400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Математика пәнінен "Реттік сан есім" тақырыбы бойынша ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Реттік санау

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  • натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;

  • заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

  1. түрлі түсті қарындаштар;

  2. санауға арналған материалдар (10 заттан тұратын жинақ).

Тірек сөздер

реттік санау; нешінші?

Сабақтың мақсаты:

Сандық және реттік сан есімдерді қолданып, заттарды орналасу ретімен реттік санау бойынша санау дағдысын дамыту; реттік және сандық санауды айыра білу дағдысын бекіту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер



Реттік сан есім — бұл заттарды санау кезінде олардың ретін көрсететін сан есімдер класы. Оқушылар сандық санау туралы түсінікті бекітеді және он көлеміндегі заттарды реттік санау арқылы осы дағдыны қалыптастырады. Олар алғашқы ондық көлемінде сандарды орналасу реті бойынша атауға үйренеді. Реттік сан есімдерді қолданады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы. Сабақ заттарды сандық санауды қайталаудан бастаған мақсатқа сай келеді. Оқушылардың білімін қайталата отырып, заттарды сандық санай білу арқылы реттік санай білуді түсіндіруге болады. Оқушылармен он көлемінде тура және кері ретпен

санауды қайталаңыз.


Кіріспе тапсырма. Он оқушыны тақтаға ша-қырып, оларға бір қатарға тұруды ұсыныңыз. Қал-ған оқушыларға оларды санатыңыз. “Бір, екі, үш … он” деп санауды сұраңыз. Енді оқушыларды солдан оңға қарай санауды ұсыныңыз. “Кім бірінші тұр? (оқушының атын атап) санау бойынша нешінші болады? (ең соңғы тұрған оқушының атын атап) санау бойынша нешінші тұр?” — деп сұраңыз.

Барлық оқушыларды ретімен санауды сұраңыз: “Бірінші, екінші, үшінші, …, оныншы”. Оқушылардан “Мына сөз тіркестерінде айырмашылық бар ма?” деп сұраңыз: “Он оқушы” және “Оныншы оқушы”. “Біз соңғы жағдайда реттік санауды қолдандық, яғни ретімен санадық”. Жаңа тақырыпты оқулықтағы сюжетті сурет бойынша бекітіңіз.


Оқушылардан Айжанға кітапханадан кітап алуы-на көмектесуін сұраңыз. Оқулықтағы суретке мұқият қарауды ескертіңіз және қыздың сөреден неше кітап алғанын анықтатыңыз. Тақырыпты бекіту үшін қыздың іс-әрекетін көрсетіңіз. Оқушылардың назарын “бес кітап” және “бесінші кітап” деген ұғымдарға аудары-ңыз. Кітаптарды ретімен санап, (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші кітап) реттік санауды жүргіземіз. Оқушыларға заттарды реттік санау мен сандық са-наудың айырмашылығын түсінуге көмектесіңіз. Қол-данылып отырған сандарды салыстыра отырып, “не-шінші?” және “қанша?” сұрақтары арқылы “реттік”

және “сандық” санаудың айырмашылығын түсіндіріңіз.


Көңілді клоундар. Тапсырма заттардың реттік


санау түсінігін бекітуге мүмкіндік береді. Сынып-пен топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға иллюстрацияға қарап, ондағы клоундардың аттарын оқып, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Оқушылар тапсырманы орындау барысында заттарды реттік санау санақ басына байланысты болатынын түсініп қорытынды жасайды (санау солдан немесе оңнан, жоғарыдан немесе төменнен, т.с.с.). Тапсырманы орындап болған соң, топпен тексеру жұмысын өткізіңіз.


Жауабы:


Сопақ;

Екінші;

Бесінші;

Сөлпек;

Бармақ. Бірінші.


Шығарып көр. Тапсырма реттік сандарды сөйлеуде қолдану дағдысын дамытады. Жұмысты жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушылардан “Өз үйле-ріңнің мекенжайын білесіңдер ме?” деп сұраңыз. Олардың жауабын тыңдаңыз. Оларға өз үйінің немесе пәтерінің нөмірін айтқанда реттік санауды қолданатынына назар аудартыңыз. Оқушыларға бір-біріне қай үйде, қай қабатта, қай пәтерде тұратыны туралы айтқызыңыз. Жағдайға байланыс-ты сөйлеуде реттік сандарды дұрыс пайдалануға көмектесіңіз. Одан кейін суреттегі кейіпкерлер қай қабатта тұратынын табуды ұсыныңыз. Сұрақ-тар ойлап, оны бір-біріне қойғызыңыз. Сұрақтар мынадай болуы мүмкін: “Киініп далаға шықпақшы болып тұрған ұл бала қай қабатта тұрады?”, “Телефонмен сөйлесіп тұрған қыз бала қай қабатта тұрады?” және т.с.с.


Жауабы:


Алтыншы қабатта;

Оныншы;

Бірінші және оныншы қабатта;

Тотықұс.

Орындап көр. Оқушыларға бірінші партадан бастап санауды тапсырыңыз. Оқушылар жұпта жұмыс істей алады: біреуі тура ретпен санайды, екіншісі кері ретпен санайды.


Ойлан. Оқушылар күнделікті өмірде кездесетін реттік санауға байланысты жағдайларды естеріне түсіріп, мысалдар келтіреді.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі