Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру
кезеңі (2–3 минут)
|
Балаларды
жылы қарсы алып, шаттық шеңберіне
тұрғызады. Шаттық
шеңбері:
Күн
күлімдеп ашылды, Нұрға әлем шашылды.
Біз ақылды баламыз, Санап бүгін аламыз.
Сабақтың тақырыбымен таныстырады.
|
Шеңберге
тұрып, өлеңді қайталайды. Сабаққа
қызығушылық танытады.
|
Қызығушылықты
ояту (3–5 минут)
|
Қолына
сандықша алып келеді. Сандықтың ішінен
сандар жазылған карточкаларды шығарады.
«Бұл қандай сандар? Қане, бірге санайық!»
дейді. Балаларға 1-ден 10-ға дейін және
кері санауды ұсынады.
|
Сандарды
таниды, тура және кері санайды.
|
Негізгі
бөлім (10–12 минут)
|
Балаларға
әртүрлі ойыншықтарды (алма, гүл,
көбелек, текше) көрсетеді. «Нешеу?»,
«Қайсысы көп?», «Қайсысы аз?», «Қанша
қосу керек?» деген сұрақтар қояды.
Заттарды салыстыруды, теңестіруді
ұсынады. Реттік санауды (бірінші,
екінші...) қайталатады.
|
Заттарды
санайды. Көп-аз, тең ұғымдарын қолданады.
Реттік санауды орындайды.
|
Сөздік
жұмыс
|
Жаңа
математикалық сөздерді түсіндіреді:
сан,
санақ, көп, аз, тең, бірінші, соңғы,
артық, кем.
|
Жаңа
сөздерді қайталайды. Сөйлем ішінде
қолданады.
|
Сергіту
сәті (2 минут)
|
«Бірден
онға дейін»
қимылды жаттығуын өткізеді. Бір
дегенім – білек, Екі дегенім – ептілік.
Үш дегенім – үш рет секір, Төрт дегенім
– қол соғайық...
(10-ға дейін жалғасады.)
|
Санға
сәйкес қимылдарды орындайды.
|
Дидактикалық
ойын №1 «Көршісін тап»
|
Бір
санды көрсетеді. Балалар сол санның
алдындағы және кейінгі санды атайды.
|
Сандардың
көршілерін дұрыс атайды.
|
Дидактикалық
ойын №2 «Санға сәйкес орналастыр»
|
Карточкадағы
санға сәйкес сонша текше немесе санау
таяқшасын орналастыруды ұсынады.
|
Берілген
санға сәйкес заттарды орналастырады.
|
Дидактикалық
ойын №3 «Кім жылдам санайды?»
|
Екі
топқа әртүрлі заттар береді. Қай топ
дұрыс әрі жылдам санайтынын бақылайды.
|
Топпен
жұмыс жасап, заттарды дұрыс санайды.
|
Шығармашылық
жұмыс (5 минут)
|
Үлестірмелі
парақтағы тапсырманы орындатады:
санды сызық арқылы сәйкес заттармен
қосу, жетіспейтін санды табу, қажетті
мөлшерде бояу. Жеке көмек көрсетеді.
|
Тапсырманы
өз бетінше орындайды. Дұрыс орындауға
тырысады.
|
Қорытынды
бөлім (3–5 минут)
|
Сұрақтар
қояды: «Бүгін не үйрендік?», «Қай сан
саған ұнады?», «Қай тапсырма қызықты
болды?» Белсенді балаларды мадақтайды.
|
Сұрақтарға
жауап береді. Өз жұмыстарын бағалап,
алған әсерлерімен бөліседі.
|