Материалдар / Математика ұйымдастырылған іс-әрекетте ұлттық ойындарды пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Математика ұйымдастырылған іс-әрекетте ұлттық ойындарды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйрету, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Халқымыздың ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауыз бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы Білім басқармасы

Әуезов ауданы КМҚК «№62 бөбекжай-балабақшасы»

Тәрбиеші: Курмангалиева Гулсара Shape1

Малгаждаровна

Ересек №1 «Тұлпар» тобы

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті

Құзыреттіліктер: «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту»

Іс-әрекеті: Математика негіздері


Тақырыбы. «Математика ұйымдастырылған іс-әрекетте

ұлттық ойындарды пайдалану»


Мақсаты: Балаларға  ұлттық ойындарды ойната отырып, қызықты тапсырмалар, жұмбақ есептер шығарту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйрету, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Халқымыздың ұлттық ойындарын ойнату арқылы балаларды ауыз бірлікке, достыққа тәрбиелеу.

Оқу қызметінің әдіс-тәсілі: тапсырмалар орындау,санау,ойын.

іс-әрекеті барысы:    

-Балалар музыка әуенімен кіреді.

Балалар 4 топқа бөлінген төрт түрлі асық.

1 - топ Көк асық тобы.

2 - топ Сары асық тобы.

3 - топ Жасыл асық тобы.

4-топ Қызыл асық тобы.

  Шаттық шеңбер:

«Осылай, осылай»

Таңғы көңіл күйді көтеру.

Көңіл күйіміз қалай?- осылай осылай

Жүргенде қалай?- осылай осылай

Жүгіргенде қалай?- осылай осылай

Ойнағанда қалай?- осылай осылай

Үйықтағанда қалай?- осылай осылай

Қалай амандасамыз?- осылай осылай

Отырғанда қалай?- осылай осылай

Бүгінгі оқу іс-әрекетіне –сәтілік.

-жақсы балалар жарайсындар. 

  

 Ұйымдастыру кезеңі                             

- Ұйымдастырылған іс-әрекеті математика негіздері

Тақырыбы: «Математика ұйымдастырылған іс-әрекетте

ұлттық ойындарды пайдалану»

Алдымен ұлттық ойындар туралы түсінік беру.

Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Қыз қуу, алтыбақан, асық ойындары, теңге алу, ақсүйек, аламан бәйге.

1-тапсырма: Үстел үсті ойыны «Асықтар»

«Кубизм» әдісін қолдана отырып, ой қозғау стратегиясын қолданамын.

Кубик лақтыру арқылы ойналады қандай асық түсті сол асықты ашады

Ұлттық құндылықтарды атап шығады.

2-тапсырма: «Арқан тарту» Үстел үсті ойыны
Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналады. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады.
Кубик лақтыру арқылы ойналады қандай асық түсті сол асықты ашады. Логикалық тапсырмаларды орындайды

Екі бала тартысқанда қай бала дүрыс жауап берсе өзіне қарай арқанды тартады, Тақырып  бойынша берілген тапсырманы  кім көп орындаса, сол топтың  жеңіске жететіндігі айтылады.

3-тапсырма: «Ханталапай» ойыны.
Талапай-ау талапай,
Табылды ойын алақай!
Асықты алға шашамыз,
Талапайға басамыз, - деп асықты шашып жіберемін. Балалар  шашылған асықты жинап алады да әр бала  өзінің қолындағы асығын топпен қосыла санап шығады. Асықтардың саны аяқталған соң, салыстыру жұмысын жүргіземіз.

Қолдарына екі асықты алып сергіту сәтіне тура қалады.

Сергіту сәті.

«Асық әні» би қимылдарын орындайды.


4-тапсырма: Үстел үсті ойыны «Асық ату»

Екі екі топқа бөлініп ойналады.

Бір бірден шығып асықты атады екінші топ асықты тигізе алмаса екінші топқа асық қалады қай топ асықты көп жинаса сол топ жеңіске жетеді.

5-тапсырма: «Қандай сан»

Музыка әуенімен ойналады. 5 бала шеңбер бойымен турады музыка әуені тоқталғанда қандай сан келді, санға сонша асық қойып шығады.

Нұрай: Беске дейін санау
Бір дегенім – бесік,
Шықтық содан өсіп,
Екі деген – Елім,
Далам, тауым, көгім.
Үш дегенім – Үміт,
Үміт аптар жігіт.
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім – Бақыт,
Бағалайтын уақыт.

 Айкүнім: Бір апта

Бір аптаның күндері өтті,

Дүйсенбіде гүлдер ектім.

Сейсенбіде жуа тердім

Сәрсенбіде суға келдім

Бейсенбіде бақша баптап

Жұма күні тақпақ жаттап

Сенбіде мен киноға бардым

Жексенбіде бір демалдым.


6 – тапсырма: Төрт топқа төрт түрлі тапсырма беріледі. Педагогтің жетекшілігі арқылы қолдау көрсету. Бақылау арқылы тапсырмалар орындалады.

А) Қазақ үйде не жасырлған жарық түсіру арқылы көреміз атаймыз.

Б) Асықтарды санга байланыты қойып шығу санау.

В) Асыққа пішіндерін тауып орналастыру.

Г) Қағаз астында не жасырылған сүйық майды жағып көру.


7-тапсырма: Математикалық жұмбақ есептер


1. Бес асықтың екеуін

   Досым сұрап алады,

   Айтшы сонда нешеуі

   Өз қолымда қалады? (3)

 
2. Мұз айдынында үш бала

 Асыр сап жүр сырғанап,

 Сырғанамай екі бала
  Жағалауда тұр қарап,
  Енді осы бар баланың
  Санын айтсаң жарадың ( 5)


Ойын арқылы қортындылау. «Өз шаңырағынды тап»

Музыка ырғағымен ойналады.

Қолдарындағы қандай асық сол түсті шаңыраққа барады.

Шаңырақтын астына әрбір балаға сыйлықтар бар.

Келген  қонақтармен  қоштасайық.

Біз ақылды  баламыз,

Айтқан  тілді аламыз,

Апайлардың бәріне

Сау  болыңыздар деп айтамыз !

 Сабағыма қатысқанызға рахмет!

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды ойнау арқылы бойымызға қүш жинап,ақыл-ойымызды толықтырыу.

Түсіну керек: ұлттық ойынның негізгі мақсаты түсіну керек.

Үйрену керек: Ұлттық,тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру.Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікке үйрету.




Shape2 Shape3 Shape4

Shape5 Shape6 Shape7 Shape8

Shape9 Shape10 Shape11

Shape12 Shape13 Shape14 Shape15

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!