400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математикалық брейн ринг

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ойлау, есте ұстау қабілеттерін дамытуға ,ұтымды ой қорыта білуге дағдыландырады, пәнге қызығушылығын арттырады. Оқушыларға және мұғалімдерге арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Математикалық брейн ринг

(9 сыныптар арасында)

Интеллектуалдық ойынның мақсаты:

Білімділік:

-Оқушылардың математика пәнінен өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау,толықтыру және бекіту.
- Оқушылардың білімдерін жүйелеу оны өмірде қолдана білуге үйрету және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық:

-Оқушылардың ойлау, есте ұстау қабілеттерін дамыту,ұтымды ой қорыта білуге,шешендікке үйрету,ұйымшылдық пен ынтымақтастықты нығайту.

Тәрбиелік:

-Оқушыларды зеректікке,өзінің мүмкіншілігіне сене білуге,басқалардың пікірін сыйлап,топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын сабағы.

Сабақтың әдісі: компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, топпен жұмыс жүргізу.

«Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді» Гете

Салем достар, армысыздар құрметті көрермендер, бүгін бізде интеллектуалдық сайыс математикалық брейн ринг. Сайысқа әр сыныптан 3 оқушыдан құралған 6 топ қатысады. Өз білімі мен зердесіне сенген оқушылардан құралған әр топпен жеке жеке таныссақ. . .

І топ 9 «А» сыныбы

ІІ топ 9 «Ә» сыныбы

ІІІ топ 9 «Б» сыныбы

ІV топ 9 «В» сыныбы

V топ 9 «Г» сыныбы

VІ топ 9 «Д» сыныбы

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайын.Сайыстың бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады

І кезең. «Ойлан, тап»

ІІ кезең. «Бәйге»

ІІІ кезең. «Судоку»

Қатысушыларымыз дайын болса біз бастаймыз

І кезең. «Ойлан, тап» деп аталады, бұл кезеңде әр топқа 5 логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 4 баллмен бағаланады. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. Жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топтар жауап беруіне болады

І топ:

  1. Кірпіштің салмағы 4 кг.Кірпіштің үстіне жарты кірпіш және оған қоса жартысының жартысындай кірпіш қойылған.Кірпіштің салмағы қанша?

Жауабы: кірпіштің салмағы 4 кг.

  1. Қандай сағат тәулігіне екі рет қана тура уақытты көрсетіп тұрады?

Жауабы:Бұзылып қалған немесе тұрып қалған сағат.

  1. Үш бала дойбы ойнайды. Егер әр бала қалғандарының әрқайсысымен бір партия ойнаған болса, онда әр бала неше партия дойбы ойнайды?

Жауабы: 1-ші бала 2 мен3 ойнайды( 2партия), 2-ші,3-ші балада солай ойнайды. Әр бала екі партиядан ойнайды.

  1. Кітаптың 60 парағының қалыңдығы 1 см. Ал кітапта 240 бет болса қалыңдығы неше см?

Жауабы: 2 см

  1. Жарысқа қатысып жатып, сіз соңғы болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз?

Жауап: Орныңыз өзгермейді.

ІІ топ:

  1. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
    Жауабы: бірдей

  2. Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

Жауабы: алмұрат

  1. Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек.

Жауабы: 9 рет

  1. Шанаға қосарланып жегілген үш ат 30км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті?

Жауабы:Әр ат 30 км жүріп өтті, себебі олар қосарланып жегілген аттар

  1. Таксиден 2 жолаушы шыққанда жартысы таксиде қалды. Таксиде неше адам болған еді?

Жауабы: 3адам болған, себебі 2-нің жартысы 1,  2+1=3

ІІІ топ:

  1. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

Жауабы: Бір ғана мотоцикл

  1. Қонақ үйде 7 қабат бар. Бірінші қабатта төрт адам тұрады. Әрбір келесі қабатта алдыңғысынан қарағанда 2 адамға артық. Лифтті ең көп шақыратын қай қабат тұрғындары?

Жауабы: бірінші

  1. Екі адам кетіп бара жатып 2 шеге тауып алды.Олардың артынан 3 адам кетіп бара жатыр. Олар қанша шеге тауып алды?

Жауабы : Шегелерді алдыңғы адам тауып алып кетті.Олар таппайды.

  1. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкейеді?

Жауабы: 9 есе

  1. Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз?

Жауап: Егер бірінші орындамын деп жауап берсеңіз – дұрыс емес. Өйткені сіз екінші жүйрікті басып оздыңыз, яғни соның орнына келдіңіз. Сәйкесінше қазір екінші орындасыз.

ІV топ

  1. Ағашты он бөлікке бөлу үшін оны неше жерінен кесу керек.
    Жауабы: Тоғыз жерінен кесіледі

  2. Бұтақта 50 қияр бар. Бір бұтақта 5 қиярдан өсіп тұр. Екі бұтақта қанша қияр өсіп тұр.

Жауабы: Бұтақта қияр өспейді

  1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

Жауабы: Жанат – ұзын

  1. Қанша айда 30 күн бар

Жауабы: барлық

  1. 11 дің 11 дәрежесі қандай цифрмен аяқталады

Жауабы: 1

V топ:

  1. Қандай үш санның қосындысы сол сандардың көбейтіндісіне тең

Жауабы: 1, 2, 3

  1. 11 ден 17 ге дейін неше цифр бар

Жауабы: 14

  1. Жұп сан жай сан бола алады ма?

Жауабы: я 2 саны

  1. Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

Жауабы: 12 құс. (Тордан ұша алмайды)

  1. Барлық араб цифрларының көбейтіндісі нешеге тең

Жауабы: 0

VІ топ:

  1. -8 бен 8 санының арасындағы сандардың қосындысы

Жауабы: 0

  1. Егер кешегі күн бейсенбі болса, арғы күні қандай күн болады

Жауабы: жексенбі

  1. Математикада қанша цифр бар

Жауабы: 10

  1. Қорапта 3 алмабар. Қорапта бір алма қалатындай 3 балаға қалай бөліп беруге болады. Алманы кесуге болмайды

Жауабы: 3ші бала алманы қорабымен алады

  1. Отырып-ақ жүре беретін кім?

Жауабы: Шахматшы

ІІ кезең. «Бәйге» деп аталады, мұнда математика пәнінен сұрақтар, есептер, формулалар жасырылады. Әр дұрыс жауап 10 баллмен бағаланады. Ойлануға 30 секунд уақыт беріледі. Осы уақыт аралығында қатысушылар интербелсенді тақтада көрсетілген сұраққа жауабын параққа жазу керек

ІІІ кезең. Судоку. Ойыншыларға ұсынылған 81 тор көзден тұратын, кейбір сандары жазылған шаршы беріледі, Қатысушылар бос торларды 1 ден 9 дейінгі цифрлармен толтыру талап етіледі, сондағысы әр жолда, әр бағанда және әр 3х3 шаршыларда әр цифр тек бір рет қана кездесуі керек. Екі судоку ұсынылады, біріншісін шешсе 20 балл екіншісіне 30 балл беріледі. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі

Сонымен, математикалық брейн ринг сайысының үш кезеңі өз мәресіне жетті. Қай сынып жеңімпаз болғанын анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз

Назарларыңызға рахмет!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
20 мамыр
1411
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі