Тақырып бойынша 11 материал табылды

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ӨЗ БЕТІНШЕ БІЛІМ АЛУҒА БАУЛУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Белсенді оқыту әдісі, жаңартылған бағдарлама, сын тұрғысынан оқыту, топтық, жұптық жұмыстар, блум таксономиясы, критериалды бағалау, АКТ-ны қолдану, бірлесіп жұмыс жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұратбек Р.М.,

Математика пәнінің мұғалімі

Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі

Алтынсарин ауданы

Қостанай облысы


МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БЕЛСЕНДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ӨЗ БЕТІНШЕ БІЛІМ АЛУҒА БАУЛУ

Естігенімді –ұмытпаймын,

көргенімді есте сақтаймын,

өз істегенімді - меңгеремін”.

Конфуций


Белсенді оқыту әдісі, жаңартылған бағдарлама, сын тұрғысынан оқыту, топтық, жұптық жұмыстар, блум таксономиясы, критериалды бағалау, АКТ-ны қолдану, бірлесіп жұмыс жасау.


Аннотация

Қазіргі әлемдік білім беру жүйесіндегі ең өзекті проблемалардың бірі білім саласында «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» ХXI ғасыр – тәуелсіз еліміздің дүние жүзілік өркениетке өрлеу ғасыры. Білім жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады.[1] Осы мақаламның ең өзекті мәселесі білімді оқушылардың өздігінен қалай меңгертуге болады, ол үшін қандай жағдай жасалынуы керек, сонымен қатар қандай белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға болатыны жөнінде айтылған.


Өзім жаңа көзқарасты ұстаз болуым үшін жан-жақты ізденіс жасап, өз шәкірттерімнің алған білімдерін болашақта өмірлік қажеттеріне жарайтындай жағдай жасау керек деген мақсат қойдым. Бұл мақсатты жүзеге асырудың бірден бір себебі жаңартылған мақмұнды білім бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтағаннан бері жеке тұлғаны дамытуға бағытталған іс-әрекетімді жүзеге асыруды қолға алдым. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, алдына мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз.

Бағалаудың жаңа түрі еңгізілген бұл жаңартылған бағдарламада критериалды бағалау, дескриптор, рубрика, бағалау балл шкаласы еңгізілген жаңа жүйені оқушылар да ата-аналарда тез түсініп, игеріп кетті.

Математика пәні ойлауды талап ететін тапсырмалардан тұрады. Сондықтанда, сыни тұрғыдан ойлау есептеулер мен тапсырмаларды орындауда өте қажет. Осыған байланысты математика сабағында жоспар жасағанда көбінесе сыни тұрғыдан ойлауды дамытатын тапсырмалар әзірлеген жөн. Өйткені оқушылар берілген тапсырмаларды орындауда сыни көзбен қарау арқылы орындайды. Мұнда оқушылар бір-бірімен диалогқа түседі. Сабақта диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынасының жақсаратынын және олардың ойлау қабілеттері өрістейтінін,зияткерлік қырларының дамитындығын білдіреді.  [2]  Бұл орайда әр сабақта жету модульді кіріктіре отырып жоспарлаған жөн.  Математика сабағында АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануға қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. [1]. Олар біріншіден қосымша ақпаратты, термин сөздерінің мағынасын интернеттен алады. Интербелсенді тақта арқылы математика түрлі графиктер, сызбалар, видео - роликтерді, таныстырылымдар қарауға өте қолайлы.  Сыни тұрғыдан ойлау мен қатар, оқушылар бірін-бірі бағалау барысында да   дамиды, олар сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысады. [1] Мысалы әр бір топтық жұмыстың жұмысын бағалар кезінде олар өзара бағалау жұмысын жүргізеді. Мұнда жасалған жұмыстардан не жақсы жасалды?, жасалған жұмыс несімен жақсы жасалған?, нені өзгертуге болар еді?, оны қалай өзгертуге болар еді ? деген сұрақтар арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып, өзіндік көзқарастарын арттыруға болады.

Өзіндік көзқарастары бар оқушыларға тапсырманы өздері таңдап орындауға мүмкіндік берген кезде ғана оқушылардың өзіндік шешім қабылдай алатындарына көздері жетеді. Бағалау критерий мен дескрипторларды қолдана отырып, нені меңгеру керектігіне өздері жауап іздейді. Сондықтанда математика сабағында оқушылардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға бір-бірін тыңдауға, бірін-бірі құрметтеуге, ынтымақтастық ортада жұмыс жасауға жағдай жасау қажет. Берілген тапсырмалар оқушылардың жан-жақты ойлауына мүмкіндік туғызатындай тапсырмалар түрлерін көбейтіп, Блум таксономиясын қолдана отырып оқу мақсаттарына мән бере отырып қысқа мерзімді жоспарды сабақ жоспарын әзірлеу менің басты міндетім.

Пажарестің айтуы бойынша кез-келген әрекет жасау үшін ең алдымен адамға сенім керек. Осы Пажарестің "Сенім пирамидасы" бойынша: мұғалімде сенім пайда болғанда, оның көз-қарасы өзгереді, шешім қабылдайды, кейін іс-әрекет жасайды. Сол себепті оқушыларымыздың өзіне деген сенімін арттыру үшін, оларға өз ойларын жеткізуге мүмкіндік беруіміз керек. Мұнда мұғалім көшбасшы, бағыт-бағдар беруші ретінде танылады. [1]

 Александр мен Мерсердің зерттеулері бойынша "Оқушылар білімді мұғалімнен емес, бір-бірінен тез үйреніп, түсінетінін" айтады. [1] Сондықтан оқушыларымыз сын тұрғысынан ойлай отырып, қалай оқу керектігін түсінеді. Бұл орайда топтық жұмыстың ықпалы зор.  Топтық жұмыс арқылы оқушылар өздерін белсенді ұстайды, өз ойларын жеткізе алады, өзінің қабілетін ортаға салады,пікір алмаса алады.  Өзін-өзі бағалайды, қателерін түзетеді, сыныптастарына баға бере алады.Тыңдау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Жеке тапсырмалар орындау кезінде оқушының дарыны мен таланттарын ашуға мүмкіндік береді. Өткен тақырып бойынша қорытынды жасап, өз-өзіне баға береді.Бүгінгі іс - әрекеттеріне талдау жасайды және келешекке жоспар құрады.

Сонау 1998 жылдан бері қолданыс аясы кеңейіп, тамыр жая бастаған оқытудың бұл әдісі бүгінде бір ізділікке келгендей. Ғалымдардың айтуы бойынша адам бір жаңа нәрсені ойлар алдында бұрын бұл жайлы не ойлағанын жете түсініп, ұғынуы керек. Өзі сол тақырып туралы белгілі бір ойға келместен бұрын, баяғы пікірлерді, жинақтауы жөн (Пирсон, Хансен, Гордан 1979 ж.) екен. Шынында белсенді әдіс-тәсілдерді қолданғанда оқушылар қашанда болжамдарды таратуға белсене кіріседі, бірлесіп тұжырымдамалар мен идеялар ұсынады. [3]



Пайдаланылған әдебиет:


  1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған,2014 ж.

  2. Интернет желісі.

  3. «Кембридж университеті бағдарламасының негізінде тренерлердің тәжірибе алмасу матер -кластары». « «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы ҚР ББЖҚБАРИ-ның эксперттік кеңесінің 18 сәуір 2013 жылғы шешімі баспаға ұсынды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2020
1265
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12