Материалдар / Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар Тақырыбы: "Математикалық тіл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар Тақырыбы: "Математикалық тіл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы қысқа мерзімді жоспар бастауыш сыныптың 1 сынып мұғалімдеріне өте қажет дүние деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
1116
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 А сандар мен цифрлар, «Өзім туралы»

Күні:

Сынып: 1 Ғ

Мектеп: №16 ЖББ мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Шарипбаева Б.Н.

Қатысқандар саны: 27

Қатыспағандар саны: 1


Сабақ тақырыбы

5.2. Математикалық тіл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5.2.3 Сандардың қосындысы мен айырмасын, сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сандарды оқиды, жазды, (артық/кем) салыстыра алады.

Көптеген оқушылар: Сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды «>» , «<» таңбаларын қолданады.

Кейбір оқушылар: Сандарды салыстырудың әртүрлі әдістерін қолданады

Бағалау критерийлері

  • Сандарды салыстыру арқылы «артық», «кем» ұғымдарын анықтайды.

  • Сандарды салыстырады

  • Сандарды салыстыру нәтижелерін таңбалай алады.

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз: Сандар мәнінің сәйкестігін талқылау үшін салыстыру терминдерін пайдалана алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: артық, кем, сандық сәуле, санау салыстыру

Құндылықтарды дарыту


Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

Қарым-қатынас жасау қабілеті;

Өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыстар

дүниетанумен

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан көрнекіліктерді көрсету

Бастапқы білім

«Артық», «кем» ұғымын біледі.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақ басындағы ширатуға арналған жаттығу.

«Кім жылдам» ойыны.

7ден үлкен 13-тен кіші сандарды белгілеп, салыстыр.

Осы ойын барысында оқушылардың әрқайсысында сызғыш болады. Алдымен сызғыш бойындағы 7-ден үлкен сандарды белгілейді және атап шығады. Келесінде оқушылар сызғыш бойындағы 13-тен кіші сандарды белгілеп, атайды. Осы кезде оқушылар екі бағанның ортасына салыстыру белгісін қояды.

-Балалар, біз сендермен не істедік?

-Алдымен қандай сандарды белгіледіңдер?

- Сонан кейін қандай сандарды белгіледіңдер?

-Екі бағандағы шыққан сандардың ортасына қандай белгі қойдыңдар?

- Ендеше балалар, бүгін біз сендермен «Математикалық тіл» тақырыбымен танысатын боламыз.







Қорытынды: оқушылар ширату ойыны арқылы сандарды белгілеп артық, кем таңбаларын қоя біледі.

АКТ-ны пайдалану, кітап, дәптер.




Сабақтың ортасы


1 тапсырма «Менің сүйікті ойыншығым» әдісі. (ТЖ)

Әр топтан екі оқушы суреттерді жұп-жұбымен қояды қай суретте жұп жоқ сол жақ артық.

Алдымен сыныпты ойыншықтардың суреті арқылы 3 топқа бөлемін. 1-топқа 3 жүк машинасы және 4 жеңіл машина. 2-топқа 4 қуыршақ және 5 қонжық. 3-топқа 6 шар және 7 доптың суреті берілді.

Қорытынды: оқушылар суреттерді жұп-жұбымен қоя отырып сандарды салыстыру арқылы «артық», «кем» ұғымдарын анықтайды.

2 тапсырма «Сана және тап» (Ж) Жұптың бірінші сыңары 1-10 –ға дейін сана. Ал екінші оқушы қай сан кіші екенін айт.

О қушылар бір-бірімен жұптасып, жұптың бірінші сыңары 1-ден 10-ға дейін санайды, ал екінші сыңары қандай сандар кіші екенін атап шығады. Оқушылар санау кезінде қай сан бірінші аталса сол сан кіші.

Қорытынды: Оқушылар санау кезінде қай сан бірінші аталса сол сан кіші екенін атап, салыстыра алады.

3 тапсырма (ТЖ)

« Дәмхана» ойыны. Суретке қарай отырып, заттардың санын сана және жаза отырып, салыстыр.

Топтық жұмыс барысында оқушылар тақтада берілген суреттерді санайды. Санап болған соң салыстырады. Салыстырудың нәтижесі бойынша қайсысы артық, қайсысы кем деген қорытындыға келеді. Шыққан нәтижені ламинатталған қағазға жазады.

Қорытынды:

Оқушылар сандарды салыстыру нәтижелерін таңбалай алады.

ҚБ: «Смайлик»

4 тапсырма «Құмырадағы гүл» әдіс (Ө)

Құмырадағы гүлдерді санап, сандарды жасырын ұяшыққа жаз және таңбаларды қой.

Оқушылардың алдына сюжетті қима қағаздар беріледі. Ондағы гүлдерді санап, санын цифрмен таңбалайды және артық, кем таңбаларын қояды.











Сабақтың соңы



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалдарды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1 тапсырма - сабақты меңгерген оқушылар сандарды салыстырудың әртүрлі тәсілдерін пайдалана алады.

2 тапсырма – диалог және қолдау көрсету тәсілі. (қолдау көрсету үшін бір оқушы санайды, екіншісі артық кем екенін анықтайды)

4тапсырма –тапсырма барлығына бірдей болса да нәтиже әртүрлі болады


Жасыл түс - мен (артық/кем) таңбаларын білемін.

Сары түс - сандарды таңбалар арқылы салыстыра аламын.

Қызыл түс - сандардың салыстыру нәтижелерін таңбалай аламын.

Сергіту сәті

Бір,екі,үш,төрт,

алмұрт көп

Бір ,екі,үш ананас аз

Сабақ бойынша рефлексия



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы ойланыңыз)?

1: Сандарды санау арқылы 10 көлеміндегі сандарды салыстыру және жұптау арқылы салыстыруды үйренді.

2: Сыныпта психологиялық ахуал жақсы болды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: сабақтың тақырыбы оқушылардың жас шамасына сай,тақырып мағынасын оңай тілмен ашуға болады

2:Ұжымдық ,топтық жұмыстарда оқушылар бірін-бірі тыңдайды,

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1: Жекелеген оқушылардың сөздік қорлары жақсы ,мысалы қорытынды айтқанда өз ойларын толық жеткізе алады.

2:Уақытты тиімді пайдалану









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!