400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі білім берудің қазіргі таңдағы міндеттерінің бірі – оқушыны ақпараттың кең ауқымын талдау және тез қабылдауға дайындау, әр түрлі пәндік саладағы жұмысы кезінде оны қазіргі құралдар және технологиялармен қамтамасыз ету
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАТЕМАТИКА ПӘНІНДЕ МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,

«Султан» колледжінің оқытушысы: Айынова Айна Серикбаевна

Эл.пошта: ai_aina@mail.ru. тел:87019813969


Қазақстан Республикасы өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру.

ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры. Мектептегі білім берудің қазіргі таңдағы міндеттерінің бірі – оқушыны ақпараттың кең ауқымын талдау және тез қабылдауға дайындау, әр түрлі пәндік саладағы жұмысы кезінде оны қазіргі құралдар және технологиялармен қамтамасыз ету, оқушыда ақпараттық мідениетті қалыптастыру болып табылады. Жаңа атап өтілгендей шығармашылықпен жұмыс істей алатын қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін білім беруде құзыреттілікті дамыту қажет. Ғалымдардың пайымдауынша «құзырет» оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс - әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс. Оқушылардың негізгі құзыреттілігі ретінде: құндылық – бағдарлық, жалпы мәдени, оқу – танымдық, мультимедиалық технологиялық, әлеуметтік – еңбек, коммуникативтік, өзін - өзі тұлғалық дамыту құзыреттіліктері белгіленген.Яғни оқушылардың мектепте алған терең білімдерін болашақта пайдалана білуге бағытталған іс - әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керек. Құзыретті тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап, өмірде болып жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайлы қарамайтын шын мәнінде өмірдегі өзін қоршаған адамдарға жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарау сезімін бойына сіңіру үлкен абыройлы іс. Уақыт талабына сай мультимедиалық технологияны күнделікті сабақта қолданып, оқушыларды ақпараттандыруымыз қажет.

Мультимедиалық технологияда білім мазмұны оқушыларға негізінен электрондық оқулық арқылы беріледі. Базалық білім мазмұнының дәстүрлі әдістеме бойынша оқытылуы қазір біртіндеп жаңа технологияларға ауыстырылуда. Сондықтан, оқытудың мультимедиалық технологиясы мектеп оқушыларының оқу ақпараттарын меңгеру қабілеттерін күшейтуге әсер етеді. Ақпаратты қабылдаушымен оны өңдеу, сақтау блоктары мен ақпарат ағынының өзі арнайы бір жүйені құрайды.

Оқушының ақпараттық сауаттылығы компьютердің қолданылу сферасын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосып бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, талдауға, сурет салуда пайдалануға үйренеді. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс - әрекетін айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интермультимедиялық тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Мысалы, 9 сыныпта «Компьютерлік желілер» тақырыбында өткізген ашық сабағымдағы  жаңа технологиялардың кейбір элементтерін  көрсетіп кеткенді жөн:

1. Венн диаграммасы

Электронды пошта

Хабарламаларды компьютерлік желі арқылы қабылдау және жөнелту тәсілі. Құпия сөзбен қорғалған. Жөнел тушінің  пошта жәшігіне  жетеді.                

Кәдімгі пошта

Пошта бөліміне транспорт арқылы жеткізіледі. Адресаттың жеке   пошталық жәшігіне салынады


  2. Бес жол өлең: Интернет

1. Интернет

2. қызықты, ақпаратты

3. Мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады.

4. Интернет- компьютерден құралған.

5. Ақпараттық өріс. 

Корпоративті     Телемультимедиалық есептеуіш

      

3. Компьютерлік        желі

ауқымды желі 

аймақтық желі 

интернет желісі   

жергілікті желі 


4.  Жергілікті желі топологиясы:

Шина тәріздес 

Сақина тәріздес

Жұлдыз тәріздес

Ақшақар тәріздес 

Осы жаңа технология стратегияларды интермультимедиялық тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан тыңдап, көріп оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді.

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.

Мысалы физика пәнінен сабақ берген кезде мультимедиалық технологияларды пайдалану үлкен жеңілдіктер туғызады, себебі кейбір лабораториялық жұмыстарды электронды оқулықпен орындауға болады. Және де интермультимедиялық тақтаны пайдалана отырып, тест тапсырмаларын орындауға мол мүмкіндік бар.

Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ.  

Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық –компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мектебіміздің негізгі міндеттерінің бірі. Пән мұғалімдеріне мультимедиалық технологияны өз еркіне пайдалану, ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында әр каникул кезінде компьютерден білімдерін толықтырып отырамыз. Пән мұғалімдерінің де қызығушылығы артуда, өз ашық сабақтарына интермультимедиялық тақтаны пайдалану, компьютерді пайдалану арқылы сабақтарын тиімді өткізеді. Әсіресе, ағылшын тілі мұғалімдері мультимедиа-лингофон кабинетінде сабақ өткізгенді жөн санайды. Оқушылардың қызығушылығының артуына ықпал жасайды.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

 «Қазіргі заманда жастарға мультимедиалық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында мультимедиалық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Осы тақырыпты қорытындылай келе ұсынысымды айта кеткенді жөн көрдім: қазір техниканың дамыған заманы, интермультимедиялық тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстарын қашықтықтан оқыту қолға алынса деймін.

Цифрлік видео - компьютерді нақты өмірмен байланыстыратын қуатты құрал. Видеоэлементтердің көмегімен көрермендердің есте сақтау, көруін жылдам орындау арқылы жобаның ойын жақсы жеткізуге болады. Мультимедиалық элементтердің ішінде видеомен жұмыс істеу компьютерде ақпаратты сақтау жады көлемі жоғарғы параметрлерді ұсынады. Секундына бейнелерді ауыстыруды 30 санына көбейтсек, бір секундық видеоға 30 Мб, минутына 1,8 Гб және сағатына 108 Гб жұмсалады. Мультимедиалық жоба құрылатын платформаның параметрлерінің арнайы көрсеткіші арқылы экранмен жұмыс істейтін программалық қамтамасыздануды толық өңдеу, кадрлы видеоны және күрделі дыбыстармен жоғарғы сападағы көрсеткіштермен жұмыс істеуге болады.

Проекті талдауда анықталған стандарт бойынша, мысалы MPEG-2 орындауында DVD-ді қысуға болады. Жоғарғы жүйедегі RAID арқылы жоғарғы жылдамдықта ақпаратты тасымалдау орындалып, авторлық талдау бойынша видеоклиптерді жедел жадыға тасымалдау жоғарғы жылдамдықпен орындалады. Цифрлік портативтік видеокамера, бірден компьютерге жалғанатын FireWire (IEEE 1394) кабелдері, видеоны өңдеуде және сызықты емес редмультимедиалық орлеуде көпфункциональды мүмкіндіктерді және аналогтіктен цифрлік көріністер цифрлеу картасының көмегімен бейнелер орындалады. Бірақта, мәліметтерді тасымалдап сақтауға цифрлік видеоны өңдеу ортасында жылдамдықты өңдейтін кіші спецификацияларға жауап беретін аппаратуралар қажет. Соның ішіндегілер төмендегідей көрсетілген:

- компьютер Fire Wire кабелімен жалғанған;

- жылдам процессор;

- жедел жадының көлемді болуы;

- жылдам және үлкен қатты диск.

Цифрлік видеоның мәліметтер ағымын сақтау үшін, 3,6 Мбит/с жылдамдығымен цифрлік видеоны видеокамерамен тасымалдап және иілгіш диск 8 Мбит/с жылдамдығымен ақпаратты тасымалдап біршама бос орынды иеленеді.

- екінші монитор редмультимедиалық орлеуге арналған экранда қосымша жұмыстық аумақтық программаларды қамтамасызданады;

- дыбысты жөндеуге арналған дыбыстық микшер видеокамерадан енеді;

- сыртқы динамикалар;

- жобаны көруге арналған телеарналық жобалар;

- сызықтық емес монтаждың программалық қамтамасыздануы.

Барлық ақпараттар программа немесе мәтін, музыка немесе сурет түрінде болса да компьютерде файл түрінде сақталады. Кез-келген уақытта осы файлдармен бірнеше әрекеттерді орындауға болады: көшіру, өшіру, басқа директорияға ауыстыру және т.б. Осы функциялардың барлығы басқа операциялық жүйелерде орындалады. Windows файлдарды көруге арналған әртүрлі форматтардың бірнеше мүмкіндіктерін орындайды: графикалық, мәтіндік немесе мультимедиалық. Мультимедиалық форматтар графикалық форматтардан көп кездеседі.

Apple компаниясы QuickTime жүйесін шығарып және Microsoft фирмасын анықтап, оның технологиясы Audio/Video Interleaved (. avi) бойынша тарихта жаңалық ашты. QuickTime

(. mov) файлының фильмдері файлды бейнелеудің иілгіш және компмультимедиалық -дискілерде сақталған цифрлік видео бойынша арнайысыз өңделген стандартты форматына айналды. Дыбысты және бейнені өңдеу (Audio Video Interleaved, AVI) – бұл Microsoft бойынша Windows жүйесіндегі кез-келген уақытта арнайы аппараттық қамтамасыз етудің толық дыбыстық видеоны орындауға арналған формат. Видеомәліметтер дыбысты кезектесіп сақтап, дыбысты бейнемен синхронизирлеуге мүмкіндік береді. AVI форматының кең таралған қажетті ортада видеоны талдаудың кейбір функциялар жетпейді. Осы кемшілікті жөндеуде жақын арада OpenDML формат файлы шығарылды. Бірақта, көптеген проектер Quick Time Web-жобаларды қолдану кезінде құрылады. Quick Time, AVI келесі функцияларды көрсетеді:

- CD-ROM және иілгіш дискіден орындау;

- көп емес жадының көлемі бойынша компьютерде орындау;

- жылдам қосылу кезінде кез-келген уақытта дыбыстың бірнеше кадрлары және көріністері жылдам орындалады;

- видеофайлдардың өлшемінің төмендеуі және бейненің сапасының жоғарлауына арналған видеоны қысу.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Ж. Садыбекова., «Оқу –тәрби үрдісінде мультимедиалық технологияны қолдану қажеттілігі»., «Информатика негіздері» журналы 4-5 б., №4-2008 ж.

  2. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознания. Личность-М: Политиздат, 1975.

  3. К.Бұзаубақова. Жаңа оқыту технологиялары. Тараз 2003.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
379
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі