400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДИВЕРГЕНТТІ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына тәжірибе алмасу үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДИВЕРГЕНТТІ ОЙЛАУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Дивергентті ойлау - инновацияға жол,

Өркениеттің маңызды міндеті - ойлауға үйрету.

Томас Эдисон

Қазіргі білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан білім беру реформаларының негізгі мақсаты – білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу. Білім беру жүйесіне енгізілетін реформа, ең алдымен, оқушыларға сапалы білім беруді, болашақта олардың әлемдік бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуді көздейді. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76,79, 89-қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жаңаша білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жұмыстарын бастады. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заманауи тенденцияларға негізделген. Өйткені білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болып, оқытудың парадигмасы өзгерді. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. ҚР «Білім туралы» заңында айтылған «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі-жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін дамыту» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі білім беру саласының алдында шығармашылық бағытта жұмыс жасай алатын, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілеттерімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Жеке тұлға  - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын ауызша және жазбаша тілінде дамытуға бағытталады.

Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылы Қазақстан халқына «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс деп бекер айтпаған да болар. Мұндай жағдайда үйрене білу, үйренуге ұмтылу,бүгінде үйренуге үйрену керек. Мәселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» ұстанымына өзгеруінде болып отыр. Қазіргі  білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік,-коммуникативтілік, ақпараттық, проблеманы шешу құзыреттілігі жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, жаңаша ойлау қалыптасуда. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда оқушыларды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті сыныптағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс.Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы тиіс. Бұл міндетті оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы әр пәнде іске асыруға болады. Соның ішінде математика пәні оқушылардың математикалық даму деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, оқушылардың жалпы ақыл-ойының дамуына ықпал етеді. Математика пәнінде оқушылардың дивергентті ойлауын дамыту арқылы əртүрлі мəселелерге қатысты қалай əрекет етіп, проблемаларды шешу жолдарын түсінуге көмектесе отырып, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, арифметикалық алгоритмдерді қолдану, геометриялық құрылымдарды орындау жəне математикалық зерттеу жүргізу қабілетін жетілдіру қажет екендігі сипаттауға мүмкіндік береді. Оқушыларды бастауыш сыныптан бастап сабақтарда сындарлы, дивергентті ойлануға дағдыландыра отырып, оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамытуға, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді қолдана білуді көздеймін. Ол үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:

-оқытуды тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану;

-оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

-оқушының жүйелі ойлап, қорытынды жасауына, өз ойын дәлелмен жеткізуіне мүмкіндік жасау.

Дивергентті ойлауды қалай дамыту керек? ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан біз айналамыздағы әлем өте жылдам дамып, келе жатқандығын түсінеміз. Адам үшін қажетті білім көлемі қарқынды дамып келеді, сондықтан мектеп балалардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайтын, бағдарлама талаптарына сәйкес дағдыларды қалыптастырумен қатар, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілеттерімен ерекшеленетін жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік туғызуы қажет. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Адам әртүрлі ойлау стилін қолданған кезде, оның когнитивтік қабілеті әртүрлі бағыттар бойынша жүреді.Осы орайда отандық, шетелдік ғалымдардың зерттеуіне сүйеніп, соның ішінде ғалым Ш.Х Құрманалинаның «Құзыреттіліккке бағытталған сапалы білім беру» атты және «Әдістемелік және технология электрондық әдістемелік жүйе түрлері білім беру ақпараттық жағдайда» еңбектерінде көрсетілгендей «Жетістікке жету үшін тұлғаға қажетті құзыреттіліктердің бірден бірі: проблеманы шешу құзыреттілігі». Әртүрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болу; өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға; өзі үшін барабар жағдайлар, іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдауға дайын болуы делінген. Сондықтан, оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттырудың өзектілігі де сонда: оқушы бір мәселенің бірнеше шешімін іздейді, шығармашылықпен ойлауы дамиды, қажетті дағдыларды дамыту бастауыш сыныптан бастап, яғни кішкентай кезінен жүргізілсе ең оңтайлы тәсіл болмақ. Дивергентті ойлаудың көмегімен проблемаға жаңа шешім жасау үшін сананың компоненттерін пайдаланады деп қорытындыға келуге болады. Дивергентті ойлаудың белгілі бір ерекшеліктері бар:ол түсініксіздікті іздеуге, қолданыстағы стандарттардың шегінен асып кетуге, ерекше жолдарды іздейді, әдетте, белгілі бір проблемаға бірнеше шешімдерді табуға, белгілі және жаңа позициялардан құруға тырысады. Дивергентті ойлаудың бұл қасиеттері, конвергентті, білімге бағдарланған, логикаға, белгілі бір дәйектілікке қарағанда, дәл, логикалық санаттармен жұмыс істейді және оларда бар мәселені белгілі бір ережелерге, заңдарға, формулаларға сәйкес шешуге тырысады. Менің ойымша оқушының дивергентті ойландыру үшін сабақ барысында қолданылатын тапсырмалар оқушыны логикалық тұрғыда ойландыратын берілген тапсырманың бірнеше шешімі бар әртүрлі шешу жолдарын ұсына отырып, проблемадан шығу жолын қарастыруға бағытталуы керек. Сондай тапсырмаларды үнемі, жүйелі сабақ барысында қолдана отырып, оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеймін. Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық тəсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу стратегияларынан тұрады. Оқушыларға бастауыш сыныптарда проблеманы шешуді ұсыну арқылы мұғалім «оқушылардың Пиаже сипаттаған танымдық даму сатыларының нақты бір операциялық кезеңінде»- екенін есте сақтау керек. Белгілі бір жастағы балаларға проблема ұсынғанда мұғалімдер абстарктілі, ойдан шығарылған нəрселермен жұмыс істегенше, қарапайым бірақ нақты мысалдарды пайдаланғаны абзал. Өз тәжрибемде сабақтарда, үзіліс кездеріңде тренингтер өткізіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға баса назар аударамын. Себебі сапалы білім алу үшін ынтымақтастық атмосфера қалыптасуы қажет. Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне байланысты деп ойлаймын. Сабақтарымда оқушылар топтарға бөлініп, ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және белсенді қатысуға мүмкіндік алды. Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын үнемі назарға алып отырамын. Адам өміріндегі қиындықтармен тиімді күресу үшін ойлаудың кейбір маңызды сипаттамаларын дамытуға назар аудару қажет. Сондықтан 1-сынып оқушыларын ерте кезеңнен шығармашылық ойлауын дамыту, мен үшін маңызды болды. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарлатады дегім келеді. Оқушының дивергентті ойлауына сыныптағы диалогтің маңызы зор, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын ескеріп, тізбектелген сабақтарымда оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер оқушылардың жас ерекшелігіне сай үнемі қолданамын. Сабақтарда флипчартпен, маршруттық картамен, интелек картамен жұмыс, жұптық әңгіме арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытамын. Оқушыны дивергентті ойлату арқылы-өз ойымен өзгелердің ойын сыни қарап, естігенің, білгенің талдап, салыстырып, реттеп, жүйелеп, білмегенің өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен шығармашылық жұмыстануға үйретуді жоспарлаймын. Осы дағдыларды математика пәнінде логикалық тапсырмаларды орындату арқылы да дамытуға болады. Әр сабақта 1-тапсырма жұпта ойлану, сосын топта талқылауға беріледі.. Көбіне сабақтарымда тапсырмаларды жұптасып орындауды тапсырамын. Себебі,оқушылар жұптаса отырып, қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдер қабылдауға, түрлендірілген тәсілдерді іс-әрекетімізге енгізуге дайын болуға үйренеді. Диалог барысында оқушыларға өз ойын айтуға мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, өз ойын айтып, өз шешімін талдауға, саралауға мүмкіндік болады. /1-қ/.Математика пәнінде оқушыларды дивергентті ойлауын дамыту арқылы əртүрлі мəселелерге қатысты қалай əрекет етіп, проблемаларды шешу жолдарын түсінуге көмектесе отырып, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, арифметикалық алгоритмдерді қолдану, геометриялық құрылымдарды орындау жəне математикалық зерттеу жүргізу қабілетін жетілдіру қажет екендігі сипатталады. Бұл пәнде оқушылар есептер шығара отырып, әр тапсырмаға сыни ойланып жауап береді десе де болады. Ол үшін оқушыларды қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, баулу қажет. Сабақта балалардың күнделікті өмірде кездесетін тәжірибесіне сүйеніп, байланыстыра шешілетін есептерді орындауға беремін.Заңдылықты іздеу, байқау, жадында сақтау мүмкіндіктерін жаттықтыруға есептер беру. Сәйкес тексеру, талдау жұмыстарын жүргізуді. Күрделі есепке сызба берілген және “миға шабуыл” әдісі арқылы оның шешімін табуды; алдыңғы сабақта берілген есептерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды, ережеге сай есептеу жүргізуді тапсырамын. 1-сыныпта «Қосу амалындағы сандардың атаулары» тақырыбы тұсау кесер бөлімінде «Серпілген сауал» әдісін пайдалана отырып, оқушыларға әр түрлі сұрақтар қойдым. Сол сұрақтың бірі: Санға бірді қосақ қандай сан шығады?- деген сұраққа жауап аларда, оқушылардан әртүрлі жауаптар алдым. А деңгейлі «М» есімді оқушым «2»-десе ; «А» есімді оқушым «3»- деді; В деңгейлі «Д» есімді оқушым «4»-деп жауап берді; С деңгейлі «М» есімді оқушым- «келесі сан шығады»- деп жауап айтты. Сабақтарымда «Визуалды айғақтар әдісі» бойынша топ оқушыларына геометриялық фигуралар беріп, геометриялық фигураларды топтастыруды тапсырамын.1- топ оқушылары фигура түріне қарап топтаса, 2-топ фигураның түсіне қарай топтады. Сол геометриялық фигураларды пайдаланып, өрнек құрастыруды тапсырамын. Оқушылар жұпта бірлесіп, берілген тапсырмаларды талдап, өз ойларын тұжырымдап, қорытынды ой шығарып отыруға дағдыланады.Мазмұнды есептер шешу барысында да есептің шығару жолының тиімді тәсілін таңдап шығаруға машықтанады. Бірнеше шешімдер қабылданады. Өз ойын дәлелмен жеткізуге дағдыландырамын. Мысалы: Сыныпта барлығы 30 бала бар. Үзілісте 10 бала шығып кетті де, 5 бала кірді. Сыныпта барлығы неше бала болды? Шешуі: І. жолы.30-10+5=25 (бала болды). ІІ жолы. 1) 30-10=20; 2)20+5=25(болды) ІІІ. жолы 30-(10+5)=25(бала болды).

Дивергентті ойлау белгілі бір идеялардан тұруы мүмкін, бірақ олардың әрқайсысы немесе көпшілігі қарапайым болуы мүмкін./2- қ/

Тапсырма:№1 Өзіңіздің досыңызбен телефонда сөйлесіп жатқаныңызды елестетіп және сіз досыңызға бір геометриялық фигураны сипаттайсыз, бірақ нақты қандай фигура екенін айтпайсыз. Мәселен сіз жасырған фигура «Шаршы» туралы айтып тұрсыз, кез-келген сөзді «шаршы» сөзінен басқа пайдалана аласыз. Оны әр түрлі жолдармен түсіндіріп көр. Бұл жерде оқушы жасырынған фигураны жан-жақты сипаттау арқылы сипаттайды.

Тапсырма:№2 Пластикалық, ағаштан жасалған (немесе өзіңізге картон жасаңыз) түрлі-түсті геометриялық пішіндерді алып, мүмкіндігінше әртүрлі стильдендірілген суреттер жасау (Cурет 1). Қарапайым геометриялық пішіндерден жиналуға болатын суреттер мысалдары. Қарапайым геометриялық пішіндерден жиналуға болатын суреттер

Cурет 1. Cурет 2.


Тапсырма:№3. Адамдар мен жануарлардың мүсіндерін қағаздан жасаңыз.Ол үшін әртүрлі фигуралар оқушыларға таратылып, оқушы өзі фигураларды қолдана отырып, түрлі мүсіндерді жасайды. Фигура бірдей болғанымен мүсін әртүрлі болады. /Сурет-2/

Оқушылардың жас ерекшеліктерімен, жеке -дара ерекшеліктерін ескеріп, төмендегі әдістерді сабақтарымда жиі қолданамын. Оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттыру оқушылардың бойында өзгерістер оң нәтиже беруде. Оқушы бойында сыңаржақтылықтың болмауы, әртүрлі көзқарастарға көңіл бөлу, өзіндік сана сезім – өз эмоцияларын көзқарастарын білдіріп отырды. Бұл әдістер оқушылардың дивергентті ойлауын арттыруға ықпал етеді.

Сабақта көбіне «Он сұрақ» әдісін қолданамын. Мақсатым: образды ойлауды дамытуға болады. Бұл әдісте бір оқушының маңдайына өзіне көрсетпей мысалы «6» цифрын жасырамын. Оқушы өзінен жасырылып тұрған санды тек 10 сұрақ қою арқылы тауып алуы керек. Ол үшін оқушы сұрақты тиімді қоя білуі керек, сұрақтар логикалық тұрғыдан ойланып қойылмаса өзіне жасырынған сөзді таба алмайды. Мысалы: «6» цифрын жасырылған оны оқушы білмейді бірақ тиімді сұрақ қоя білуінің нәтижесінде жасырынған цифрды таба алады.

-Бір таңбалы сан ба? / Ия, немесе Жоқ деп жауап береді/ Демек ол 1,2,3 -9 сандары ...деп оқушы ойлай алса, әрі қарай дұрыс сұрақ қоя алады деуге болады. Ол сан жұп па? / «Ия» Демек 2,4,6,8 деп ойласа жасырынған цифрды таба алуы жеңіл болар еді. Бұл оқушының ізденімпаздығына,логикалық тұжырым жасай білуіне байланысты. Жасырынған бейнені іздеп жатқан бала ойлануы керек: бір таңбалы, жұп сан әрі қарай тағы 8 сұрақ қоюға мүмкіндігі бар. Бұл сан 4-ке бөліне ме ? /«Жоқ» / Демек бұл сан 8 емес деген ой болуы керек жасырынған цифрды табуына әрі қарай 7 сұрақ қоя алады. Бұл сан 2-ге бөліне ме?/ «Ия» / демек, бұл сан 9 емес деген тұжырым ойлаған оқушыған әрі қарай жасырынған цифрды табуға жол ашылды десем де болады. Яғни 2-ге бөлінсе, 2,4,6 болуы мүмкін деп тұжырым жасай алатын оқушы, жауабын бірден әрі қарай таба алуы мүмкін. Осы 2,4,6 сандарының ішінен жасырын санды табу үшін тағы сұрақты дұрыс қоя білуі керек.Жасырынған сан үшке бөліне ме? «Ия» Демек жасырылған сан 2,4 емес .Ендеше «6» деп таба білген оқушы кездесті. Кейбір кезде сұрақты тиімсіз қойып, ешқандай интерпретация жасай алмай, қойылған сұрақтар саны 10 -ға жетсе әрі қарай сұрақ қоюға мүмкіндік болмай жасырылған сөзді немесе цифрды таба алмай қалған оқушылар да кездесіп жатады. Ондай кезде ол оқушылар әрі қарай оңдай қателік жібермеуге тырысып, әдісті келесі сабақта жетістікке ұмтылу үшін қызығушылығы артып, тиімді сұрақтар қою үшін ойланып, логикалық тұжырымдап жауап беру, сұрақ қою қажеттігін сезініп келесіде оқушы бойында сыңаржақтылықтың болмауы, әртүрлі көзқарастарға көңіл бөлу, өзіндік сана сезім – өз эмоцияларын көзқарастарын білдіріп отыруды сезінді.

Тапсырма:№4. " Атауға болмайтын сандар " Мақсаты: Шарт пен материал арасындағы зейіннің шоғырлануын, бөлінушілігін дамыту. Жағдаяттан шыға білуге, тез ойлауға үйрету.

Өткізу әдісі: Балаларға сұрақтар беріледі, ал балалар осы сұрақтарға тез-тез жауап беріп отыру керек және бұл тапсырманы орындағанда мына 2 шартты ұмытпау керек.

  1. 2 және 4 санын айтуға болмайды.

  2. бір рет айтылған санды қайталап айтуға болмайды.

Сұрақтар:1. Бір қолда неше саусақ бар? 2. Итте неше аяқ бар? 3. Тауықта неше аяқ бар? 4. Сен неше жастасың? 5. Аспанда қанша жұлдыз бар? 6. Екіге екіні қосқанда неше болады? 7. Бегемотта неше көз бар? 8. Үшке екіні қосқанда қанша болады?

Жауаптары: 1. бес; 2. мысықта қанша болса, итте сонша аяқ; 3.жұп; 4. аз; 5.өте көп; 6. 3-ке бірді қосқандағы сан шығады; 7. менде қанша көз бегемоттада сонша көз; 8. үшке үшті қосып, бірді алғанда шығатын сан.

Тапсырма:№5 қанша тәсілімен 50 санын он екі бүтін санның қосындысы түріне келтіріп жазуға болады?

Тапсырма:№6 . а) 133; ә) 343; б) 13132 сандарының цифрларының орындарын алмастыру арқылы қанша әртүрлі сан алуға болады?

Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі». 7-8 жасар балаға ойлау, тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы 8 жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы арқылы айқын көрінеді. Оқушылардың ойлау қабілеттерін жаңа сатыға көтеріп, математика пәндері бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесін арттыру мақсатында мұғалімдер өз оқушыларының қызығушылықтары туралы білімдері мен бүкіл білім беру бағдарламасын ескере отырып, орындалатын жаттығуларды өзі таңдауға ерікті. Оқушылардың оқу үлгерімін бақылап, оларға мақсаттарына жетуге қолдау көрсетеді.Оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттырудың ерекшелігі: оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдылары дамиды. Оқушының шығармашылық ойлауы артады, көкірегіне сенім ұялайды. Сондықтан математика пәнінде оқушыларды дивергентті ойлауын дамыту арқылы əртүрлі мəселелерге қатысты қалай əрекет етіп, проблемаларды шешу жолдарын түсінуге көмектесе отырып, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, арифметикалық алгоритмдерді қолдану, геометриялық құрылымдарды орындау жəне математикалық зерттеу жүргізу қабілетін жетілдіру қажет екендігі сипатталады. Сонда ғана мұғалім еңбегінің нәтижесіне жете алады. Осы сияқты әр түрлі тапсырмаларды орындауда оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттыру, оқушылардың бойындағы өзгерістер оң нәтиже беруде!

Нәтижесінде оқушыларымның сабаққа белсенділігі артып, түрлі шараларда өз нәтижелерін көрсетуде. Атап айтсақ, Ерболат А қала көлемінде 2015ж, 2-сыныптар арасында ұйымдастырылған «Intel-logik» интеллектуалды турнирде ІІІ орын, 2016ж 3-сыныптар арасында қала көлемінде өткен «Intel-logik логикалық есептер, софизимдер шешу,интеллектуалды турнирінде» І орын Ерболат А, облыс көлемінде YII облыстық “Intel-Logik-2016” логикалық есептер, софизимдер шешу, интеллектуалды-турнирінде «Алғыс хатқа» ие болды. 2017 жылы қала мектептерінің 3-сынып оқушылары арасында өткен математикалық олимпиада Ерболат А «Алғыс хатқа» ие болды.2017 ж Халықара- лық «Эрудит» интеллектуалды байқауында Жаңабайқызы М. ІІІ орын иеленді. Жаһандану заманында, саналы, білімді, жан-жақты бәсекеге қабілетті, құзіретті жеке тұлғаны қалыптастыру білім берудің мақсат –міндеттеріне сәйкес оқытудың нәтижесінде жүзеге аспақ!

Picture 3 Рисунок 5

1-қ Жұптық жұмыс 2-қ Топтық шешім 3-қ «Мозайка» 4-қ «Кір жаятын

бір тоқтамға келу жіп» әдісі



Қолданылған әдебиеттер:


1. «Құзыреттіліккке бағытталған сапалы білім беру» Ш.Х Құрманалина

2.«Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар» Ш.Х.Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева «Атамұра» 1997ж

3.Шалғынбаева Қ. Шығармашылық есептердің маңызы. Бастауыш мектеп, 2006.№1,7-бет. 4.«Формирование дивергентного мышления» Разумникова, О. М. Новосибирск, 2003ж 5.М.Барбер. М.Муршед «Как добиться стабильно высокого качества обучения в школах»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
852
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі