400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сыныптың оқушысының абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. «Математика сыры» авторлық бағдарлама таңдау курсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің

М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ



















Математика сыры


2 сынып оқушыларына арналған




КОРЖЫНБАЕВА АЛМАГУЛЬ ТЕМИРХАНОВНА








Аркалык, 2021


УДК



ББК

Н



Рецензенттер:

Ы.Алтынсарин Атындағы Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институтының «БАСТАУЫШТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ПЕДАГОГИКАСЫ» БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ, ДОЦЕНТ, PHD ДОКТОР:ОСПАНБЕКОВА М.Н


САРСЕНБАЕВА Р:Ж – «МАТЕМАТИКА» пәніен жоғары санатты зерттеуші ұстаз


«Математика сыры» 2 сыныптарға арналған таңдау пәнін бағдарламасы бойынша авторлық жұмысын құрастырған – А.Т.Коржынбаева бастауыш сынып мұғалімі. « Арқалық қаласы білім бөлімінің М.Әуезов атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебі» КММ , 2021


ISBN



Берілген бағдарлама 2 сыныптарда математика пәнінен бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарламасы ұсынылып отыр.






УДК

ББК


Аталған курс 28.05.2021 ж "Арқалық қаласы білім бөлімінің М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде". № 5 әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды




ISBN © Коржынбаева А.Т, 2021



Түсініктеме

          2-сыныптың оқушысының абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан екінші сыныпқа арналған «Математика сыры» таңдау курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.

Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. «Математика сыры» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.

    « Математика сыры» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі.

Бұл бағдарлама арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
          Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
          «Математика сыры» арнайы курс бағдарламасында келесі тапсырмалар түрлері енгізілген:
-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар;
-жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған тапсырмалар;
-математикалық басқатырғыштар;
-логикалық қортындылар;
-лабиринттер;
-көңілді жаттығулар;
-сөзжұмбақтар;
     





Білім беру мақсаты:

Баланың тұлғалық қасиеттерін: ақыл-ойын, сезімдерін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойлау әрекеттерін дамыту, оқушыларға матемитакалық білім, білік, дағдыларын игерту; шығармашылық қабілеттерін арттыру; зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.



Міндеті:



  • Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

  • Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

  • Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

  • Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;

  • Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.





























Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

Білімі мен білігі бойынша:

10-нан 100-ге дейінгі сандарды оқып және жаза білуі керек. Көбейту кестесін білуі керек.

Оқушы білуі керек:

  • кері есептер құрастыруды;

  • жүздіктерді қосу мен азайтуды;

  • екі таңбалы сандарды қосу, азайтуды;

  • өрнектерді пайдаланып есеп құрастыру;

  • геометриялық фигураларды ажыратуды , тік төртбұрыш, төртбұрыш, шаршы;

  • шамалар мен ұзындық бірліктерін.

























Күнтізбелік жоспар 2-сынып

Аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат



Тақырыптың мазмұны

Сағат саны

Мерзімі



І тоқсан

Математикалық ойындар




1

Кел, ойнайық!

1


2

Құпия сандар

1


3

«Кім жылдам?»,«Тез ойла» математикалық ойындар.

1


4

Теңдіктер мен теңсіздіктер

1


5

Уақыт өлшемдері

1


6

Көңілді есептер

1


7

Логикалық есептер

1


8

Тест

1



ІІ тоқсан

Сандар сыры




1

Жасырылған сөз Сөзжұмбақ шешу

1


2

Геометрия еліне саяхат

1


3

Қызықты жаттығулар

1


4

Сиқырлы шаршы

1


5

Халық өлшемдері

1


6

«Кім қырағы?» математикалық ойындар.

1


7

Сиқырлы ұшбұрыштар

1


8

Қорытынды тест

1



ІІІ тоқсан

Есептер еліне саяхат



1

Рим цифрларымен танысайық

1


2

Шеңбер мен дөңгелек.

1


3

Есептеудің оңай жолы

1


4

Геометриялық фигураларды қолдану

1


5

Ертегілер елінде

1


6

Сурет бойынша есептер құрастыру

1


7

Сандар қатарын құрастыру

1


8

Қызықты есептер

1


9

Математикалық диктант

1


10

Қорытынды тест

1



ІVтоқсан

Сиқырлы геометрия



1

«Жас математиктер»турнирі

1


2

Жұмбақ есептер

1


3

Математикалық ребустар

1


4

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
04.12.2021
1043
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі