Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық әткеншек

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Математикалық әткеншек

8.11

1 «б»

Қайрлиева

Оқу мақсаты:


тура және кері ретпен санау дағдыларын; геометриялық фигуралар туралы білімін; шамалар туралы білімін бекітеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

тапсырмалар жазылған беттер;

кезектерін анықтау үшін жеребе тартуға арналған билеттері бар “Сиқырлы дорба”;

әрбір топтағы оқушылар үшін “кабиналар” нөмірі;

әрбір оқушыға арналған әткеншекке кіру билеті.

Тірек сөздер

математика

Сабақтың мақсаты:

Бірінші тоқсанда алған білімдерін қорытындылау; шамалар мен сандарды салыстыру дағдыларын бекіту; сандар тізбегіндегі санның орындары туралы білімдерін бекіту; геометриялық пішіндер мен фигураларды анықтай білу дағдыларын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ оқушылардың “Сандар және цифрлар”, “Геометриялық фигуралар”, “Шамалар және өлшем-дер” тараулары бойынша бірінші тоқсанда алған білімдерін жинақтап қорытындылауға арналған.

Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқыту мақсаты тиімді орындалу үшін қорытынды-лау сабағын ойын түрінде өткізіңіз. “Сен нағыз мате-матиксің!”, “Сен барлығын дұрыс орындадың!” сияқты әртүрлі мадақтаулар және сабақтағы еркіндік жағдайы мен мерекелік көңіл күй әрбір оқушының өз қабілетіне деген сенімділігін бекітіп қана қоймай, жаңа теориялық білімді алуға деген қызығушылығын, ынтасын арттырады, сондай-ақ “Математика” пәніне қажетті іс-тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді.

Сабаққа арналған ескертпелер

Пән кабинетін мерекелік сабаққа дайындаңыз. Бұл бірінші тоқсандағы қорытындылау сабағы, сон-дықтан оқушылар мерекелік көңіл күймен, өз бі-лімдеріне деген сенімділікпен келуі керек. Парта-ларды топ бойынша шеңбер бойымен қойыңыз. Осылайша сабақта оқушылармен топтық жұмысты тиімді өткізуді ойластырыңыз. Әрбір топқа жеребе тарту, яғни “өз кабиналары” бойынша ойынға қатысу үшін қажетті нөмірді алуды ұйымдастырыңыз.

Сабақтың басында музыка қосып қойыңыз. Барлық оқушыларды сыныптың ортасына шақырыңыз. Оқу-шылардан: “Әткеншек тебуді жақсы көресіңдер ме, “математикалық әткеншек” теуіп көріп пе едіңдер?”деп сұраңыз (жауаптарын тыңдаңыз). Бүгінгі сабақта оларға осындай мүмкіндік болатынын айтыңыз. Оқу-шыларды “Математикалық аттракциондар саябағына” кіруге шақырыңыз.

Сыныптағы барлық оқушылар үшін аттракцион-дарға кіретін “билеттер” дайындаңыз. Олар түрлі түсті және көз қызықтыратындай көрнекті, әрі өте әдемі болу керек. Әр билетке сабақтың тақырыбы мен артқы жағындағы бетіне тапсырмаларды жазыңыз. Билеттегі тапсырма кейбір сандары жазылмаған сандар тізбектерінің бір бөлігі болу керек. Сандар тізбегіндегі жоқ сандар топтың нөмірі, яғни “кабина” нөмірі болатынын айтыңыз.

Мысалы: 3, 4, …, 6, 7 немесе 23, 24, …, 26, 27. Билеттерді таратып бергеннен кейін, оқу-

шылардан өз орындарына отыруды сұраңыз.

Сабақтағы негізгі іс-әрекеттер кезінде оқушылар әткеншектегідей қозғалыста болып, яғни бір топтан екінші топқа тапсырманы орындаған соң ауысып отыратындай жағдай жасаңыз. Топтан топқа ауысу кезінде музыка қосып қойыңыз, ол динамикалық үзіліс сияқты оқушыларға демалыс беріп, келесі тапсырманы орындауға құлшынысын туғызады. Мұғалімге тапсырмалардың орындалуын тексеру үшін көмекшілер қажет болуы мүмкін. Ондай жағдайда пән мұғалімдері, жоғарғы сынып оқушылары немесе қызығушылық танытқан ата-аналардан көмек көрсететін адамдар шақыруға болады. Көмекке келетін адамдар болмаса, онда топтық жұмыстарды орындарын ауыстырмай ұйым-дастыруыңызға болады.

Сабақтағы тапсырмаларда бірінші тоқсанда өтілген тақырыптар толық қамту керек. Әрбір орындаған тапсырмалар үшін оқушылар ұпай алады. Ұпайды тиын немесе күзгі жапырақ түрінде жа-сап беріп отырыңыз. Қорытындысын шығару үшін барлық ұпай санын сабақтың соңында қосасыз.


Математикалық пойыз. Тапсырма тура және кері ретпен санау дағдыларын бекітуге берілген. Оқушыларға екі пойыздың суреттерін қарауды ұсыныңыз. Суреттегі вагондар ретсіз орналасқан. Тапсырманы орындағанда, оқушылардың вагон-дардың нөмірлерін өсу немесе кему ретімен атауын ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

а) пойыздың вагондарын 1-ден 10-ға дейін, ал ә) пойыздың вагондарын 9-дан 1-ге дейін санап орындайды.

Қорған. Тапсырманың мақсаты “Геометриялық фигуралар” бөліміндегі алған білімдерін бекіту болып табылады. Оқушыларға қорғанның суре-тіндегі кеңістік фигуралардың түрлерін анықта-тыңыз және қалай аталатынын естеріне түсіртіңіз.

Жауабы:

конус, цилиндр, шар.

Шығарып көр. Тапсырманың мақсаты — “Сан-дар және цифрлар” бөлімінде алған білімдерін бекіту. Оқушыларға суретті анықтап қарап шығуды ұсыныңыз. Әрбір қайықшадағы сандар қатарын оқытып, қатардағы қай санның жоқ екенін анық-татыңыз. Соған сәйкес қайықша тоқтауға арналған айлақты нөмірі бойынша тапқызыңыз.

Жауабы:

7, 8, 9.

Орындап көр. Тапсырма “Сандар мен өлшем-дерді салыстыру” бөлімі бойынша алған білімде-рін бекітуге арналған. Оқушыларға жан-жануар-лардың суреттерін кабинадағы жазулар бойынша салыстыруды ұсыныңыз. Әрбір кабинада салыс-тыруға арналған тапсырмалар жазылған. Соған сәйкес жауаптарын табу қажеттігін ескертіңіз.

Жауабы:

бірінші кабинада “Қайсысы биік?”. Жауап: керік қояннан биік;

екінші кабинада “Қайсысы ауыр?”. Жауап: піл түлкіден ауыр;

үшінші кабинада “Қайсысы жеңіл?”. Жауап: тышқан мысықтан жеңіл;

төртінші кабинада “Қайсысы аласа?”. Жауап: ит түйеден аласа;

бесінші кабинада “Қайсысы артық?”. Жауап: үкілер тиіндерден артық;

алтыншы кабинада “Қайсысы кем?”. Жауап: қарғалар жолбарыстардан кем.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Сандарды салыстыр. Бұл тапсырма оқушы-ларды он көлеміндегі санау дағдыларын анықтауға бағытталған. Оқушылар сандардың реттік қатарына сүйене отырып сандарды салыстырады. Олар “артық”, “кем” ұғымдарын қолданады.


Қоңыздар. Тапсырма суретте көрсетілген зат-тардың кескінінің санын цифр арқылы белгілей білу дағдысын анықтауға бағытталған. Оқушылар қызыл қоңыздарға парақшаларда көрсетілген санға сәйкес нүктелерді сала алады.


Математикалық әткеншек. Тапсырма “Масса” тақырыбы бойынша білімдерін бекітуге бағытталған. Топтарға әткеншекте тербетіліп отырған жануар-лардың суреті бар парақшаларды таратыңыз. Оқу-шылар қай жануар денесінің массасы ең үлкен еке-нін анықтауы тиіс. Дұрыс жауапты олар плюс немесе құсқанат белгісімен белгілеп көрсете алады.


Тапсырма оқушылардың 100-ге дейін санау дағ-дыларын қалай меңгергенін анықтауға арналған. Сандарды салыстыру бойынша берілген тапсырманы оқушы сандар тізбегіндегі орынға байланысты салыстыруға арналған сөздерді (артық, кем) қол-дана отырып орындайды.


Дифференциация үшін суретте көрсетілген нұсқаны қолдануға болады. Ол 100-ге дейін санай білетін оқушыларға өздерінің дағдысын бекітуге көмектеседі.

Бағалау

Оқушыларға сабақтың соңында:

қай тапсырма сендерге ең қызықты болып көрінді?

қай тапсырма ең оңай болды?

қандай тапсырма ең қиын болды?, — деген сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз.

Топтар жинаған ұпай санын шығару арқылы

қорытынды жасаңыз.

Оқушыларға мәселелік (проблемалық) сұрақтар қойыңыз:

Барлық математикалық білімді алдық деп ойлайсыңдар ма?

Екінші тоқсанда тағы не туралы білгілерің келеді?

Оқушылардың берген жауаптары алдағы екінші тоқсандағы іс-әрекеттерінің болжаулары сияқты болады. Оқушылардың білім алуға деген ұмтылыс-тарын ескеріп, қағазға жазып отырыңыз.

Бұл іс-әрекет жоспарын алдағы уақытта қол-дануға болады. Оқушылар жаңа тақырыптармен танысу кезінде өткенге қайта оралып, нені үйренді, ал нені әлі үйрену керектігін белгілеп отыра алады. Жоспар бойынша жұмыс жасау, оларды өз жұмыс-тарын алдын ала болжай білу қабілеттерінің қалып-тасуына бағытталған.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
405
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12