жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
математика сабақтарында жаңа технология әдістерінен пайдалану үшін жасаған методикалық қолданбасы
Қ
останай
облысы
«Рудный қаласының №15 орта мектебі» КММ
№15
мектептің математика пәні мұғалімі
Муратова
Раушанның математика сабақтарында
жаңа технология әдістерінен пайдалану
үшін жасаған методикалық қолданбасы.
Рудный-2019 жыл
Жазған: Рудный қаласы №15 орта мектептің математика
пәні мұғалімі Муратова Раушан Дуйсенбаевна
Жаңа технология әдістерін пайдалану
заманталабына сай білім мен тәрбие беруімізге арқау болатын, ұлттық рухтағы қағидалар мен әлемдегі технологияларды
ұштастыруға ұмтылу.Өмір мен математиканың тығыз байланысын
әрбір сабақта ашып көрсете отырып,
оқушылардың математикаға
қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, ұлттық рухта тәрбиелеу.
Математика пәнінің әр сабағында жаңа
технология элементтерін, оның ішінде
дамыта және деңгейлеп оқыту әдісін
қолдану тиімді.
Сабақта оқушылардың білімін тексеріп,
тараудан алған білімдерін одан әрі жетілдіру және тереңдету, олардың
ізденімпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, ойша есептер құрастыруға
белсенділіктерін арттыру мақсаты көзделеді.
Заман көшіне ілесе отырып жаңашыл
бағытта жұмыс жүргізу- барша
ұстаздар алдында тұрған негізгі міндеттері
екенін түсіне отырып, әр мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерге сай әртүрлі
тәжірибелер жөніндегі мәліметтерде жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, келесі ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбиемен білім
беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің
ғылыми- педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің
бірі.
Қазіргі
кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа
кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең
ақпараттық кезең, яғни компьютерлік
техника мен оған байланысты барлық
ақпараттық коммуникациялық технологиялар
педагогтар қызметінің барлық салаларына
кірігіп, оның
табиғи ортасына айналып отыр.
«Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары»
және т.б., тіркестермен
тығыз байланысты.
Математика
5-9 сыныптар
Жаңа
технология негізінде өтілетін бір
сағаттық сабақ жоспарлары
Көш-керуен
сабағы
Математика
6-9
сыныптар
Оқушыларға
берілетін білім мен тәрбиенің
көздейтін мақсаттарының бірі - оқушының
Отанын сүйіп, ата-бабамыздың тарихы
мен әдет-ғұрпын, дәстүрін қастерлей
білуге үйрету. Оқушы білімінің сапасы
оқыту дәрежесіне тәуелді. Әрбір
сабақ оқу үрдісіндегі шешуші буын.
Сондықтан сабақты түсіндіріп, оқушыға
игерту үшін берілетін білімді
бүгінгі күн талабына сай нақты
жоспарлап, жүйелеуіміз қажет. Сабақта
халықтық педагогика элементтерін
пайдалану ұлтымыздың атадан балаға
жалғасқан салт-дәстүрі мен рухани
мұра-мирастардың жаңғырып, дамуына
мүмкіндік береді.
1.Білім беру. Геометрия бөлімдері: жазықтықтағы және кеңістіктегі геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері жайлы тараулар бойынша алған білімдерін қайталау, қорыту.
2.Дамытушылық. Жаттығулар, есептері бар тест тапсырмалары, ребустар, сконвордтар, ауызша сұрақтар арқылы олардың ой-өрісін дамыту.
3.Тәрбиелік: Халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге, имандылыққа баулу, салтын сақтай білуге оқыту, тәрбиеле
Сабақтың түрі: Пікір-сайыс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: «Алтын сақа», «Қыз қуу» ойынының үлгісі, асықтар, ребустар, жұмбақ, мақал-мәтелдер, сандық т.б.
Сабақтың жоспары:
Салт-дәстүріміз сабақта немесе Дәстүр-дәріс.
II
Ұлттық
ойындар-ұлттық байлық.
III Аталар
өсиеті-асыл қазына
IV
Ақылдың кені
V Батаменен
ер көгерер
Сабақтың ұраны: «Көш жүре түзелер»
Сабақтың барысы:
Дәстүр-дәріс. Ұйымдастырылып болған соң, халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып, сабақта өткен тарауды қайталап, қорытындылайтынымызды және сабақты сайыс сабақ түрінде өтетінімізді ескертемін. Сабақтың тақырыбын «Көш-керуен» сабағы деп неліктен атағанымызға және көштің кездесетін қиындықтарына тоқталып, топты екіге бөліп, ат беріп, әр ауылға аты «Мұрагер» және «Қазына».
Екі ауылдың сәлемдесуінен бастаймыз.
«Қазына» тобы сәлем сізге
Жолдапсыз жақсы тілек дос деп бізге.
Білімді сарапқа сал, сайысайық,
Ұпайды көп алайық, сіз де біз де.
Алға тарт «Мұрагер» кешеулеме
Архимедтей белсенді бол өршелене
Табысты бізде қолдан бере алмаймыз.
Күш сынасып көрелік, келші қане.
Ұлттық ойындар-ұлттық байлық.
Ұлттық ойындарымыздың бірі «Сыр сандық» ойыны ойналады. «Сыр сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды»,-деп ойын тәртібімен таныстырамын. Әр ауылдан бір-бір оқушы шығып, конверттің сыртындағы суреттен заттың құрылысы, геометриялық мағынасы жайлы айтып беріледі.
Мысалы: 1
|
|
Ойын тәртібі: Әр ауылдан бір-бір оқушы шығып, кезегін алу үшін асығын иіреді. Еденге сұрақтар санына байланысты бірнеше шеңберлер сызылып, оларға рет саны қойылады. Кезегін алған оқушы асығын иіріп, шеңберлердің біріне түсіруі керек. Асық түскен шеңбердің рет санына қарай жасырылған сұрақты шешу тапсырылады. Мысалы: 1 Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін айтып шық (Үш белгісі) Геометриядағы барлық төртбұрыштардың атын ата.
Келесі кезекте «Қыз қуу» ойыны ойналады.
Ойын тәртібі: Алдымен жеребе тасталады. (қай топтың бірінші бастайтынын білу үшін)
Содан соң тест сұрақтарына жауап береді.
Геометрияның негізгі фигуралары:
А) сәуле в) түзу с) бұрыш
кесінді жазықтық сәуле
түзу нүкте кесінді
Бір нүктеден шығатын екі сәуле арасындағы фигура а) сәуле в) кесінді с) бұрыш
3 Тік бұрышты үшбұрыштың ұзындығы 13 см, ені 5см. Периметрін тап.
А)18см в) 36 см с) 26 см
4 Бұрыштың өлшем бірлігі А) сантиметр в) градус с) метр
5. Үшбұрыштың қабырғалары 10 см, 15 см, 9 см. Периметрін тап. А) 34 см в) 15 см с) 25 с6. Өзара тең бұрыштар А) сыбайлас в) вертикаль с) жазыңқы бұрыштар деп аталады
3. «Аталар өсиеті- асыл қазына»
Жұмбақ айтысы
1 Заманында Пушкиндер
Бас киім ғып киген
Кейіннен ол дене-
Техника еншісіне тиген
Призманы біздерге
Атам деп ол атайды
Көп болса саны моторда
Қуатыда артады.
Тау болса да жүгіңіз
Қиналмастан тартады
Бұл қай фигура екенін
Қане, кімдер айтады ( Цилиндр)
Қыздары қазақтың
Сәукеле деп киген
Күлдіргілерде киеді
Көрермендер сүйген
Бекіту үшін тетікті
Толтыру үшін кетікті
Алғашқы түрі өзгеріп
Қиық та болып кетіпті ( Конус)
Содан кейін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтылады
Мысалы: Жеті өлшеп, бір кес.
Білекті бірді, білімді мыңды жығар.
Ер кезегі үшке дейін.
«Математика ғылымдар патшасы» Гаусс
«Математика ең алдымен тепе-теңдікті ұнатады» Максвелл.
4 Ақылдың кені ребустар, сканвордтар екі топқа бөліні
беріледі. Әр ойын сайын дұрыс жауап берген оқушыға
жұлдызша таратылады. ( «5»-қызыл, «4»-көк, «3»-сары, «2»-қара)
Соған қарай бағаланады. Жарыстың қорытындысы шығады.
Үйге тапсырма: «Дәстүр-дәрістен базарлық»
Қожанасырдың қоржынынан: уық, кереге,
шаңырақпен геометриялық фигуралардың
ұқсастығын сызбалары арқылы түсіндіру.
Батаменен ел көгерер.
Балалар еліміздің болашағы
Жетістікке бастайды әр қадамы
Өркениетті еліңді көркейтетін
Жақсы оқу болсын оның парызы.
Қорыта келе жан дүниесі ұлттық рухани мұрамен сусындап, сапалы білім алған саналы жас ұрпақ тәрбиелемей, ел мәдениеті көтерілмейді. Осы орайда мектепте оқушылардың қоршаған табиғи орта заттары мен құбылыстары туралы дүниетанымын дамытуда халықтық педагогика материалдарын педагогика ғылымының теориялық әдістемелік қағидаларымен ұштастыруға назар аударудың қажеттілігін бүгінгі өмірдің өзі талап етуде.
Математикалық
сандықша
Математика
5 сынып
Тақырыбы:
Математикалық сандықша
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың математикадан алған
білімдерін нығайту, тереңдету, кеңейту,
қолдана алу
Дамытушылық:
математикалық ойлау қабілетін, ой -
өрісін дамыту, логикалық есептеу
дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік:
ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа
тәрбиелеу
Көрнекілігі: жұмбақтар,
слайдтар
Математикалық сайыстың
барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн
қадірменді көрермендер!
«Математикалық
сандықша» ойынына қош келдіңіздер.
Сәлеметсіздер
ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға
қызығушылар.
Естігенін есте
тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер
ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз
оқытқан окушылардың,
Сәті келді
сыналар.
Есепті түрлі - түрлі
шығарамыз,
Арасында ойын ойнап
жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ
бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге
асырамыз.
Бүгінгі ойын топтық сайыс
түрінде өтеді.
Математика
сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға
бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді,
- дей отырып ортаға «Алғырлар», «Тапқырлар»
топтарын шақырамыз.
Жүргізуші:
Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс
ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке
келтіретін – математика, сондықтан да
оны оқу керек,»- деген. Олай болса, бүгін
сендер математиканың жұмбақты да,
тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер
бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан
түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Сондықтан
сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың
жинақталған болуы керек және тәртіп
сақталғаны жөн. Енді бүгінгі сайысымыздың
жоспарымен танысыңдар:
Сәлемдесу
Сергіту
Сандықша
тапсырмалары.
Сары сандықша:
жұмбақтар
Жасыл сандықша: логикалық
тапсырмалар
Қызыл сандықша:
есептеулер
Қорытынды.
Сәлемдесу.
Әр топ өздерін таныстырады.
Шақырып
жарыстарға сан - салалы,
Алғырлар топ
жарғалы жар салады!
Ту етіп достық
пенен татулықты
Тапқырлар командасын
қарсы алады!
« Тапқырлар» тобы:
Осындай
алғыр достар кез - келгенде,
Жетсін
- ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас
болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз
ізгі тілек сендерге де!
«Алғырлар»
тобының ұраны:
Білікті бірді
жығар,
Білімді мыңды жығар.
“Тапқырлар”
тобының ұраны:
Тапқырлар биіктерде
қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде
шарықтасын.
Сергіту сұрақтары: әр
жауапқа бір ұпай.
1. Мектепке келе
жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала
жолықты.
Мектепке
неше бала барды? ( 5 бала )
2. Екі адам
4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы
неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
3. Кім
барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
4.
Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?
(құс жолымен)
5. 4 ұл да неше саусақ
бар? ( 80 )
***
1. Термометр аяз болғасын
– үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі
термометр неше градус көрсетеді? Жауабы:
үш
2. Қай санға бөлуге болмайды? (0)
3.
Екі ғасырда неше жыл? (200)
4. Шеңбер
сызатын құрал? (циркуль)
5. Сенімен
бірге жүреді? (көлеңке)
Сандықша
тапсырмалары. Мұның ерекшелігі: әр
сандықшаның өз ұпайлары бар. Сары - 2
ұпай, жасыл – 4 ұпай, қызыл – 6 ұпаймен
бағаланады.
Жұмбақтар:
1. Өмірің
сенің қызық,
Жолында жоқ түзу
сызық.
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым
баяғы. (дөңгелек)
Жоқ өзінде баста,
қаста, мойында.
Ұзындығы жазулы тұр
бойында. / сызғыш /
Шекер жейтін ақ
құтан
Бір қазыққа байланды
Аузына
тістеп шекерін
Оң қазықты айналды.
/ циркуль /.
Логикалық тапсырма:
1.
Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп
шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке
көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен
түседі. Ол қанша күнде басына шығады?
1
күн және түн 4 - 3=1 (м)
2 күн 1*2=2
3 күн
2+4=6 (м) ( 3 күнде)
2. Шыны жуушылар
бригадиріне мына есепші шығаруға
көмектесіңіздер. Егер екі жұмысшы 60
шыныны 7 сағат 20 минутта жуса, екі жұмысшы
30 айнаны жуып шығу үшін қанша уақыт
керек. Барлық шынылар мен айналардың
мөлшерлері бірдей.
Жауабы: 1сағ. 50
минут, өйткені шынының екі жағын жуу
керек, ал айнаның бір жағын.
3. Аңшы
орманға келіп, бұтақта қонып тұрған
сауысқанды атқан екен, бірақ қарға
құлапты. Бұл қалай болғаны?
4. Динараға
әжесі 5 кітап сыйлады. 3-уінен басқасын
ол оқып шықты. Оған әлі неше кітап оқу
керек? (3)
5. 1, 2, 3 цифрлары бір рет ғана
кездесетін неше үш таңбалы сан бар?
Шешімі: 3! =1*2*3=6
Есептер:
1. 1 - ден 100
- ге дейінгі сандарда 7 саны неше рет
кездеседі?
2. Бөлшекті салыстыр:
29/37
және 145/187
3. Теңдеуді шеш:
(48 - х): 7=
5
4. Есептеңдер:
(3/16+ 5/12) - 3/8
5.
Көбейтуді орында: 101/5 •10/17
Жанкүйерге:
Мақалды тап. Мына дөңгелекке бір мақал
жазылған. Оны сағат тілінің бағыты
бойынша екі әріптен қалдыра отырып
оқысаң, табасың. Сонда қай әріптен бастап
оқу керек.? Ол не деген мақал? Жауабы:
Мектеп – кеме, білім – теңіз
Сайысымыздың
соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазір
әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың
жеңімпаздарын анықтап,
Мақтау қағаз,
сыйлықтарын тапсырады.
Қорытындылау.
Математикалық
экспресс
Математика 6 сынып
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың білім деңгейін анықтау,
зейіндерін нығайту;
Дамытушылық:
Оқушылардың танымдық қабілетін, логикалық
сауаттығын, іскерліктерін дамыту,
белсенділіктерін арттыру;
Тәрбиелік:
Оқушыларды ізденімпаздыққа,
жауапкершілікке,ұйымшылдыққа,сыйластыққа,
тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі:
жарыс сабақ.
Көрнекілігі:буклеттер,қабырға
газеттері,ребус,
жетон,смайликтер.
Барысы.
I.
Кіріспе бөлім.
1.1.
Ұйымдастыру кезеңі:- сәлемдесу;
-
ойынның шартымен таныстыру;
-
төрешілерді сайлау.
II.
Негізгі бөлім.
Математика
жайында ойын- сайысты бастаймыз.
-
Бүгін біз сіздермен «Математикалық
экспресс» атты сайысты екі топқа бөлініп
өткізбекпіз. Енді сайысқа қатысушы екі
топты ортаға шақырайық.
1. «Шаршы»
тобы.
2. «Үшбұрыш» тобы.
- Енді,
сайысымызға төрелік ететін әділ- қазылар
алқаларымен таныстырып өтейін.
-
Сіздерді ойын барысымен таныстырып
өтейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
1.
Таныстыру.
(Әр топ өздерін таныстырады)
Сұрақ- жауап. (Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Әр сұраққа қолдарындағы жетонды көтеру арқылы жауап береді. Бір сұрақ бір ұпайға бағаланады)
3. «Құпиясын тап». (Шатырдағы санның қалай шыққанының құпиясын ашады)
4. «Тобыңды шыңға шығар». (Мұнда топ басшылары сайысқа түседі)
5. «Қызықты шаршылар». (Берілген таяқшалардан өздеріне берілген фигураны құрастырады)
6. Математикалық фокусты шешу. (Әр топтан бір- бір оқушы шығып, қарсы топқа өздері дайындап келген математикалық фокустарын жасырады және фокустың щещімін табу керек)
- Ең жоғарғы ұпай 5 ұпаймен бағаланады.
- Сайыстың шарты бойынша сөз кезегін топтарға беріп, таныстыруларын тыңдалық.
1. «Шаршы» тобы.
Ұраны: «Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз».
Сәлемі: Сыныптас ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
2. «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны: «Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске»
Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
- Математика ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғалым жер шарында,
Сол қағида тағы да дәлелденбек
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында,- деп екінші кезеңіміз «Сұрақ- жауап» кезеңіне кезек берейік.
«Шаршы» тобына сұрақ.
1. Жай сандар дегеніміз қандай сандар? (1- ге және өзіне бөлінетін натурал сандар)
2. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (Ұзындығы мен енін көбейтеміз)
3. бөлшегі неше үлеске бөлінген және неше үлесі алынған? (4 үлеске бөлінген, 3 үлесі алынған)
4. 3- ке қандай сандар бөлінеді? (цифрларының қосындысы 3- ке бөлінетін натурал сандар)
5. Жай бөлшекті қысқарту дегеніміз не? (алымын да, бөлімін де бірдей санға бөлу)
«Үшбұрыш» тобына сұрақ.
1. Құрама сандар дегеніміз қандай сандар? (бөлгіштерінің саны 2- ден көп натурал сандар)
2. Квадраттың периметрі неге тең? (бір қабырғасын 4 еселегенге)
3. бөлшегі неше үлеске бөлінген және неше үлесі алынған? (6 үлеске бөлінген, 4 үлесі алынған)
4. Ең кіші жай сан қай сан және ол жұп па, әлде тақ па? (2 саны, жұп сан)
5. Жай бөлшектің бөлімі мен алымын бірдей санға көбейтсек қандай бөлшек шығады? (бастапқы бөлшекке тең бөлшек шығады).
- Математика төрт амал негізінде
Туындатқан талай заң келбетінде
Жұмбақ әлем болғанмен, ей замандас,
Меңгерілер еңбек, талап шеңберінде,- дей келе 3 кезеңіміз «Құпиясын тап» деп аталады.
«Шаршы» тобы. «Үшбұрыш» тобы.
Жауабы: (5+10) + (6+7)=28 Жауабы: (7+9) + (8+6) =30
- Мақтануға математика лайық та,
Шындық іске бір сәт мойын бұрайық та.
Парақтаумен әр ғылым, әрбір пәнді
Байланысын ашық айтып тұрайық та,- деп ортаға топ басшыларын шақырамыз. Біздің 4 кезеңіміз «Тобыңды шыңға шығар» деп аталады.
«Шаршы» тобына сұрақ:
1. Ол қандай сан? (құрама сан, жұп сан)
2 . Осы санның бөлгіштерін ата. (1,2,4,5,10,20)
«Үшбұрыш » тобына сұрақ:
1. Ол қандай сан? (жай сан, тақ сан)
2. Осы санның бөлгіштерін ата. (1,13)
- Математика, математика қандай қиын
Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін
Ал өмірде тек соның көмегімен
Орындалар заңдылық, байлам дүйім, - дей келіп, 5 кезең «Қызықты шаршылар» кезеңіне де келіп жеттік. (Әр топқа таяқшалар беріледі). Тапсырмаларын алдарындағы парақшаға желімдеп, көрсетеді.
«Шаршы» тобының тапсырмасы, 9 таяқшадан 5 үшбұрыш құрастыру керек.
«Үшбұрыш» тобының тапсырмасы, 12 таяқша арқылы 5 шаршы салу керек.
- Екі топ тапсырмаларын орындағанша көрермендермен «қызықты есептер» шешейік.
1. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?
2. Бір шырпының орнын ауыстырып дұрыс теңдік шығарыңыздар. XXII / VII = II Жауабы: XXI / VII = III
3. 8 цифрын сегіз рет қолдану арқылы және амал таңбаларын қолдану арқылы 1000 санын шығара аласыздар ма? Жауабы: 888+88+8+8+8=1000
4. Болгар халықтарының есебі: Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа «Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсыз», - деп жауап береді. Балықшы неше балық аулады? Жауабы: 8, 6, 9. Балықшы балық аулаған жоқ.
- Енді құрастырған фигураларын көрермендерге көрсетіп, әділ- қазылар алқаларының алдына қояды. Және фигуралардың санын шығарып береді.
- Келесі кезеңімізде әр топ қарсылас топқа дайындаған «Математикалық фокустарын» жасырады.
«Шаршы» тобының математикалық фокусы: «Туған
күнге
20- ны қосып, шыққан саннан 17- ні азайту
керек. Нәтижесін айтқызып, одан 3- ті
кемітеді. Сонда туған күні шығады.»
«Үшбұрыш»
тобының математикалық фокусы: «Бір
таңбалы сан ойла, оған 15- ті қосып, шыққан
санды 13- ке кеміт. Нәтижесін айтқызып
оны 2- ге кеміт, сонда ойлаған сан
шығады.»
- Осымен сайысымыз аяқталды.
Енді тақтада 4 смайликтер берілген.
Яғни, бүгінгі сайыста қандай көңіл-
кұйде болғандарынды білу үшін қолдарындағы
есімдерін жазылған жетонды қалаған
смайликке салыңыздар.
- Бүгінгі кеш
талай шабыт шындады
Кеш қызығын талай
адам тыңдады,
Тәрбиелер тәлімі мол,
әсерлі
Болса егер көңіл жақын
таңдады.
- Олар жайлы төреші
Көрермендер
өздерің
Ақ-қарасын айырып
Куә
болды көздерің,-деп сөз кезегін төрелік
етіп отырған әділ-қазылар алқаларына
берейік.
Қорытынды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген