Тақырып:
Қуып жетуге және артта қалу қозғалысына
арналған есептер
|
Мектеп:Шаған
ЖОББМ
|
Күні:
21.01
|
Мұғалімнің
аты-жөні: Мухамбетжанова
С.О.
|
Сынып:
4
|
Қатысқандар
саны:
|
Қатыспағандар
саны:
|
Осы
сабаққа негізделген оқу мақсаттары
|
4.5.1.9**
артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып
қою қозғалысына берілген есептерді
арифметикалық және алгебралық әдіспен
шешу
4.3.3.1
қозғалыстың басталуы мен бағытын
пайдалана отырып, нысандар қозғалысы
сызбасын құру, сәйкес есептеулер
жүргізу;
4.3.3.2
нысандардың бастапқы орны мен қозғалыс
бағытын (бір-біріне қарама- қарсы,
бірінен- бірі қарама-қарсы бағытта)
анықтау
4.2.1.8**
қуып
жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына
байланысты формулаларды шығарып алу
және қолдану
|
Сабақтың
мақсаты
|
Барлық
оқушылар:
|
артынан
қуып жету қозғалысына берілген
есептерді арифметикалық және алгебралық
әдіспен шешеді.
|
Бірқатар
оқушылар:
|
артынан
қуып жету қозғалысына берілген
есептерді
талдайды және шығарады.
|
Кейбір
оқушылар:
артынан
қуып жету қозғалысына берілген
есептерді
талдау және шығару, кері есептер
құрастыру және шығару
|
Тілдік
мақсаттар
|
Оқушылар:
артынан
қуып жету қозғалысына берілген
есептерді теңдеу құрып шығаруды
түсіндіру.
Пәндік
лексика және терминология:
Өзара
байланысты шамалар.
|
Сабақта
диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Шамалардың
өзара байланысын есіңе түсір.
Артынан
қуып жету қозғалысына берілген
есептерді арифметикалық әдіспен қалай
шешуге
болады?
Артынан
қуып жету қозғалысына берілген
есептерді алгебралық әдіспен қалай
шешуге
болады?
|
Жазу:
|
Есептердің
шешуін жазу.
|
Тірек
білім,
білік, дағдылар
|
Жылдамдық,
арақашықтық, уақыт
түсініктері
|
Жоспар
|
Жоспарлан-ған
уақыт
|
Жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
|
Ынталандыру.
Мұғалім
оқулықтағы №1 тапсырманы орындауды
ұсынады.
Оқушылар
өрнектердің мәнін тауып, көрсетілген
тәртіппен орналастырса
таудың тік құлама беткейлерінен
шамамен 20–30 м/с жылдамдықпен төмен
құлап түсетін немесе сырғитын қар
жиынтығының айтарлықтай көлемі қалай
аталатынын білетін болады.
30
|
200
|
500
|
600
|
800
|
9000
|
к
|
ө
|
ш
|
к
|
і
|
н
|
|
Оқулық,
дәптер.
|
|
Өзектендіру.
Мұғалім
оқулықтағы №2 тапсырманы орындауды
ұсынады. Оқушылар екі
дене қозғалысының сызбаларына қарайды.
Олар нені білдіретінін түсіндіреді.
Формулаларды түсіндіреді.
|
Оқулық,
дәптер.
|
Сабақтың
ортасы
|
Мақсат
қою (мәселелі жағдаят)
Бүгін
біз өз білімімізді нақтылаймыз, қандай
да бір туындаған қиындықты тауып, оны
түзейміз.
|
|
Өзіндік
жұмыс.
Мұғалім
оқушыларға № 4 тапсырманы өз беттерімен
орындауды ұсынады, орындау нәтижесін
эталонмен салыстырады. Есепті теңдеу
құрып шығарады.
Қиындықтарды
түзету.
Мұғалім
орындалу барысының дұрыстығын
тексереді.
–
Кімде
қиындық туындады?
–
Сіз
қай жерде қате жібердіңіз?
–
Қате
кетудің себебі неде?
–
Егер
өзіндік жұмыста ешқандай қиындық
туындамаса, өз амалыңыздың мақсатын
құрастырыңыз.
Қиындық
туындаған балалардың әрі қарайғы
мақсаты қандай? (Қатені түзету).
– Қателерді
түзеу алгоритмін қолданамыз.
– Әркім
өз оқу мақсатын айтады. (Қосымша
тапсырма орындау).
Дәптердегі
тапсырманы орындауды ұсынуға болады.
Оқушылар өзін-өзі
бағалауды орындайды.
Мен:
-
артынан
қуып жету қозғалысына берілген
есептерді шығара аламын;
-
қозғалыс графиктерін құруды білемін;
-
қозғалысқа арналған есептерге сызба
құрастыра аламын.
Сонымен
қатар, мұғалім қателіктерді түзету
үшін оқулықтағы №3 тапсырманы орындауды
ұсынады.
|
Оқулық,
дәптер.
|
Өткенмен
жұмыс.
Мұғалім
оқулықтағы №5-7 тапсырмаларды орындауды
ұсынады.
№5
тапсырманы оқушылар дәптерге орындайды.
Дәптерге
координаталық бұрыш салынатындай
етіп сәулелер сызады. Сәулелердің
бойынан бірлік кесінділерді анықтайды.
Кестедегі көрсетілген уақыт мен
берілген жылдамдық бойынша жолды
тауып, кестені толтырады. Кестедегі
мәліметтермен қозғалыс графигін
салады.
№7
тапсырма зерттеушілік тұрғыдағы
тапсырма.
«Миға
шабуыл» стратегиясы. Алдымен әр оқушы
өз тұжырымын ұсынады.
|
Оқулық,
дәптер.
«Миға
шабуыл» стратегия-сы
|
|
Шешуі:
50+40=90
м3/сағ
270:90=3
сағ
Жауабы:
3 сағаттан кейін хауызда 270 м3/сағ
су болады.
|
.
|
Сабақтың
соңы
|
Рефлексия.
«Алма
ағашы» әдісі.
Оқушыларға
сабақ басында екі түсті “алма”
беріледі. Сабақ соңында оны алма
ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма –
мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп
ойлаймын: менің көңіл күйім көтеріңкі.
Қызыл түсті алма – мен тапсырманы
орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.
Оқулықтағы
үйде орындауға ұсынылған №8
тапсырма жаңа тақырыпты пысықтау
үшін берілген.
|
«Алма
ағашы» әдісі.
|