математикА
Түрлі пішінді балықтар
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ
МАҚСАТЫ
Балалардың санау, екі бөлек заттар тобын салыстырып, олардың
тең немесе тең еместігін анықтай білу қабілеттерін
дамыту.
МІНДЕТТЕР
Балалардың ұғымындағы теңдік және теңсіздік туралы
түсініктерін жетілдіру; заттар тобын
салыстырғанда беттестіру тәсілін бекіту; әрқалай орналасқан
заттарды санап, «қанша болды?» сұрағына жауап
беруге, санмен белгілеуге бейімдеу; салыстыру эквиваленті
(балама) туралы түсінік беру; геометриялық пішіндерді
қайталау; заттардың кеңістікте «алыс», «жақын» орналасуы
туралы түсініктерін пысықтау; аквариум балықтары туралы
түсініктер аясын кеңейту.
Зейін, қолдың ұсақ моторикасын, қабылдау, еске сақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту.
Балалардың балықтар әлеміне қызығушылықтарын қалыптастыру;
шыдамдылыққа, тиянақтылыққа, қамқорлыққа
тәрбиелеу.
СӨЗДІК ЖҰМЫС
Жаттығуды орындау барысында: «сандары тең болды», «беттестірдім»,
«заттар әрқалай орналасса да, жалпы жиын саны өзгермейді», «алыс»,
«жақын» сияқты сөздерді айтқызу арқылы сөйлеу қабілетін
жетілдіру.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Аудиожазбаны тыңдау, бейнероликті көрсету, көркемсөз, суретті
көрсету, панно алдында зерттеу жаттығуы, сергіту сәті, үстел
басында іс-тәжірибе жаттығуы, дамытушы жаттығу, пысықтау,
балалардың іс-әрекетін бағалау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
1. Көрнекілік
материалдар.
Салмақты, баяу ырғақты әуенжазба.
Аквариумдағы балықтың жүзіп жүргені туралы бейнеролик.
Түрлі геометриялық пішіндерге ұқсас балықтардың суреттері.
Көрнекілік суреттері:
бір қатарға салынған бірыңғай балықтардың суреттері (екіден беске
дейін);
бір бетте әркелкі ретпен орналасқан біркелкі балықтардың суреттері
(екіден беске дейін).
Бірден беске дейінгі сандардың көрнекілік жинақтары.
Көрнекілікке панно.
Баяу ырғақты әуенжазба.
Суретті сызбалардың бірнеше нұсқалары: суреттердің әрқайсында
екіден беске дейін пішіндері мен шамалары әртүрлі балықтар
бар.
2. Үлестірмелі
материалдар.
Әр балаға оң және сол жаққа бөлінген карточка; бір
жағында балықтар бір қатарда бір-біріне жақын, екінші жағында
әрқалай орналасқан.
Сандардың екі данадан тұратын жинақтары.
Екі жолақты карточка.
Ыдыстарда түстері көк, шамасы бірыңғай, геометриялық пішіндердің
кескіндері.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Аудиожазбаны тыңдау.
Баяу ырғақты әуен қосылады.
Балаларға аквариумда жүзіп жүрген балықтар туралы бейнеролик көрсетіледі.
Педагог:
– Балалар, бұл не? Балықтар қайда мекендейді? Олар неге шынының
ішінде жүзіп жүр?
– Балалар, кейбір әдемі балықтар терең және алыс жатқан мұхиттарда
мекендейді. Адамдар оларға қызығады. Бұндай балықтарды үйдегі
аквариумда ұстайды.
– Үйлеріңде аквариум балықтары бар ма? Қандай?
– Балықтар өте әдемі, олардың көлемі де, пішіні де әртүрлі
болады.
1.2. Көркемсөз. «Аквариумдағы
балықтар».
Мекендеген теңіз-мұхиттарда,
Балықтар түсті аквариумдарға.
Қозғалып жүзіп жүр ары-бері,
Түстері ала, қызықты пішіндері.
Суреттер сериясын
көрсету.
Түрлі геометриялық пішіндерге ұқсас балықтардың
суреттері көрсетіледі.
– Балалар, бұл суреттерде қандай пішінге ұқсайтын балықтар бар?
Балалардың жауаптарын тыңдау.
– Балалар, бүгін біз саны да, пішіндері де әртүрлі балықтармен
ойнаймыз.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Панно алдында зерттеу жаттығуы. «Аквариумдағы балықтарды
санап, әрқайсының теңін табайық».
2.1.1. Жаттығуды ұйымдастыру үшін бірнеше көрнекілік
сурет қажет:
бір қатарға салынған біркелкі балықтардың суреттері (екіден беске
дейін);
бір бетте әрқалай орналасқан біркелкі балықтардың суреттері (екіден
беске дейін);
бірден беске дейінгі сандардың жинағы;
панно;
әр балаға екіден берілетін сандар жинақтары.
Педагог балалардың алдына панноның сол жағына қатар салынған, қарсы оң жаққа бір-бірінен алшақтау орналасқан балықтарды көрсетеді.
Педагог:
– Балалар, сол жақтағы балықтарға қараңдар. Оң жақтағы балықтарға
қараңдар ...
– Осы екі суреттегі балықтардың саны тең бе? Қалай
ойлайсыңдар? Бірдей ме?
– Сол жақтағы балықтар қалай орналасқан? (Бір қатарда, бір-біріне
жақын.) Оң жақтағы балықтар ше? (Бір-бірінен алыс.)
Жарайсыңдар!
– Балалар, сол жақтағы балықтардың саны қанша? Көрсетіңдер.
Айтыңдар. Жақсы.
– Оң жақтағы балықтардың саны қанша? Көрсетіңдер. Айтыңдар.
Жарайсыңдар!
– Сол жақ пен оң жақтағы балықтар саны қаншадан?
(Екіден.) Сандары екіден болса, бұны қалай айтамыз? (Сол
жақтағы және оң жақтағы балықтардың саны
тең.) Жарайсыңдар!
2.1.2. Педагог балалардың алдына панноның екі
жағына сандары үштен екі түрлі орналасқан балықтардың басқа суретін
көрсетеді.
– Балалар, мына екі жақтағы балықтарға қарасақ, олардың
сандары тең бола ма?
– Оң жақтағы балықтардың саны қанша? Сол жақтағы
балықтардың саны қанша?
– Мен сендерге сенбей тұрмын. Сол жақтағы балықтар көп сияқты.
Балықтардың бірдей екенін қалай тексереміз? Мені қалай
сендіресіңдер? (Жарайсың, Мағжан! Екі жақта бөлек
санаймыз.) Тамаша!
– Мағжан, балықтар нешеден болды? (Балықтар үштен болды.
Тең болды.) Жарайсың!
2.1.3. Педагог балалардың алдына саны төрттен, екі түрлі
орналасқан балықтардың екі суретін көрсетеді.
– Балалар, мына екі суреттегі балықтардың саны нешеден болып шықты?
Кім айтады? (Саны төрттен.)
– Жауаптарыңды тексерейік.
– Сәния, панно алдына шыға ғой. Сол жақтағы балықтардың санына сай
мына пішіндерді тізіп сал. Санмен белгіле.
Бала: «Бір, екі, үш, төрт,» – деп, педагогтің
көрсеткішінің нұсқауына сай пішіндерді бір-бірден жолаққа тізіп
салады. «Барлығы төрт балық,» – деп қорытындылайды.
– Жарайсың! Енді, оң жақтағы балықтарды сана. Менің
нұсқауыма еріп отыр. Бір, екі, үш, төрт. Барлығы төрт балық.
Жарайсың!
Екінші жағдайда педагог баланың қайта салуына кедергі болмай,
кезекті бір пішін салынып жатқанда, көрсеткішті кезектегі балықтан
алмай тұрады.
– Сәния, оң жақтағы балықтардың саны нешеу болды? (Саны төртеу
болды.) Сол жақ пен оң жақ балықтардың сандары қандай болып
шықты? (Сандары төрттен, сандары тең болды.) Керемет! Орныңа отыра
ғой.
Балалар жылдам санай алса, бес санына қатысты мысалды да
қарастыруға болады.
– Мінекей, балалар, заттар әркелкі ретпен орналасса да, жалпы жиын
саны ешқашан өзгермейді. Белгілі санға сай заттар әрқалай орналасса
да, жалпы жиын саны өзгермейді. Қайталаймыз. Ұмытпаңдар.
2.2. Сергіту сәті. Қимылды жаттығу.
«Алыс – жақын».
2.2.1. Баяу ырғақты әуенжазба
қосылады.
Балалар педагогке ілесіп, әуен ырғағына
сай сөздермен сүйемелдеп, балықтардың қимылдарына
еліктейді.
Бізде аквариум бар. (қол шапалақтау)
Аквариумда балықтар (саусақтардың ұшын бас бармаққа
тигізіп, екі қолды көрсету)
Екеуі де көп ойнайды. (екі қолдың ұштарын алға көрсету, еркін
бұлғау)
Су толқынын шайқайды (қолмен толқынды
қимылдар жасау)
(Дирижердің қимылдарына еліктеу.)
Бір-біріне алыстан (қолды бір-біріне алшақ
ұстау)
Жүзеді асықпай (сол күйінде қолды бір-біріне жақындату)
Сәл жақындау, жақындау (сол күйінде қолды бір-біріне
жақындату)
Бірақ тілі жоқ мылқау. (қолды сол күйінде бір-біріне
жақындату)
(Дирижердің қимылдарына еліктеу.)
Жақын келіп қарайды, (қолды бір-біріне жақын
ұстау, жан-жаққа бұрмалау)
Қабыршақты санайды. (қолды бір-біріне жақын ұстау, жан-жаққа
бұрмалау)
Қарап, тұмсық тигізіп, (саусақ ұштарын бір-біріне қайта-қайта
тигізу)
Кетеді кері жүзіп. (қолды айқастыру, кері жаққа
бағыттау)
2.2.2.
Педагог:
– Балалар, балықтар аквариумда қалай жүзіп жүрді? (Алыс және жақын
жүзіп жүрді.) Жарайсыңдар!
2.3. Үстел басында іс-тәжірибе
жаттығуы. «Балықтар тең бе?»
2.3.1. Жаттығуды ұйымдастырғанда әр бала үшін оң
жақ пен сол жаққа екіге бөлінген карточка беріледі.
Сонымен қоса, әр балаға сандардың екі жинағы, екі жолақты
карточка, ыдыстарда көк түсті көлемі біркелкі геометриялық
пішіндердің кескіндері қажет болады.
– Балалар, алдарыңда не барын айтып шығыңдар. Жақсы.
– Балықтар салынған карточкалар екіге бөлінген. Сол жақ пен оң
жақ.
2.3.2.
– Мұқият тыңдаңдар. Сол жақтағы балықтар саны оң жақтағы балықтар
санына тең бе? Соны тексереміз. Балықтардың санын салыстырып
көруіміз керек.
– Балалар, балықтардың санын тексеруге сендерге екі жолақты
карточка, балықтардың санын сәйкестеуге геометриялық пішіндер мен
сандар қажет.
– Карточкада балықтардың саны қанша, сонша геометриялық
пішінді бір-бірден сәйкестеп салып санаймыз.
– Балалар, карточканың сол жағында балықтарды санап, саны
сонша геометриялық пішіндерді жоғарғы жолаққа салыңдар. Оң жақтағы
балықтардың санына сай төменгі жолаққа саласыңдар.
– Балалар, әр жақтағы балықтардың саны қанша және екі жақта сандары
бірдей ме? Тексеріңдер.
Балалардың саусақпен нұсқап санау және көзбен көріп санау
тәсілдері жарай береді.
«Бір, екі, үш. Барлығы үш балық,» деп, берген дұрыс
жауаптар мақұлданады.
Педагог балалардың тапсырманы өздігінен орындау барысын,
қолданған амалдардың логикасын қадағалайды. Дұрыс жасалған амалдар
және дұрыс жауаптар үшін мақтайды. Тапсырма барысын реттейтін
сұрақтар қояды: «Сол (оң) жақтағы балықтардың саны қанша болды?
Пішіндердің саны сонша болды ма? Екі жақ балықтарының саны бірдей
ме, тең бе?»
Жаттығудың аяғында педагог әр карточкада оң мен сол
жақтағы балықтардың саны үнемі бірдей болғанына балалардың көңілін
аударады. Мысалы, біреуінде екіден, біреуінде төрттен тағы басқа.
Осы қорытынды көріністі әр бала ұғынуы
керек.
2.3.3.
– Балалар, бұл тапсырмада да белгілі санға сәйкес балықтар әрқалай
орналасқанымен, жалпы жиын саны ешқашан өзгермегенін
көрдіңдер. Белгілі санға сай заттар әртүрлі орналасса да, жалпы
жиын саны өзгермейді. Жарайсыңдар!
Тапсырма бір бала үшін тым күрделі болса, бір үстелде
отырған екі балаға бір карточка тең бөлінеді. Бір бала қатарда
жатқан заттармен, екінші бала әрқалай жатқандарымен жұмыс істейді.
Аяғында балалардың карточкалары жақындатылып, қорытынды жиын санына
қарай теңдігі тексеріледі.
Балықтардың санын тексеруге тек қана бірыңғай пішіндерді
алуға болады. Балаларға балықтардың санын сәйкестеуге кез
келген пішіндерді ала беруге болатынын ескерткен дұрыс. Балалардың
қолындағы пішіндерді балықтардың пішіндеріне сәйкес алу маңызды
болса оны да ескерту керек. Жаттығулардағы ескертулер баланың
тапсырманы сапалы орындауына белгілі түрде ықпалын тигізеді.
2.4. Дамытушы жаттығу. «Мен қандай
пішінді таныдым?»
Балалар кілем үстіне немесе алаң ортасына шақырылады.
Балалардың әрқайсына геометриялық пішіндердің бір ғана түрі
және 1-ден 5-ке дейінгі сандар жинақтары беріледі.
Педагог геометриялық пішіндерге ұқсас балықтар салынған
суретті сызбаларды кезегімен көрсетеді. Суретті сызбалардың бірнеше
нұсқасы болуы керек. Қолданылмай қалған суреттермен жаттығулар
орындауды басқа бос уақытта жалғастыруға болады.
Әр сызбада балықтар саны әртүрлі және бір сызба алаңында түрлі
пішінді балықтардың саны әрқалай.
– Қараңдаршы, балалар, алдарыңда бір ғана геометриялық пішін
бар. Кімде үшбұрыш бар? Көтеріп көрсетіңдерші? Жақсы. Кімде
дөңгелек бар? Кімде сопақша бар? Кімде шаршы бар? Жарайсыңдар!
– Алдарыңда бірден беске дейінгі сандар жинақтары бар. Қазір
сендерге осы сандар қажет болады.
– Мен көрсеткен сызбалы суреттерге мұқият қараңдар. Мені
тыңдаңдар.
– Мен денелері әртүрлі пішіндерге ұқсайтын бірнеше балықтың
суретін панноға ілемін. Сендер балықтарға қарап, барлығын санап,
саны қанша екенін көрсетесіңдер. Содан кейін көрсетілген
суретте қандай геометриялық пішінді байқасаңдар, тек өз
пішіндеріңді көтеріп атайсыңдар. Егер, суретте сендердің
қолдарыңдағы пішін жоқ болса, басқа жауаптарды тыңдайсыңдар.
Педагог барлық баланың қатысуын қадағалайды. Кейбір балалар
өздеріне тиісті пішінді көрсетпей отырса, оларға көмекші
сұрақтар қойып отырады.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Ұйымдастырылған іс-әрекетті пысықтау, балалардың іс-әрекетін
бағалау.
Педагог:
– Балалар, бүгін жаттығулар
орындағанда шаршадыңдар ма?
– Қандай тапсырмаларды орындадық? (Балықтарды санадық.) Бір
топ балықтарын ғана санадық па? (Екі топ
балықтарын санадық.) Не үшін санадық? (Екі жерде балықтар
тең бе, соны тексердік.) Жарайсыңдар!
– Жақын не алыс тұрған балықтардың сандары әртүрлі болды ма?
(Балықтар әртүрлі орналасса да, олардың жалпы жиын саны
өзгермеді.) Дұрыс айтасың, Мирас!
– Балықтар қандай пішіндергі ұқсас болды? (Үшбұрыш, дөңгелек,
сопақшаға ұқсады.) Жарайсыңдар!
– Балықтар бір-біріне қалай орналасты? (Алыс және жақын
орналасты.) Тамаша!
– Балалар, сендерді өте шыдамды екенсіңдер. Сендер аса зерек,
тиянақты бала болдыңдар. Жарайсыңдар! Балықтарға жақсы күтім
жасайтындарыңа сенемін. Сау болыңдар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
МАТЕМАТИКА. ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІ: Түрлі пішінді балықтар

шағым қалдыра аласыз