Материалдар / Математикалық интеллектуалды ойын тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Математикалық интеллектуалды ойын тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық интеллектуалды ойын тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ












Shape1





Shape2









.



МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: КИРГИЗБАЕВА А.А.







ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫ

2024– 2025 ОҚУ ЖЫЛЫ

Математикалық интеллектуалды ойын тақырыбы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.



Армысыздар, ақ жүректі ұстаздар мен білімпаз сайыскерлер! Бүгінгі күнге ұйымдастырылып отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз! Математика ғылымдардың патшасы демекші, расында да біз математикасыз өмір сүре алмаймыз. Мұнын дәлелін 5 сынып оқушылары бүгінгі жарыста көрсетпекші. Сендерден тек шапшаңдық,ұқыптылық,шыдамдылық талап етіледі.Сіздерге сәттілік тілеймін.

Ойын кезеңдері:

  1. Сәлемдесу.  

  2. «Ғажайып алаң»  

  3. «Ойымды жалғастыр......»

  4. «Біліміңді сынап көр!» 

  5. Марапаттау





Сәлемдесу. 

1-сайыс атауы. «Ғажайып алаң»  ( логикалық есептер )

1)Әдебиеттегі сандар
1. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)

2 Жарты теңгенің жартысы нешеге тең? (25 тиын)
3
Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті  кесуге  1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)




2)Қызықты сұрақтар:
1 Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)
2. 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)
3 .
Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың  қаншасы қалды?   (1)




3) Бөлшектер

1. Тәуліктің төрттен бір бөлігі? (6 сағат)

2 Сағаттың үштен бір бөлігі нешеге тең? (20 минут)

3 2-ні нешеге бөлгенде 4 шығады? (екіден бірге)



4) Математикалық калейдоскоп
1.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)
2.
Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

3. Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақпен қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (17)

5) Төртіншісі артық
1.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)
2.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)
3.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)


6) Балалар 
1.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5) 

2 Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5)

3. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)


2-сайыс. «Ойымды жалғастыр......» (мақал-мәтелдер) Жауабында берілген сандарды қазақша, орысша, ағылшын тілінде аудару қажет. Бұл оқушылардың жылдамдығына арналған тапсырма. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Сұрақтары: 

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл) (жеті, семь, seven)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) (мың, тысяча, thousand)

3. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) (тоқсан тоғыз, девяносто девять, ninety nine)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) (үш, три, three)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ) (екі, два, two)

6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын) (жүз, сто, hundred)

7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) (отыз, тридцать, thirty)

8. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді) (мың, тысяча, thousand)



3-сайыс атауы. «Біліміңді сынап көр!» ( математикалық сұрақтар ) Оқушыларға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауабын тез және нақты айту керек. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

  1. Санауда қолданылатын сандар? (натурал) 

  2. Қандай санға бөлуге болмайды? (0-ге) 

  3. Екіден артық бөлгіштері бар сандар? (құрама сандар)

  4. Санның нөль дәредесі нешеге тең? (1)

  5. Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема) 

  6. Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне) 

  7. 2-ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар) 

  8. Қандай сандар 5-ке бөлінеді? ( 0 мен 5- ке аяқталатын сандар) 

  9. Неше цифр бар? (он) 

  10. Шеңбердің екі нүктесін центр арқылы қосатын кесінді? (диаметр)

  11. Геометрияның жазықтықта жатқан фигуралардың қасиеттерін зерттейтін бөлімі (Планиметрия)

  12. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180° ) 





ІІ - нұсқа

  1. Ең кіші натурал сан, (1) 

  2. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан (нөл)

  3. Бірге және өзіне бөлінетін сандар (жай сандар)

  4. Санның бір дәрежесі неге тең? (санның өзіне тең)

  5. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (аксиома) 

  6. Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)

  7.  2-ге бөлінетін сандар не деп атлады ? (Жұп сандар) 

  8. Қандай сандар 10-ға бөлінеді? ( 0 - ге аяқталатын сандар) 

  9. 0- ден кіші сандар (теріс сандар) 

  10. Шеңбердің нүктесін центрімен қосатын кесінді? (радиус) 

  11. Геометрияның кеңістіктегі фигуралардың қасиеттерін зерттейтін бөлімі (Стереометрия)

  12. Жазықтықтағы бір бірімен қиылыспайтын түзулер (параллель) 





Ойынның нәтижесін шығару.Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.



Сайыскерлерді, жеңімпаздарды марапаттау.



Алдыңызда жайнаған жүздер әні, 

Сіздермен кездесерміз біздер әлі. 

Ұстаздар, оқушылар сау тұрыңдар 

Күтеді бізді жарқын күндер әлі,- деп бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз.

Сау болыңыздар!



















Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі