Материалдар / Математика патшалығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика патшалығы

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жасалған.Сондай-ақ балаларға матемтика пәні барлық ғылмдардың бастауы екенін ұғындыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
410
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Білім саласы: Таным

Білім саласына кіріктіру: «Таным», «Шығармашылық», »Қатынас»

Тақырыбы: Математика патшалығы

Мақсаты: Білімділік:1-10 дейінгі сандарды санап цифрларды тани білу.

Дамытушылық: Салыстыру ,санау , санамақ айту арқылы сөздік қорын молайту. Жұмбақ , мақал-мәтел , логикалық есептер бере отырып , есте сақтау қабілетін арттыру , ой өрісін дамыту.

Тәрбиелілік: Ұйымшылдыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, суреттер , интерактивті тақта , кубиктер, кеспе сандар.

Әдіс –тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру , салыстыру, талдау, флипчарт әдісі.

Ұймдастырылған оқу қызметінің барысы:

-Балалар бүгінгі оқу -қызметімізге келген қонақтармен үш тілде амандасайық.

-Ендеше балалар бүгінгі оқу қызметімізді шаттық шеңберімен бастайық.

Шаттық шеңбері :

Орнымыздан тұрайық

Шаттық шеңбер құрайық

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық

Қуанышпен шаттықпен

Сабағымызды бастайық

-Жарайсыңдар балалар, орнымызға отырайық

-Ой , балалар бұл не екен ?

-Кімдікі екен ?

- Бұл бізге келген хат екен оқып жіберейін.

Сәламатсыздар ма балалар . Мен Дымбілмеспін сендерге мына ғажайып сандығымды беріп жібердім ,ішінде әр -түрлі тапсырмалар салдым , сол тапсырмаларды орындап маған көмектесіңізші.

-Балалар , Дымбілмеске көмектесеміз ба?

-Ал , балалар ендеше сандықты ашайық.

-Балалар , Дымбілмес хатында мына сұрақтарға жауап тауып беруімізді сұрайды.

-Балалар кәзір жылдың қай мезгілі ?

-Күз мезгілінің айларын атайықшы?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

- Бір аптада қанша күн бар?

-Апта күндерін кім атайды?

Балалар Дымбілмес біздерге 1-10 дейін тура және кері санап беруімізді сұрайды.

-Кәнекей кім 1-10 дейін тура санайды?

-Кім 1-10 дейін кері санайды?

Ал , ендеше 1-10 дейін ағылшын тілінде және орыс тілінде санайықшы.

-Жарайсыңдар балалар.

-Балалар ал енді сиқырлы тақтаға назар аударайық

Дымбілмес біздерге әр -түрлі пішіндердің суретін жіберіпті . Кәнекей пішіндерді атайықшы.

- Балалар , қім айтады Дымбілместің үйшігі қандай фигуралардан құралған екен?

-Жарайсыңдар балалар

-Ал енді сиқырлы тақтаға назар аударайықшы кәзір кім маған сиқырлы қалам арқылы әр түрлі пішіндерді жинайды.

Балалар флипчарт әдісін пайдаланып тапсырмалар орындайды.

-Жарайсыңдар , балалар. Кәнекей балалар қарап тұрмайық сергіту сәтін жасайық.

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ

Оң аяқта бес бақай

Сол аяқта бес бақай

Қосып едім екеуін

Болып шықты он бақай

- Балалар ,ендеше Дымбілместің бізге жіберген логикалық есептерін шығарайық.

Табақта төрт алма

Қолымда бір алма

Барлығын қосқанда

Болады неше алма ?

Ал ендеше осы есепті кубик арқылы өрнектеп жазайық.

Кубиктерден өрнек құрастырып жазу.

Аулада 3 балапан жүр еді. Екеуі ұшып кетті . Қанша балапан қалды ?

-Жарайсыңдар балалар. Алдымызда кеспе сандарды пайдаланып осы есепті өрнектеп жазайық.

-Жарайсыңдар балалар.

-Балалар сендерге бүгінгі Дымбілместің тапсырмасы ұнады ма ?

Дымбілмес сендерге өте риза болыпты . Сендер бүгінгі оқу –қызметімізде есептер шығардыңдар,1-10 дейін тура және кері санадыңыздар ,пішіндерді атап өз орындарын таптыңыздар. Дымбілмес тапсырманы өте жақсы орындағаныңыз үшін мына күлімдеген кішкен күндерді сендердің күндерің ашық болсын деп сендерге арнап беріп жіберіпті.

-Ал ендеше келген қонақтармен екі тілде қоштасайық

Күтілетін нәтиже :

Білу керек: Есте сақтау , 1-10 сандар аралығында есептер шығару тура -кері санау

Болу керек :Балалардың сөздік қоры , оқу қызметіне деген қызығушылығы.

Істей білу керек:Берілген тапсырмаларды орындай алу логикалық есептер шығару , өз бетімен жұмыс жасау







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!