400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика сабақтарында физикалық мазмұнды есептердің маңызы және оларды шығару методикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімлеріне көмегі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ФИЗИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕРДІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЫҒЫРУ МЕТОДИКАСЫ



Т.А.Талғатова

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Ғылыми жетекші: Х.Ф.Вильданова, Физика – математика ғылымдары доцент . 87072955171 talgatova040@gmail.com



5-6 сыныптардағы математика сабақтарында физикалық мазмұнды есептер шығарудың маңызы зор. Физикалық мазмұнды есептер математикалық ұғымдарды қалыптастыруда, әр түрлі амалдардың қолданылуы мәнін түсіндіруде, сол сияқты кейбір мәселелер бойынша теориялық қорытынды жасауда ерекше роль атқарады. Сонымен қатар мұндай есептер оқушылардың тіл байлығын дамытып, білім қорын кеңейтеді.

Физикалық мазмұнды есептер әсіресе оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, шамалар арасындағы байланыстарды, заңдылықтар мен тәуелділіктерді анықтай білу, дұрыс ой қорытындысын жасай білу жағынан оқушылардың біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл біліктер мен дағдылардың физика пәнін жүйелі түрде оқып үйренуде мәні зор.

Көптеген жағдайларда, оқушылар математика сабақтарында меңгерген білімдерін, практикалық біліктер мен дағдыларын физика пәнін оқып үйрену барысында қолдануда олқылықтар жібереді. Біріншіден, олар есептің физикалық мағынасын талдай отырып, есептің шарты бойынша формулалар құрастыруда. Екіншіден, физикалық шамалардың өлшеу бірліктерін түрлендіре отырып амалдар қолдануда. Үшіншіден, физикалық есептерді шығару барысында есептеулер нәтижесі ондық бөлшектер түрінде жазуда қателіктер жібереді.

Оқушылар білімінде бұндай олқылықтар болуы, 5-6 сыныптардағы математика сабақтарында физикалық мазмұнды есептер шығарғанда тек математикалық есептеулер жүргізіледі де, олардың физикалық мағынасы назардан тыс қалады. Жалпы 5-6 сыныптардағы математика сабақтарында физикалық мазмұнды есептер қатарына берілген белгілі бір физикалық шамаларға байланысты белгісіз шаманы табуға, оларды салыстыру мен амалдар қолдануға және өлшеулерге арналған есептер жатады.

Бұл есептерді шығару барысында оқушылардың есептің шарты бойынша берілген белгілі және ізделінетін белгісіз шаманы анықтай білу, есеп текстіндегі шамалар арасындағы байланысты анықтай білу және белгісіз шаманы анықтауға қажетті амалдарды дұрыс таңдай білу шеберлігімен дағдылары қалыптасады.

Физикалық мазмұнды есептерді шығару үшін оқушылардың есеп текстін мұқият оқып шыққан жөн. Сонымен қатар олардың есеп шартын талдау әдістерін білуі, есептің мазмұнын қысқаша түрде жаза білуі және қажетті схемасын сала білулері үлкен роль атқарады.

Енді қозғалысқа арналған есептерге мысалдар келтірейік:

1) Велосипедші 2 сағат бойы белгілі бір жылдамдықпен жүріп отырды. Бұдан кейін ол тағыда 4 км жүргенде, оның барлық жүрген жолы 30 км болды. Велосипедші қандай жылдамдықпен жүрді ?


УShape2 Shape1 ақыт Жол Жылдамдық

2Shape3 сағ I-2x км I

II-4 км бірдей

II

Барлығы – 30км


ЕShape5 Shape4 нді осы есептің шартына сәйкес схемасын салайық. Ол үшін кез келген түзудің бойына ұзындығы бойынша екі кесіндіні саламыз. Бұл кесінділердің әрқайсысы велосипедші алғашқы 2 сағат ішінде, әрбір сағатта жүріп өткен жолын көрсетеді. Бұдан соң соңғы кесіндінің ұшынан бастап ұзындығы шартты түрде 4 км жолды көрсететін кесіндіні саламыз. Бұл кесінділердің бірігуі барлық жүрілген жолды көрсетеді.


хShape6 км/сағ 2х км 4 км



Shape10 Shape9 Shape8 Shape7

Shape11



30 км

Есептің шартына сәйкес салынған бұл схема бойынша оқушыларды 2x+4=30 теңдеуін оңай құра алады. Сонымен қатар олар теңдеудегі х дененің бір сағатта жүрген жолын, яғни жылдамдығы екендігін чертежден көрнекті түрде анықтай алады.



2) Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 25 км/сағ, екі сағаттан кейін моторлы қайық қандай қашықтықта болады ? 3 сағатта ше ? 4 сағатта ше ? Есепті шешу барысында таблица құрындар.



Жылдамдық ( ), км/ сағ


Уақыт ( t), сағ

Жол (S), км

25


2

?

25


3

?

25


4

?



Бұл есепті шығаруға кірісер алдында меншікті жылдамдық ұғымын ендіру қажет.

Меншікті жылдамдық дегеніміз – тынық судағы жылдамдық. Осы жылдамдық дене ағыспен қозғалғанда артады, яғни, дененің меншікті жылдамдығына ағыс жылдамдығы қосылады, ал дене ағысқа қарсы қозғалғанда жылдамдық кемиді, бұл жағдайда меншікті жылдамдықтан ағыс жылдамдығы шегерілетінін оқушыларға түсіндіру қажет. Бұл ұғымды меншікті жылдамдық, ағыспен жүзгендегі және ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдық ұғымдарына байланысты есеп шығаруда қолданылады.

6-7 сыныптардың оқушылары физиканы оқып үйрену барысында, әр түрлі физикалық құбылыстф бейнелейтін формулалар бойынша белгісіз шаманы анықтай алмайды. Егер де сол белгісіз шаманы х-пен белгіленсе, онда олар бұл шаманы оңай таба алады. Оқушылар білімінде кездесетін мұндай кемшіліктерді болдырмау үшін қозғалысқа берілген, сондай-ақ аудан, көлем формулаларын пайдалануға арналған есептерді шығарғанда салыстырмалы таблицаларды қолдануға болады.

5-сыныптағы алғашқы математика сабақтарында қайталау есептерін шығарту кезінде мынадай таблицаларды қолдануға арналған жаттығуларды орындауға болады.



c = x y


x


y



30



25



?




2



?



3



?



5



4



1-таблица бойынша оқушылар берілген амалды орындағанда белгісіздерді атай отырып, көбейткіштерге бірі белгісіз болғанда, оны белгілі көбейткіш пен көбейтінді арқылы табу ережесін қайтаалайды.



S=


, км/сағ

t , сағ

10



?



160


5



12



?

?



1



4



2-таблица бойынша олар қозғалыс жылдамдығы мен уақыт белгілі болғанда жүрілген жолды табу, жүрілген жол мен қозғалыс уақыты белгілі болғанда жылдамдықты табу, қозғалыс жылдамдығы мен жүрілген жол белгілі болғанда қозғалыс уақытын табу ережелерін еске түсіреді.

Мұндай жұмыстар жүргізу оқушылардың физикалық құбылыстарды өрнектейтін кез- келген формула бойынша белгісіз шама мәнін анықтай білу білігімен дағдысын қалыптастырады.



S = , t= формулаларын меңгереді.

Математика сабақтарныда қозғалысты сипаттайтын шамалар арасындағы өзара байланыстардың шын мәнісін айқындай түсу физика курсында қарастырылатын механикалық қозғалыс жөніндегі материалдарды тереңдете оқып үйренуге мүмкіндік береді.



Әдебиеттер тізімі:

  1. Алдамұратова Т.А,Математика:жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушыларына арналған оқулық./Т.Алдамұратова,Қ.Байшоланова, Е.Байшоланова. -Алматы. Атамұра, - 2017ж.

  2. Бейсенбаева А. “ Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру”,Алматы – 1995ж

  3. Алдамұратова Т.А,.Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушыларына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2018. -208бет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
737
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі