Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Математика шыңы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Математика шыңы»
4-сынып оқушыларына арналған
4 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 36сағат
Түсініктеме хат мазмұны
Білім берудің бүгінгі күнгі талабы - оқушының жан - жақты іс-əрекеттік қабілетінің дамуы. Ежелгі замандардан бері өскелең ұрпақтың дамуында математиканың алар орны ерекше. Математика ғылымының өзге ғылымдар мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ. Математика — барлық ғылымдардың логикалық негізі болғандықтан да, математика оқушының дұрыс ойлау мəдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі, оған қоса өзге салаларды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әзірленген «Математика шыңы» таңдау курсының бағдарламасы педагогиканың түрлі аспектілері: қарым-қатынас жасау, белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқуды негізге ала отырып әзірленген. Аталған аспектілер сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Бұл бағдарламаны жазуда бала дамуының ең жақын аймағына сүйену керектігін ескердік. Нақты жаттығуларды орындау барысында дамыта оқыту идеясымен үйлесетін жаңа технологияны қолдануды мақсат тұттық. Баланың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені де дұрыс деп ойлаймыз.
Бағдарлама жаңартылған білім беру мазмұнының басты қағидаты - спиральділік негізінде құрылды, оның негізгі ерекшелігі:
-
оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты немесе тапсырмаларды бірнеше рет қайталап оқиды;
-
əрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе тапсырманың күрделілігі арта түседі;
-
жаңа тақырыпты өту алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты жəне алдыңғы алынған ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады.
Бағдарламаның негізгі басымдықтары:
-
оқушы қайталап оқыған сайын ақпарат бекітіліп отырады;
-
жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
-
оқушыларға бұрын алған білімін оқу мақсатына жетуде жетістіктерге қол жеткізу үшін қолдану ұсынылады.
Сонымен қатар, бағдарлама:
-
оқушылардың білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту талаптарына сәйкес;
-
оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай әзірленген;
Бағдарламаның мақсаты:Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын, ынтасын арттырумен қатар олардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға жағдай жасау. Көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
Міндеттері:
1) оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай математиканы оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді жолдарын анықтау;
2) оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал тигізетін тәсілдерді анықтап, оларды зерттеу;
3) теориялық материалдарды игеруді және есеп шығаруда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тәсілдерін табу;
4) оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және зерттеу;
4-сынып
Түсініктеме хат мазмұны
Жылдық сағат саны – 36
Бұл бағдарламада жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып, 4-сыныптың математика оқулығының тақырыптары мен тарауларына сәйкестендіре отырып әзірленді. Онда көп таңбалы сандар; Шамалармен жүргізілетін есептеулер; Теңдеулер және оларды шешудің ең оңай жолын табу; Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері және т.с.с мәселелер қарастырылған.
Бағдарламаның мақсаты:
-
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру .
-
Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын, ынтасын арттыру.
-
Ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету.
-
Көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
Бағдарламаның міндеттері:
-
Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету
-
Тапсырмаларды орындаудағы қиындықтарды жеңу, тапқырлық пен зерделілік таныту, логикалық талдау жүргізу, ақыл- ой операцияларының орындалуын алға қою.
-
Оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін арттырып, патриоттыққа тәрбиелеу.
-
Ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану.
-
Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру.
4 – сынып. Сағат саны -36
1-сабақ (1 сағат) КіріспеТақырыбы:«Математика – ғылымдар патшасы»
2-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Әлемге танымал математиктер»
Әлемге танымал математиктер жайлы мәлімет беру. Қызықты деректермен таныстыру.
3-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Сандар. Сандардың шығу тарихы. Сандар сыры»
Сандар туралы мәлімет. Натурал сандартарихы, сандар мен цифрлар сыры, заңдылық.
4- сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Сандар сыры»
Үлкен сандар. Ұжымдық санау. Көп таңбалы сандармен жаттығу. Разрядтар кестесімен танысу. Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып, есептердің шығару жолдарын үйрену.
5-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы. «Логикалық тапсырмалар»
Ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар беру.
6- сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: Зерттеу жұмысы: «Таңғажайып шаршы»
Сіріңкенің көмегімен есептер шығару.
7 -сабақ (2 сағат)
Тақырыбы:«Олимпиада есептері»
Бастауыш сынып оқушылары арасында болатын олимпиада есептерін шығаруға үйрету.
8- сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Білгірлер сайысы»
«Бәйге» ойынын ойнату арқылы математикалық ребустар, сөзжұмбақтар шешу.
9, 10-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Жоба жұмысы»
«Ұлы математиктер», «Сандар сыры», «Қызықты геометрия» және т.б. тақырыптарда жоба жұмысын жазу, қорғау.
11-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Геометрияға байланысты логикалық есептер»
Геометрияға байланысты логикалық есептер шығару.
12-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Қызықты пирамида»
Көп таңбалы сандарды салыстыру үшін олардың сәйкес разряд бірліктерін қарастыру. Соған сәйкес тапсырмалар орындау.
13-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Қалаларға саяхат»
Ойын арқылы ұзындық және оның өлшем бірліктері. Соларға байланысты өзара кері есептер құру, шешу.
14-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математикалық эстафета»
Масса және оның өлшем бірліктері. Ауырлық өлшеуіштерін өмірде пайдалану.
15-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математикалық эстафета»
Ұзындық және оның өлшем бірліктеріне байланысты тапсырмалар орындау, есептер шығару.
16-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математикалық эстафета»
Жылдамдық, уақыт және қашықтыққа байланысты есептер шығару, тапсырмалар орындау.
17-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Әзіл есептер»
Қызықты әзіл есептер шығару.
18-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Ойшыл математик»
Танымдық ойын. Есептер, ребустар, сөзжұмбақтар шешу.
19-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Білгенге маржан»
Адам ғұмырындағы қызықты санды мәліметтермен таныстыру. Деректі фильм, бейне материалдар көру.
20-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Қызықты математикалық тапсырмалар»
Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау.
21-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математикалық қызықтар»
Математикада қаншама еліктіретін деректер мен таңқаларлық жаңалықтардың болатындығы жөнінде мәлімет беру. Интернет желісі арқылы қызықты мәліметтер іздестіру.
22-сабақ (1сағат)
Тақырыбы: «Логикалық есептер»
Логикалық есептер шығару.
23-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Экономика ғылымы»
Экономика, оның адам өміріндегі маңызы жайлы қарапайым түсінік беру.
24-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Ақша дегеніміз не?»
Ақша дегеніміз не? Оның шығу тарихы. Ұлттық теңге туралы мәлімет. Ақша жайлы қызықты деректер.
25-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математик – кәсіпкер» ойыны
Логикалық ойлауға және (капитал, құн, қаржы, банк, банкрот) экономикалық ұғымдармен таныстыру. Оқушыларды іскерлікпен дағдыға үйрете отырып, қоғамымыздың экономикалық заңдылықтары туралы түсінігін қалыптастыру, экономикалық білім беру.
26-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Отбасы – шағын мемлекет»
Отбасындағы табыс көзі. Кірістер, шығыстар, отбасы бюджетінің құрылымы.
27-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Егер мен кәсіпкер болсам»
Жоба немесе зерттеу жұмысы.
28-сабақ (1-сағат)
Тақырыбы: «Экономикалық мазмұнды есептер шығару»
Экономикалық мазмұнды есептер шығартып, білік, дағдыларын арттыру.
29-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Қызықты сағат» математикалық ойыны.
Топтық сайыс.
30-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математикалық басқатырғыштар»
31-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Олимпиада есептері»
32-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Логикалық есептер»
33-сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Математикалық КТК»
Осы уақытқа дейінгі меңгерген білім деңгейлерін анықтап, өзара салыстырмалы түрде қарау үшін топтар арасында сайыс ұйымдастыру.
34- сабақ (1 сағат)
Тақырыбы: «Біз не үйрендік?»
Жыл бойы алған білімдерін қайталап, тест тапсырмасы арқылы бекіту.
4- сынып. Жылдық сағат саны – 36
Р/с |
Тақырыбы |
Сағат саны |
Мерзімі |
Өтікізілу түрі |
Білімдік қазына |
|
1 |
Кіріспе Математика – ғылымдар патшасы |
1 |
|
Танымдық сабақ |
Математика ғылымы жөнінде мәлімет беру. Деректі фильм көрсету. |
|
2 |
Әлемге танымал математиктер |
1 |
|
Танымдық сабақ |
Әлемге танымал математиктер жайлы мәлімет беру. Қызықты деректермен таныстыру. |
|
3 |
Сандар. Сандардың шығу тарихы. Сандар сыры. |
1 |
|
Танымдық сабақ |
Сандар туралы мәлімет. Натурал сандартарихы, сандар мен цифрлар сыры, заңдылық. |
|
4 |
Сандар сыры |
1 |
|
Практикалық сабақ |
Үлкен сандар. Ұжымдық санау. Көп таңбалы сандармен жаттығу. Разрядтар кестесімен танысу. Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып, есептердің шығару жолдарын үйрену. |
|
5 |
Логикалық тапсырмалар |
1 |
|
Өзіндік жұмыс |
Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, алған білімдерін тереңдету. |
|
6 |
Таңғажайып шаршы |
1 |
|
Зерттеу жұмысы |
Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, алған білімдерін тереңдету. |
|
7 |
Олимпиада есептері |
1 |
|
Практикалық сабақ |
Бастауыш сынып оқушылары арасында болатын олимпиада есептерін шығаруға үйрету. |
|
8 |
Білгірлер сайысы |
1 |
|
Сайыс сабақ |
«Бәйге» ойынын ойнату арқылы математикалық ребустар, сөзжұмбақтар шешу. |
|
9 |
Жоба жұмысы |
1 |
|
Зерттеу жұмысы |
«Ұлы математиктер», «Сандар сыры», «Қызықты геометрия» және т.б. тақырыптарда жоба жұмысын жазу, қорғау. |
|
10 |
Жоба жұмысы |
1 |
|
Зерттеу жұмысы |
«Ұлы математиктер», «Сандар сыры», «Қызықты геометрия» және т.б. тақырыптарда жоба жұмысын жазу, қорғау. |
|
11 |
Геометрияға байланысты логикалық есептер |
1 |
|
Практикалық сабақ |
Геометрияға байланысты логикалық есептер шығару. |
|
12 |
Қызықты пирамида |
1 |
|
Практикалық сабақ |
Көп таңбалы сандарды салыстыру үшін олардың сәйкес разряд бірліктерін қарастыру. Соған сәйкес тапсырмалар орындау. |
|
13 |
Қалаларға саяхат |
1 |
|
Ойын сабақ |
Ойын арқылы ұзындық және оның өлшем бірліктері. Соларға байланысты өзара кері есептер құру, шешу |
|
14 |
Математикалық эстафета |
Материалды жүктеу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Ұқсас материалдар Дайын ҚМЖ. Барлық пәндерден 2024-2025 оқу жылына, жаңа бұйрыққа сай жасалған Сертификатталған тренер жасаған 01.01.2023 17 863 13 694
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандарты бойынша жасалған.
Барлық пәндер Барлық материалдар Барлық сыныптар
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |