400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала өте жақсы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Абай облысы

Бесқарағай ауданы

«Нұрлыбек Баймұратов атындағы орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кешубаева Гульназ Сальвековна


«Тіл үйретер-ой қазына»


Бастауыш сынып оқушылары үшін тіл дамыту жұмыстары – олардың танымдық қабілетін арттырудың, ой-өрісін кеңейтудің және ұлттық құндылықтарды меңгертудің басты құралы болып табылады. «Тіл үйретер – ой қазына» атты авторлық бағдарлама 2-сынып оқушыларына арналған. Бұл бағдарламада оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне негізделген тіл үйрету әдістері қамтылған. Бағдарлама оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз ойын еркін жеткізуге үйретеді.

Бағдарламаның өзектілігі: ұсынылған бағдарлама қазіргі бастауыш мектеп оқушыларының тілдік құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Қазақ тілін үйретуде оқушының ойлау қабілетін қатар дамыту – уақыт талабына сай маңызды мәселе. Бағдарламада грамматика, морфология, синтаксис, мәтінмен жұмыс сияқты негізгі бөлімдер қамтылған, сондықтан оның өзектілігі өте жоғары.

Мақсаты

Оқушылардың сөздік қорын кеңейту, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері мен ұлттық құндылықтар негізінде тілге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеттері

1. Оқушылардың сөздік қорын байытуға бағытталған ойындар мен жаттығуларды енгізу.
2. Тіл дамыту жұмыстарында халық ауыз әдебиетінің үлгілерін (мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш) қолдану.

3. Әдеби шығармалар арқылы оқушылардың ойлау және қиялдау қабілетін жетілдіру.
4. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар ұйымдастыру.
5. Ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды таныстыра отырып, оқушылардың рухани дамуына ықпал ету.

6. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың өз ойын еркін, сауатты жеткізуге дағдыландыру

Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі: бағдарлама әдістемелік тұрғыдан бастауыш сынып оқушыларына қолайлы, жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалар жүйеленген. Ғылыми негіздеме тұрғысынан педагогика, тіл білімі және психология қағидалары ескерілген. Оқушының жеке тұлғалық дамуы мен танымдық белсенділігі ескерілген.

3. Жұмыстың жаңашылдық дәрежесі және үйлесімділігі:

Бағдарламада интерактивті әдістер кеңінен қолданылған: ойын элементтері, топтық жұмыс, комикс құрастыру, өлең жазу, рөлдік ойындар. Бұл тәсілдер оқушылардың қызығушылығын арттырады. Жаңашылдығы – дәстүрлі грамматикалық материалдарды шығармашылықпен ұштастырып беруінде. Бағдарламаны қала, аудан, аймақ және республика көлемінде тиімді қолдануға болады.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар жылдам әрі жүйелі талдау дағдысына қалыптасады.

Сөздердің дұрыс жазылу ,сауатты әрі әдемі жазуға дағдыланады.

Грамматикалық тапсырмалардың мағанасына қарай дұрыс,әрі қатесіз орындауға үйренеді.

Талдау түрлерін үйрене отырып,қызығушылығы артады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.10.2025
67
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі