Материалдар / Математика сабағында қолданылатын белсенді және интербелсенді әдістер.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика сабағында қолданылатын белсенді және интербелсенді әдістер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады.Оқыту мен білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүйелі қолдануды ұстанамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2021
1425
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР



Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ, аға оқытушы, тренер

ЕГЕМБЕРГЕНОВА МАРЖАН ЫБРАЙХАНҚЫЗЫ



Қазіргі біздің қоғамға жоғары білікті, кәсіби дайындалған, шығармашылықпен ойлайтын оқушылар қажет. Заманауи білім берудің стратегиясы-әрбір адамда табиғаттан берілген шығармашылық тума талантты жан -жақты дамыту болып табылады.

Оқыту жүйесі белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты ойластырылып,  тиімді қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың білімді меңгеруіне жеңіл тиеді. Мұғалім әдістемесі көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады.

Мұғалімнің сабағында белсенді әдіс-тәсілдер тиімді қолданылып, дұрыс нәтижеге жетсе, мұғалімнің мақсатының орындалғандығы. Мен өз сабақтарымда, яғни, математика пәндерін өту барысында сабақ мақсаты мен міндеттерінің сабақтаса қойылуына үлкен мән беремін. Сондай-ақ берілетін білімнің көлемі мен сынып оқушыларының білім деңгейі де ескерілуі қажетті.

Оқушының алған білімін өзі өңдеп, қорытындысын өзі дайындауға үйрету керек. Сонда ғана оқушы шығармашылыққа бет бұрып, ізденімпаздықты үйренеді. Мұғалім - басқарушы, ұйымдастырушы. Оқушы - ізденуші, орындаушы. Әрбір сабақтың нәтижеге бағытталып берілуі оқушы құзіреттілігін қалыптастырады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға арналған зерттеулердің негізгі ерекшеліктері олардың оқу сабақтарын балалар үшін қызықты, тартымды және маңызды етуге бағытталуы болып табылады.Оқыту мен білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүйелі қолдануды ұстанамын.

1.«Көпжақтар» әдісі бойынша тұжырымдамалық кестелер толтыру

Салыстыру шарты

Үшбұрышты призма

Төртбұрышты

пирамида

Текше

Паралле

лепипед

Тетраэдр

Сызбасы






Төбелерінің саны






Жақтарының саны






Қабырғалар саны









«Көпжақтар»-дың 6 жағына сұрақтарды жазып, топтың алдына тастау арқылы сабақты Блум бойынша талдатуға болады. Сабақты толық қорытындылату үшін тапсырма түрінде алуға болады.Қатты қағаздан текшені даярланып, оның әр жақтарына тапсырмалар жазылады.

1-жағы: Мынаны жаз ... (Түсін, түрін, өлшемін немесе басқа қасиеттерін жазу)

2-жағы:Мынаны салыстыр ... (Неге ұқсайды ? Айырмашылығын тап?)

3-жағы:Болжамда... (Нені есіңе түсіреді?)

4-жағы: Талдау жаса... (Қалай жасалынды? Неден жасалынды??)

5-жағы:Қолдану... (Мынадан не жасауға болады? Мұны қалай қолданады?)

6-жағы:Ақиқат немесе жалған екенін анықта (Қолдау жаса немесе қарсы бол)

2 . «Артығын алып таста» әдісі геометрия сабағында оқушылардың мағынаны ажыратуына, фигураның қасиеттерін өз бетінше ұғынуына септігін тигізеді.

Тұрмыста қолданылатын геометриялық фигураларды көрсетемін.Оқушылар бүгінгі тақырыпқа сәйкес емес фигураны «Артығын алып таста» әдісі бойынша табу керек.Ұсынылатын суреттер:











Оқушылар ара ұясының геометриялық фигура болатындығын және төртбұрыштармен оның ортақ қасиеттері жоқ екенін ажыратады.

Ұлттық құндылықтар туралы айтып кері байланыс жасаймын.

3.«Иә-жоқ» әдісін тарау бойынша қайталау сабақтарында оқушының теориялық білімдерін пысықтау үшін қолданамын.

Оқушы кестедегі төртбұрыштардың қасиеттерін сәйкестендіру арқылы өтілген тақырыпты қайталайды,өтілген тақырып пен бүгінгі сабақты байланыстырады.




4.«Құрақ құрау» тәсілі бойынша сәйкестендіру тапсырмаларын орындау . Әр топ үшбұрыштарда берілген тапсырмаларды жауабымен сәйкестендіріп, геометриялық фигураларға /төртбұрыштарға/ жинайды.


5.«Фишбоун» әдісі. Зерттеушілік ұжымдық жұмыс

Балық қаңқасының бас сүйегіне зерттелетін тақырыпты жазамын. Тақырыпты зерттеуді тұтас ұжымға тапсырамын. Тақырыпты оқып, оны түсіну үшін, алдымен жасайтын әр бір қадамдарын анықтап шығады. Жасалған қадамдар нақты , себептер мен шешілей жатқан салдарды анықтауа бағытталуы керектігі ескертіледі. Себептер мен салдар балықтың сүйектеріне қарама-қарсы орналастырылады.

Ең соңында зерттеудің дұрыс шешімі балықтың құйрығына жазылады.






Төрбұрыштардың қасиеттері


Паралле-

лограмм

Тіктөрт-

бұрыш

Рромб

Шаршы

Қарама-қарсы қабырғалары параллель





Барлық қабырғалары тең





Қарама-қарсы бұрыштары тең





Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді





Барлық бұрыштары тік





Диагональдары тең





Диагональдары тік бұрыш жасап қиылысады





Іргелес бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең





Диагональдары бұрыштарының биссектрисалары болады





Периметрі P=4а формуласымен есептеледі





Ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең





П ериметрі P= 2(а+в ) формуласымен есептеледі





Қазіргі уақытта оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістерін және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!