Материалдар / математика сабағында жаңа технологияны пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

математика сабағында жаңа технологияны пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
математика сабағында жаңа технологияны пайдалану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
942
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ - ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Қызылсу орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Биржанова А.К

Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.

«Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. Бұл Ұлттық жоспар – білім саласын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, күтілетін нәтиже нақты көрсетілген. Оқушыны субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы- оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Америка ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарлз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы зор. Бұл бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Сабақтың әр түрлі кезеңінде оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен  танымдық белсенділіктерін қамтамасыз ету үшін СТО жобасының әдіс- тәсілдерін қолданамыз.

Арасынан ең қажетті деп есептейтініміз:

•          Ойын түрлері;

•          Жеке және жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру;

•          Оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттерін ұйымдастыру;

•          Нақты жағдайлар жасау;

•          Сұрақтар қоюда ынталандыру диалогы;

•          Оқыту мәселелері.

Сын тұрғысынан ойлау- оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулыйтын бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздылыққа баулыйды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіңдегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.

Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі-сабақта ойындарды қолдану. Ойын-әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Оыйнды алданыш және жеңіл көңіл көтеру деп ойлайтындар математика сабағында мынадай әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады. «БББ» кестесінің алғашқы екі кестесін, яғни «не білем», «не білгім келедіні» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.

«ДЖИГСО» әдісінің артықшылығы-топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.

Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер: «Ыстық орындық»- бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақ анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

  «Математикалық сауаттылық» ұғымының мәнін ашуда 15 жасар оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны осы математикалық сауттылық ұғымына негізделген білім беру жетістіктерін халықаралық зерттеу (PISA) нәтижелері ерекше қызығушылық туғызады. Бұл зерттеуде «Математикалық сауаттылық адамның өзi өмiр сүретiн әлемiндегi математиканың рөлiн анықтау және түсiну, жақсы негiзделген математикалық пiкiр айта алу және бүгiнгi және ертеңгi қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн математиканы пайдалана алатын жасампаз, ынталы және ойлай бiлетiн азаматқа тән қабiлеттiлiк» ретінде анықталады. Сонымен аталған зерттеуде математикалық сауаттылық оқушылардың:

  • қоршаған болмыста туындайтын, математика құралдарымен шешiлетiн проблемаларды тани алу;

  • сол проблемаларды математикалық тілде тұжырымдай алу;

  • оны математикалық білім мен әдістерді пайдалана отырып шеше алу;

  • пайдаланылған шешу әдістерін талдай алу;

  • алынған нәтижелерді қойылған проблеманы ескере отырып түсіндіре алу;

  • қойылған проблеманы шешуде алынған соңғы нәтижені тұжырымдай және жаза алу Осындай тапсырмаларға мыналар мысал бола алады. (7-9 сыныптар):

1.Үй қабатының ара қашықтығы 3, 408 м. Қыз бала алтыншы қабатқа дейін лифтімен көтерілуі үшін 24 секунд уақыт жұмсады. Лифтінің жылдамдығын анықтаңдар.

А. 0,85 м/сек В. 0,71 м/сек С. 0,59 м/сек Д. 0,79 м/сек

2. Бақша күтушінің жеміс егетін жердің шекарасын белгілеуге арналған 48 м сымы бар. Ол төмендегі қай нұсқаны таңдай алмайды?



3. Сантиметрге дейінгі дәлдікпен өлшенген қарындаштың ұзындығы 19 см. Төмендегі жауаптардың қайсы қарындаштың ақиқат ұзындығын бейнелей алады?

А. 19,9 см В.18 см С. 18.9 см Д. 18.5 см.

4. 90 кг қоспада 5:3:1 қатынасындай тұз , қант және жарма бар.Қанттың мөлшерін анықтаңдар.

А. 10 В. 30 С. 40 Д. 50.

Осындай бағыттағы есептерді сабақ барысында қолдану арқылы ғана біз- алған математикалық білімдерін тиімді пайдалана алатын, өмірдегі кез келген жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдайтын, өзінің математикалық сауатты екенін дәлелдей алатын функционалдық сауатты тұлға тәрбиелей аламыз.

Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірбиеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA, TIMSS және PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген. Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс. Орта мектеп көлеміндегі математиканы оқытуға қажетті қабілеттілік–логикалық ойлауды дамыту, кеңістікті көз алдына елестету, кеңістік жөнінде түсінікті дамыту, өзінің жеке басының математикаға деген қызығушылығы оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру үшін мектеп бағдарламасынан тыс қиын есептерді, мәтінді есептерді шығаруға үйрету. Себебі қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда ұлттық мектепте шәкірттерді жоғары деңгейде маман болып қалыптасуына бағыт бағдар беруде математиканың рөлі ерекше. Математикалық есептерді шығару оқушылардың шығармашылық белсенділігіне байланысты,яғни оқушылардың ойлау қызметін жандандыру қажет. Мұғалім оларға әр алуан салуларды, түрлендіруді, есептеулерді орындауды, математикалық тұжырымдамаларды үйретумен бірге талқылауға, математикалық фактілерді салыстыруға, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету керек. Балалардың қабілеттіліктерін дамыту барысында туындайтын мәселер өте күрделі, әрі жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Пәнді оқыту барысында оқушылармен жеке жұмыс жасау, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды дамыту, оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу, іздену мүмкіндіктерін туғызу,мектептен тыс оқушыларға арнап тест құрастыру, ғылыми жобаларға, дыбыстық, графикалық, видео, мультимедия, гипер-текстік элементтермен қашықтықтан компьютерлік оқытуға қатысу арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады.
Стереометрия курысын оқыту барысында көпжақтарды,айналу денелелерін оқыту, олардың схемалық сызбаларын сызу,есепқұрастырып шығару, мультимедиялық кабинетті пайдалану, компьютердің көмегімен қолданбалы есептер шешу арқылы тәжірбие жинақтау. Көпжақтарды модельдеу оқушылардың кеңістіктегі елестетуін және конуструкторлық қабілетін дамытуға, геометриялық қолданбалы мүмкіндіктерді ашуға көмектеседі. Ақпараттың көптігінен оқушылардың есте сақтау, зейінін тұрақтандыру, мәселені шешуде жаңа шешімдер ұсынуда, оқу іс-әрекетін жоспарлауда қиындық тумау үшін Интеллект-картаны пайдалану керек.Интеллект-картаны құрғанда көп ақпараттың ішінен түйінді идея, ой, негізгі анықтамалар ғана қолданамыз. Ақпаратты интеллект-карта логикалық ойлауға және ассоцация әдісімен ақпаратты есте сақтауға негізделгендіктен көлемді ақпаратты меңгеруге мүмкіндік туады оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттайды. Интеллект-картаны қолмен, яғни парақ қағазға немесе электронды түрде компьютормен арнайы интеллект-карталарды салу бағдарламалары көмегімен пайдаланып салуға болады. Карталарды құрастыру барысында көп ізденіп, ақпараттарды талдап, негізгі ойды анықтап, ұғымдарды бір-бірімен байланыстырады. Математикалық қабілеттіліктерін анықтау үшін интеллект-карта тапсырмалары жақсы нәтиже береді. Оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін математика сабағында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалану өте тиімді.
Сонымен функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады.

Қорыта келгенде, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық – ғаламдық коммуникативтік желілерге шығу. Заман талабына сай  жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт- бағдар беруші мұғалімдеріміз оқушыларды жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»,-  деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор, сондай-ақ, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес.

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда – бүгінгі заман талабы. Педагогтің шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі – бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.







  1. Краснянская К.А. PISA-2006: Оценка математической грамотности 15-летних учащихся Народное образование. - №9. 2008. – С.169-179.

  2. Денищева Л.О., Глазков Ю.А., Краснянская К.А. Проверка компетентности выпускников средней школы при оценке образовательных достижений по математике Математика в школе, №6, 2008. –С.19-30.

  3. Осмоловская И. Ключевые компетенции и отбор содержания в школе Народное образование, №5, 2006. –С.77-80.

  4. Материалы к разработке национального стандарта среднего общего образования Республики Казахстан. – Алматы, 2004. – 78 с.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!