жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математика сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асыру
Математика сабағында пәнаралық байланысты қолдана отырып , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Анар Утепбергенқызы Шайкова
№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі
математика пәні мұғалімі
Мектептің
алдына қойған ең негізгі мақсаттардың
бірі – ғылым
негіздерін оқытудың
ғылыми деңгейін арттыру. Бұл мақсаттың
орындалуы мектеп курсының мазмұнына,
оқу үдерісінің ұйымдастырылуына,
оқытудағы қолданылатын әдістер мен
әдістемелік тәсілдердің тиімділігіне
байланысты. Сонымен қатар осы міндеттің
орындалуына пәнаралық байланыстардың
алатын орны ерекше.
Пәнаралық байланыстар дегеніміз -
жаратылыстану - математикалық цикліндегі
пәндер мазмұнында табиғаттағы нақты
өзара байланыстардың реттеліп бейнеленуін
қамтамасыз ететін дидактикалық шарт.
Математикалық
ерекшеліктердің арқасында ол үшін
пәнаралық қатынастардың жүзеге асырылуы
өмірмен тәжірибенің, оқытудың байланысының
қағидасы талаптарының бірі болып
саналады.
Мектеп
математика курсындағы пәнаралық
байланыстарды анықтау білімді терең
игеруге, ғылыми көзқарасты, материалдық
дүниенің бірлігін, табиғат пен қоғамдағы
құбылыстардың өзара байланысын
қалыптастырады. Мұның өте үлкен тәрбиелік
мәні бар. Сонымен қатар оқушылардың
ғылыми білім деңгейін жоғарлатады,
олардың шығармашылық қабілеттерін және
логикалық ойлау қабілетін дамытады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
материалды оқуда қайталауды жояды,
уақыт үнемдейді және оқушылардың жалпы
ғылыми білім мен біліктілігі қалыптастыруға
қолайлы жағдайлар жасайды.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі.
Математикалық, оның ішінде геометриялық ұғымдар мен түсініктер, заңдылықтар мен сызба есептердің бейнелеу өнері және сызу сабақтарында өте көптеп кездесуі - пәнаралық байланыстар үшін қажет оқу материалдары.
«Математика ғылымы – барлық ғылымдардың патшасы» деген тарихи-ғылыми тұжырымды ескере және ол ғылымның оқушының ойлау, ес, қайта жаңғырту үрдістерін дамытуда ерекше маңызы барын анықтай отырып, оның бейнелеу өнерімен байланысына тереңірек мән берген абзал. Қарапайым геометриялық фигураларды салу мен күрделі пропорция, симметрия сияқты заңдылықтарды біліп, оларды игеру математика мен геометрияның көмегінсіз мүмкін емес.
Математика және тіл дамыту.
Оқушылардың тілін дамыту – математиканы оқытудың негізгі мәселесінің бірі болып табылады. Осы мәселенің табысты шешілуінен оқушылардың оқу материалды түсіндіру ептіліктерінің қалыптасуымен байланысты математикалық қабілеттерінің дамуына әсер ететін жұмысты бірінші сыныптан бастау керек.
Қазақ тілі және ана тілі сабақтарындағыдай, біз математика сабақтарында ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарын жүргіземіз, сонымен оларға мынадай талаптар қойылады: мазмұндық, куәлілік, анықтылық, дәлдік, логикалық. Осы талаптардың барлығы комплекстік түрде жүзеге асырылады.
Мынандай жаттығуларды ауызша сұрау кезеңінде ұсынылады:
Екпіндерін сақтап, сөздерді оқыңдар: километр, миллиметр, есептеу,
қосу, шешу т.б.
Оқыңдар: 29-дан шегеру, 36-ға қосу, 45-ті қосу.
Егер оқушылар септіктерді дұрыс қолданбаған болса, онда мұғалім оларға көмектесіп, өзі оқып, оқушылардың біреуін оқытады. Осылай сабақтан сабаққа дейін мұғалім оқушыларды математикалық ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс оқытуды үйретеді.
Математика және физика.
Математикамен физиканың пәнаралық байланысын күшейту оқушылардың екі пәннен де үлгерім сапасын жақсартады,сонымен бірге олардың практикалық жұмысқа дайындалуына көмектеседі.Мысалы 5 сыныпта оқушыларда бағыт ұғымы қалыптаса бастайды және бұл ұғым 7 сыныпта геометриясында дамытылады.Бағыт туралы алғашқы ұғымының негізінде 7 сынып физикасында күш ұғымын векторлық шама ретінде,одан соң бір түзудің бойында бір жаққа қарай немесе қарама қарсы бағытталған екі күштің қосындысын үйрене бастайды.Вектор ұғымының геометрия оқулығындағы сиппатамсы оның физикалық түсіндірмесінен бұрын беріледі,сондықтан оқушылар геометрияда да,физикада да вектор деп аталатын ұзындығы мен бағыты арқылы танысады.
9-10 сыныпта геометрия курсында жазықтықта және кеңістікте векторлар түсінігі және амалдар қолдану тақырыбы физика сабағында да кездеседі
Векторларды қосу. Бірнеше векторларды қосу.
Дененің координаталары және орын ауыстыру векторының проекциялары.
-орын
ауыстыру векторының х не у осіндегі
проекциясы сәйкес координатаның
өзгерісіне тең.
Геометрияда вектор ұғымы бағытталған кесінді ретінде анықталады,себебі геометрияның курсында векторға анықтама беру үшін күш,жылдамдық,үдеу сияқты алғашқы физикалық мысалдары қарастырылады.10 сыныпта математика мен физиканың пәнаралық байланысын нығайтуға мүмкіндік беретін математикалық ұғымдардың бірі шекке көшу. Туынды тақырыбын өткенде физикалық шамалар лездік жылдамдық,үдеу,ток күші,токтың тығыздығы т.с.с ұғымдар арқылы түсіндіріледі.Туынды сияқты математикалық ұғымды игерген оқушылар физиканың теориялық игеруге мүмкіндік алады.
Мектеп математикасының өзекті ұғымдарының бірі «Функция» ұғымы 6 сыныпта анықтамасы және берілу тәсілдері қарастырылады( графикалық, кестелік, аналитикалық ) .Мысалы сызықтық функция ,оның графигі және бұрыштық коэффицент ұғымдары калыптастырылып одан әрі дамытылады.Мұның өзі физика сабақтарында функциялық тәуелділіктің физикалық мағыналарын түсіндіруді,физикалық құбылыстардың графиктерін салуды қамтамасыз етеді. Жоғары буындарда «Алгебра және анализ бастамалары» курсында көптеген тақырыптар физикалық мағынасы арқылы түсіндіріледі.
Математика және химия
Математика мен химияның бір қатар салалары өзара байланыста болады.Әр түрлі химиялық реакцияларға түсетін элементтердің байланысы функциялық тәуелділік арқылы өрнектелетіні белгілі. Мысалы:тура пропорционалдық тәуелділік у=кх заттың мөлшері мен химиялық реакция кезінде бөлінетін немесе жұтылатын жылу энергиясының арасындағы байланысты есептеуге пайдаланады.5 сыныпта процент,пропорция ұғымының анықтамасы беріледі.Осы ұғымды пайдаланып оқушылар әртүрлі химиялық есептер шығарады концентрацияға байланысты.
Аналитикалық тәсілмен шығару
1.
Теңіз суында 5% тұз бар. Массасы 80кг
болатын теңіз суынан 4% тұзды су алу үшін
қанша кг тущы су қую керек?
х кг -
ІІ ерітіндідегі тұщы судың массы
у
кг - І ерітіндідегі тұздың массасы
Пропорция
құрамыз
Таблица құру әдісі
Есеп 2.Құрамында 10% -тік және 25%-тік тұз ерітіндісі бар екі қоспаны араластырып, 20%-тік 3кг ерітінді алынған.Әрқайсысынан қанша ерітінді қосылған?
Шешуі:
Теңдеу құрамыз: 0,1х+0,25(3-х)=0,6
0,1х+0,75-0,25х=0,6
-0,15х= -0,15,х=1 3-х=3-1=2 Жауабы: 1кг ;2кг
Математика және сызу
Математика мен сызуды оқытудың байланысы ұғымдық байланыстарға негізделген. Расында ,бұл екі пәнде материялық дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастарын үйретеді.Геометрия пәнінін оқыту мақсаты жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерімен таныстыру,кеңістік ұғымдарымен кеңістік жөніндегі түсініктерді дамытуекендігі көрсетілген болса, ол сызу курсында да жүктеледі.Сондықтан геометрия курсы мен сызуды оқытудың байланыстарын нығайту себептерінің бірі оқушылар геометрияда да,сызуда да фигуралардың сызбаларын салуды үйретеді.Сондықтан мұғалім фигураларды дұрыс салуға талап ету керек.Геометрияда қолданатын сызғыш,циркуль, транспортир сияқты сызу құралдарын кеңінен пайдаланады.
Геометрия сабақтары мен сызудың байланысын нығайтудуң басты міндеттерінің бірі сызба сығанда оның геометриялық мағнасын білумен бірге ,констукциялық мәнін де түсінуі тиіс.
Мысалы ,келесі есептерде сызу және технология пәнімен байланысы бар
1.Фанерден
өлшемдері 40 см, 20 см, 15 см болатын
тікбұрышты параллелепипед түріндегі
ашық қорап жасау керек. Қорапты жасау
үшін қанша фанер керек? Оның көлемі
қандай болады?
2.Ұзындығы
25 м, ені 6 м және тереңдігі 3 м тікбұрышты
параллелепипед пішіндегі бассейн салу
үшін котлован қазылды. Ол үшін қанша
куб метр жер алыну керек?
3.Аквариумнің өлшемдері 80 см, 45 см, 55 см. Су деңгейі аквариумнің жоғарғы шетінен 10 см төмен тұруы үшін қанша су құю керек?
Математика және география
Математика мен география сабақтарында пәнаралық байланыс негізінен ұғымдық байланыстарға сүйенеді.Мәселен градус,климат,Жердің формасы мен қозғалысы жайындағы ұғымдар алдымен оқушылардың кеңістік жөніндегі түсініктерінің даму дәрежесіне байланысты.
География курсында диаграммалар,графиктер,картограммалар,әр түрлі статистикалық мәліметтер кездеседі.
Мысалы : 6 сыныпта масштаб тақырыбын өткенде оқушылар өз беттерімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Картамен жұмыс жасауды үйренеді.Бұл тақыырып 7 сыныпта физикалық география пәнінде «Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу.Масштаб» сабағында қарастырылады.
Нысанның жер бетіндегі нақты өлшемінен картадаға кескіндердің қаншалықты кішірейтілгенін анықтау үшін масштаб қолданылады. Масштаб арқылы планнан немесе картадан қашықтықты табу.Карталар мазмұнына және масштабына қарай жіктеледі.
Масштабқа арналған
тапсырмалар:
1.
Масштабтарды сандықтан атаулыға және
керісінше айналдырып жазу.
а) 1: 2000 – 1 см-де...20 м г) 1 см – 1000 м, бұл....1: 100000
б) 1: 1000000 – 1 см-де.....10 км д) 1 см – 200 км, бұл....1: 20000000
в)
1: 50000 – 1 см-де...500 м е) 1 см – 30000 м, бұл....1:
3000000
2. Масштаб 1: 5000. Жер бетіндегі
қашықтық 260 м болса картадағы қашықтықты
(ұзындығын) табу.
Берілгені: Масштаб
1:5000 – атаулық масштабты табу. 1 см-де 50
м
1км – 1000 м J – картадағы қашықтық
1
м – 100 см L – жер
бетіндегі қашықтық
260м
26000
см
3.
Токио және Пекин қалаларының картадағы
қашықтығы 30 см, яғни нақтырақ айтқанда
– 1500 км. Картаның масштабын анықтаңыз.
Шешуі: 30
см – 1500 км
1см – х
Х = 1500км : 30см = 50 (км) = 50000 (м)=5000000(см)
Жауабы: 1
: 5000000
Қорыта айтқанда ,оқушылардың математикалық білімі математикалық теорияларға негізделген географиялық ұғымдарды ойдағыдай игеруге мүмкіндік туғызады.Екінші жағынан математика сабақтарында географиялық материалдарды пайдалану ,математиканың географиядағы қолданымын нақты деректермен көрсету сабақты жандандыруға, оқушылардың математикалық білімін баянды болуына ,олардың белсенділігін арттыруға және қызығушылығын тудыруға әсер етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бейсенбаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру». Алматы – 1995 ж.
Баянбаев Ж. Б. «Педагогика» Астана 1998 ж.
» «Қазақстан мектебің 1993 ж. №9 20-24 бет.
Бейсенбаева А. А. «Педагогика курсының лекциялары» Мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пәнаралық байланыс» Алматы Абай атындағы КазПУ 1991 ж.
Балтаев А. Д. «Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық психологиялық негізің Алматы 1994 ж. 30 бет.
Уикипедия,қазақша ашық энциклопедия

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген