жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика шеберлік сабағы 2 сынып "Өлшеу құралдары"
|
САБАҚ: Өлшеу құралдары. |
Мектеп:М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия |
|||
|
Күні:19.10.2018. |
Мұғалімнің есімі:Нурсейтова Н.О. |
Күні:19.10.2018. |
||
|
СЫНЫП: 2 «А» |
Қатысқандар саны: |
СЫНЫП: 2 «А» |
||
|
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
2.1.3.3** - шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л), уақыт (сағ) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау. Өлшеу құралдарын пайдалану оның маңызы туралы айту. |
|||
|
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
|
|||
|
Құндылықтарды дарыту
|
|
|||
|
Бағалау критерийі |
|
|||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||
|
Пән-қ байланыс |
Әдебиеттік оқу, дүниетану. |
|||
|
Сабақ кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 1 минут 1 минут |
Шағын топтарға топтасу. Өлшем бірліктері арқылы шағын топтарға топтасу. Топтың атын ребус шешу арқылы табады. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут (ТЖ) Хормен айтады Сабақты төмендегі өлең жолдарын оқушылармен хормен бірге қосылып айтудан бастаймын. Жарық болсын күніміз. Жарқын болсын үніміз, Елін сүйіп ер жетер Біз болашақ гүліміз.Бұл жаттығуды орындау барысында отбасы мүшелерін еске түсіреді. |
Интербелсенді тақта Топ аттары жазылған бұрыштамалар, топтық жұмыс ережесі. |
||
|
Сабақтың ортасы 3 минут 4 минут 2 минут 3 минут 1 минут 2 минут 2 минут 5 минут 3минут 5 минут |
Ширату: Белсенді оқыту.Алдыңғы білімді еске түсіру (ҰЖ): 1-тапсырма: «Іске сәт» ойыны Мақсат: шапшаңдық, тез шешім қабылдау. 1-топ: дәптердің ұзындығын өлшеу. 2-топ: минутқа сөз оқу. 3-топ: ыдыстағы суды өлшеп, салыстыру 4-топ: Екі алманың салмағын анықтау. ҚБ: Бірін-бірі бағалау. Басбармақ әдісі арқылы. АС: Балалар, өлшем нақты ма? Нақты болуы үшін бізге не қажет? Өлшеу құралдары қажет. Жаңа сабақ: ОЛай болса біз бүгін өлшеу құралдарымен танысамыз.
2-тапсырма: «Кім жылдам?» әдісі
Дәптермен жұмыс: Ж: Саралау 3-тапсырма: «Өзіммен-өзім» әдісі Дәптерде №2 тапсырманы орындау. Сызғыштың көмегімен жолақтарды өлшеп, дәптерге сызу. №3 тапсырманы ауызша орындау. 1 сағат = 60 минут 4-тапсырма: ҚБ тапсырмасы:ДЖ:
Дескриптор Білім алушы − масса өлшем бірлігі мен сәйкес өлшеу құралын байланыстырып сызады; − уақыт өлшем бірлігі мен сәйкес өлшеу құралын байланыстырып сызады; − ұзындық өлшем бірлігі мен сәйкес өлшеу құралын байланыстырып сызады; − сыйымдылық өлшем бірлігі мен сәйкес өлшеу құралын байланыстырады. Сергіту сәті. (Оқушылар өздері көрсетіп тұрады). 1,2 3- бұл үшбұрыш (үшбұрыш) 4,5,6- бұл шаршы (шаршы) 7,8- білім теңіз, 9,10- «Білім еліне» қон ЖЖ: 5-тапсырма: Саралау Практикалық жұмыс Өлшеу жұмыстарын жүргізу Дәптердің ұзындығы, алманың салмағы, судың көлемі. Жұмсалған уақытты өлшеу. ҚБ: Жарайсыңдар! (Мұғалімнің қошемет сөзі) Бірін-бірі бағалау: «От шашу» әдісі Күтілетін нәтиже: Практикалық жұмысқа бейімділік дағдысы қалыптасады. Сұрақ: Өлшеу құралдарын не үшін қолданды деп ойлайсыңдар? ТЖ: 6-тапсырма: «Зеректік» Логикалық есептер шығару Бір адам 17 қабатта тұрады. Ол үнемі 6 қабатқа дейін лифтімен, әрі қарай жаяу көтеріледі. Ал жауын жауған күні 17-қабатқа дейін лифтімен көтеріледі. Неге? 1 жұмыртқа 4 минутта піседі. 4 жұмыртқа неше минутта піседі. 5 кг. Мақта ауыр ма, 5 кг тас ауыр ма? Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, бір аяғымен тұрса ше? Жануардың оң жағында екі аяқ, сол жағында екі аяқ,артында екі аяқ, алдында екі аяқ барлығы қанша аяқ? Жұмбақты шеше отырып, уақыт өлшем бірліктерін еске түсіру. Ағайынды жетеуінің, Бесеуінің жұмысы бар, Жұмысы жоқ екеуінің. ( бір апта) 1 апта-7 күн Он екіге жетіп, Жүрген кері кетіп, Ағайынды он екі, Бір атаның әулеті (он екі ай) 1 жыл-12 ай. Ақ киімді біреуі, Көк киімді біреуі Әлем-жәлем киімі Тағы бірі жүреді, Үш жүз алпыс бес, Үш жүз алпыс алты Әр жылдағы қалпы 1 жылда- 365 күн - 366 күн. Бір қазыққа байланған Үлкен ат пен кіші ат Бір-бірінсіз жүрмейді, Кешігуді білмейді. ( сағат) 1 сағат- 60 минут 1 минут- 60 секунд Дескриптор:
Еңбек пен шығармашылық (топта жұмыс жасағанда еңбек және шығармашылық құндылығы дарытылады) ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі. Мұғалімнің марапаттауы |
Өздері әкелген заттар немесе суреттер
Топтық жұмыс
Интербелсенді тақтадағы жазба Смайликтер
Тірек-сызба
Үлестірмелер
Үлестірмелер ҚБ-ға арналған тапсырмалар
Логикалық тапсырмалар |
||
|
Сабақтың соңы 4 минут |
«Көз жұмып ойлану» әдісі Оқушылар көздерін жұмып, мына сұрақтарға іштей жауап береді: - Мен бүгін не білдім/үйрендім? - Сабақта мен өзімді қалай сезіндім? - Мен үшін не ең қызық болды? - Мен кешегі күнмен салыстырғанда өстім бе? «Бас бармақ» әдісі Мен бәрін түсіндім – бармағын жоғары қаратады. Маған әлі іздену керек – бармағын жанына қаратады Маған көмек керек – ьбармағын төмен қаратады Осы түстерге тұрып, рефлексия жасайды. |
|
||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген