400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика сабағында білім сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика сабағында білім сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика сабағында білім сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту

Мақсаты:

Математика сабағында білім сапасын арттыру және функционалдық сауаттылықты дамыту арқылы оқушылардың теориялық білімін тереңдетіп, оны күнделікті өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

Оқушылардың логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту;

Математикалық білімді шынайы өмірмен байланыстыру;

Функционалдық сауаттылықты арттыру үшін практикалық тапсырмалар енгізу;

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқыту үдерісін жетілдіру;

Саралап оқыту әдістерін пайдалану арқылы білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру.

Кіріспе

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде оқушылардың білім сапасын арттыру мен функционалдық сауаттылығын дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстандағы білім беру реформаларының негізгі мақсаты – білім алушылардың математикалық сауаттылығын арттырып, алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.

Математика сабағында білім сапасын арттыру жолдары

Математикалық білім сапасын арттыру үшін келесі әдістер мен тәсілдер қолданылады:

1. Сараланған оқыту әдістері

Оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмалар дайындау;

Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі есептер ұсыну, ал қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

2. Интерактивті оқыту

Диалогтық оқыту, сұрақ-жауап әдістері;

Ойын технологияларын қолдану (математикалық викториналар, логикалық ойындар).

3. Оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын дамыту

Жобалық және зерттеушілік тапсырмалар беру;

Оқушыларды дербес ойлауға, өз шешімдерін дәлелдеуге үйрету.

4. Ақпараттық технологияларды пайдалану

Интерактивті тақта, математикалық бағдарламалар (Wordwall,т.б);

Онлайн тесттер мен цифрлық платформалар ( Google тест, Quizizz, Kahoot, т.б.).

Функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары

Функционалдық сауаттылық – бұл оқушының алған білімін шынайы өмірде қолдана білу қабілеті. Оны дамыту үшін келесі тәсілдер қолданылады:

1. Өмірмен байланысты есептер шығару

Банк есептері, несие, салық, пайыздық өсім мәселелері;

Күнделікті тұрмыстағы өлшем бірліктерімен жұмыс (литр, килограмм, метр).

2. Графиктік сауаттылықты дамыту

Деректерді талдау, диаграммалар мен графиктерді оқу;

Нақты мысалдар арқылы статистикалық мәліметтерді түсіндіру.

3. Логикалық және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру

Логикалық есептер мен математикалық ребустар шығару;

Мәселе шешу дағдыларын дамыту. Түрлі ойындар «Бинго ойыны,сандар ойыны,көбейту кесте,т.б.»

4. Топтық және жұптық жұмыс

Бірлесіп есептер шығару, пікірталас ұйымдастыру;

Оқушылардың бір-біріне түсіндіруін ынталандыру.

Қорытынды

Математика сабағында білім сапасын арттыру мен функционалдық сауаттылықты дамыту – өзара тығыз байланысты үрдістер. Мұғалімдер оқыту әдістерін жаңартып, оқушылардың математикалық білімін өмірде қолдануына жағдай жасауы керек. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, олардың келешекте бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23.11.2025
72
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12