400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қандай кедергілер бар?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қандай кедергілер бар?Ол үшін мына екі сұрақты өзіме қойдым.

Оқушылардың оқуында қандай кедергі бар?

Математикалық тілде сөйлемеу,ережелерді практикада қолданбау,мәтін бойынша сұрақ құрастыра алмау.

Менің оқытуымда қандай кедергі бар?

Жазба жұмысын дұрыс ұйымдастырмау,мысалдарды қоршаған ортадан көрсетпеу,сұрақ құрастыруға жиі тапсырма бермеу.

Осы аталған кедергілерді болдырмау үшін оқу-жазу сауаттылығы,математикалық сауаттылығын басшылыққа алдым.Мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтижелерді анықтадым.

Мақсат:Оқушылардың математикалық сауаттылығын әр түрлі сұрақтармен мәтін,жазба жұмыстар арқылы дамыту

Міндеттер:-Жазба жұмысымен айналысу;-Сұрақ құрастыруға үйрету; -Математикалық тілде сөйлеуге дағдыландыру; -Оқушыны кері байланыс жасай білуге қалыптастыру;-өздігінен ізденіп, алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету;

Күтілетін нәтиже:Еркін жазу стратегиясын қолданады,Өз бетінше сұрақ құрастырады,Математикалық тілде сөйлейді,Тиісті кері байланыс жасайды,Өзіндік оқуға белсенділігі артады

Шешу жолдары: Бірнеше әдіс-тәсілдерді қарап солардың ішінде пайдалы,сабағымда нәтиже болады деген стратегияларды тәжірибеме енгіздім. Еркін жазу стратегиясы,математикалық дикатант,венн диаграммасы,эмоциялық сұрақтар.

Еркін жазу әдісі мен үшін неге тиімді болды?

Жазба жұмысы арқылы оқу сауаттылығы артады,өз ойын елестете отырып жазады,қатесіз сауатты жазуға дағдыланады,жазу үшін бірнеше қосымша материалдар іздейді.Практика барысыныда осы дағдыларды балалардан байқадым.Қабілеті төмен оқушылардың өзінде ізденіс болады.Теориялық білімі жазбаша түрінде қалыптасады.Оқушылардың оқуға қызығы артады.Әсіресе 6 сынып оқушылары берілген тақырып бойынша ертегі құрастыруда белсенділіктері байқалды.Эмоцияға берілетіндіктерін көрдім.

Математикалық диктанттың пайдасы қандай?

Математикалық дикатант қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.Жеке жұмыс жасайды.Саралаудың қарқын түрі.Уақытты дұрыс пайдалануды үйренеді.Математикалық диктантты алдарына бере салуға болмайды.Дикатант ауызша оқылады.Оқу барысында математикалық терминдерді дұрыс қолдану,дұрыс жаза алу,дұрыс шешімін анықтай алу.Осы үш қадам дұрыс орындалса күтілген нәтижеге жетемін.Яғни бала математикалық сөйлемді оқи алуға,оны жаза алуға,шешімін анықтай алуға дағдысы қалыптасады.

«Венн диаграммасы» әдісі оқушыға не береді?

Балалар берілген тақырып бойынша барлығының ортақ қасиеттермен салыстырмалы ерекшеліктерін табады.Теориялық білімі шыңдалады.Шамалардың ұқсастығы,ерекшеліктерін ажырата алады.Математикалық сауаттылықта берілген тапсырмаларды да венн диаграммасы арқылы шығаруға болатындығын байқады.

Схема түрінде берілген тапсырмалар балаға не береді?

Әр баланың қабылдауы әр түрлі.Бір бала көру арқылы жақсы жасай алса,біреуі тыңдау арқылы жақсы меңгереді,ал кейбір оқушылар схема ақылы тез түсініп орындайды.Схема арқылы берілген тапсырма бала үшін қызықты,себебі көз алдында сурет арқылы бейнеленіп тұр.

Проблемаларды шешу үшін сұрақ беру мен сұрақ қоюдың тиімділігі қандай?

Сұрақ қоюдың тиімділігі аса маңызды екені практика жүргізу барысында анықталды. Сұрақ қоюда оқушылардың реакциясы немесе қабылдауы қалай болатындығын байқап көрдім.Байқағаным төмен дәрежелі сұрақтар қойған кезде «жабық» яғни сұрақтардың жауабы «иә», «жоқ», «дұрыс емес» сияқты қысқа болса балаларлың қызығы жоғалады.Жабық сұрақтар оқушыны жалықтырып жіберетінідігін көрдім.

Ал жоғары дәрежелі сұрақтарды қойған кезде оқушылар белгілі бір ақпаратты қажетіне қарай қолдануға тырысады. Сонымен бірге жауаптарын кең, дәлелді түрде, өзінің ойын түсінікті де, тиянақты етіп береді.

Әңгіме жүргізу дағдылары оқушыларға жайдан жай келе салмайды, балалар бірлескен әңгіменің мәнін ұғынып, қабылдау үшін мұғалімдерге оларды бағыттап отыру керек болады.Не арқылы бағыттау керек деп ойлайсыздар? Әрине, сұрақ арқылы,шешімін анықтай алатындай бағыттаушы сұрақтар қою маңызды.

Алдағы уақытта нені жақсартуыма болады?

Оқушыға үйге тапсырманы сұрақ арқылы беріп жіберу.Нақты сұрақтан жауап алуға мүмкіндік туады.

Мысалы: Үшбұрыш туралы жазып кел

1.Сен нені бақыладың?

2.Неге ол сені қызықтырды?

3.Ол туралы жаңаша не білдің?

4.Сенде қандай сұрақтар туындады?











































«Т.Рысқұлов атындағы орта метебі және МЖИ» КММ











Математика сабағында оқушылардың

функционалдық сауаттылығын қалыптастыру











Орындаған: математика пән мұғалімі Султанбекова Л.

















Ұзынағаш 2020

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
706
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі