Материалдар / математика патшалығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

математика патшалығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, саяхат барысында ой-өрістерін, тілдік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Математика патшалығы.

Сабақтың мақсаты:

Балалардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, саяхат барысында ой-өрістерін, тілдік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: балаларды ұйымшылдыққа,еңбекшілдікке,шапшаңдылдыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: Карточкалар, картоннан жасалған карточкалар, жиҺаздарының суреттері, сандар, патшалықтағы тұрғындар бейнелері т.б

Сабақтың түрі:Саяхат сабақ.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Себебі, бүгін біздер математика патшалығына саяхатқа аттанамыз.Көздерімізді қатты жұмамыз,менің сиқырлы сөздерімнен соң біздер математика патшалығына жетеміз.

Сиқырды мен бастаймын,

Үшке дейін санаймын.

1,2,3

Көзімізді ашамыз.

(Балалар көздерін ашады жан-жаққа қарайды).

Міне, біз, математика патшалығына да келдік.

Тәрбиеші: Балалар, қонақтар мен математика патшалығының тұрғындарымен амандасайықшы.


Қайырлы таң, аспан!

Қайырлы таң, күн!

Қайырлы таң, қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар, енді мен сендерді шапшаңдылыққа тексеремін. Мына математикалық есеп-санамақтардың тез шешіуін тауып беріңдер. Есеп-санамақтрады мұқият тыңдап, санай отырып жауап беріңіздер.


Алты қонжық орманға,

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Ары қарай бармады.

Жауабын сен тез айтшы

Қанша қонжық кетті алда?

*****



Алма ағашта бес алма,

Қандай тәтті, жесе алма,

Бесеуінде жеп қойсақ,

Қалады онда неше алма?

******

Ағаштағы төрт алмұрт

Піскен екен тимей құрт

Самат алып екеуін

Қалдырған екен нешеуін?

******

Кірпі ертең той жасамақ,

Болғандықтан шақырмақ,

Екі қонжық, үш көжек,

Бес тиінді ертерек,

Айтшы бәрін қос дағы,

Қанша кірпі достары?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, барлығыңызда керемет алғыр, шапшаң, зерек екенсіңдер. Ал патшалықта нелер бейнеленген?

Балалар: геометриялық пішіндер.

Тәрбиеші: - Қандай пішіндер екенін айтып көрейікші.

Балалардың жауаптары. (шаршы, тіктөртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш)

Тәрбиеші: - балалар қараңдаршы, математика патшалығының ханы 1 саны.

Кім бізге 1 саны туралы тақпақ айтады?

Айша:Бір дегенім,баған ғой

Басына құс қонған ғой.

Амина: Бір ұқсайды бұтаққа,

Сан басы ғой мін тақпа.


Тәрбиеші:-Жарайсыңдар Амина, Айша. Ал балалар, айтыңдаршы бұл дүниеде нелер біреуден болып келеді?

Балалар: - мұрын, ауыз, ай, күн, әке, шеше т.б

Тәрбиеші:- Өте дұрыс. Енді балалар тыңдаңыздар, 1 санының сізге арнаған тапсырмасы бар екен.

1-санының тапсырмасы:

Сіздердің алдарыңызда сан бейнеленген карточкалар бар, ол карточкадағы санның көршілері адасып кеткен екен, сендер сол санның алдындағы және артындағы көрші сандарды дұрыс орналастыруыңыз керек.

Балалар тапсырманы орындайды.

(Тәрбиеші берілген карточкаларды тексеріп шығады, балаларды мақтап, мадақтайды. Данияр, Алуа, Бағлан)

-Балалар, хан 1 саны сендерге қуанып тұр. Жарайсыңдар, керемет.Саяхатты жалғастырамыз.

Тәрбиеші: -балалар бұл қай сан?

Балалар:-2 саны.

Тәрбиеші: -2 саны бізде ханша. 2 саны неге ұқсайтынын айтыңдаршы.

Балалар: -2 саны аққуға, керікке, қазға, үйрекке ұқсайды.

Екі саны туралы бізге кім тақпақ айтып береді?

Алуа: Екі қаз бұл шалқиған,

Құйрық, мойны қайқиған.

Аделя: Екі ұқсап үйрекке,

Төмен баға мектепте.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, керемет балалар!

2 санының да сіздерге арнаған тапсырмасы бар екен. Орнымызға жайғасамыз.

2 санының тапсырмасы:

Карточкамен жұмыс:

Тәрбиеші: -Балалар қараңдаршы, карточкада не көріп тұрсыңыздар?

- Үй.

-Ол үйдің нелері бар?

-пәтерлері бар.

Үй неше қабаттан тұрады?

-3 қабаттан

-ал неше пәтерден тұрады?

-5 пәтерден|.

- Пәтерлерде нелер тұрады?

-Пішіндерден.

1-ші қабаттың 5-ші пәтерінде қандай пішін тұрады? Данияр, Нұртас

2-ші қабаттың 3-ші пәтерінде қандай пішін тұрады? Арсен, Аделя.

3-ші қабаттың 1-ші пәтерінде қандай пішін тұрады? Бақытжан, Жұлдыз.

Жарайсыңдар, балалар. Тапсырма дұрыс орындалды. Саяхатты жалғастырамыз.

Тәрбиеші: -балалар бұл қай сан?

Балалар: -3 саны.

Тәрбиеші: -3 саны бізде ханзада. Үш саны туралы тақпақ.

Ақнұр: Екі ілгешек бірікті,

Үш боп шықты білікті.

Жұлдыз: Үш бейнесі қарлығаштың

Тізбектеле топ боп ұшқан.

3 санының тапсырмасы.

Тәрбиеші: балалар, ханзада өте көңілді, сіздерді математикалық «РЭП» ойынына шақырады. Үлкен шеңбер жасайық.

(Ойыннан кейін саяхатты жалғастырады).

Тәрбиеші: -балалар бұл қай сан?

Балалар: - 4 саны.

Тәрбиеші: - 4 саны бізде ханшайым. 4 саны туралы тақпақ айтады.

Махаббат: Төрт, орындықты төңкердік,

Оны бестен кем көрдік.

4 санының да сіздерге арнаған тапсырмасы бар екен. Орнымызға жайғасамыз.

Балалар, алдыңызда ханшайымның бөлмесі. Бірақ ол бөлмеде ешқандай жиҺаз жоқ. ЖиҺаздарды орналастырайық.

Оң жақтың жоғарғы жағына ыдыс сөресін қоямыз (Ақнұр)

Сол жақтың төменгі жағына киім сөресін қоямыз (Нұртас)

Оң жақтың төменгі жағына кресло қоямыз (Аделя)

Сол жақтың жоғарғы жағына кітап сөресін қоямыз (Амина)

Ортасына үстелді орналастырамыз. (Асима, Ақтоты)

Жарайсыңдар, балалар. Ханшайымның тапсырмасын дұрыс орындадыңыз. Саяхатты жалғастырамыз.

Тәрбиеші: -балалар бұл қай сан?

Балалар: -5 саны.

Тәрбиеші: - 5 саны бізде кенже ханшайым.

5 саны туралы тақпақ айтады.

Данияр: Бес дегенің қарап қой,

Бес дегенің орақ ғой.

Нұртас: Бес мойыны иілген,

Орақ дертің бүгілген.


5 санының балаларға тапсырмасы.

Сендердің алдарыңда карточкалар бар, карточканың бір бұрышында математика патшалығы орналасқан ал екінші бұрышында біздің балабақша орналасқан, ал олардың арасында сандар берілген, сендер сол сандарды, сандық реті бойынша қарындаш арқылы қосуларыңыз тиіс, сөйтіп біздер патшалықтан балабақшамызға жол тауып жетеміз.

(Тапсырма орындалды.)

Балалар, орындарыңызға келе қойыңыздар. Математикалық патшалықтың тұрғындарына алғысымызды білдірейік

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз!

Математикалық патшалық тұрғындарының атынан түрлі пішіндегі тәттілерді қабыл алыңыздар. Саяхатта бізбен бірге болған қонақтармен қоштасайық.








































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!