Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№51
орта мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Кенжебекова Айгул Жумаковна
Математика пәні
мұғалімі.
Педагог-шебер.
Математика сабағында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа
дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – нәтижелі білім беру, білім
сапасын арттыру және рухани дүниесі бай жан - жақты дамыған тұлға
тәрбиелеу, оқытудың жаңа
технологиясын енгізу,білім беруді
ақпараттандыру. Бүгінгі дамыған заманда оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі
болып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8 – бабында «Білім
беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен іс - тәжірибе жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап
көрсетілген.
Ұстаз –
оқушы тұлғасын қалыптастырушы және тәрбиешісі деп білемін. Ол
өзіне, әріптестері мен оқушыға да білімі терең, әдістемелік
шеберлігі педагогикалық талаптардың іс-әрекеттеріне сай, алдына
қойған мақсатқа қол жеткізу үнемі шығармашылық ізденісте жүретін
іс-әрекет иесі.
Мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеріп, жаңа
технологиялардың әдіс-тәсілдерін таңдап, оларды тиімді және
шығармашылықпен қолдану. Заман талабына сай сапалы білім беру үшін,
әр пән тартымды да қызықты өтілуі керек. Қазіргі таңда біздің
алдымызға қойған мақсатымыз – заман талабына сай, бәсекеге
қабілетті, өз ойын еркін айта алатын жеке тұлға етіп
тәрбиелеу.
Функционалдық
сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану
дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның
мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы.
Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған
азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып
табылады.
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда
ойлау
-шешім қабылдай
алу
-өз кәсібін дұрыс таңдай
алу
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы
болып табылады.
Бүгінгі күн талабына сай
жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы
бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап
шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы
математикалық сауаттылық.
Математикалық
сауаттылық
- математиканың әлемдегі рөлін анықтау
және түсіну;
- әртүрлі формада берілген сандық
ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;
-
дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;
-
есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі
тексеру, өмірмен байланыстыру;
-
математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі
мәселелерді шешуде еркін қолдану.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы
«математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық
салалармен) сипатталады:
- білу
(еске түсіру);
- қолдану (байланыстарды
орнату);
- ойлау (пайымдау).
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру,
талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру,
қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу
үшін математиканы дәлме-дәл қолдану
қабілеттілігі.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: «Алған
білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті
өмірлерінде:
-
қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым
есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік
есептеулер жүргізу;
- ең
қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және
зерттеу;
-
нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу,
оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін
түсіндіру;
-
геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы
есептерді шешу;
-
диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық
мәліметтерді танып білу, талдау;
- оқып
игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде
қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу
(моделдеу);
-
шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін
есептеу».
Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері (танымдық
салалар):
Білу (еске
түсіру):
Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және
есептеу; график пен кестеден мәліметтерді алу; құралдарды қолдану;
классификациалау, математикалық объектілерді танып
білу.
Қолдану (байланыстарды орнату):
Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты
талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды
орындау; стандартты есептерді шешу.
Ойлау (пайымдау,
тұжырымдау):
Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау;
қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс
айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді
шешу.
Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес әрбір тапсырма
математиканың мазмұнды бөлімдерінің біріне сәйкес
келеді:
- сандар;
- кеңістік және
форма;
- өзгерістер мен
қатынастар;
- белгісіздік
Жаңа
технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу
- ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол,
оқушы:
• мақсат қоюға үйренеді;
• есте
сақтау қабілеттері дамиды;
• басқалармен бірігіп жұмыс
жасайды;
• кітаппен жұмыс жасауға
үйренеді;
• қатарынан қалмауға тырысады;
• дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте
түседі;
• әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген
сенімсіздіктен арылады.
• күшті сыныптарда оқуға деген ынта
артады.
• білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу
жеңілдейді
• өздігінен жұмыс істеуге
дағдыланады.
Математикалық сауаттылық – функционалдық
сауаттылықтың бір бағыты.
1. Сандар
тізбегі белгілі бір ережеге сәйкес қойылған. Сұрақ белгісінің
орнына сәйкес келетін сан: 15; 12; 13; 10; 11; 8;
?.
2.
Байланыстырып тұрған темір жолдың ұзындығы 900 км болатын екі темір
жол бекетінен бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шығып, жол ортада
кездесті. Бірінші пойыз екінші пойыздан 1 сағат кеш шықты. Егер
1-ші пойыздың жылдамдығы 2-ші пойыздың жылдамдығынан 5 км/сағ-қа
артық болса, онда осы пойыздардың жылдамдықтарын
табыңыз.
3. Сандар
тізбегі белгілі бір ережеге сәйкес қойылған. Сұрақ белгісінің
орнына сәйкес келетін сан:
4. Егер 2
кг банан, 3 кг анар және 1 кг алма 1300 тг, ал 6 кг банан, 10 кг
анар және 3 кг алма 4200 тг тұрса, онда 1 кг анар қанша
тұрады?
5. Бір
жұмысшы белгілі бір жұмысты 10 күнде, ал екінші жұмысшы сол жұмысты
15 күнде бітіреді. Екі жұмысшы бірігіп сол жұмысты неше күнде
бітіреді?
6. Үш
ағайынды кісінің жастарының қосындысы 42. Үш жылдан кейін
жастарының қосындысы қанша болады?
7. Отбасы
әкесінен, шешесінен және төрт баладан тұрады. Балалардаң орташа
бойларының ұзындықтары 120 см, ал әкесі мен шешесінің орташа
бойларының ұзындықтары 174 см. Отбасы барлық мүшелерінің орташа
бойларының ұзындықтары қанша? Еліміздің қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің басты
мақсаты құзыретті, функционалдық сауатты тұлға қалыптастыру болып
табылады. Бұл мақсатқа жету үшін
жаңа мазмұнды оқу курстары оқушылардың алған теориялық білімдерін
практикада қолдану дағдыларын қалыптастыруға негізделген болуы
керек.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Н.Ә.
Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту– Қазақстан дамуының
басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 27 қаңтар 2012
жыл
-
Мектеп
оқушыларының функционалық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016
жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
-
PISA
халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал - Астана ,ҰББСБО,
2013