400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Математика пәнінде мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютерді оқу процесіне қолданғанда, компьютер оқушының ойлау қызметін көз алдына әкеліп көрсеткендей болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика пәнінде мультимедиалық технологияларды қолдану арқылы оқыту

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,

«Султан» колледжінің оқытушысы: Айынова Айна Серикбаевна

Эл.пошта: ai_aina@mail.ru. тел:87019813969


Математиканы оқытуда есептеу техникасы пайдалану оқушыларды ынталандырып, олардың бойындағы қабілетінің дамып көрінуіне және пәнге, жаңа техникаға деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек қана иллюстрация, тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылуы қажет: жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, іскерлікті тексеруде. Енді өз пәндерімізді оқытуда ақпараттандыру технологияларын қолдану жағдайларына тоқталайық. Оқыту әдістемесіне компьютенді егізу, оқушының ойлауына, сезіміне, еске сақтауына, танымдық, ынталылық әрекеттеріне оң ықпал жасап, жақсы нәтиже береді. Компьютерді оқу процесіне қолданғанда, компьютер оқушының ойлау қызметін көз алдына әкеліп көрсеткендей болады. Дәстүрлі оқыту жағдайында мұғалімдер, яғни біздер сыныптағы әр оқушының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескеріп отыруы мүмкін емес, ал компьютерді қолданғанда бұл жағдай толығымен шешіледі. Яғни, компьютерді қолданғанда, өткізілген сабақтың сапасы артады және оқушылардың танымдылық, біліктілік, өз беттерінше жұмыс жасау қызметтері белсенді түрде өтеді.

Қазіргі жағдай компьютерді әр мектепте, әр сыныпта барынша мүмкіндігімен өз пәндерімізге күнделікті қолдану мүмкін емес. Дегенмен, арасында әсіресе,алгебра, геометрия пәндеріне, арнаулы курс сабақтарында компьютерді қолданамын.

Себебі, геометриялық фигуралардың түр өзгерістерін бейнелейтін сызбаларды көрсетуде компьютердің ролі ерекше.

Енді өзіміз өткізген сабақты айтып өтейік. 7-сыныпта «Бұрыш. Бұрыштың түрлері. Бұрыштарды координаталық жазықтықта кескіндеу» атты қайталау ашық сабағы өтті.

Сабақтың көрнекілігі: тақта, бор, оқулықтар, карточкалар, компьютер.

Сабақтың мақсаты:

1)   мультимедиалық технологияны қалыптастыру, оқушының геометрия мен компьютерді байланыстыра алуы; компьютермен бірге пәнге қызығушылығының оянуы, белсенділігінің артуы;

2)   өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін арттыру; тақырып бойынша компьютерді пайдаланып түрлі сызбалар, фигуралар салу үлгілерін, есептей алу үлгілерін дамыту;

3)   компьютерді қолданудан оқушылардың өмірге деген көзқарасын оятуға тәрбиелеу; компьютер арқылы жұмыс істеген оқушының өз жұмысын саралап нәтиже шығаруға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру;

2) Тақырыпты пысықтау;

3) Сабақтың 1-ші кезеңі;

4) 1 кезең тапсырмаларын қорытындылау;

5) Сабақтың 2-ші – 4 кезеңдері;

6) Сабақты бекіту, қорыту;

7) Үйге тапсырма.

Сабақ 4 кезеңнен тұрады:

І-кезең тапсырмалары:

1. Бұрышқа, бұрыштың түрлеріне анықтама беру, пысықтау;

2. 1200-қа тең АОВ бұрышын салып, ол бұрышқа ОС биссектрисасын жүргіз. Сұрақ: қандай бұрыштар пайда болды және өлшемдері?

3. Сыбайлас бұрыштардың біреуі КОN=450; Сұрақ: Екіншісін тап.

ІІ-кезең тапсырмасы:

АВ,СD және ЕF түзулері О нүктесінде қиылысады АОЕ =700 және DOF=250; ВОЕ иен ВОD-ны тап.

Тапсырма. (Әр оқушыға карточкалармен беріледі)

ІІІ – кезең тапсырмасы:

Нүктелердің координаталары бойынша, координаталық жазықтықта мына бұрыштарды салып көрсет. Сұрақ: Қандай бұрыштар пайда болды? Қай ширекте? Өлшемдері қандай?

А(-7;5) К(5;7) С(-7; -3) Е(1; -6)

О(-3;5) О(1;4) О(-7;-6) О(5;-6)

В(-1;1) N(6;4) Д(-3;-6) F(9;-6)

(Бұл тапсырма да карточкалармен беріледі)

Тапсырмалар қорытындылары тақтада, кестеде белгіленіп отырады. Әр оқушының жауаптарына тиісті түрлі – түсті карточкалармен бағаланады. Қызыл түс - өте жақсы; көк түс – жақсы; жасыл түс – қанағаттанарлық. Егер жауап қанағаттанарлықсыз болса, карточка берілмейді.

ІҮ – кезең тапсырмасы:

Бұл тапсырма – тақырыптан тыс, яғни 6 сыныпта математика курсынан тақырып бойынша. Егер оқушы нәтижесін ойдағыдай аяқтаса, пән мен компьютерге қызығушылығын молайтуға бұл тапсырма зор үлесін қосады.

Тапсырма: мына нүктелерді ретімен координаталық жазықтықта белгілеп, қосып отырса бір бейне шығады. Сұрақ: ол не? Әрбір екі кесіндінің арасындағы бұрышты анықта.

(0;0); (-1;1); (-3;1); (-2;3); (-4;6); (0;8); (2;5); (2;11);

(6;10); (3;9); (4;5); (3;0); (2;0) (1;-7); (3;-8); (0;-8); (0;0).

Дисплейде түрлі-түсті бейнелер алу, оқушылардың ынтызарлығын, қызығушылығын арттырады. Сабақ соңында нәтижелер шығарылып, қорытындылады. Оқушы бойындағы ізденімпаздықты дамытудың негізгі фмультимедиалық орлары қажеттілік пен қызығушылық қажеттіліктен туған ізденімпаздық, болашақтағы кәсіби ізденімпаздыққа баулудың негізгі деп есептелінеді.

Дайын сызбалар бойынша есеп құрастыру іскерлігін қалыптастыру үрдісінде

мыналар іске асады:

1.Оқушыларды геометрия бойынша дайын есептерді шығартуға үйрету;

2. оқушылардың білімін жүйелеу;

3. мектеп оқушыларының кеңістікте елестетуін дамыту;

4. шығармашылық қабілетін дамыту;

5. дербестікке, бастамашылдыққа, пәнге қызығушылыққа, математикалық тіл мәдениетін меңгеруге және жеке тұлғаның басқа қасиеттерін тәрбиелеу.

Мысалы күнделікті сабақта қолдануға болатын бір есептің шығару жолы мынадай:

1 деңгей

1)Заңның тұжырымдамасы;

2) Заңның математика тілінде жазылуы, өзара байланысы

3)Заңның қолдануы

2 деңгей

1.Теорияны кейбір қосалқы құбылыстарды түсіндіруде қолдана білу.

2.Математикалық шамалардың өзара байланысын графиктік кескіндеу.

3 деңгей

Жауабын экспериментпен ұштастыру.

Математиканы оқыту процесінде оқушылардың өзіндік жұмысының әртүрлі формаларын қамтитын, іс-әрекеттің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағыттайтын зерттеу элементеріне шығармашылық тапсырмаларды жатқызуға болады. Шығармашылық есептеуге талдау жасағанда қойылатын талаптар:

1.Тапсырма барлық оқушыға қызықты және олардың күші жетерлік шамада болуы керек.

2.Тапсырма қарастырып отырған оқу материалына тікелей қатысты; объективті қайшылықтардан шығатын танымдық қиыншылықтарды көрсете отырып, жаңа идеялардың ұсынылуына негіз болуы керек.

3.Тапсырма математикалық құбылыстар мен процестерге әсер ететін фмультимедиалық орларға анализ жасай білуге үйрететіндей болуы керек. (мысал №6 1997 иф.м журналында)

Қазіргі кезде тестік әдістің көмегімен оқушылар білімі жиі сараланады. Тестің саналылығы оның құру жүйесіне тәуелді және оған енетін тапсырмалардың күрделілігі мен байланысты. Тест тәсілін қолдануды жүзеге асыру үшін жан-жақты ойластырып методикалық нұсқаулар,әдістемелер болуы қажет. Компьютер көмегімен тестік бақылау өткізуге болады. Компьютер бір мерзімде топтың ,не сыныптың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Мультимедиалық технологиялардың оқу үрдісінде қолданылуы оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Мультимедиалық технологияның міндеті-оқушыларды білімге қызығушылығын, ізденушілікке баулу. Заман ағымына сай сабақта қолданылатын электрондық байланыс оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Өз сабағымда оқушыларды шығармашылыққа жұмылдырып, электронды оқулықты пайдаланамын. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, ілеспені, дыбыс меншіктеуді, гиперсылка көріністерін пайдаланып, осы көріністерді пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті, оқушыларды қызықтыра түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған ыңғайлы. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты-оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін , шығармашылық қабілетін дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа арналған бейне көрініс, анықтама сөздік, есептердің шығарылу жолы, фигуралардың кеңістікте орналасуы, диктант, тест тапсырмаларын , қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз. Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидмультимедиалық икалық материалдарды қолдану тиімділігі, оқушының пәнге қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, прмультимедиалық икалық дағдыларды игеруі артады. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін бір-бірімізден тәжірибе алмасып отырсақ, жұмысымыз өнімді бола түседі деп есептеймін.

Мультимедиалық компьютердің мониторынан әрқашанда элменттер копазициясын көруге болады: мәтін, белгілер, фотографияға ұқсас растрлар, векторлық графиканы, үшөлшемді визуалды объектілер, негізгі батырмалар. Компьютердің мониторы қолданушыны берілген жобамен байланыстыратын бастапқы мүмкіндік болады. Графикалық объектілерді жеңіл өзгертуге болады: үлкейтеді немесе кішірейтеді, бояйды, бірнеше рет көшіреді, жарықтандырады, басқа объектілермен байланыстырады, команда бойынша бейнелеп жасырады. Жобаны құру алдында экран таза бетті көрсетеді, мультимедиа талдауы оны қолдана отырып, өз шеберлігін көрсетеді. Қозғалмайтын бейнелер кішкентай,үлкен өлшемді болып, түрлі-түсті немесе ақ-қара, дұрыс және геометриялық форманы иеленіп толық экранды алып тұрады. Өзінің формасына тәуелді болмай қозғалмайтын бейнелер компьютерде векторлық суреттер, графикалық бейнелер тәсілмен құрылады.

Растрлар фотонақтылық бейнелерде көп детальдары бар қиын суреттер құру қолданылып, ал векторлық объектілер түзу, тікбұрыштар, көпбұрыштар, дөңгелектер, бұрынғысы бойынша басқа графикалық формаларды бейнелейді. Салынған суретті бояуға, өрнектер салып оны бөлек қиып орналастырса болады. Бейнелеудің түрі оның кеңею сияқты екі типтерінде компьютерлік графика өңделеді.Осындай бейнелер файлдың әр–түрлі форматында сақталып, оны бір қосымшадан әр-түрлі файлдар форматына тасымалдайды. Сонымен қатар бір қосымшадан екіншісіне, бір платформадан екіншісіне тасымалдауға болады. Негізінен дискідегі және жадыдағы орынды үнемдеу үшін бейнелердің файлын қысуға болады: көптеген форматтарда бейнелердің қысылуы, мысалы, GIF, JPEG, PNG форматында орындалады.

Бит – цифрлік әлемнің қосылатын немесе өшетін, бар немесе жоқ, ақиқат немесе жалған болатын электронды қарапайым элемент объектісі. Бұл екілік код болып табылады. Карта - осындай биттердің екі өлшемді матрицасы болады. Сонымен растр – компьютер экранында бейнесін көруге немесе баспа түрінде көруге болатын кішкене нүктелерден құралатын қарапайым матрица болады. Бір өлшемді матрица әр биттер қара немесе ақ түсті анықтайтын біртонды суреттерде, растрларда бейнеленеді. Сұр түсті немесе 16 миллиондаған түстерді көрсету үшін, әрбір суреттің әрбір элементін түрлі-түспен бейнелеу үшін көп ақпарат қажет. Бұл элементтер бірбитті растрлердегі сияқты қосылады немесе жоқ болады немесе әр-түрлі түстерді анықтайды (4-биттік, 16 түс; 8-бит, 256 түс; 15-бит, 32768 түс; 16-бит, 65 536түс; 24-бит, 16 772 216 түс). Көрермен көретін көмпьютер экранындағы бейнеленген ақ пен қара комбинациясы немесе түрлі-түстер пиксельдерінің комбинациясы, және қарапайым фондық түске ұқсайтын суреттер пиксельдерден тұрады.

Растр қалай алынады? Оларды қалай жасайды?

- Суретке арналған программа нөлден орындалады;

- Белсенді терезеден арнайы программаларды алып, оны суретке немесе қосымшаға арналған программаға қояды ;

- Сканер мен бейнені алу құрылғыларының көмегімен көркемдеу бейнесі мен телеарнадағы бейнелер шығады.

Дайын растрды көшіруге, түрлендіруге, электрондық почтамен жіберуге болады.

Программалық жабдықтауды бөлек өңдеу үшін Macintosh жүйесі сурет салу құрылғысы,Windows жүйесінде элементарлы функция-сымен Paint қосымшасы болады. Director-да күрделі құралдармен көпфункциялы графикалық редмультимедиалық ор болады, ал Photoshop программасынан немесе басқа түрдегі программалардың стандартты модульдерден құралған бейнелердің фильтрациясы болады. Фотонақтылық бейнені құру үшін, цифрлік камераны қолданып, суретті сканирлеп Photoshop, Fireworks және басқа қосымшаларын қолданып, редмультимедиалық орлеу керек. Редмультимедиалық орлеу программаларын қолданып, суреттер, мультфильмдер, белгішелер, батырмаларды, растрлік мәтіндерді, абстрмультимедиалық лы бейнелерді құруға болады. Көптеген дизайнерлер күрделі, тартымды Abobe Illustrator, CorelDraw, Macromedia Freehand Quark Express программаларында векторлық объектілерде салынған суреттерді растрге айналдырады.

Векторлық суреттер. Көбінесе мультимедиалық авторлық жүйесінде векторлық объектілер қолданылады: тікбұрыштар, эллипстар, көпбұрыштар, күрлелі суреттер, осы объектілерден құрылғандар және мәтін. Векторлық объектілер компьютердің экранында жадының қолданған бөлімі бойынша бейнеленіп, объектінің растрлық формасында сақталып, сипатталады. Вектор – түзудің екі соңы бойынша сипатталады. Мысалы, қарапайым тікбұрышты былай сипаттауға болады:

RECT 0.0.200.200

Декартты тікбұрышты қолдана отырып, программа тікбұрышты салады: экранның солжақтағы жоғарғы бұрышы (0,0), 200 оң жақтағы горизонталь бойынша 200 пиксель төмен (200,200) салынады.

Бейнелерді редмультимедиалық орлеу, алу. Экранда видеожадыда сақталған, әрбір 1/60с мониторда жылдам орындалатын көрінген бейне цифрлік растр болады. Бейнені таңдау процесінде көбінесе мультимедиалық жобаны экраннан бөлек сақтау мен алу орындалады. Суретті алу пернелі тақтаны басуда ағымды кезде орыналады. Комбинирленген бейнені құралдардың көмегімен редмультимедиалық орлеп бейнені өзгертуге болады, мысалы,фотография бойынша қызыл розаны көкке ауыстыру. Жұмыс істеуге арналған эффект, қозғалмайтын бейнелер немесе қызықты анимациялық бейнелер морфинг деген атпен орындалады. Ол екі бейнені бір-бірімен байланыстырып орындайды.

Windows жүйесіндегі файл форматындағы бейнелер – ВМР файлы түрінде жазылатын аппаратты-тәуелсіз (DIB) файлының растры. DIB файлы RIFF) ресурсімен файлдар форматында бөлек және тізбектеліп келеді. ( RIFF форматы – Windows жүйесінде мультимедиалық жобаны талдауға арналған файлдардың типі болады, өйткені ол басында MIDI растрларын қосу және мәтіндерді форматтау бойынша көптеген файлдар типін, формат деп ойластырылды.) Windows жүйесінде салынған суреттердің стандартты жалпы форматы қарастырылмайды. Көбінесе Windows жүйесінде талдағыштар растрлық форматтарды DIB, BMP, РСХ және TIFF қолданады. BMP файлы –Windows жүйесіндегі растрлық файл. РСХ файлы Z-Soft MS-DOS сурет салу пакетінде талданған; бұл файлдарды MS-DOS ортасында прмультимедиалық икалық жүзінде барлық программаларда сурет салу бойынша файлдарды ашып, сақтауға болады. TIFF форматы немесе бейнелеу файлдарының форматы растрлық бейнелеудің әмбебап форматы негізінде талданып, баспа пакеттерінде кең таралады.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Косанов Б.М., Өміртаева Р.К. Математикадан дидмультимедиалық ойындар және ќызыќты жаттыѓулар.-Алматы: Атамұра, 1998-48б.

  2. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознания. Личность-М: Политиздат, 1975.

  3. К.Бұзаубақова. Жаңа оқыту технологиялары. Тараз 2003.

  4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М.: Педагогика, 1989.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
442
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі