|
Пікір
Бұл әдістемелік жинақ
кітапшасы педагог кадрлардың жұмысының тиімділігін арттырады.
Бастауыш сыныптарда математика пәнінен логикалық тапсырмаларды,
есептер мен математикалық өлеңдерді тиімді қолдану жолдары мен
үлгілері берілген. Кітапша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
көмекші құрал бола алады.
Жас мұғалімдер үшін логикалық
тапсырмаларды меңгеруге бағытталады. Әдістемелік құрал бастауыш
сынып мұғалімдеріне арналады.
Пікір жазған: Мақтарал
ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің бастауыш сынып
әдіскері Дүйсенова Қалдықыз
Мақсаты: Оқушының жас ерекшелігін
ескере отырып математика пәнінен түрлі логикалық тапсырмалар беру
арқылы білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық
қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін
көтеру. Оқушының логикалық ойлау қабілеттерін және
шапшаң есептеу дағдыларын жетілдіріп, өздігінен жұмыс жасай алатын
жеке тұлға
тәрбиелеу.
Міндеті: -оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер
ету; -ақыл-ойын және белсенділігін
арттыру; -логикалық ойлау қабілеттерін
арттыру; -оқушылардың танымдық қабілетін дамытып,
қызығушылығын
арттыру. -оқушының ойын жүйелі жеткізе білуге
дағдыландыру; -қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасай
білуге тәрбиелеу;
-логикалық тапсырмалар арқылы жеке зейінін
дамыту және
қалыптастыру; - ойша тұжырымдама
жасату. Күтілетін
нәтиже - математикалық түсініктерді
меңгереді. - оқушылардың оқу, математикалық сөйлеу
дағдылары ұштаса
түседі. - бір амалмен шығаратын қарапайым есептерді
түсініп шығарады. - өз бетінше есептерді құрастыра
біледі. - шығармашылық қабілеттері
артады. - есте сақтау қабілеті
артады. - қиялдау қабілеті
кеңейеді
«Математика пәнінен
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру
жолдары» авторлық бағдарламасында келесі тапсырма
түрлері енгізілген: -математикалық мазмұндағы және кеңістік
ұғымын дамытуға арналған
тапсырмалар; -заңдылықтарды, реттілікті анықтауға арналған
тапсырмалар; -кері есептерді орындауға арналған
тапсырмалар;
-математикалық
басқатырғыштар; -логикалық
қорытындылар;
-көңілді жаттығулар (блиц - әр түрлі
тапсырмалар); -сөзжұмбақтар; -реттеуге арналған
тапсырмалар.
«Логикалық тапсырмалар»
оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық
білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді.
Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді.
Сонымен бірге оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас
ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің
дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі
ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру,
сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол
пайдаланып, логикалық тапсырмаларды жүйелі беру арқылы ғана жетуге
болады.
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым - логика деп, ал
ой қорытындыларының жан-жақты пікірлерге негізделетін процесі -
логикалық ойлау деп аталады. Бастауыш сынып баланың логикалық
ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық
ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы
кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік
береді.
Логика – спортшыға да, бишіге де, жазушыға да
керек.
Ой – әрекетті дамыту үшін оқу материалдарын теориялық талдау
жасауға, өз бетінше қорытындыға келу айрықша мән беріледі. Өз
бетімен, кітаппен жұмыс жасау оқу материалдарының қандай түрлерін
есте сақтау керектігін білуге, өз бетінше білімді тәжірибеде
пайдалану дағдысын арттыруға мүмкіндік береді.
Математика пәні ең бірінші оқушылардың қызығушылығын туғызуды талап
етеді. Осы мақсатпен әр тақырыпты бастамас бұрын оқушының
қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында немесе сабақ
ортасында, соңында шығармашылық есеп ретінде логикалық есептер, не
болмаса тапсырмалар беріледі. Математика сабағында оқушының
қызығушылығын тудыру үшін логикалық есептерді шығару шығармашылық
есеп түрінде бастауыш сыныптан бастап беріледі. Математиканың сан
алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын, осылай өрнектеген
сабақ, не сабақтан тыс жұмыс қызықты әрі ұтымды болады. Логикалық
тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың
танымдық қызметін белсендіруге назар аударады. Сабақта алған білім
дағдысы ойлау барысында қолдану мүмкіндігі оқушының зор ынтасын
тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс – қимылға жетелейді.
Белсенді емес оқушылар жолдастарынан кейін қалмау үшін алға
ұмтылады. Сондықтан да ұстаздар қауымы
заман талабынан кейін қалмай оқушының қызығушылығын оятатындай,
танымдық, логикалық тапсырмаларды көптеп ұйымдастырғаны
жөн. Балалардың ойлауын дамыту
туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын,
терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу
керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер, есептер баланың
жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта-
ықыласы, құштарлығы болуы керек». Баланың логикалық ойлауы
арқылы тілін дамыту үшін, мұғалімге оның ториясын терең білу
міндеті жүктеледі.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас
ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің
дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі
ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру,
сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол
пайдалану арқылы жетуге болады. Білімнің беріктігін қамтамасыз
ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының
дарындылығын тану үшін математика пәнінен логикалық тапсырмаларға
баса назар аударылады.
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді,
оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын
қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік
пікір айтып оны қорғай білуіне, мәселе есептерді, мысалдарды
өздігінен шеше алуына, логикалық бейнесөздерді, тапсырмалады
орындауына мүмкіндік жасалады.
Математиканы оқып-үйрену есеп
шығаруды үйрену үшін ғана емес, кез келген мәселені шеше білу, өз
қабілетіңізді жетілдіре алу үшін қажет.
Сондықтан, «Мен ақша санаймын, өз кірісім мен шығысымды есептей
білемін, одан өзге математиканың маған қажеті шамалы» деуге
болмайды. Егер олай десеңіз, адам өмірінің мәнін түсінбегеніңізді
көрсетесіз, өмір деп отырғаныңыз шын мағынасында өмір емес, жай
ғана тіршілік болады. Біз тек сол үшін жаратылмағанбыз, бізге ақыл
– сана сол үшін берілмеген. Біз өз өмірімізді мағыналы қылып,
барлық жетістіктерге жету үшін табиғатты бүкіл білімді пайдалана
білуіміз керек. Міне, соның ішінде адамды тез ойлай білуге,
аңғарымпаздыққа, ой ұшқырлығына жетелейтін логикалық есептердің
орны ерекше дер едім.
Логикалық
сұрақтар * Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам
неше сағат ойнайды? * Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір
ат неше шақырым
жүрді? * 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше
минут піседі? * 2 кг мақта ауыр ма, 2 кг темір ауыр
ма? * Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан
ауыр. Қайсысы ауыр, алмұрт па әлде шабдалы
ма? * Бір айда 5 жексенбі бола
ма? * Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың
жылдамдығы қандай? * Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі
екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы
неше қаз? * Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен
тұрса неше кг
болады? * Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр
болу үшін неше рет қию
керек? * Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ,
Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда
үлкені? * Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1
аяғымен тұрса неше пұт
тартады? * Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының
туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы
бар? * Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24
сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін
бе? * Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда
дорбада 1 асық қалды. Ол
қалай? * Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол
сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат
ұйықтады? * Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн
келеді? * Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп
сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және
тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының
жасы нешеде? * Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 2
тауық 12 күнде қанша жұмыртқа
салады? * Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн
келеді? * Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың
ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу
керек?
Кері
есептер
Мысалы:
Тура
есеп:
3, 2,
Алмас 3 жаста, Әсел одан 2 жас үлкен.
Әсел
Шешуі: 3 + 2 = 5
(жас)
Кері есеп: 3, ,
5.
Алмас 3 жаста, Әсел 5 жаста. Әсел Алмастан
неше
Шешуі: 5 – 3 = 2
(жас)
Кері
есеп:
Саяжайдан 30 кг. құлпынай және бірнеше кг.
қарақат
Саяжайдан 20 кг. қарақат және бірнеше кг.
құлпынай
Бұл есептердің
шығарылуы.
Тура
есеп.
Құлпынай –
30кг
Қарақат - 20 кг
?
Шешуі: 30 + 20 = 50
(кг)
Жауабы: Саяжайдан барлығы 50кг жидек
жиналды.
1-кері
есеп.
Құлпынай –
30кг
Қарақат - ?
кг
Шешуі: 50 – 30 = 20
(кг)
Жауабы: Саяжайдан
20кг
қарақат
жиналған.
Яғни, тура есептегі шаманы (талапты, сұрақты)
белгілі етіп алып,
Немесе,
Тура есеп: 20 минут дойбы, одан 5 минут
артық
Кері
есеп:
Балалар 25 минут шахмат, одан 5 минут кем
дойбы
Балалар 20 минут дойбы және 25 минут шахмат
ойнады.
Балалар 25 минут шахмат ойнады, 20 минут
дойбы ойнады.
Бұл есеп екі жақты «артық-кем» ұғымы арқылы
пайымдалып тұр.
Кері есеп шығару айқын емес проблемалық
ахуалға жатады.: сұрақ
Кері есепті шығару таным әдістерінің ішінде
ең көп тараған
Ғылымда салыстыра отырып байқау және
өзгерісті айыра білу адамның
Мысалы: Қаланың бір көшесінде 98 үй бар, ал
2-ші
Шешуі: 98 + (98 – 8) = 188
(үй)
Жауабы: Барлығы 188 үй
бар.
Кері есеп. Қаланың бір көшесінде 90 үй бар,
ал
Шешуі: 90 + ( 90 + 8 )
=
Жауабы: Екі көшеде 188 үй
бар.
Кері есеп. Қаланың екі көшесінде 188 үй бар,
ал
Бұл жағдайда өрнек жазып шешу қиын, сондықтан
жеке өрнектермен
188 – 90 = 98
(үй)
98 – 90 = 8
(үй)
Кері есеп. Шаруашылық ұжымы әрқайсысы 8
кг-нан 48 жәшік
Шешуі: 1) 8*48 = 384
(кг)
2) 480 – 384 = 96
(кг)
3) 36 : 3 = 12
(кг)
4) 96 : 12 = 8
(жәшік)
5) 48 : 8 = 6
(есе)
Жауабы: 6 есе
көп
Кері есеп: Шаруашылық ұжымы әрқайсысы 8
кг-нан 48 жәшік
Шешуі: 1) 8*48 = 384
(кг)
2) 48 : 8 = 6
(жәшік)
3) 36 : 3 =12
(кг)
4) 12 * 8 = 96
(кг)
5) 384 + 96= 480
(кг)
Жауабы: барлығы 480
кг
Мысалы: Арасы 846 км екі қаладан бір уақытта
бір-біріне
324 км ? 286
км
846 км
І тәсіл: 846-(324+286)=236
(км)
Шешуі: 1) 324+286=610
(км)
2) 846-610=236
(км)
ІІ тәсіл: (846-324)-286=236
(км)
Шешуі: 1)846-324=522
(км)
2) 522-286=236
(км)
ІІІ тәсіл: (846-286)-324=236
(км)
Шешуі: 1) 846-286=560
(км)
2) 560-324=236
(км)
Шыны ыдыста – 3кг. ?
артық
Бөшкеде –
26кг.
Бір сан бір саннан нешеу артық немесе кем
екенін
Шешуі: 20 – 3= 23
(кг)
Жауабы: бөшкеде 23 кг. қияр
артық.
Шыны ыдыста – 3
кг.
Бөшкеде - ? 23 кг.
артық
Шешуі: 20 + 3 = 26
(кг)
Жауабы: бөшкеде 26 кг. қияр
артық.
Бөшкеде – 26
кг.
Шыны ыдыста - ? 23 кг.
кем.
Шешуі: 26 - 23 = 3
(кг)
Жауабы: шыны ыдыста 3кг. қияр
бар.
Барлығын табу
үшін не істейміз? Құлпынай – 30кг
? тг. Қарақат – 20
кг. Шешуі: 30 + 20
= 50 (кг) Жауабы: 50 кг.
жидек. Екінші
есеп: Барлығы қанша
жидек жиналды? Оның неше кг.
құлпынай? Қалғандары
қанша жидек? Құлпынай – 30кг
50кг. Қарақат –
? Шешуі: 50-30 =
30(кг) Жауабы: 20 кг.
қарақат. Үшінші
есеп. 20 саны нені
білдіреді? 50 саны нені
білдіреді? Есептің сұрағы
қандай? Қалай
табамыз. Қарақат – 20
кг. 50 кг. Құлпынай – ?
кг. Шешуі: 50 – 20
= 30 (кг) Жауабы: 30кг.
құлпынай.
Қосындыны табуға арналған
есептер
1. Дымбілмес алдында 4 құлпынай, содан кейін
3 құлпынай жеді. Дымбілмес барлыға неше құлпынай
жеді?
2. Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида
құрастырды. Екі қыз неше пирамида
құрастырды?
3. Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша
кітап оқыды. Балалар қанша кітап
оқыды?
4. Күлшеқызға 3 тиін және 7 қоян қонаққа
келді. Күлшеқызға барлығы неше қонақ
келді?
5. Қызыл телпек әжесіне 6 тәтті тоқаш және 3
етті тоқаш әкелді. Қызыл телпек барлығы неше тоқаш
әкелді?
6. Асанда 4 машина, ал Үсенде сонша ұшақ
ойыншықтары бар. Балаларда барлығы неше ойыншық
бар?
7. Кірпі 3 саңырауқұлақ, ал тиін 5
саңырауқұлақ жинады. Олар барлығы неше саңырауқұлақ
жинады?
8. Гауһар 5 гүл, ал Жауһар 4 гүл жинады.
Қыздар қанша гүл жинады?
9. Аюға туған күніне арнап таңертең 6 бөшке
бал, түсте 3 бөшке бал әкелді. Аюда барлығы неше бөшке бал
болды?
10. Бірінші сөреде- 3 кітап, ал екінші
сөреде- 7 кітап тұр. Екі сөреде барлығы неше
кітап?
Азайғышты табуға арналған
есептер
1. Қоян 4 сәбіз жегеннен кейін, ода тағы 5
сәбіз қалды. Қоянда қанша сәбіз
болды?
2. Ара бақбақтан тосап қайнатты. Ол досына 3
банка бергеннен кейін, 7 банка қалды. Арада қанша банка тосап
болды?
3. Бөбектер ұшу шарында 2 километр ұшқаннан
кейін, оларға тағы 3 километр ұшу қалды. Бастапқы кезде Бөбектерге
қанша километр ұшу қажет
болды?
4. Суретші қорабынан 6 бояу алғаннан кейін, 4
бояу қалды. Суретшіде қанша бояу
болды?
5. Қоян көжектеріне 4 сәбіз бергеннен кейін,
тағы 3 сәбіз қалды. Қоянда қанша сәбіз
болды?
6. Себеттен 5 алма алғаннан кейін, онда тағы
5 алма қалды. Себетте қанша алма
болды?
7. Карлсон 6 тәтті нан жегеннен кейін, 4
тәтті нан қалды. Қарлсонда неше тәтті нан
болды?
8. Айдана 5 гүлге су құйғаннан кейін, 2 гүлге
су құйюқа үлгерген жоқ. Айдананың гүлзарында қанша гүл өсіп
тұрды?
9. Аю 4 бөшке бал жегеннен кейін тағы 2 бөшке
бал қалды. Аюда қанша бөшке бал
болды?
10. Пошташы 8 журнал таратқаннан кейін
сөмкесінде 2 журнал қалды. Пошташыда неше журнал
болды?
Бірнеше бірлікке азаюға берілген
есептер
1. Қоянда 5 қызыл және 2-ге кем көк шар
бар. Қоянда
қанша көк
шар? 2. Арманда 6
машина, ал Ерланда 3 машина кем болды. Ерланда неше машина
болды? 3. Айман 8 есеп
шығарды, Баян 3 есеп кем шығырды. Баян неше есеп
шығарды? 4. Аюда 6 шар
бар, Қоянда 3 шар кем болды. Қоянда қанша шар
болды? 5. Дымбілмес 4
балмұздақ жеді, Білгіш 2 балмұздақ кем жеді. Білгіш қанша балмұздақ
жеді? 6. Тиін 7
жаңғақ , ал алманы 5-ке кем жинады. Тиін қанша алма
жинады? 7. Сәуле 4
сурет салды, ал Айгүл 2 сурет кем салды. Айгүл неше сурет
салды? 8. Кірпі қысқы
азығын жинап, бірінші күні – 9 алма, ал екінші күні 3- ке кем алма
жинады. Кірпі екінші күні қанша алма
жинады? 9. Қызыл телпек
әжесіне 10 тәтті нан және 6-ға кем тоқаш әкелді. Қызыл телпек
әжесіне қанша тоқаш әкелді? 10. Үйрек
бірінші күні 8 балапан, ал екінші күні 2 балапан кем
шығарды. Үйрек қанша балапан
шығарды?
Бірнеше бірлікке артыруға арналған
есептер
1. Диқаншылар күзгі егістік жұмыстарында 4
машина бидай және 3 машина артық арпа қоймаға жеткізді. Диқаншылар
қанша машина арпа жеткізді?
2. Гүлнәр 3 кәмпит , ал Шолпан 2 кәмпит артық
жеді. Шолпан қанша кәмпит
жеді?
3. Қорапта 6 қарындаш және 3-ке артық
фломастер жатыр. Қорапта қанша фломастер
жатыр?
4. Жанар 2 шелек , ал Майра 3 шелек артық
құлпынай жинады. Майра неше шелек құлпынай
жинады?
5. Гүлзарда 6 қызғалдақ және одан 3-ке артық
сарығалдақ өсіп жатыр. Гүлзарда қанша сарығалдақ өсіп
тұр?
6. Дәулетте 4 машина, ал Саматта 5 машина
артық. Саматта неше машина
бар?
7. Дәрігер бірінші күні 7 бала, ал екінші
күні 3 балаға артық қабылдады. Дәрігер екінші күні қанша бала
қабылдады?
8. Болатта 3 дәптер, ал Қайратта одан 3
дәптерге артық дәптер бар. Қайратта неше дәптер
бар?
9. Тігінші 2 қызыл көйлек , және одан 3- ке
артық көк көйлек тікті. Тігінші қанша қызыл көйлек
тікті?
10. Қарлығаш балапандарын қоректендіру үшін
таңертең 7 құрт, ал түсте одан 2 құрт артық ұстап әкелді. Қарлығаш
түсте қанша құс ұстап
әкелді?
Белгісіз қосылғышты табуға берілген
есептер
1. Аюда 9 килограмм бал болды. Ол бірнеше
килограмм бал жегеннен кейін ода 4 килограмм бал қалды. Аю неше
килограмм бал жеді?
2. Айдар Бурабайдың 10 фотосурет істеді.
Досына бірнеше фотосурет бергеннен кейін 6 фотосурет қалды. Айдар
досына неше фотосурет берді?
3. Сауыншы сиырдан 9 литр сүт сауып алды.
Ірімшік жасауға бірнеше литр сүт пайдаланғаннан кейін 2 литр сүт
қалды. Сауыншы неше литр сүт ірімшікке
жұмсады?
4. Маймылда 10 банан болды. Бірнеше банан
жегеннен кейін оның 4 бананы қалды. Маймыл неше банан
жеді?
5. Қоймаға 7 жәшік жеміс әкелінді. Оның 3
жәшігі алма, қалғаны алмұрт. Қоймаға неше жәшік алмұрт
әкелді?
6. Пошташыда 9 журнал болды. Бірнеше журнал
таратқаннан кейін тағы 3 журналы қалды. Пошташы қанша журнал
таратты?
7. Әнуарда 6 қарындаш болды. Ол бірнеше
қарындашын досына бергеннен кейін онда 4 қарындаш қалды. Әнуар
досына қанша қарындаш берді?
8. Айнашта 8 шар бар. Бірнеше шарды ол
құрбысына бергеннен кейін, қызда 4 шары қалды. Айнаш құрбысына неше
шар берді?
9. Айжанның 6 тәтті наны болды. Ол бірнешеуін
Серікке бергеннен кейін ода 2 тәтті нан қалды. Айжан Серікке қанша
тәтті нан берді?
10. Аспазшы 10 литр шырын қайнатты. Балалар
оның бірнеше литрын ішкеннен кейін 4 литр қалды. Балалар неше литр
шырын ішті?
Қалдықты табуға берілген
есептер
1. Үстелдің үстінде 7 тоқаш жатты. Айжан 2
тоқаш жеді. Үстелдің үстінде неше тоқаш
қалды?
2. Самал кітапханадан 7 кітап алды. Оның 3
кітабын оқыды. Неше оқитын кітап
қалды?
3. Диас 6 сурет
салды. Ол 3 суретін досына сыйлады.
Диаста неше
сурет қалды? 4. Гүлжанның
туған күніне 8 қыз келді. 3 қыз үйлеріне кетті. Гүлжанның туған
күнінде неше қыз қалды? 5. Асқардың
кітабында 9 бет бар. Оның 4 бетін оқыды. Асқарға неше оқитын бет
қалды? 6. Сандуғаштың
туған күніне 10 сыйлық сыйлады. 6 сыйлықты ашып
көрді. Неше ашылмаған
сыйлық қалды? 7. Айбектің 6
дәптері болды. 2 дәптерін досына берді.
Айбектің неше
дәптері қалды? 8. Тиін 4
жаңғақ жинады . Ол 4 жаңғақты балаларына берді. Тиінде неше
жаңғақ қалды?
9. Айдын 5 құлпынай жинап алды. Ол 4
құлпынайды жеп қойды. Айдында неше құлпынай
қалды?
10. Омарташы 7 литр бал жинады. Оның 5 литрын
сатты. Омарташыда неше литр бал
қалды?
Айырманы
салыстыру есептері
1. Гүлзарда 5 раушангүл және 7 інжугүл өсіп
тұр. Інжугүл раушангүлден нешеге
артық?
2. Маратта 8 дәптер, Жанатта 5 дәптер бар.
Маратта неше дәптер кем?
3. Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп
алды.Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап
алды?
4. Айнұрда 9 текше, Балнұрда 7 текше
бар.Балнұрда неше текше кем?
5. Серік 10 балық, ал Берік 6 балық ұстап
алды. Серік неше балық артық ұстап
алды?
6. Қызыл телпек әжесіне 5 тәтті нан, және 7
самса әкелді. Қызыл телпектің тәтті наны қаншаға кем
самсадан?
7. Сымбат далада 8 қызыл көбелек және 6 сары
көбелек санап алды. Қызыл көбелек нешеге артық көк
көбелектен?
8. Айсана 9 алма және 6 алмұрт жинады.Айсана
жинаған алмұрт нешеге кем
алмадан?
9. Бірінші сөреде 7 кітап , ал екінші сөреде
- 5 кітап тұр. Бірінші сөреде екіншіге қарағанда неше кітап артық
тұр.
10. Ислам 10 есеп, ал Айбол 6 есеп шығарды.
Ислам Айболға қарағанда неше есеп артық
шығарды?
Ой ұшқырлығына құрылған
есептер
1. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы
2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта
отырмайды және ұшпайды.)
2. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында
одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?
(Үйеңкіде алма өспейді)
3. Тақта алдында 3 бала тұр. Олар: Самат,
Марат, Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке
тұрғызуға болады?
4. Үш тышқанның неше құлағы
бар?
5. Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы
бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1
қыз)
6. Самат, Марат, Қанатты орындыққа әр түрлі
ретпен қалай отырғызуға болады? а) Самат, Марат, Қанат.
ә) Самат, Қанат, Марат. б) Марат, Самат, Қанат.
в) Марат, Қанат, Самат. г) Қанат, Самат, Марат.
ғ) Қанат, Марат,
Самат.)
7. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың
аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2
тауық, 2 бұзау)
8. Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан
ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па, әлде Асқар
ма? (Жарас Асқардан аласа)
9. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5
ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2
адам)
10. Жанар мен Анар - апалы-сіңілі. Жанар 2
інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар», -деді Анар. Бұл
үйдің неше баласы бар? (төрт баласы
бар.)
11.
Бөтелкеде, стаканда, құмырада
және банкада сүт, шырын, қымыз, су бар. Су мен сүт бөтелкеде емес.
Шырын құйылған ыдыс құмыра мен қымыз құйылған ыдыстың
арасында. Банкаға құйылған шырын
да,
су да емес. Стакан банка мен сүт құйылған ыдыстың қасында. Қандай
сұйық қай ыдысқа құйылған? (Сүт құмыраға, шырын
бөтелкеге, қымыз банкаға, су стаканға)
12. Бір топ қазға қарсы келе
жатқан жалғыз қаз
«Сәлеметсіздер ме жүз қаз» деп сәлем береді. Сонда топ қаздың
басшысы:
«Біз жүз қаз емеспіз, егер біз қанша болсақ, сонша қаз оның
жартысы, және сені қоссақ, сонда ғана 100 боламыз»
Сонда топ қаздың саны нешеу болған?
(Шығарылуы: х + х + х + х + 1 = 100
2х + х = 99 17х = 396. х = 36. Шешуі: 36
қаз)
Жұмбақты
есептер
1. Мұз айдында жеті
бала
Асыр сап жүр
сырғанап.
Сырғанамай екі
бала
Жағалауда тұр
қарап.
Енді осы бар
баланың
Санын айтсаң
–жарадың!
2. Көлден ұшты жеті
қаз,
Қайтып қонды екі
қаз,
Қонбады оның
нешеуі?
Кәне, кім тез
шешеді?
3. Жаңа ғана
шалғында,
Алты бұзау жүр
еді.
Әлде шаршап қалды
ма,
Жатып қапты
біреуі.
Нешеуі енді
жайылып,
Айт, жүргенін
айырып.
4. Табақта бес
алма,
Қолымда үш
алма,
Інімде екі
алма,
Қосқанда
барлығын.
Болады неше
алма?
Бір алма
атама,
Бір алма
әжеме,
Бір алма
апама,
Бір алма
әкеме,
Нешеуін
алады?
Нешеуі
қалады?
5. Аулада бес
үйрек,
Қорада үш
үйрек.
Бір үйрек
тығылды,
Бір үйрек
жығылды,
Қалғаны неше
үйрек?
6. Қанша қоян
аулада
Сонша тауық
аулада.
Аяқтары он
екі,
Санап көрші,
кәнекей?
7.Екі аяқпен екі
қол,
Бір ауыз бен бір
тілің....
Нешеу болды кәне,
бол,
Санап шығар кім
бұрын?
8. Тал басында
тізіліп,
Он жапырақ тұр
еді.
Жел соқты
да,
Үзіліп,
Ұшып кетті
біреуі.
Ізінше
оның
Жұлынып,
Түсті тағы
бесеуі.
Тұр әлі де
ілініп,
Жапырақтың
нешеуі?
9. Портфелімде
әуелі,
Он үш жаңғақ бар
еді,
Науат пенен
Сағатқа,
Самат пенен
Маратқа,
Апасына
Қанаттың,
Екі-екіден
тараттым.
Қанша жаңғақ
қалғанын
Айта қойшы, ал
жаным?
8. «Бастауыш сыныпта оқыту»
Республикалық ғылыми әдістемелік журнал.
2.2008 жыл
10. Мына алты ақ алма
-
Нұрбибі мен
Жанарға.
Үш сарысы -
Анарға,
Қызыл алма -
Манарға.
Сан
өлеңдер
Жерге қ10ды
к2лік,
Қуанды 1жан
с2ріп.
Сөгілді жер
кө5і
Қылтиды гүл
тө5і.
Тұмау боп Бек
т3кірді,
Тәуіп келіп
3кірді.
6н кетті
Сі1ге,
4кен кетті
кү1ге.
1те-1те 7лем
деп,
Ойнасайшы 7ген
көп.
Демалып 1аз алдың
ба,
Төсеңіз кілем
шалғынға.
Қолға ұстап
40тық,
40 қойды
40тық.
С10адайдан
к3ігін,
Танып келді 3
інім.
Бұрқыратқан
тем2,
Б2ш қандай
дөр2.
Күн ауғанша 1
5ін,
Бұл от
сөн5ін.
2ндіде
б2реге,
Тойған к3ік к2ре
ме?
Желмаяның
ж50і,
Бабына әбден
к50і.
Жел90да 90
бітеді,
Ақшасын Досхан
күтеді.
Сыздады ма
б6рың,
К3 түсірмей, ал
тыным.
Уақыт
2нді,
Жауынгерлер
б2нді.
200ді
болма,
С6ңды сен
қолда.
300 көтерген
тө5іне,
Қол соғалық
Кө5інге.
Бұл қошқар 105е
105ін,
Қой ешкіні
сүз5ін.
Ж6райды
100ігім,
Таңырқадық біз
бүгін.
3 қойым 3ем
тапты,
3еуін 1 Үсен
бақты.
Теңізінде
Б6қтың,
100ді екен м6п
кім?
Ж6раған ақ
т10ды,
Деді 100бай бақ
қ10ды.
Жал-құйрығы
7ліп,
Дөнен 5ті ат
болды.
Паналап 1
тү1ді,
Тауық аршып
кү1ді.
Аз жатты да
қ6рап,
Етегіне
жүгірді.
Қа7ме
керекті,
Көтертпедің
теректі.
Ал енді өзің
арқала,
Болсаң к3ті сен
епті.
Онға дейін
санайық
О
Дөңгелеке
ұқсайды,
Доп сияқты,
ұшпайды.
Досым нөлді 0
дейді,
Десем «Бұл нөл»
ұқпайды.
1
Біздің үйге бір
тауық,
Бір жұмыртқа жүр
тауып.
Бір сиыр бар
қорада,
Бәтіш тәтем жүр
сауып.
2
Екі аяқпен
жүремін,
Екі көзбен
көремін.
Екі қолым бар
менің,
Екеу құлақ,
білемін.
3
Үйімде бар үш
қалам,
Үшеуін де
ұштағам.
Үш досымды салдым
мен,
Үш балыққа
ұқсаған.
4
Төрт дөңгелек
арбада,
Төрт аяқ бар малда
да.
Тауыса алмай
бидайды,
Төрт тышқан жүр
қамбада.
5
«Бестік» деген
бағаны,
Бақыт күнде
алады.
Бәрі жақсы
көреді,
«Беске» оқыған
баланы.
6
«Алақай» дер келді
күн,
Алтыдамын мен
бүгін.
Алты жасқа
келмекші,
Алғы аптада енді
кім?!
7
Жеті саны
киелі,
Жұрттың бәрі
біледі.
Жеті жасқа
келгендер,
Жығылмай-ақ
жүреді.
8
Сен де, мен де
баламыз,
Сегіз санын
саламыз.
Сегіз деген екі
төрт,
Сегіз жаста
ағамыз.
9
Тоғыз жасқа келгенім
–
Тоғыз жылды
көргенім.
Тоғыз жаста тәнті
еткен,
Талабымды көр
менің!
10 Он жыл, он жас – он
деген,
Он жас кіші ол
менен.
Онды жаза
аламыз,
Он – тұрған бір нол
менен.
Қолданған
әдебиет
1. Қызықты математика Алматы кітап
1998.
2. «Ойнайық та, ойлайық» Алматы кітап
1996.
3. 12 жылдық білім 2008,
№7.
4. Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру
стандарты.
Алматы,
2003ж.
5. «Кім зерек?»
Алматы 1993. 6. «Сказочные
задачи» 1 сынып О.В.Лысова,
О.В.Кутянина 7. Математика
және информатика журналы 2002, № 6. 8. «Бастауыш
мектептің математикасы»
Т.Л.Пахомова 9.
«Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары» авторлары:
К.Ерешева, Г. Жамалбекова «Өлке» баспасы Алматы
2009 10. «Қызықты
математика» Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева, В.В.Буровова
«Алматы кітап»
2011ж. 11.
«Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты
тапсырмалар» Ш.Х.Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ.
Өміртаева «Атамұра» 1997ж. 12.
«Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар» Т.К.Жикалкина,.
Алматы «Рауан» 1992ж.
13. «Айгөлек» журналы №3. 2009
жыл
14. «Менің алғашқы әліппем» Алматы. 2006 жыл
15. Г.Х. Сейсекенова. «Қазақ тілінен әдістемелік құрал» 2007
жыл
16. «Бастауыш сыныпта оқыту»
Республикалық ғылыми әдістемелік журнал.
2008 жыл
|