Тақырыбы:
«Математика сабағында оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту
жолдары»
Мақсаты:
Математика сабағында оқушылардың ойлау, талдау,
өмірмен байланыстыру қабілетін дамыту әдістерімен
бөлісу;
Міндеттері:
-
Функционалдық сауаттылық ұғымын
нақтылау.
-
Математикадағы өмірлік жағдайға негізделген
есептерді құрастыру тәсілдерін талдау.
-
Топтық жұмыс арқылы әдіс-тәсілдер жинағын
қалыптастыру.
Өткізу формасы:
Тренинг / коучинг
? КОУЧИНГ БАРЫСЫ
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. «Сандар сөйлейді» сергіту ойыны: әр
қатысушы өз туған күні санымен байланысты қызықты факт
айтады.
2. Кіріспе
бөлім
Тақырыпты таныстыру.
«Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?» — миға шабуыл
әдісі.
3. Теориялық
бөлім
Презентация: Функционалдық
сауаттылықтың 4 бағыты (жаратылыстану, математикалық, оқу,
азаматтық). Математикадағы маңызы.
4. Тәжірибелік
бөлім
Мұғалімдер 3 топқа бөлінеді.
Әр топ өмірлік жағдайға негізделген есептер құрастырады және шешу
жолдарын ұсынады.
5. Рефлексия және
талқылау
«Менің сабағымда қолдануға
болады…» — идеялар шеңбері.
6.
Қорытынды
Кері байланыс парағын
толтыру.
? ТАПСЫРМАЛАР
ЖИНАҒЫ
1-тапсырма: «Өмірмен
байланыстыр»
Берілген есепті өмірлік
жағдайға бейімде:
Мысалы: 36 алма 6 балаға тең
бөлінді. Әр бала неше алма алды?
? Функционалдық
нұсқа:
Мектеп асханасында 36 алма
сатып алынды. Оларды 6 сыныпқа тең етіп бөлгенде, әр сыныпқа неше
алма тиеді?
2-тапсырма: «Күнделікті өмірден
есеп»
Мақсат: Оқушының математикалық
ойлауын өмірлік тәжірибемен байланыстыру.
Мысал:
Анасы дүкеннен 2 кг қант (560
тг/кг) және 1 л сүт (480 тг) сатып алды. Барлығы қанша теңге
төледі?
Егер 2000 тг берсе, қанша
теңге қайтарым алады?
3-тапсырма: «Суретпен
жұмыс»
Мақсат: Көрнекілік арқылы есеп
шығару және талдау.
? Сурет: көкөністер бағасы
кестеде берілген.
Мысалы:
Өнім
Бағасы 120 тг -
3кг
Салмағы 180 тг – 2
кг
Картоп 150 тг - 1
кг
Сұрақтар:
Барлығы қанша теңге
төленеді?
Егер 2000 тг берсе, қанша
қайтарылады?
Қай өнім ең арзан? Ең
қымбат?
4-тапсырма: «Артық, кем, тең» (ойын
түрінде)
Мақсат: Оқушылардың логикалық
ойлау қабілетін дамыту.
Мысалы:
Егер 5 алма мен 3 алмұрттың
бағасы 600 тг болса, ал 2 алма мен 4 алмұрт 520 тг болса, бір
алмұрттың бағасы неше теңге?
5-тапсырма: «Құндылыққа негізделген
есеп»
Мақсат: Оқушы бойында
үнемшілдік пен жауапкершілік құндылығын
қалыптастыру.
Мектепке арналған құралдарға
3500 тг жұмсалды. Қалам 200 тг, дәптер 150 тг. 5 дәптер мен 3 қалам
алынды. Ақша жетті ме?
6-тапсырма: «Кері есеп
құрастыру»
Мақсат: Шығармашылық және
талдау дағдыларын дамыту.
Мұғалім мысал келтіреді, ал
қатысушылар соған кері есеп құрастырады.
Мысалы:
Есеп: Бір кітап 600 тг тұрады.
3 кітапқа қанша теңге кетеді?
Кері есеп: 3 кітапқа 1800 тг
кетті. Бір кітап неше теңге тұрады?
? Қорытынды
бөлім
Коуч қатысушылармен «INSERT»
кестесі арқылы кері байланыс жасайды:
| Не білдім? | Не үйрендім? |
Қайта білгім келеді ?|
«Ахмет Байтұрсынұлы
атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектеп - бөбекжай –балабақша»
КММ

Коучинг
тақырыбы:
«Математика сабағында
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
жолдары»
Өткізген: Екібасова Рысжан
Айқынқызы.
2025-2026 оқу
жылы