400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика сабағында ұлттық ойындарды пайдалану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда математика сабағында ұлттық ойындарды тиімді қалай пайдалануға болатыны туралы айтылады, және математика сабағын қызықты өткізу үшін ойын түрлерін дұрыс пайдалану арқылы оқулардың қызығушылығы арттыруға болады..
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы

Науырзым ауданы

Дәмді ауылы

Дәмді орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Бесжанова Сауле Сейтбекқызы.


Тақырыбы:

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ.

 

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай»

Сократ

 

Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті болып табылатын мәселелердің негізгісі – оқушылардың  әрқайсысының өзіндік  қабілетін, мінезін танып,  жетілдіріп, сол бағытта жеке тұлғаларды тәрбиелеу. Орта мектеп бағдарламасындағы пәндердің бірі – математика. Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін шыңдау ұстаздың басты міндеті.

Математика сабағын жүргізгенде әр түрлі тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек. Білім беруді ізгілендіру, оқыту әдістерін жетілдіруді, дамыта оқыту әдістері мен  тәсілдерінің тиімді пайдалануын талап етеді. . Математика сабақтарында ұлттық ойындарды қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
«Ұлыстың ұлы күні –Наурыз» мейрамының қарсаныңда 5-сынып оқушыларымен «Ондық бөлшектерді көбейту және бөлуге есептер шығару» тақырыбында сабақ өткіздім. Бұл сабақтың мақсаты: ондық бөлшектерді көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақта Наурыз мейрамында өткізілетін ойындар ойнатылды. Мысалы, «Бәйгеде» оқушылар қойылған сұрақтарға тез жауап беруі керек. Қай оқушы тез әрі дұрыс жауап берсе сол оқушы бәйгеде жеңімпаз саналады. «Аударыспақта» әр топтан бір –бір оқушы шығып есептер шығарды, қай топтың оқушылары тез шығарса, аударыспақта сол топ жеңіске жетеді. «Алтыбақанда» сәйкестікті табу бойынша есептер шығарды. «Қыз қууда» ұлдар мен қыздар жарыса есептер шығарып, қыздар ұлдарға жеткізбей кетті де ұлдарды қамшылай бастады. «Теңге алуда» теңгелерге жазылған есептерді шығарып, тақтада тұрған жауаптарға іледі.«Көкпарда» топ болып жұмыс істейді және ондық бөлшектерді көбейту арқылы жасырылған мақалды табады. Ойын оқушылардың қарым - қатынасын орнықтырады, бір - біріне сенімін, түсінігін арттырады. Сабақтың барысын өзгертіп жаңалықтар енгізіп отырсақ, оқушылардың білімге деген құштарлығы артары сөзсіз.

         Қорыта айтқанда, ұлттық ойындардың математика сабақтарында атқаратын рөлі ерекше. Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептеулерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы зор. Сондықтан математика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтер еді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
892
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі