400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика пəні бойынша сыныптан тыс жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика апталығына сыныптан тыс жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Жаңартылған білімге- жаңаша көзқарас» атты жаратылыстану-математика пәндері

апталығының ашылу салтанаты «Озық ойлы тарландар» интеллектуалдық сайысы
«Озық ойлы тарландар» интеллектуалдық сайысы

1 - жүргізуші:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Жаңартылған білімге- жаңаша көзқарас» атты жаратылыстану-математика пәндері бірлестігінің апталығы қаңтардың 16-сы мен 30-ы күндері аралығында өтетнің хабарлаймыз. Апталығымызды ашатын 5-7 кл арасында өтетін «Озық ойлы тарландар» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар жаратылыстану мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. 
1 - жүргізуші:

«Асыл тастан, өнер жастан 
Шығады деп дарынды 
Халық айтса қалт айтпайды 
Әрқашанда нанымды » -деп Абай атамыз айтқандай

«Өмірдің өзі сайыс, ойын».

2-жүргізуші:

Шақырамыз, келіңдер жарысуға .
Күш, өнер, біліммен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға 
Қанеки, кім шығады сайысуға 
Ортаға сайыскерлерді шақырамыз. 

Барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін пәндердің патшаларынан құралған

1.Математика тобы

2.Биология тобы

3.География тобы

4.Химия тобы ортада

1 – жүргізуші:

Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер

Қазылар алқасы
Әділ баға беріңіздер

Қазылар алқаларымен таныс болыңыздар:

  1. Директордың оқу-әдістемесі жөніндегі орынбасары – Таумова Арай Жаксылыковна

  2. Жаратылыстану пәндері бірлестігінің жетекшісі – Шауленова Гулнар Салыковна

  3. Математика, физика, информатика пәндері бірлестігінің жетекшісі – Киякбаева Алия Сакипжановна

2-жүргізуші: Ортаға Тастемирова Сұлу мен Нурадинова Эльмираны «Туған жер» әнімен шақырамыз.

1-жүргізуші.

Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін

1-кезең: Таныстыру

2-кезең: «Бәйге»

3-кезең: «Дода»

4-кезең: «Мозайка»

5-кезең: «Дәйекті сөзде- дәлел бар»

6-кезең «Балық аулау» көрермендер сайысы

2-жүргізуші: 1-ші таныстыру кезеңі

Математика тобы: Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,


Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
2 - жүргізуші: Келесі сөз кезегін бізді қоршаған табиғаттың қыр - сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарының ханшаларына берсек

Биология:
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін
География:

География әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен география қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,
Танисыңдар табиғаттың ғажабын.

Химия:

Химияны оқу парыз әркімге

Оқиды оны барлық елде әр тілде

Химияның оқыңдар әр бөлімін

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде

Химияны оқиық біз көңілмен

Кездесер ол күнделікті өмірден

Ақылымыз химияны біліңдер

Тап болар ол әр жерден әр өңірден!
1 – жүргізуші.

2-кезең:

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз 
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар ,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз

Сайысымыздың екінші кезеңі «Бәйге».
Бұл кезеңде топтар берілген әріптерден жаратылыстану-математика пәндері бойынша көбірек сөз құраулары қажет. Әр сөзге 5 ұпайдан беріледі

И

Ц

Н

Ш

Б

Ө

О

А

Р

Ы

К

Л

Н

Б

Ұ

П

Е

Ш

А

Ы

Ж

А

Й

Н

Л

Т

Ү

З

Ы

Қ

Б

Ө

Л

У

С

О

М

Э

Ь

Ф

Е

А

Жауаптары: Бұрыш, қосу, бөлшек,алты, он, рационал, үш,жүз, пайыз, түзу, жұп, жазық, бөлу; молекула, атом, протон, нейтрон,элекрон,элемент; Жазық, тау, карта, глобус,материк, ауа

2 – жүргізуші.

3-кезең:

Ең қиыны жарыстың «Дода» келді




Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

Сайысымыздың соңғы кезеңі «Дода»

Бұл кезеңде топтарға кезекпен сұрақтар қойылады .Осы сұрақтарға 1 минуттың ішінде шапшаңдықпен жауап беруі керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі


  1. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар ).

  2. Заттардың физикалық және химиялық құбылыстардың белгілерін анықтаңыз.(металдың балқуы, сүттің ашуы, отынның жануы т.б.)

  3. Ең үлкен үш таңбалы сан (999)

  4. Атомдардың белгілі бір түрінен тұрады. (элемент)

  5. Кез келген санның бір дәрежесі (өзіне тең)

  6. Металға бір мысал келтіріңіз. (темір, алюминий, мыс, күміс, алтын, қорғасын)

  7. А лымы бөлімінен үлкен бөлшек қалай аталады? (бұрыс бөлшек)

  8. Май шамның сөну себебін түсіндіріңіз. (ыдыста оттегінің таусылып қалуынан шам сөнді.)

  9. Кез келген санның нөлінші дәрежесі (1 – ге тең)

  10. Сіздерге литий элементінің атом құрылысы берілген. Осы атом құрамындағы бөлшектерді Shape1 атаңыз. 3p 4n 3e (3 протон, 4 нейтрон, 3 электрон)

  11. Қайсысы үлкен 2 м ме, әлде 198 см ме? (2 м)

  12. Берілген элементтерді металл және бейметалға жіктеңіз: K, Ne, B, Li, Nа, Ar, Al, P, S.

(Металдар: K, Li, Nа, Al. Бейметалдар: Ne, B, Ar, P, S.)

  1. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? (100, 10)

  2. 4 санының кубы (64)

20. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? (Бұрыш)

1-жүргізуші

4-кезең: Мозайка кезеңі. Бұл кезеңде қағаз бөліктерінен

Географиядан африка материгін, биологиядан жасуша формуласын, математикадан жолдың формуласын, химиядан- судың формуласын құрастыруларыңыз керек. Дұрыс құрастырылған топтарға 10 ұпайдан беріледі.

5-кезең: Дәйекті сөзде дәлел бар (практикалық тур)

Математикадан кубтың көлемін кубтың қабырғаларын сызғышпен өлшеу арқылы табуларыңыз қажет.

Географиядан Қазақстанмен іргелес мемлекеттерді көрсетесіз.

6-кезең:«Көрермендер сайысы» (балық аулау)

2-жүргізуші

Сайысымыздың соңына келіп жеттік. Ал қазір  қазылар алқаларына сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап,мақтау қағаздарын тапсыру үшін кезекті берсек.

2-жүргізуші

Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар - ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!

Осымен бүгінгі «Озық ойлы тарландар» интеллектуалдық сайысымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі