Материалдар / МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СМАРТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Оқу-әдістемелік құрал

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА СМАРТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Оқу-әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпіріне SMART Technologies компаниялары инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертті. Бұл компанияның жұмыс нәтижесін тапсырыс берушілер: бұлар мұғалімдер, оқушылар және де іскер адамдар SMART құрылғыларының оқытуда жаңа тәсілдер енгізуге, бірлескен жұмыстың жаңа тәсілін ойлап табуға және жаңа идеялар тудыруға мол көмегі тигендігі жөнінде пікірлерімен анықтауда.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2024
181
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ

АУДАНДЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ












ОҢАЙ ЕСЕПТЕРДЕН КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРГЕ ДЕЙІНГІ ЕСЕПТЕРДІҢ

ШЫҒАРЫЛУ ЖОЛДАРЫ


7 сынып оқушыларына арналған авторлық бағдарлама




















Темірлан

2



023

К





БЖ 74.262.21

М29


Авторлық бағдарлама Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің сараптамалық кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған, №1 хаттама 15.03.2023ж.





Құрастырушылар:

Беккулиева Г. – «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі

Джасанова А. – «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі




Пікір жазғандар:

Исаева З. – «Зерде» негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистры

Исанова С. – «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің физика пәні мұғалімі, педагог-шебер









«Оңай есептерден күрделі есептерге дейінгі есептердің шығарылу жолы»:

М29 авторлық бағдарлама/ құраст. Г.Беккулиева, А.Джасанова. – Темірлан: Ордабасы

аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі, 2023. – 98 б.




«Оңай есептерден күрделі есептерге дейінгі есептердің шығарылу жолы» курсы адамның ойлау процесін дамытады, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.

Авторлық бағдарлама математика пәні мұғалімдеріне арналған.





КБЖ 74.204



© Ордабасы аудандық адами

әлеуетті дамыту бөлімі, 2023



МАЗМҰНЫ



1.

Түсінік хат.................................................................................................

4

2.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар...........................................................

6

3.

Әдістемелік нұсқаулар............................................................................

7

4.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .........................................................

99


































ТҮСІНІК ХАТ


«Оңай есептерден күрделі есептерге дейінгі есептердің шығарылу жолы» курсы адамның ойлау процесін зерттейді. Ойлау – алуан түрлі астары бар, аса күрделі процесс. Мектепте жақсы жетістіктерге жетудің бірден-бір жолы – оқушылардың логикалық ойлауын, талдай білуін, салыстыруын, топтастыруын, қорытынды шығаруын, ой қорытуын, мағыналық қатынастарды белгілей алуын, жүйелеуін, заңдылықтарды сақтауын, ойша пайымдауын, тапсырмалардың шешу жолдарын таба білуін қалыптастыру.

Орт буын оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Сондықтан, логикалық тапсырмалардың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған абзал. Себебі, ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Баланың ойынға қызығу арқылы ойлау өрісі және еркін қиялдауы дамиды.

Білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі дамытуға дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру негізгі міндет болып есептеледі.

Бағдарлама 7 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама бойынша құрылған логикалық тапсырмалар «Оқыта отырып ойнату, ойната отырып оқыту» принципіне негізделген.

Мақсаты:

- Оқушыларға грамматикалық білім, білік, дағдыларын игерту;

- Шығармашылық қабілеттерін арттыру;

- Зейінін, еске сақтау, байқағыштык, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.

- Окушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіріп, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Математика тілінде сөйлеуге үйрету;

  • Әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды шапшаң орындай білуге бейімдеу;

  • Амалдарды ретімен орындай білуге машықтандыру;

  • Шығармашылық, логикалық тапсырмаларды шешу жолдарын меңгерту;

  • Математиканың негізгі қарапайым элементтерін үйрету, көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыра білу;

  • Геометриялық пішіндерді өлшеу, сызу және олардың ауданы мен периметрін таба білу;

  • Оқушылардың байқағыштық, танымдық қабілеттерін дамыту арқылы математикалық ұғымдарды қалыптастыру, үйрету.

Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары

Білуі тиіс:

  1. Көп таңбалы сандарды оқи, жаза, салыстыра білуі тиіс;

  2. Логикалық ойлау қабілеті бар және шығармашылықпен жұмыс жасай біліуі;

  3. Есептердің шығарылуын математика тілінде рәсімдей білуі;

  4. Өз ұсыныстарын негіздей білуі, өз ойларын дәл түсінікті және тиянақты етіп жеткізе білуі тиіс;

  5. Амалдардың орындалу тәртібін білуі тиіс.

Меңгеруі тиіс:

  1. Қарапайым және күрделі теңдеулердің шешу жолдарын меңгеруі тиіс;

  2. Оқушы математикалық білім, білік, дағдыны меңгеруі;

  3. Есепті теңдеу құру арқылы шығару жолдарын меңгеруі тиіс.

Түсіндіре алуы тиіс:

  1. Орындалған тапсырманың шешілу жолын;

  2. Амалдарды ретімен орындалу тәртібін түсіндіру;

  3. Есептің шығарылу жолдарын.

Курсты ұйымдастыру формасы: ойын, шығармашылық жұмыс, ұжымдық оқыту әдістері, зерттеу, практикалық, дәріс сабақ, т.б.

Курсты оқытудың алғашқы формасы: баяндама даярлау, оқулық жобасын қорғау, дидактикалық материалдар дайындау.

Оқу жетістіктері: Курсты меңгеру барысында оқушылар тапсырмаларын жинақтап портфолио дайындайды. Бағдарламаны меңгергендігі топтық, жеке жұмыс жасау кезінде, шығармашылық ізденістері арқылы байқалады.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін, қабілетін дамытады. Кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажыратып, логикалық ойлауы артады;

  2. Оқушылардың оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын жеткізеді;

  3. Танымдық іс-әрекеті, тапқырлығы артып, қызығушылығы оянады.

  4. Математикалық білімді тұрмыста қолдана білуге үйренеді;

  5. Өз бетімен білім алу арқылы нәтижеге жетеді. Сол арқылы:

  • сыныптың білім сапасын арттырады;

  • өз бетімен ізденеді;

  • білім жарыстарына қатысады;

  • алған білімдерін тұрмыста пайдалана алады.

Осыдан барып дамыған жеке тұлға қалыптасады. Болашақ ұрпақ жан-жақты білімді, математикалық сауатты болса ғана тәуелсіз мемлекеттің тірегіне айналады, экономикасын көтереді. Сондықтан ұлттық санасы оянған мәдениетті, ойлау дәрежесі биік азаматтарды оқыту және тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті десек, оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, таңдау курс бағдарламаларын үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.






КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

1

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

1


2

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

1


3

Санның стандарт түрі

1


4

Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану.

1


5

Бірмүшенің дәрежесі және стандарт түрі

1


6

Көпмүшелер. Көпмүшенің дәрежесі және стандарт түрі

1


7

Көпмүшелерге амалдар қолдану

1


8

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

1


9

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

1


10

Сызықтық функция және оның графигі

1


11

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

1


12

у=ах2түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері

1


13

у=ах3 түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері

1


14

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ