  1. Етек-жеңі жиналмай

Дауыл тұрса дым қалмай

Түйдектеліп көшеді

Тоз-тоз болып өшеді.

(бұлт)

  1. Түсі бар көрінбейтін

Бір тұтас білінбейтін

Тынысы бар тіршіліктен

Ешқашан жүрмейтін.

(ауа)

  1. Мүлгіп тұрған бақ тыныш

Ораныпты ақ күміс.

(қырау)





Жылу құбылыстары тарауы бойынша оқушылардың білімін Шығайбай ертегісін, осы ертегіге байланысты суреттерді пайдалана отырып толықтыруға болады. Алдаркөсе қандай айла-тәсілмен байдың тонын алып қалды? – деген сұрақты қоя отырып, оның физикалық тұрғыдан түсіндіре кету керек. Алдаркөсенің ішкі энергия есебінен терлеп-тепшіп тұрғандығын, неліктен байдың тонын киіп алды? – деген сұрақ қою арқылы әр түрлі заттардың жылу өткізгішьігі бойынша, түлкі ішік, түлкі тымақ жүндерінің арасында ауа болатындығын, ал ауаның жылуды нашар өткізетіндігі айтылады.

Халық педагогикасының тағылымдарын математика сабақтарында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.

Физика сабағында қазақ мақал-мәтелдерін орынды қолдану пәнді дұрыс түсінуге мүмкіндік берумен қатар, саналы тәрбиелеудің бір жолы болып табылар еді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!