400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика пәнінен ашық сабақ:10 саны және цифры

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық тобының жетекшілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырып: 10 саны және цифры

Мақсаты: 10 санымен және оның жазылуымен, 10 санының құрамымен таныстыру; 10-ға дейінгі реттік санауды бекіту; шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: кеспе сандар, геометриялық фигуралар, суреттер.


Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық-

қозғаушы

1.Ұйымдастыру

2.Психологиялық сәт

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Қабақ шытқан не керек

Көңілді боп жүрейік.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Табиғатта қандай өзгерістер болады?

3.Өткен сабақты пысықтау

- 9 саны неше бірліктен тұрады?

- 9 саны жұп сан ба, тақ сан ба?

- Неге ұқсайды?

- 9-ға дейін тура, кері санау.

Сәлемдеседі.


Хормен айтады




Жауаптары




Жауап береді






Ұйымдас-тыру-

шылық-ізденіс

Балаларға сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақ.

1.- Балалар, біз қандай мемлекетте тұрып жатырмыз?

- Қазақстан қандай мемлекет?

- Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне неше жыл толды?

- Қазақстанның астанасы қай қала?

- Олай болса, бүгінгі үлгілі сабағымызды Тәуелсіздігіміздің 22 жыл-

дығымен байланыстырып, Астанаға саяхат сабағын жүргіземіз. Бізге

не керек? Ұшақ керек. Ұшаққа отырып, Астанаға аттанайық.

- Балалар, біз ертегілер аялдамасына келіп тоқтадық.

2. Ерте, ерте, ертеде, сандар патшалығында нөл саны өмір сүріпті екен. Нөл саны алғашында ештеңені білдірмегендіктен қатты ренжіген екен. Оны қатты аяған бір саны оның алдына келіп тұра қалады. Сөйтіп ол толық ондыққа айналып шыға келеді. Кейін ол алдында тұрған бір-

лікке: «Менсіз сен жай ғана бірлік қанасың, ал менімен сен – ондық-

сың» деп мақтаныпты. Бірлік болса: «Сен болсаң менсіз түк те емес-

сің!» деп жауап қайтарыпты.

3. Геометриялық фигуралар арқылы 10 санын шығарып алу.

Тоғызға бірді қосамыз,

Он санын енді тосамыз.

Қос таңбаны кім білмек,

Олар – бір мен дөңгелек! (9+1=10) паннода жазу.

- 10 басы мен аяғы бар ең толық сан болып есептеледі. Себебі, нақ осы 10 санынан келесі сандардың қайталанып келуі басталады және жай сандар енді күрделі сандарды құрайды.

- 10 саны неше бірліктен тұрады? (10 бірліктен)

- Сурет арқылы тура, кері санату.

Тапсырманы орындап, ертегі аялдамасынан соң Астана қаласындағы Есіл өзеніне келдік. Осы өзенді көру үшін бізге енді не керек? Дұрыс айтасыңдар. Кемеге отырып жүзу үшін мына тапсырманы орындаймыз

4. Есеп шығару.

а) Бір ағашта 3 алма,

Екіншісінде 7 алма,

Барлығы неше алма? 3+7=10

ә) Қорада тұр 4 балапан,

Далада жүр 6 балапан

Барлығы неше балапан? 4+6=10

б) Оң жағымда 8 бала,

Сол жағымда 2 бала

Болады неше бала? 8+2=10

в) Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ

Екеуін қосқанда,

Болады ? саусақ. 5+5=10

г) 9 торғай бар еді, 1 торғай ұшып келді. Барлығы неше торғай болды?

- 10 санын өзінен кіші екі санның қосындысы арқылы аламыз.

(құрамын тақтаға ілу)

5. Сергіту.

Бұл тапсырманы да орындадық. Есіл өзенінің оң жақ, сол жақ жағалауы болады. Өзенді тамашалап болдық. Кім айтады, Астана қа-ласында кім бар? Елбасымыз: Н.Ә.Назарбаев атамыз. Ол кісі мына ақ орда үйінде отырады. Осы ақ ордада ту ілініп тұруы керек. Міне, осы туды ілу үшін, мына тапсырманы орындаймыз.

6. Дәптермен жұмыс. 10 санын ауада, тақтада жазу.

Балалар үлгі сызықты бастырып жазады.

- Жарайсыңдар, балалар. (Туды өздеріне жоғары ілдірту).

- Тудың жанында не тұру керек? (Елтаңба)

- Елтаңбаның мынадай тапсырмасы бар екен.

7. Ойын: «Жасырынған сан»

Шарты: жүргізуші бір санды жасырады, екіншісі сол санның қандай сан екенін айтуы керек.

Елтаңбаны тудың қасына ілу. Бұларды не деп атаймыз? Рәміздер.

- Астанада бәріміз білетін не бар? (Бәйтерек) Бәйтеректің ұзындығы 97 метр. Бәйтеректің жоғарғы жағына шықса, Астананы түгел көруге болады. «Бәйтеректе» тасқа басылған Н.Назарбаев атамыздың алақа-нының таңбасы бар екен. Соған біз де алақанымызды қойып, тілек ті-лесек, арманымыз орындалады. Тапсырма орындаймыз.

8. Ойын: «Құпия» . Шарты: карточкадан өрнек көрсетіледі, балалар ойша санайды. Кім бірінші болып шешсе, мұғалімнің құлағына сыбырлап айтады. Марапаттау.

Тапсырманы орындап болған соң, балалар тасқа қолдарын қояды. Өзім қолымды қойып, аман-есен ауылымызға жетейік деп тілек айтамын.

Ал, балалар, барлығымыз ұшаққа отырамыз. Ұшақтан түсіп ауылымызға келдік.

Ақпаратты қабылдау


Жауаптары








Тыңдайды














Санайды



Кеме




10 алма



10 балапан




10 бала



10 саусақ







Жауаптары




Тапсырманы орындайды

Туды іледі

Елтаңба



Ойнайды


Рәміздер

Бәйтерек





Мәндерін айтады



Тілек тілейді

Рефлексив-ті-

түзету

- Қай санмен таныстық?

- Неше бірліктен тұрады?

- Қай қалаға саяхат жасадық?

- Оқу-іс әрекеті ұнады ма? Несімен?

Мадақтау.


Жауап береді

Жұлдызша алады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: сандық қатарды, бірліктердің аталуын, сан құрамын;


Білді: 10 санын, геометриялық фигуралардың атауын, ондық туралы;

Айта, қолдана алады: тура, кері санауды; өз ойларын толық жеткізе алады.







Ұйымдастырылған ашық оқу-іс әрекеті


Мектепалды сынып











«10 САНЫ ЖӘНЕ ЦИФРЫ»

ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ

ҚАЛЫПТАСТЫРУ




















Ғабит Мүсірепов атындағы орта мектебі

Динбаева Алуа Кабидулловна





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
2834
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі