"Математика сабағында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру"
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтып өткендей, ұстаз әрқашан ізденіс өз білімінің жоғарғы деңгейде болуына үнемі назар аударып отыруы керек. Қазіргі жиырма бірінші ғасыр- білім заманы. Басқа елмен тереземіз тең біліміміз теңесу үшін, білім жолына өте көп назар аударылып жатыр. Қазіргі заман талабына сай оқу үрдісінде көптеген жаңашыл ойлар, жаңа технологиялармен жұмыс жүргізіп, оқытқан шәкіртерімнің өмірде алатын орны көп болса екен деген ойдамын.Болашақта өсіп келе жатқан ұрпағымызды көшбасшылыққа өз ойын ашық түрде айта білуге, еліміздің туын көкке желбіретіп, оның өсіп өнуіне өз ықпалын тигізетін ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Ол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаз.
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, оған жетудің бірден – бір жолы әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үрдісін жетілдіру, жан – жақты дамыған, рухани жетілген жас ұрпақты қалыптастыру - өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмейтін мәселе.
Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі.Ал талапқа сай математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады.
Жаңа ақпаратгық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Осы мақсатта математика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және білімалушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.
Математиканың дамуына адамзат тіршілігінің дамуының басқа да түрлерін; тарихтың дамуын,өндірістік қатынастар мен өндірістік күштердің дамуы,мәдени тарихпен, техника, физика, астрономия, механика, философия тарихымен де тығыз байланысты. Демек, математиканың дамуына жетілдіріп,толықтырып, математика мен математикалық теориялардың, идеялардың дамуы емес – сол кездегі халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейіне сәйкес, білімнің дамуы зор ықпал етеді. Ал білімнің оқыту процесімен тығыз байланыстылығы мәлім. Сонымен қатар қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі әр түрлі бағыттағы математикалық әдістерді қолданбаса ғылыми – прогресстің болуы мүмкін емес. Бұл жерде математикалық дайын ақпараттарды қолдану ғана емес, ғылым мен техниканың дамуына ықпал ететін жаңа туындыларға жол ашу, мүмкіндік жасау. Бұл үшін қажет болған жағдайда жаңа идеялар айтатын, математикалық сауаты жоғары мамандар дайындау қажет.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: жаңа форматта сабақ өткізу барысында білім беру үрдісі нәтижелі болу үшін оқушылардың білімді өз бетімен меңгертуде мұғалім бағыттаушы ролінде болады. Білімді өз бетімен меңгеру барысы оқушының «өзін-өзі реттеу» үрдісіне жатады. Өзін-өзі реттеу арқылы балада түсіну, қадағалау, бақылау қабілеттері дамиды. Топтық оқыту әдісін қолдану кезінде оқушылардың өзін-өзі басқару, өзін-өзі бағалау топта оқушылардың білім деңгейін, ынтасын көтереді, бір-біріне көмектесу, бірінің білмегенің бірі толықтыру арқылы сенімділік артып, оқушының тақырыпты меңгерудегі олқы жерлерін бақылап, мұғалім мен оқушылар арасында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатылады. Математика сабағындағы топтық жұмыстар қолданылған жекелеген жобаларда толық топтарға қарағанда, шағын топтағы оқушылардың шығармашылық неғұрлым тиімді жұмыс істегені байқалады.
Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы:
- өз бетінше ізденіп оқуын ұйымдастыру, дамыту;
- тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту;
- сабақ сайын озық тапсырмалар беру;
- пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылап, өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарына көңіл бөлу қажет.
Америкалық педагог-математик Д. Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл — есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару».
Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыт тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі — оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Математика- барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді. Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады.
Қазіргі таңда оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістері және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу- тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті деп, «Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» деген нақыл сөзбен қорытындылаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977 – 454 бет.
2.Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. – Алматы, 2010. – 135 бет.
3.Қосанов Б.М. Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. – Алматы, 2005. – 72 бет.
4.Мұғалімге арналған нұсқаулық –2019ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика сабағында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру

шағым қалдыра аласыз