400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық әткеншек

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған облыстық семинарда берілген ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Математика 1 сынып


Сабақтың тақырыбы

Математикалық әткеншек


Бірінші тоқсанда алған білімдерін қорытындылау; шамалар мен сандарды салыстыру дағдыларын бекіту; сандар тізбегіндегі санның орындары туралы білімдерін бекіту; геометриялық пішіндер мен фигураларды анықтай білу дағдыларын дамыту.Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік дағдыларын қалыптастыру; Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың мақсаты






Оқыту  нәтижесі






Cабақтың түрі

Көрнекілігі:

Топқа бөлінуді,сергіту сәтіне белсенділік танытады. Бірлесіп жұмыс жасайды. Тура және кері ретпен санау дағдыларын; геометриялық фигуралар туралы білімін; шамалар туралы білімін бекітеді Сұрақтарға нақты жауап береді. Сұхбат арқылы кері байланысқа үйренеді.Эмоциялық әрекет арқылы өзін-өзі реттейдіӨз ойларын дәлелдей алады.

Дәстүрлі ашық сабақ
Слайдтар,
тапсырмалар жазылған беттер;

кезектерін анықтау үшін жеребе тартуға арналған билеттері бар “Сиқырлы дорба”;

әрбір топтағы оқушылар үшін “кабиналар” нөмірі;

әрбір оқушыға арналған әткеншекке кіру билеті


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз.

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз.


Қол ұстасып қане біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге

Тез тұрыңдар шеңберге


Барлық оқушыларды сыныптың ортасына шақыру. Оқушылардан: “Әткеншек тебуді жақсы көресіңдер ме, “математикалық әткеншек” теуіп көріп пе едіңдер?” деп сұрау. (жауаптарын тыңдаңыз). Бүгінгі сабақта оларға осындай мүмкіндік болатынын айтыңыз. Оқу-шыларды “Математикалық аттракциондар саябағына” кіруге шақырыңыз.

Дайынсыңдар ма? Ендеше топқа бөлінейік.

Топқа бөліну:Билеттегі нөмерлер арқылы 3 топқа бөліну.

1-топ

2-топ

3-топ

Өткенді пысықтау


Тура және кері ретпен санауды білесің

Геометриялық фигуралар туралы білімдерің

Шамалар туралы білімдерің бекіту

Қызығушылықты ояту





- Балалар, өткенді жақсы меңгерген екендіктерің көрініп тұр. Ендеше жаңа сабақты бастайық. Қане, балалар, мені көріп тұрғандар “бір” шапалақ, естіп тұрғандар “екі” шапалақ, сабаққа дайындалып келгендерің “үш” шапалақ ұрыңдаршы. Керемет! Шапалақ даусынан сендердің жаңа сабаққа да ерекше құлшыныстарың сезіліп тұр. Ендеше, жаңа сабағымызды бастайық.

Мағынаны тану




Жаңа сабақ



Жаңа сабақты түсіндіру

Математикалық пойыз. Тапсырма тура және кері ретпен санау дағдыларын бекітуге берілген.

Жауабы:

а) пойыздың вагондарын 1-ден 10-ға дейін, ал ә) пойыздың вагондарын 9-дан 1-ге дейін санап орындайды.

Қорған. Тапсырманың мақсаты “Геометриялық фигуралар” бөліміндегі алған білімдерін бекіту болып табылады.

Жауабы:

конус, цилиндр, шар.

Шығарып көр. Тапсырманың мақсаты — “Сан-дар және цифрлар” бөлімінде алған білімдерін бекіту.

Жауабы:

7, 8, 9.


Топтық жұмыс




Оқулықпен жұмыс

Орындап көр. Тапсырма “Сандар мен өлшем-дерді салыстыру” бөлімі бойынша алған білімде-рін бекітуге арналған. Оқушыларға жан-жануар-лардың суреттерін тарату,массалары бойынша салыстыру.

Оқулықтағы тапсырманы орындау

Жауабы:

бірінші кабинада “Қайсысы биік?”. Жауап: керік қояннан биік;

екінші кабинада “Қайсысы ауыр?”. Жауап: піл түлкіден ауыр;

үшінші кабинада “Қайсысы жеңіл?”. Жауап: тышқан мысықтан жеңіл;

төртінші кабинада “Қайсысы аласа?”. Жауап: ит түйеден аласа;

бесінші кабинада “Қайсысы артық?”. Жауап: үкілер тиіндерден артық;

алтыншы кабинада “Қайсысы кем?”. Жауап: қарғалар жолбарыстардан кем.

Қосымша ойын, сергіту

«Айырмашылығын тап»ойыны

Шарты: Оқушылар 2 бірдей суретке қарап, айырмашылықтарын айтуы тиіс.

Сергіту сәті


«Аяқпенен топ-топ» әніне қимылдар жасау.






Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген тапсырмаларды орындау

Қоңыздар. Тапсырма суретте көрсетілген зат-тардың кескінінің санын цифр арқылы белгілей білу дағдысын анықтауға бағытталған. Оқушылар қызыл қоңыздарға парақшаларда көрсетілген санға сәйкес нүктелерді сала алады.



Ой толғаныс

Жеке жұмыс

ҚБ тапсырмаларын жеке жеке оқушыларға беру.

10 көлеміндегі сандардың мәндерін табу.


Жаңа сабақты қорыту







Оқушыларға сабақтың соңында:

қай тапсырма сендерге ең қызықты болып көрінді?

қай тапсырма ең оңай болды?

қандай тапсырма ең қиын болды?, — деген сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз.

Топтар жинаған ұпай санын шығару арқылы

қорытынды жасаңыз.

Оқушыларға мәселелік (проблемалық) сұрақтар қойыңыз:

— Барлық математикалық білімді алдық деп ойлайсыңдар ма?

— Екінші тоқсанда тағы не туралы білгілерің келеді?

Оқушылардың берген жауаптары алдағы екінші тоқсандағы іс-әрекеттерінің болжаулары сияқты болады. Оқушылардың білім алуға деген ұмтылыс-тарын ескеріп, қағазға жазып отырыңыз.

Бұл іс-әрекет жоспарын алдағы уақытта қол-дануға болады. Оқушылар жаңа тақырыптармен танысу кезінде өткенге қайта оралып, нені үйренді, ал нені әлі үйрену керектігін белгілеп отыра алады. Жоспар бойынша жұмыс жасау, оларды өз жұмыс-тарын алдын ала болжай білу қабілеттерінің қалыптасуына бағытталған.


Оқушылар бірлесіп жұмыс жасайды.





Оқушылар қызыл және жасыл белгілер арқылы тиісті түсті көтеріп отырады.

 Кері байланыс

Бағдаршам арқылы сабаққа кері байланыс беру

Оқушылар жасыл, қызыл тустер арқылы көрсетеді.

Бағалау

Бірін-бірі және мұғалімнің бағалауы































№6 орта мектебі мемлекеттік мекемесі







Математика

Shape1



Ержанова Молдир Каракешовна

1-сынып



2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі