400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген.Жаңа педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге , пікір таластыруға, бір–бірінің ойың тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселенішешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы – ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім – әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту – әлемнің түкпір– түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. "Сыни тұрғысына ойлау" ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенің зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын тұрғысына ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сын тұрғысына ойлау жобасының әдіс-тәсілдері өқушыларды тынымсыз ізденімпаздылыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіңдегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды. Сын тұрғысынан ойлау- оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Зерттеудің мақсаты. Бастауыш сынып математикасында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеу;

2 Бастауыш сынып оқушылары ұжымы арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігін айқындау.

Зерттеу объектісі: 3 «Ә» сыныбы

Зерттеу пәнi: математика

Зерттеудің ғылыми болжамы: Оқушылардың ойшапшаңдығы, сөз байлығы молайады, өзінің ойының дұрыстығын дәлелдеуге тырысады, қиялы дами түседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, білім сапасы жоғарлайды.

Зерттеу әдістері: зерттеу барысында философиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық әдістер қолданылды.

Зерттеудің тірек орындары: Петропавл қаласы, қазақ мектеп- гимназиясы.

Зерттеу жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудаң, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
1126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі