жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу тест жұмыстары I тоқсан
Қазақ тілі
1. Түбір сөзді тап.
а) әнші ә) кітап б) кәсіпкерден
2. Туынды сөзді белгіле.
а) көлшік ә) өрнек б) өнер
3. Жуан буынды сөзді тап.
а) үлгілі ә) қуаныш б) көршілер
4. Жіңішке буынды сөзді тап.
а) достық ә) көлігі б) бағала
5. Қосымшалы сөз қайсы?
а) жалқаулық ә) жиек б) қонақ
6. Зат есімді тап.
а) үлкен ә) ақын б) бесеу
7. Қосымшалы зат есім қайсы?
а) үйлер ә) Әсел б) адам
8. Негізгі зат есімді тап.
а) ыдыс ә) күйші б) ойыншық
9. Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
а) заттың атын білдіреді
ә) заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшалар
б) заттың қимылын білдіреді
10. Көпше түрде тәуелденген сөз қайсы?
а) достарымыз ә) бағбан б) досы
11. Етістік сөзді тап.
а) бұтақтар ә) секірді б) сексен екі
12. Етістіктің сұрақтары?
а) Не істеді? Не істейді?
ә) Кім? Не?
Б) Қандай? Қай?
13. Дара етістікті тап.
а) ағып жатыр ә) ағады б) бара бер
14. Күрделі етістік қайсы?
а) бақылап тұр ә) отырды б) ұшыпты
15. Негізгі етістік қайсы?
а) шегеле ә) жаз б) тазала
17. Етістік дегеніміз не?
а) заттың қимылын білдіреді
ә) заттың атын білдіреді
б) заттың санын білдіреді
18. Сан есімді тап.
а) әдепті ә) бес б) анар
20. Сан есімді тап.
а)он бес ә) әкелді б) егіз
21. Сын есімнің сұрақтары?
а) Кім? Не?
ә) Қандай? Қай?
б) Не істеді? Қайтті?
23. Қатені тап.
а) төртінші ә) алтіншы б) бесеу
24. Дұрыс жазылған сөзді тап.
А) вагон ә) вакон б) Ваган
25. Мәтінді тап.
а) Бұлт, ыдырап.
ә) Аспаннан нөсерлеп жаңбыр жауды.
б) Аспанды қою қара бұлт басты. Әуедегі құстар да көрінбейді. Күн қатты күркіреді. Найзағай да жарқ-жұрқ етті. Нөсер құйып кетті.
Әдебиеттік оқу
1. «Ұшқан ұя» әңгімесінің авторы кім?
а) Ы. Алтынсарин
ә) Б. Момышұлы
б) Ж. Аумауытов
2. «Оқымысты бала» мәтінінің мазмұны?
а) мақтаншақтық ә) достық б) кітапқұмарлық
3. «Төс қағысып, дос болыпты» деген тіркеске қай мақал сәйкес?
а) Жақсы дос үшін жан пида
ә) Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір.
б) Бірлік еткен озар,
Бірлеспеген тозар.
4. Қай жауап дұрыс?
а) Өлеңді ақын жазады
ә) Өлеңді әнші жазады
б) Өлеңді жазушы жазады
5. Мына пікірлердің қайсысы дұрыс?
а) Бозторғай артық жұмыртқасын садақа ретінде ұясынан шығарып тастайды.
ә) Бозторғай денесі кішкентай болғандықтан, жұмыртқасын ұясынан еріксіз шығарып тастайды.
б) Бозторғайдың екі ұясы болады.
6. «Жазғытұры» өлеңінің авторы кім?
а) А. Құнанбаев ә) Ж. Смақов б) М. Әлімбай
7. Шық қалай пайда болады?
а) Күн жаңа шығып келе жатқанда
ә) Жаңбыр жауған кезде
б) Күн батар кезде
8. «Көктемде тіршілік атауы оянады» деп неге айтқан?
а) Бүршік атады, күн жылынады
ә) Күн суытады
б) Құстар ұшып кетеді
9. Наурызкөжені тап
а) бидай, күріш, тары, су, айран, тұз, сүр ер, арпа
ә) ет, алма, тұз, су, май, айран, бидай
б) бидай, тұз, жусан, мейіз, сүт, айран
10. Омбы қар дегеніміз не?
а) жұқа қар ә) Жаңа жауған қар б) қалың қар
11. Қаз дауысты Қазыьек би айтқан сөз?
а) ең жақын, ең қымбат, ең қиын не нарсе адамға
ә) мақал айтты б) ертегі
12. Айтыс дегеніміз бұл:
а) Ақындар сөз сынасады, елін, туған жерін дәріптеп жырлайды.
ә) Ән айту б) Күй шығарып орындау
13. Шындық сөзіне қарама-қарсы сөз?
а) достық ә) өтірік б) жауапкершілік
14. Туыстық атауды білдіретін мақал?
а) Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
ә) Кітап – алтын қазына
б) Оқумен еңбек егіз
Дүниетану
1. Адамның денесіне нелер жатады?
а) бас, мойын, кеуде, қол және аяқ
ә) ми, өкпе, мойын, кеуде
б) жүрек, бауыр, бүйрек
2. Адам денесін не жауып тұрады?
а) бұлшық ет ә) тері б) ет сіңірлері
3. Тері үсіген кезде не істейсің?
а) ақ дәкемен ораймын ә) сылаймын
б) жылы суға саламын
4. Егер жарақат үлкен болса:
а) қатты айқайлаймын ә) ұйықтауға тырысамын
б) дәрігерге көрінемін
5. Адам денесін қозғалысқа келтіретін мүше?
а) ми ә) қаңқа б) тері
6. Адам денесінде қанша сүйек бар?
а) 200-ге жуық ә) 100-ге жуық б) болмайды мүлдем
7. Қан айналымның негізгі мүшесі не?
а) ми ә) жүрек б) бауыр
8. Жүректі күту ережелері:
а) жаман әдеттер ә) спорт жаттығулары, таза ауа б) көп ұйықтау
9. Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем қандай?
а) суық суға шомылу
ә) теріні дәрімен залалсыздандырып, таза дәкемен байлап тастау
б) қолмен қысып ұстау
10. Ас қорыту мүшелері дегеніміз не?
а) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек жатады ә) мұрын, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе б) бас, мойын, құлақ
11. Адамның жүйке жүйесі неден тұрады?
а) бас, мойын, кеуде, қол
ә) өкпе, бауыр, ас қорыту мүшелері
б) мидан, жұлын, жүйке тамырлары
12. Терінің ең негізгі қызметі?
а) безендіру ә) қорғану б) сұлулық
13. Дәптер көзден ..... см болуы қажет.
а) 30-35 см ә) 20-25 см б) 10-15 см
14. Құлақ адамға ....... қажет.
а) кітап оқуға ә) әңгіме тыңдауға
б) тепе-теңдік қалыпты сақтауға
15. Мұрын қандай ағза?
а) есту ә) дәм тату б) иіс сезу
16. Желдің күші мен бағытын ....... құралы анықтайды.
а) тұсбағдар ә) карта б) желбағар
17. Жауын-шашын түріне нелер жатады?
а) бұлт ә) бұршақ б) тұман
18. Өзен неден құралады?
а) жылғалардан ә) құмнан б) теңізден
19. Судың үш түрлі күйі:
а) мөлдір, сұйық, түссіз
ә) сұйық, қатты, газ
б) ерігіш, қатты, жылы
20.Сирек және құрып кету қаупі бар жануарлар:
а) тіл жөніндегі заңға ә) оқулықта б) қызыл кітапқа енген
22. Балықтар немен тыныстайды?
а) өкпесімен ә) желбезегімен б) қанатымен
23. 8 наурыз қандай мереке?
а) кәсіптік мереке ә) жалпыхалықтық б) отбасылық
24. Тұсаукесер дегеніміз не?
а) салт-дәстүр ә) ертегі б) ойын
Математика
1. у-666=222 теңдеудің мәні нешеге тең.
а) 440 ә) 888 б) 936
2. Ұзындығы 10 м, ені 5м тіктөртбұрыштың периметрін есепте.
а) 50м ә) 30м б) 15м
3. 640 саны қай есептің мәніне тең.
а) 840-360
ә) 380+160+200
б) 20+530+150
4. Ғасыр жылдан көп пе, аз ба?
а) ұзақ ә) қысқа б) аз
5. 1 жыда неше ай бар?
а) 12 ай ә) 14 ай б) 10 ай
6. Тіктөртбұрыштың периметрі 20см, ал ұзындығы 5 см,енін тап.
а) 5 см ә) 6 см б) 3 см
7. Тіктөрбұрыштың ұзындығы 5 см, ені 3 см, периметрі қанша?
а) 18 см ә) 16 см б) 14 см
8. 272+326 өрнегінің мәні нешеге тең.
а) 598 ә) 600 б) 630
9. Саяхатқа баруға топ құрылды. Әр топқа 10 бала және 10 ересек адам жазылды.
Барлығы 8 топ болды. Саяхатқа қанша адам барады?
а) (10+8)+10 ә) (10+10)х8 б) (10х8)+10
10. 50х2 өрнегіне теңдік болуға қай өрнек сәйкес келеді?
а) 600:2 ә) 900:3 б)450-350
11. 8ц 45кг-ді кг-ға айналдыр.
а) 800кг ә) 845кг б) 853кг
12. Сыныпта 14 қыз бала және 12ер бала бар. Ойын кезінде олар тең 2 топқа бөлінді. Әр топта қанша баладан бар?
а) 12 бала ә) 13 бала б) 10 бала
13. 5 сандарының аралақтарына жақша немесе амал таңбаларын қойғанда 100 шығады. Қай қатарда?
а) 5...5...5 ә) 5...5...5...5 б) 5...5...5...5...5
14. (360+120):6 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 80 ә) 85 б) 83
15. 2 тәулік ....42 сағат салыстыр.
а) > ә) < б) =
16. 866 – а = 406 теңдеудің мәні.
а) 460 ә) 360 б) 560
17. 85:17 өрнегінің мәні.
а) 6 ә) 3 б) 5
18. у – 100 = 600 – 450 теңдеудің шешімі.
а) 200 ә) 250 б) 150
19. Қабырғалары 3см 2мм шаршының перимерін тап.
а) 12см 8мм ә) 10см 8мм б) 11см 8мм
20. 15 жаңғақты ағайынды 5 балаға тең бөліп беру керек. Ағайындылардың
әрқайсысына неше жаңғақтан тиеді?
а) 3 жанғақ ә) 2 жаңғақ б) 1жаңғақ
21. Кітапханада 57 оқушы отыр, бұл студенттерге қарағанда 4 есе кем. Студенттер
саны қанша?
а) 220 ә) 228 б) 130
22. 214х2+350:5 – 924:7 есепте
а) 363 ә) 360 б) 366

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген