жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
математикалық кеш
Үлгі -1
|
№ |
Аты-жөні |
Облыс,қала,аудан,елді мекен |
Білім беру мекемесінің толық атауы |
Жұмыс түрі |
Тақырып |
Зерттеу бағыттары |
Ұялы телефон, e-mail |
e-mail мектептің |
|
1 |
Кушакбаева Урингул Калиевна |
Жамбыл, Тараз |
№59 |
|
“Біз ғалымдар патшасымыз” |
2.5ай |
Uringul220418 @outlook.com |
scoll59 |
Жамбыл облысы Тараз қаласы 59 орта мектептің математика пәні оқытушысы У.Кушакбаева
“Біз ғалымдар патшасымыз”
атты математикалық кеш.
Математикалық кеш “Біз ғалымдар патшасымыз”
Кештің мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математиалық ой – өрісін дамыту,алған білімдерін
пысықтау.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа,жауапкершілікке баулу, өз бетімен жұмыс істей білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Әдістемелік: ақпараттық технологияларды (презентация, бейнематериал), көрініс, өлең шумақтарын қолдана отырып математикалық кеш мазмұнын ашу.
Көрнекіліктер: шармен безендіру, баннер, презентация.
Өткізілетін күні : 21 .01.2019ж
Өткізетін: 7 «ә» сынып.
Өткізілетін орын: 23 кабинет
Математикалық кештің жоспары
І. Кіріспе
1.1. Мұғалім сөзі.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. «Математика- ғылымдар »
2.2. «Математика ғылымдары » жайлы өлең-шумақтар.
2.32.4. Көрініс. «Біз ғалымдар патшасымыз».
ІІІ. Қорытынды
3.1. . «Кім табады?» ойыны
Математикалық кештің барысы
І. Кіріспе (оқушылар хор болып айтады)
Төзбейтін өтірікке,жалғандыққа!
Жасықтан емессің, қаталдансын.
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән – математика атанғансың.
1.1 Мұғалім сөзі:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Біз бүгінгі кешімізде «Математика- ғылымдар » зерттеген атқарған жұмыстары және еңбектерін өлең – шумақтар арқылы білеміз. Кейін «Біз ғалымдар патшасымыз» атты көрініс тамашалап, кеш қорытындыланады. Немістің атақты математигі Карл Гаусстың: «Арифметика-математиканың,ал математика-ғылымдардың патшасы»,-деген тұжырммен бүгінгі математикалық кешімізді бастаймыз. Енді бүгінгі кеш жүргізушісіне сөз берейін. Жүргізуші: Құрметті оқытушылар мен оқушылар бүгінгі «Біз ғалымдар патшасымыз» атты математикалық кешімізге қош келдініздер! Бүгін біз математика әлеміндегі математика ғылым аталарымыз жайлы айтып өтейік. Презентация койылады (оқушылар ғылымдардың өмірбаянынан үзінділер айтады): 1 Француа Виет 2 Пифагор Самосский 3 Евклид 4 Әл-Хорезми,Әл-Фараби 5 Жәутіков Орынбек 6 Өтелбаев Мұқтарбай
Жүргізуші: «Математика ғылымдары » жайлы өлең-шумақтар.
Математика сандар мен формулалар,
Белгі бала күннен бізге бұлар.
Пифагор мен Фалес бастау алып,
Математиканың мәні де,міне осылар.
Ашып тастап кең сарайы сырыңның,
Өмір жүгін осыдан сен ұғынғын.
Математика өміріңе зор қажет,
Сондықтанда сырын біл бұл ғылымның
Тереңінде жатады ма бір сиқыр,
Ол нәрсе емес ойлап көрсең жай жылтыр.
Математика ақыл – ойдың иесі,
Ес тандырып баулап алар сан цифр.
Жүргізуші: «Біз ғалымдар патшасымыз» атты көріністі тамашалаңыздар.
Сахнаға жаршы шығады:
Ей жарандар, жарандар
Естімедім демеңдер.
Тамашаға кенелер,
Тойға арнап келгендер.
Неге, қашан, қай жерде ?
Қаласаңыз білуді
Геометрия тойына
Ұмытпаңыз келуді.
Геометрия пән бүгін,
Сарайда той жасайды.
Алгебра болса оған
Серіктікке жарайды.
Келіңіздер шешейік,
Сырлы сұрау жұмбақты.
Сыйлықтарды алыңыз,
Айтып беріп тақпақты
Хан: Геометрия
Ханшайым: Алгебра
Ханзада: Арифметика
Хан- Геометрия және Ханшайым – алгебра сақнаға кіріп келеді.
Геометрия: - Ханшам! Қара қандай әсем күн. Есіңдеме дәл осы күн тек 17 жыл бұрын мені қуантқан едің.
Алгебра: Бүгін баламыздың туылған күні. Сол себептен бүгін хандығымызда той – мереке.
Геометрия: Кәне, Ханшайым, барлығы мерекеге келді ме?
Алгебра: Жоқ
Геометрия: Қанзаданы шақыр.
Алгебра: - Не себептен?
Геометрия:Жоқ, кідіре тұр. Осы себептен өз баламызға өзіне жар таңдауға рұқсат берейік.
Алгебра: - Шынымен бе ?
Рахмет ханым!
Геометрия: Уәзірлерімдіде шақыр.
Алгебра: Ханым, егер рұқсат берсеңіз барлығын ізбе – із шақыртамын.
Қызметкер: Жарайды.
Сахнаға Арифметика кіріп келеді. Хан мен Ханшайымға сәлем береді.
Арифметика: Ассалауму алейкум, шақыртырған екенсіз.
Геометрия және Алгебра: Ваалейкум салем.
Геометрия: - Балам туылған күніңмен!
Арифметика: Рахмет!
Алгебра: - Саған сыйлық дайындап қойдық.
Арифметика: - Қандай сыйлық ? Қане?
Геометрия: - Есіт. Бүгінгі мерекеде жар таңда. Мен сияқты қырсық болма! Біздер қартайдық. Тірілігімізде тойыңды көріп кетейік.
Арифметика: Жарайды, айтқаныңыз болады.
қызметкер: Бас уәзіріңіз келді.
Геометрия: Айт, кірсін.
Нүкте ( бас уәзір): Ассалауму алейкум, Ханым!
Геометрия : Ваалейкум салем. Мен ғой сені жаттан білемін.
Қалғандарға өзіңді таныстыр.
Нүкте: Жазықтықта жұп сан болса,
Жүрмеңіздер таба алмай.
Нүкте орнын анықтау,
Болады ғой оп – оңай.
Қызметші: Жәрдемші уәзірлер кіре берсін бе?
Геометрия: Иә, кіре берсін.
Нүкте: Бірме - бір өздеріңді таныстырыңдар.
Түзу: Ұзындығым мол , енім бос,
Бірақ жоқ ауырлығым.
Керек кезде болам ось
Ол менің сабырлылығым
Сәуле: Өте ұқсап векторға,
Бағытым бір таманда.
Енді осьтің орнында,
Тұрса нүкте жаман ба.
Кесінді: Екі жақта нүктем бар,
Өтсең қояр шектеп.
Көп фигура жасалар
Сыза алсаң ептеп
Төртбұрышта, үшбұрыш
Жасайсыңдар көптеп
Үшбұрыш:
Менің бар үшбұрышым
Шектеп қойған нүктелер.
Тең ғой барлық қабырғам,
Бүктесеңіз бүктелер.
Түзу де, тік бұрыштар,
Өте маған мейірімді.
Таныстырып өтейін,
Сүйір бұрыш сіңлімді
Сол кезде Арифметика кіріп келеді.
Арифметика: Берген тапсырмаларыңызды орындадым деп ойлаймын.
Геометрия: Кәне көрейік
Арифметика: Информатиканың қолынан ұстап хан мен ханшайым ның қасына әкеледі.
Информатика: Ассалауму ғалейкум
Геометрия және Алгебра: Ваалейкум ассалом. Бұл әдемі, ибалы , сырлы қызымыз кім екен?
Информатика: Ханым , мен көрші хандықтан келгенмін. Мерекелерді қалаймын, сол себепті осы жердемін.
Геометрия: Балам бұл қызға ниетіңді айттың ба?
Арифметика: Жоқ
Алгебра: Қызым , мақсатқа өтсек , балам сені ұнатып қалыпты. Оған сүйікті жар болуға разымысың ?
Информатика: Мені кешірің , бірақ менің үш шартым бар. Егер балаңыз үш сұрауыма жауап тапса , мен оған тұрмысқа шығуға разымын
Геометрия: Балам, күш – қаут берсін Құдайым. Қызым баста.
1сұрауым: Бір қыздың есімі 7 әріптен тұрады. Алғашқы 3 әріпі табиғат құбылысы,2 әріпі түс(цвет),соңғы 2 әріпі жануар. Ал шешіңдер?
2 сұрауым: Қандай үш санның қосындысы, көбейтіндісіне тең болады?
3 сұрауым: Бес жасында жұмысшылармен есеп айырысып жатқан әкесіне дұрыс есептемегенін айтып,жұртты таң қалдырған,кейіннен математиктер королі атанған неміс математигі...
Арифметика : Көп ойлайды – ойлайды таба алмайды. Уәзірлер де таба алмайды.
Геометрия: Балам таптым. Мереке ге бізді үйреніп жатқан балалар келген. Солардан сұрап көрейік .
Сұрау қайтарылып, балалар жауап береді. Сұрауға жауап бергендер сыйлық алады.
Геометрия: - Құрметті оқытушыларымызға да естелік берілсін
Геометрия: Ал қызым не дейсің?
Информатика: Бұл патшалықта ақылды да, білімді балалар көп екен мен қуаныштымын. Мен разымын.
Жүргізуші:Той – тойға ұланып, Арифметика мен Информатика үйленіп, ертегі жақсылықпен аяқталыпты.
Қорытынды: «Кім табады?» ойыны
Оқытушылар қорытындыда өздері мен алып келген сөзжұмбақтарды бір – біріне жасырады, соң табады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген