400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Математика пәнінде қолданылатын АКТ құралдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярлық тобы оқушыларының білім сапасын арттыру жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Жетісай ауданы

Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебі



Өзін өзі тану пәні мұғалімі

Абишева Гулбахар Алиевна







Рухани тәрбие адамгершілікпен ізгілікке бастар жол



Адам болмысы өте күрделі жүйе. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сұріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің барлығының мінез-құлқы бірдей болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Өзгермелі өмірдің тұрлі соқпақтарынан жүріп өтіп, «адам» деген құрметті атқа кір келтермей, керісінше өзінің игі істерімен көпшілікке танылып, ақыл мен парасаттылықтың, инабаттылық пен имандылықтың, мәдениеттілік пен әдептіліктің, сыйластық пен достықтың асыл үлгісі болу үшін әрбір адамның жүрегіне үлкен қайраттылық керек.

Жаңа заман педагогикасы «өзін-өзі тану» бүгінгі күні болашақ тәрбиесімен айналысуды басты назарға қойған, оларды жүрек қайраттылығына, ақылдың сәулелігіне тәрбиелеуге бағытталған бірден-бір педагогика. Біздерге бүгінгі таңда болашақ ұрпақ өкілдерін өмірге дайындау сияқты ұлы іс жүктеліп отыр. Бұл іс үлкен жауапкершілікті, ерекше шеберлікті қажет етеді. Себебі, бала өзінің болмысында өте нәзік және иілгіш. Оның иілгіштігін назарға ала отырып өмірге икемдеу, адамгершілік тұлғасы биік адам етуде пәннің берері мол.

«Өзін-өзі тану» сабағы әр баланың ашылуына, оның өзіне ғана тән қасиеттерінің дамуына жағдай туғызады. Баланың бойында өзіне деген сенім, өзіне деген құрмет, өз жасаған қылықтарына деген жауапкершілік сезімдері пайда болады. Өзіне деген сенімі бар бала өзінің ішкі ойын, өзіндік пікірін ешбір бүркемелеусіз , ашық сыртқа шығара алады. Яғни,оның ішінде, ойында шешімін таппаған және іштей оны күйзелтетін сұрақтар қалмайды. Бала әрбір сұрағына жауап тапқаннан кейін, оның ойымен өзгелердің санасқанын көргеннен кейін өзін жеке тұлға ретінде сезіне бастайды. Ол өз ортасында өзінің орнын , рөлін сезінеді. «Өзін-өзі тану» сабақтары барысында бала кез-келген ортада өзін ұстау ережелеріне үйренеді және ол сол үйренгендерін күнделікті өмірде қолданады. Яғни , бала құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың, өзінен кішілермен және үлкендермен қарым-қатынастың тиімді жақтарын игере бастайды. Сонымен қатар сабақтарда әр балаға жекеше көңіл бөлінеді. Баланың жеке тұлға болып қалыптасуында бұл әрине тиімді. Себебі, балаға неғұрлым көбірек көңіл бөлінсе, ол сонша ашылады.

«Өзін-өзі тану» сабақтары бойынша жүргізілген жұмыстар барысында ол баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның ойлау қабілетінің дамуына жағдай туғызатынын көріп отырмыз. Сабақтардың басым көпшілігі баладан ойлануды қажет ететін, шешім шығаруды қажет ететін қызықты жағдайлардан тұрады.

Тағы бір айта кететін мәселе, ол «Өзін-өзі тану» сабағы бірнеше сабақтарды біріктіріп отыр десек те болады. Яғни, бұл сабақта бала көркем әдебиет, тіл дамыту, айналадағы қоршаған ортамен танысу, экология , валеология, бейнелеу өнері сияқты сабақтардан алған білімдерін шыңдай түседі. Бұл баланың алған білімінің оның ойында , санасында тереңірек бекуіне, орын алуына өте қолайлы.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында табиғат және оның ғажайыптары жайында балаларға өте көп мағлұматтар беріледі. Сабақтардың көпшілігінде балаларға күннің нұрынан, әсем гүлден, мөлдір судан, таза ауадан және тағы да басқа табиғат көріністерінен ләззәт ала білу үйретіледі. Біз өз тәжірибемізде осындай жағдайлар балаларға жақсы әсер ететінін көріп отырмыз. Осы жұмыстар барысында бала өзінің табиғатпен тұтас екенін сезінеді , табиғатқа келтірген зиян өзіне келтірген зиян екенін түсінеді және осы түсінік оның санасында орын алып, болашақта өзін қоршаған ортаға зиян келтіруден бойын аулақ ұстауға тәрбиелейді.

Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» сабақтарының ұйымдастыру тәсілдерінің, құрылысының өзгеше болуы және сабақтың арнайы жабдықталған кабинетте жүргізілуі балаға жақсы жағынан әсер етеді. Яғни, бала сабақты өзгеше қабылдайды және бұл баланың қиялының, шығармашылығының ерекше дамуына әсер етеді. «Өзін-өзі тану» сабақтары барысында бала санасында «бәрі де қолымнан келеді және бәрі де мүмкін» деген ой қалыптасады. Осы ойдың нәтижесінде баланың өз мүмкіншілігіне деген сенімі артады.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында балалар альбоммен жеке жұмыс істеген кезде оның тек қана шығармашылығы , қиялы ғана дамып қоймайды , сонымен қатар өзінің бастаған жұмысын соңына дейін сәтті және сапалы түрде орындауға тырысады. Ол өз жұмысының орындалу дәрежесіне сырт көзбен қарап үйренеді және өз жұмысын өзгелердің жұмысымен іштей салыстырады. Осындай жұмыс барысында бала өз санасында салыстырмалы көрсеткіштерді көре білуге дағдыланады. Әр жасаған сапалы жұмысының нәтижесінде баланың қызығушылығы артып, келесі жұмысты «бұдан да жақсы істесем» деген ой туындап, әрбір сабақты қуанышпен күтеді .

«Өзін-өзі тану» сабақтары барысында ұсынылып отырған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке , сыйластыққа , түсінушілікке үйретуді көздейді. Яғни бұл сабақтарда ойынның өзі де баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіруді көздеп отыр. Міне, сабақтарда орындалатын барлық әрекеттердің бірінің мазмұнын толықтырып, өзара байланыста өтуі үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

«Өзін-өзі тану» сабақтарының ата –ана үшін де үлкен мәні бар. Себебі, «Өзін-өзі тану» сабақтары баланың бойында үлкендерге деген сыйластық қарым-қатынасты, қайырымдылықты, мейірімділікті тәрбиелейді. Тек қана ересектерге ғана емес, сонымен қатар өзінен кіші бауырларына қамқорлық көзқараспен қарауға үйретеді.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында альбомдағы үйге берілген шығармашылық тапсырмаларды баламен бірлесіп орындау барысында ата-ана өз баласының мүмкіншіліктерін, қабілетін іс жүзінде көреді және өз көргенінен шешім шығара алады. Баласының қуанышты жетістіктерінен ата-ананың рухани сезімі көтеріледі. Ата –ана мен бала арасындағы өзара тығыз байланыс олардың өзара туыстық қарым –қатынастарымен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өзара түсінушілік , сенім сияқты қасиеттерге толы мәнге ие болады. Яғни, олар тек қана ана мен бала немесе әке мен бала сияқты қарым-қатынаста ғана емес, сонымен қатар достар, сырластар тәрізді өзара қарым-қатынастың тиімді жолын орнатады. Әрине, бұл ата –ана үшін үлкен жетістік.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
648
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі