400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика сабақ конспектісі "Ойнайық та ойлайық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйыымда, балабақша тәрбиешілеріне арналған сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 жастан 6 жасқа дейінгі ересек тобының

Оқу қызметін ұйымдастыру технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным».

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»

Мақсаты: Алған білімдерін дидактикалық ойындар арқылы математикалық ұғымдарын қалыпастыру.

Білімділік міндеті: Балаларды 1 ен 10- ға дейінгі ретті сандарды ауызша санау арқылы есептей білуге, сандарды тура, кері санауға, артық, кем, тең таңбалары арқылы өрнектерді салыстыра білуге үйрету.Кеңістікте заттың орналасу тәртібін ажыратып, санардың көршілерін тауып айта білу.

Дамытушылық міндеті: Геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіте отырып, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Сабақ барысында зейінді болуға, шапшаң жауап беруге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Үшбұрыш, төрбұрыш, дөңгелек.

Билингвальдік компонент:

Көрнекілік құралдар: Суреттер, сандар, геометриялық пішіндер.

Оқу іс –әрекеті

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Арайлап атқан таңымыз,

Қайырлы болсын күніміз!

Шуақты күннің сәулесі,

Жайнасын бүгін жарқырап.

Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болады.

Балалар барлығы шеңбер жасап тақпақты бірге айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік










Жұмбақ жасыру

Сылдыр қағып ақ бұлақ,

Күйге алып жатты бақ.

Таудан аққан өзенде,

Гүрілдеді қаттырақ.

- Бұл қай мезгіл туралы тақпақ?

-Балалар бір жылда неше мезгіл болады?

Ал қазір жылдың қай мезгілі екен?

Дұрыс

-Көктем айларын кім айтып бере алады?

Ғажайып сәт:

-Балалар біреу есікті қағып тұрған сияқты.

Есіктен қонақ келеді.

Сәлеметсіңдерме балалар!

Мен математика елінің ханшайымымын.

Сендердің білімдеріңді тексерейін деп, бірнеше тапсырмалар алып келдім.

Ойын «Гүлдер желекшесін тауып қой»

МPicture 1 ақсаты: Сандарды ретімен қойып, тура және кері санау. Сандардың көршілерін табу.

Ойын «Тізбекті жалғастыр»

Пішіндерді үлгі бойынша жалғастырып тізбек бойына қойып шығу.

Сергітусәті:

Төрт бұрышты қолданып

Үшбұрышты қолданып

Үй жасаймыз көріңіз

Жаңа қоныс, жаңа үйге

Қуанышпен кіріңіз!

Сандар туралы санамақтар кім біледі?

1.Мені білгін келсе,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрамын.

2. Бірден кейін тұрамын,

Сандар іші тұрағым.

Бірге бірді қосқанда,

Иіліп мен шығамын.

3. Екіден соң әрқашан

Үш саны боп қаламын.

Қос мүйізі майысқан

Ұлттық ою саламын. т.б

«Көршісін тап» ойыны

4 санының көршісі

5 санының көршісі т.б

Логикалық есептер.

1.Төрт қонжық орманда

Келе жатты қорбандап

Біреуі шаршады

Әрмен қарай бармады.

Сонда қаншасы барды?

2.Алма ағашта бес алма

Қандай тәтті жесе алма,

Бесеуінде жеп қойсаң

Қалады онда неше алма

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Мен енді өз еліме қайтайын. Сауболыңдар балалар!

Сауболыңыз орысшада қалай айтылады?




Көктем.


4 мезгіл


Көктем.


Наурыз, сәуір, мамыр.

Сәлемдеседі.






Тапсырманы орындайды.











Балалар тізбекті тура жалғастырады

Санамақ білетін балалар айтады.





























(3,5)

(4,6)


















Үшеу барады



0 алма.


Сауболыңыз

Досвидание

Рефлексиялық- түзетушілік


Қорытынды: Балалар бүгін бізге кім келді?

Ханшайым қандай тапсырмалар берді?

Тапсыраны орындау кезінде қиналған жоқсыңдарма?

Жарайсыңдар, балалар! Мен қуаныштымын сендердің тапсырманы дұрыс орындағандарыңа

Балаларды мақтап, мадақтау.

Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтады.


Балаларда өз істеріне риза болады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Бірден онға дейінгі сандарды ауызша санай білуі

Игереді: Сандарды тура, кері санауды түсінеді.

Меңгереді: Берілген сандарды орындау арқалы түсінгендерін көрсете біледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.04.2019
734
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі